Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу»



жүктеу 1,99 Mb.
бет5/11
Дата01.12.2017
өлшемі1,99 Mb.
#2518
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.5 Концептуалды схема

Концептуалды схема ақпараттық жүйенің қызмет етуінің негізгі әдістемелік ізденістерін көрсетеді. Схемалардың жиынтығы иерархия және сызықты байланысты құрылымды көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе жоба құжаттарын өңдегенде жүйедегі графикалық интерпритация маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық үлгілер, алгоритмдердің блок схемалары, ақпаратты өңдеудің технологиялық үрдісі, құжаттар айналымы, ақпараттар ағымы және т.б.


Негізгі концептуалды жүйенің біртұтастылығының құрылуының ақпараттық жүйе әдістемелері мен аспектілерінің тұтастай және негізгі құрал жабдықтарын анықтайды, сонымен қатар пәндік салада кіретін жүйе астарының қызметін көрсетеді. Кез келген ақпараттық жүйе екі бөлімнен тұратын жүйе ретінде қарастырылады: жабдықтаушы және атқарушы.

Жүйенің жабдықтаушы бөлімі - өңдеу деңгейі және ақпараттың қозғалысы бойынша графикалық түрдегі ақпараттық және технологиялық байланыстарды көрсетеді.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 2 – сызбада келтірілген.

2 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені

жобалау

Жобаны тұрғызуда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану, АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс тұрғызу – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді.


АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны тұрғызу тәсілі. Мұндағы жобалау жабдықтарына – типтік жобалау шешімдері, Қолданбалы программалар пакеті, АЖ-ның типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары,яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады.

Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау, типтік жобалау, автоматтандырылған жобалау болып топтарға бөлінеді. Түп нұсқалы жобалау АЖ-ны тұрғызудың бастапқы тарихи деңгейінде қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ны жұмыс істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.

Типтік жобалау әдісі – АЖ-ны жобалауда оған аз шамалы өзгерістер ендіріп пайдалана беруге болатындай, тұрғызылатын жүйенің көптеген құрамды бөліктерге бөлшектенуін және олардың әрқайсысына дайын жобалау шешімін құрастыруды шамалайды.

АЖ-ны тұрғызудың жаңа бағытына автоматтандырылған жобалау жатады. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану, кейбір АЖ-да объектіні басқарудың ақпараттық үлгісін құрастырумен сүйемелдеуді ұсынады, сондықтан бұл әдіс үлгілік жобалау деп те аталады. Бұл әдіс АЖ -ны жобалаудың барлық сатыларында қолданылады, және оның негізгі ерекшелігі әдістің өз үлгісінің түрінің болуы, басқару үлгілерінің өңделуі, әр сатыда қолданылуы, жобалау құжаттарының құрастырылуы, еңбек шығынының аздығы, сенімділігінің жоғары деңгейлігі болып табылады. Ал кемшілігі программалық жабдықтарының қымбаттылығы.

Ақпарат жүйелерінің түрлері: АЖ-ны тұрғызу мен функционирлеудегі жинақталған тәжірибелер мен басқару объектісінің сипатына қарай өзгешелеу. Сондықтан осының барлығы жүйелердің әр түрлі топтарының пайда болуына әсер етті.

АЖ төмендегідей болып жіктеледі:басқару объектісінің сипаты, басқару объектісінің түрі, шешімдерді қабылдау кезеңдері мен байланыстың үдетілуі, басқару деңгейі, орталықтану дәрежесі.

Қазіргі уақыттағы АЖ-ның барлық түрлері ақпараттық – анықтама жүйелер секілді жұмыс істейді, яғни ол нақты объектіні басқару шешімін қабылдаумен әлсіз байланысқан.


Экономикалық басқару деңгейіне байланысты АЖ-ны республикалық, акционерлік қоғамдық, холдингтік, мекемелік деп жіктеуге болады.

Орталықтану деңгейіне қарай, АЖ - орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Сондай-ақ, АЖ-ны екі негізгі топқа бөлген тиімдірек, олар: кез келген автоматтандырылған басқарушы жүйелерге кіретін жүйелер және жеке мақсаттық тағайындалу мен қолдану саласын иемденетін жүйелер.

    1. Ақпараттық жүйедегі есептің орны

Есеп – бұл кіріс және шығыс нәтижелерін нақты бір формада көрсететін автоматтандырылған функцияның бір бөлігі.

Құрылып отырған ақпараттық жүйеде мәселе кешен – қарыз алушының рейтингін анықтау болып табылады. Бұл мәселе келесі есептерден тұрады:


  • Макроэкономикалық талдау;

  • Банктің менеджментін талдау;

  • Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау;

  • Қарыз алушының төлем қабілетін талдау.

Есептердің өзара байланысының сызбасы 1-суретте келтірілген.


Есептердің өзара байланысының сызбасы



Қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтау


Қарыз алушының рейтингін анықтау


Макроэкономикалық талдау

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау

Кәсіпорын менеджментін талдау

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтайтын негізгі қаржылық коэффициентеріне баға бере отырып, несиелік талдау жүргізу негізінде оның тәуекеліне жалпы көрсеткіш орнатуға болады, яғни оған несиелік рейтинг орнату.

Несиелік рейтинг (credit rating) – мемлекеттің, қарыз алушының немесе жеке несие өнімінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттелігіне интегралданған баға.

Әдетте несиелік рейтингті арнайы рейтингілік агенстволар шығарып, жария етеді. Танымал агенстволардың бірі – Moody’s және Standart & Poor’s .

Несиелік рейтингті анықтау әдісі ААҚ “Наурыз Банк Қазақстан” –ның ішкі нормативті қүжаттары мен Қазақстан Республикасының заңына сәйкес істелінген және қарыз алушының рейтингін есептеу технологиясын және банк несиелерін (банктік займдар, банктік кепіл және құжаттардың аккредивтері) тағайындайды [Financial Risk Manager, 2003-283бет].

Әдістің мақсаты қарыз алушының және несиенің рейтингін анықтауда төменгілерді ескеру қажет:



    1. несие беруге шешім қабылдауда;

    2. несиенің бағасын анықтауда;

    3. несие мониторингі (несиелік рейтингтің төмендеуі дефольт тәуекелінің артуын және оған тиісті шара қолдануын хабарлайды) нәтижесі бойынша шешім қабылдауда;

Бұл әдіс тек кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін арналған несиелерді қарастырады.

2.2 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы несиелік тәуекел мәселесі
Несиелік тәуекел - несие бойынша алынған қарыз бен оған қойылған пайыз мөлшерлемесін өз уақытында қайтара алмауынан туындайтын тәуекел.

Банктердің несиелеу тәуекел дәрежесі мынадай факторларға байланысты:



  • Ұзақ мерзімді приоритеттерінің жоқтығы немесе банктің несие стратегиясының жиі өзгеруі;

  • Белгілі бір саладағы немесе географиялық аймақтағы банк клиенттері концентрация дәрежесінің немесе сондай облыстардағы несие операциялары концентрация дәрежесінің жағымсыз коньюктуралы өзгерістерге ұшырауы;

  • Қамсыздандырылмаған және сенімсіз несиелердің, сондай-ақ қаржылай қиыншылығы бар клиенттер несиелерінің меншікті салмағы;

  • Банктер үшін жаңа, дәстүрлі емес нарық сигментіндегі банк қызметінің концентрациясы;

  • Қысқа уақыт аралығында практикаға көп мөлшерде экономикалық негізделмеген жаңа қызметтерді енгізу;

  • Кепіл ретінде бағасы күмәнді, нарық жағдайында нашар сатылатын немесе тез арада құнсыздануға ұшырайтын құнды заттарды алу.

Көбінесе тәуекелдік қарыз алушыға берілетін несие түрі мен мерзіміне байланысты. Несиелік процесстерді ұйымдастыруда және негізгі капиталды, оның сыйақысын қайтаруда әрбір банк өз бетінше жекеше несие саясатын анықтайды. Несиелеу процестерін үш топқа бөлуге болады: қарыз алушының ұсынысын алдын ала талдау, несиелеу және қайтару процесін тексеру. Несие беру процесінің әрбір баспалдағында қайтарылмай қалуы тәуекелді туғызады. [Сейткасимов, 1998-475бет].

Банк несиесінің капиталы активтердің жалпы көлемінен аз мөлшерде болған жағдайда, аз процентпен берілген сенімсіз несие, банктің банкротқа ұшырау тәуекелдігін арттырады.

Қарыз алушы несиені банкке қайтара алмаған жағдайда, банкке өз шығынына жазуға тура келеді. Шығынға жазу -бұл несиелер ешуақытта өтелмейтініне көзі жеткенде, оны банк шығын ретінде есепке алуға тура келеді. Егер осы несиелердің кейбіреулері бөлшектеніп немесе толықтай қайтарылса, онда қайтарылған сома банктің жалпы шығын соммасынан шегеріледі.

Несиелік тәуекел елдік тәуекел мен контрагенттік тәуекелді де қарастырады. Елдік немесе егеменді тәуекел ( страновой или суверенный риск (country/ sovereign risk)). Мемлекеттің араласу салдарынан контрагент өз міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігінен (мысалы, валютаға бақылау шараларын жүргізуде) пайда болады.

Егер дефольт тәуекелі негізінен компанияның ерекшеліктеріне байланысты болса, онда елдік тәуекел сол елдің ерекшеліктеріне, мемлекеттік бақылауға, макроэкономикалық реттеу мен басқаруға байланысты болады.

Өз кезегінде, контрагенттің несие тәуекелін (counterparty risk) екі құраушыға жіктеуге болады: есеп айырысу кезіндегі тәуекел және есеп айырысуға дейінгі тәуекел. Есеп айырысуға дейінгі тәуекел (presettlement risk) – бұл келісім-шарт бойынша белгіленген уақытта есеп айырысуға дейінгі контрагенттің өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуынан болатын мүмкін шығындар. Несиелік тәуекелдің бұл түрі әдетте ұзақ уақыт аралығы үшін: келісім шартқа отырудан бастап есеп айырысуға дейінгі уақытпен сипатталады.

Есеп айырысу тәуекелі (settlement risk) деп – контрагенттің есеп айырысу кезінде келісім шартқа отыру уақыты ликвидтік құралдары мен дефольтарының жеткіліксіздігінен, сонымен қатар операциялардың істен шығу салдарынан ақша құралдарын ала алмау мүмкіндігін айтамыз. Басқаша айтқанда, бұл келісім шарт бойынша есеп айырысудың өз уақытында орындалмау тәуекелі. Берілген тәуекел ақша құралдарының қозғалысы арқылы салыстырмалы қысқа уақыт аралығында айқындалады. Әр түрлі уақыт аймақтарында орналасқан контрагенттер арасындағы операцияларды жүзеге асыруда есеп айрысу тәуекелін айта кеткен жөн.

Несиелік тәуекелдің пайда болу көздерін екі топқа сыныптауға болады:



  1. Сыртқы тәуекел (контрагент тәуекелі);

  2. Ішкі тәуекел (несиелік өнім тәуекелі).

Сыртқы тәуекел - контрагенттің сенімділік, төлем қабілеттілік дәрежесімен байланысты. Сыртқы тәуекел құрамына:



  1. Контрагент тәуекелі – контрагенттің өз міндеттемелетін орындамау тәуекелі;

  2. елдік тәуекел – мемлекет ішкі және сыртқы қарыздарын өтеуге қабілетсіздігінен өзінің қарыздық міндеттемелерін орындай алмау тәуекелі.

Несиелік портфельді шоғырландыру тәуекелі - әр түрлі контрагенттер мен аймақтар немесе өндіріс арасындағы құралдарды өзара бөлудің тепе-теңсіздік тәуекелі.

Ішкі тәуекел - конрагенттің өз міндеттемелерін орындай алмау салдарынан несиелік өнімнің ерекшеліктері мен олардың мүмкін шығындарына кездесуі.

Ішкі несиелік тәуекел құрамына мыналар кіреді:


  1. негізгі қарыз соммасы және сол бойынша пайыздық төлемдердің төленбеу тәуекелі;

  2. қарыз алушыны алмастырушы тәуекелі. Қарыздың номиналды соммасының бір бөлігін жоғалту тәуекелі, яғни алмастыру құны (replacement value) қарыз міндеттемелеріне бағытталған операцияларды жүзеге асыру негізінде, мысалы форвадтар, своптар, опциондар және т.б. Егер осы уақытта пайыз мөлшерлемесімен немесе валюталық курстар өзгерген жағдайда кредитор ақша ағымын қалпына келтіру үшін қосымша шығындарды өтеуге мәжбүр болады;

  3. Операцияларды аяқтау тәуекелі – контрагенттердің белгіленген уақытта орындай алмауы немесе кешіктіріп орындау тәуекелі;

  4. несиемен қамтамасыз ету тәуекелі – ссудамен қамтамасыз етудің нарықтық бағасының төмендеуіне байланысты болатын шығындар тәуекелі.


Несиелік тәуекел көрсеткіштері.

Несиелік тәуекелдікті бағалауда келесі көрсеткіштер арқылы көруге болады:



  • номиналды құн;

  • несиемен нақтыланған баға;

  • ішкі/ сыртқы несиелік рейтинг;

  • мүмкін шығындарының көлемі.

Бастапқы кезде несиелік тәуекел белгілі бір несиелік тәуекелге қарсы қор сақтау капиталының қажетті мөлшерімен коэффициентті пайдалану арқылы жалпы номинал құнымен бағаланды. Дефольт ықтималдылығының айырмашылығын ескермеу осы әдістің кемшілігі болып табылады.
Қарыз алушының төлем қабілетін классикалық талдау.

Іс жүзінде банктер несиелік тәуекелдікті қарыз алушыларды таңдаудың, несиелік талдаудың өзіндік әдістері арқылы басқарады. Бұл талдау қарыз алушының төлем қабілетін, несие алу қабілетін және қаржы тұрақтылығын анықтау негізінде несие беру немесе бермеу туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Несиелік талдаудың негізгі екпіні болып қарыз алушының несиені қайтару мүмкіндігі мен дайындығы болып табылады. Соның негізінде баға беру үшін қарыз алушының қызметін, оның несиелік тарихын, ағымдағы қаржылық жағдайын, оның мүмкіншіліктері мен потенциалын мұқият қарастырылады.

Несиелік талдау – бұл келесі негізгі кезеңдерді қамтитын күрделі үрдіс:


  1. Потенциалды қарыз алушының ұсынысы бойынша несие алудың қажеттілік дәлелін талдау;

  2. Кәсіпорынның қаржылық есебін талдау. Бұл кезде кәсіпорынның даму тенденциясына және жақын арадағы перспективаларының қалыптасуын анық көрсету үшін белгілі уақыт аралығындағы кәсіпорын қызметінің өзгерісін анықтауға басты көңіл аударылады;

  3. Кәсіпорынның алдын ала немесе фирма аралық есеп беруді талдау. Типтік емес немесе күдік туғызатын қаржылық операциялар алдын ала есеп беруде қарастырылады, ашылатын қаржылық ақпараттардың түтастығын және дұрыстығын анықтау үшін пайдалы талдау болып табылады;

  4. Төлемдердің түсуін жоспарлау және олардың төлем уақытын созуды анықтау және соның негізінде қарыз алушының өз уақытында ссуданы өтеу мүмкіншілігін бағалау мақсатында ақша құралдарының қозғалыс жоспары қарастырылады;

  5. Экономикалық ортаның күрт өзгерісі жағдайында қарыз алушының тұрақтылығына баға беру және оқиғаны талдау;

  6. Нарық кезінде басқа салалардағы бәсекелестерге қатысты кәсіпорын жағдайын талдау;

  7. Кәсіпорынның жоғарғы басқару бөлімшесін, олардың стратегиясын, басқару әдістерін және тиімділігін қол жеткізген нәтижелерге сүйеніп бағалау;

  8. Несие беру үшін маңызды шарттарды көрсететін қажетті құжаттарды дайындау:

  • ссуданы қайтаруды қамтамасыз ету;

  • қарыз шамасын шектеу;

  • қарыз алушының міндеттері мен қаржы жағдайын бағалау;

  • кепілдік беретін негізгі кәсіпорын немесе үшінші тұлға;

  • дефольттардың түсу шарттары және т.б.

Қарыз алушының несиелік тәуекелін бағалау процесі:



  1. Қарыз алушының несие алу қабілетін бағалау;

  2. Несиелік өнім тәуекелін бағалау.

Қарыз алушының несие алу қабілетін кезеңдер арқылы бағаланады:

Бірінші кезеңде, негізгі болып, қарыз алушының қаржылық жағдайын кешенді талдау, яғни:



    • активтер мен пассивтер құрылымын талдау;

    • ақша ағымын талдау;

    • кәсіпорынның қаржылық тұрақтығын талдау;

    • кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау.

Екінші кезеңде, жеткен нәтижелері мен стратегиясын қолданудағы кәсібибілімділік пен жетебілушілік негізінде қарыз алушы-кәсіпорын буындарының жоғары басқарушылық қызметін талдау.


жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау