Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу»



жүктеу 1,99 Mb.
бет6/11
Дата01.12.2017
өлшемі1,99 Mb.
#2518
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Несиелік тәуекелдікті басқару


Банк қызметіндегі аса маңызды тәуекелдіктердің бірі – несиелік тәуекел. Кейбір тәуекелдіктер түрлеріне эксперттің баға 2-суретте көрсетілген.


Кейбір тәуекелдіктер түрлерінің мәні

Сіздің банкіңізге аса қауіп төндіретін

  • Коммерциялық несиелеудегі

тәуекел 42 28 %

  • Банкаралық нарығындағы

несиелік тәуекел 8 5 %

  • Нарықтағы тәуекел 21 14 %

  • Ликвидтіліктің төмендеу 22 15 %

тәуекелі

  • Қызметкерлерден, техникалық7 5 %

қателіктерден туатын тәуекел

  • Қиянатшылық жасау тәуекелі 3 2 %

  • Кәсіпорын қызметкерлерінің

қиянатшылық жасау тәуекелі 16 11 %

  • Жүйелік кризис тәуекелі 14 9 %

  • Құқықтық / саяси тәуекел 9 6 %

  • Басқа да тәуекелдер 6 4 %

Барлығы: 148



2-сурет. Кейбір тәуекел түріне эксперттік баға http://www.finrisk.ru/ мәліметтері бойынша


Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекелқарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:



  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлуі – несиелерді авторизациялау;

  • несиелік мониторинг;

  • несиелік портфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктің несие белгіленген мөлшер егінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алуңшымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттіліктерін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін , ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:



  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлыөматериалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.



Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:



  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

  • несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;

  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.


Несиелеу лимитттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалық несиелерге :



  • несиелік келісімөшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

  • сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының , кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

  • несиелерге есептелінетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:


  • қарыз алушының қызметін қайта құру;

  • несиені қайтару кестесін өзгерту;

  • пайыз төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйақы мөлшерлемесі –несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады. [Сейтқасымов,1998-271бет].




Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
Шет елде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Бред форд» 3 млн жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторлар ға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне 675 ішкі факторлар, ал 335 сыртқы факторлар үлесі тиеді. (5-кесте).



Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне

әкелетін факторлар


5-кесте


Ішкі факторлар


675

Сыртқы факторлар

335

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

225


Компанияның банкроттығы

125

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалауы

215


Кредиторлық қарызды қайтаруын талап етуі

115


Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі

185


Жұмыссыздық

/ отбасы мәселелері


65


Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

55

Ұрлық /Алдау

45

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты смбептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарлығы жатады.

Қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауын куәландыратын белгілерге: шоттағы айналым қаражаттарының қысқаруы, алдында мерзімі ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі және басқаларды жатқызуға болады.

Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелерді мынандай тәуекел кластарына жіктейді:



  • ең төменгі тәуекелі бар несиелер;

  • Ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;

  • Ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер);

әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты мәселесінеө потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақтылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.

Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:

P- Person – потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;

A - Amount –сұрайтын несие сомасының негіздемесі;

R-Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

S-Security- қамтамасыз ету құралы;

E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;

R – Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі;

CAMPARI:

Characterқарыз алушының беделі;

A – Abilityө қарыз алушының бизнесін бағалау;

Mө Means – несиеге деген қажеттілігін талдау;

P –Purpous – несиенің мақсаты;

A – Amount – несие сомасының негізделуі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

I – Insurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуді «алтын си ережесі» қолданылады:




  • Character (қарыз алушының сипаты);

  • Capacity (қаржылық мүмкіндігі);

  • Cash (ақшалай қаражаты);

  • Collateral (қамтамасыз етуі);

  • Conditions (жалпы экономикалық жағдай);

  • Control (бақылау).

Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын білдіреді.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.

Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш көзі болады:



  • Нақты ақшалар тасқыны;

  • Активтерді сату;

  • Қаржыларды тарту.

Көрсетілген көздердің кез келген несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді.

Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

Нақты ақшалар тасқыны мынандай түрде анықталады:



Нақты ақшалар = Таза пайда + Амортизация

Тасқыны + Кредиторлық қарыз –

- Тауарлы-материалды

құндылықтар қоры және

дебиторлық қарыз
Бұл формуланың артықшылығы – оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.

Қамтамасыз етуі. Сондай-ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі, яғни оның жеткіліктілігіне , сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның –тімділік дәрежесіне мән береді.

Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға және т.б. қарастырады.

Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді.

әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынандай көрсеткіштер қолданылады:


  1. Активтер сапасындағы коэффициенттер :

А0 к1 – Несие бойынша зияндар / Несие бойынша қарыздың орташа сомасы;

Б0 к2 – Несие бойынша зияндар / Несиелердің жалпы сомасы.
Екі коэффициент те (к1 және к2) банктердегі активтердің сапасын бағалау үшін пайдаланылады. К1-дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың банктері үшін 0,5-1,05, ал к2-кі 0,7-1,55. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) к1 коэффициентінің деңгейі 1,5-2,05. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несиелеу сферасындағы дағдарысқа байлагысты ипотекалық несиелер бойынша көптеп шығындануы кезеңінде к1-дің мәні 15 жуық болған. Ал қазіргі кезде американдық банктерде к1 шамамен 0,45-0,65 құрайды.

Тәуекелге, шағылған маржа (RAM) = (1)
= Таза пайыздық табыс – Несие бойынша зиян

Активтер

Тәуекелге шағылған маржа (RAM- rіsk adjusted margin), - бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GIM- gross interest margin). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оңтайлы мәнінің 3-3,55 құрайтынын куәландырады.


Таза пайыздық маржа = Таза пайыздық табыс (NII) (2)

(NIM) Активтер
Жалпы пайыздық = Таза пайыздық табыс + Басқа да табыстар

Маржа (GIM) Активтер

(3)



  1. Проблемалық несиелер / Несиелердің жалпы сомасы.

  2. Бір қарыз алушыға келетін несие / Банктің меншікті капиталы.

Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің бір қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 255-тен аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.

  1. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несиелер / Банктің меншікті капиталы.

Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын , директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.

Несиелерді сапасына қарай топтау және талдаудың маңызы бар. Несиенің сапасы деп – сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесін айтады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал несие сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым оның қайтарылуы күмәнсіз және керісінше болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы – бұл банктің берген несиелері бойынша анықталатын нақты шамасында. Несенің сапасының категориясына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы бойынша проблемалық,мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

Несиелік тәуекелді басқару, реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:



  • несиелік портфельді диверсификациялау;

  • қарыз алушының төлем қабілетін алдын ала талдау;

  • несиелік тәуекелді жабуға арналған резерв құру;

  • несиелік портфельдің оңтайлы құрылымын талдау және қолдау;

  • несиелердің қамтамасыз етілуін және олардың мақсатты пайдалануын талап ету.

Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу - кез келген банк қызметінің қашса құтылмайтын үлесі. Олардың толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке , несиелік құжаттарға және т.б. жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады.

Жаңа шарт несиені қайтару кестесіне бағытталып, банк пен қарыз алушы арасындағы басты мақсат – проблемалық несиелерді жою жолында, өзара келісілген ісөәрекеттерді қарайды. Сонымен қатар, американдық коммерциялық банктердің күмәнді несиелерді анықтау және жою жұмысы әр түрлі кезеңді қамтиды:

Бірінші кезеңде банк және қарыз алушы нағыз серіктестіктер ретінде әрекет етеді. Олар жаңаша келісім жасай отырып, қарыз алушыға несиені өтеудегі мерзімінің кешіктірілуіне мүмкіндік беріледі.

Егер қосымша жасалған келісім нәтиже бермесе, қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсармаса және несиенің өтелуіне көз жеткізу мүмкін болмаса, онда банк келесі кезеңге – қамтамасыз етілген мүлікті сатуға көшеді. Қамтамасыз етілген мүлікті сату - бұл несиенің қамтамасыз ету туралы келісім-шартына байланысты банктің ол мүлікті нақты ақшаға айналдыру процесін білдіреді.

Қамтамасыз етілген мүлікті аукцион және басқа да жолдармен сату несиені қайтарудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бірақ бұл жерде көптеген кедергілер де болуы мүмкін. Өйткені, қамтамасыз ету мүлкінің сату бағасы нарық жағдайына сәйкес ауытқуы мүмкін.

Бұл жерде оны бағалау нарықтық перспективаларды есепке алып жүргізілуі тиіс. Егер қамтамасыз ету құралы, проблемалық несиені қайтаруға толық мүмкіндік бермесе, үшінші кезең - несиені сот арқылы іздеу жұмысы жалғасады. Сот қарыз алушының банктік міндеттемелері бойынша жауап беруін талап ету туралы шешім шығарады. Сот сондай-ақ, банкке қарыз алушының қандай табыс көздері мен активтері арқылы несиені қайтаруға болатынына көмектеседі.

Сот шешімінің орындалуын банк әр түрлі формада таңдап жүзеге асыра алады. Бұл проблемалық несиемен жұмыс жасаудың төртінші кезеңі болып табылады. Сонымен, таңдау жолдары мынадай:



  1. Борышқордың мүлкін тәркілеу туралы сот шешімінің орындалу жолында қарызда қайтару;

  2. Тіркелген мүлікті баспасөз беттеріндегі аукциондар арқылы сату;

  3. Борышқордың үшінші бір тұлғадағы қаражаттарына тыйым салу;

  4. Банкке тұрақсыз борышқордың мүлкін басқарушы тұлға ретінде мәртебе беріледі.

Мерзімі өткен несиелермен жасалатын банк жұмысының нәтижесі борышқордың банкроттығы болып табылады. Бұл бесінші кезең. Банкроттық – бұл күмәнді несиелерге қолданылатын соңғы шешім құралы. [Мақыш С.Б.,2004].


2.2.1 Кіріс ақпараты
Кіріс ақпараттары – ақпараттық жүйенің қызметтері орындалуы үшін пернелерден сигналдар, құжаттар түрінде келетін мәліметтер мен ақпараттар. Кіріс құжаттары өз алдына алынатын файлдар негізінде жедел болып бөлінеді, ол кәсіпорынның қаржы-шаруашылық фактілерін, материалдық, еңбек, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер, сонымен қатар анықтамалық – мәліметтерді көрсетеді. Өңдеуге жіберілетін ақпарат бақылаудан өтуі керек, сондай-ақ программалық бақылау да қарастырылуы тиіс. Есептің кіріс құжаттарына:

  • қарыз алуға өтініш;

  • қарыз алушының анкетасы;

  • кәсіпорынның қаржылық құжаттары;

  • қарыздың бар жоқтығын растайтын анықтама;

  • кепілші тұлға;

  • банк талаптарына сай бизнес-жоспар;

  • уставтар;

  • кепіл бойынша құжат.

Кіріс құжаттарының тізімі 6-кестеде көрсетілген.
6-кесте

Кіріс құжаттарының тізімі



Идентифи


катор

Аты



Ұсынылу формасы

Келіп түсу кезектілігі

Қолданушы



1

2

3

4

5

Zayavka

Өтініш қағаз


құжат

күнделікті

Қарыз алушы

Anketa

Қарыз алушы

ның анкетасы



құжат

күнделікті

Қарыз алушы

“Өтініш қағаз”, “қарыз алушының анкетасы”, “кепілхатқа отыру” кіріс құжаттарының сипаттамасы төменде келтірілген (7 кестеде).


7-кесте массивтерді сипаттау




Атауы


идентификатор

Өтініш қағазы

Zayavka

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


номері

Num

9(4)

Қарыз алушының аты

Z_Name

A(30)

Несие мерзімі

Srok

9(4)

Несие соммасы

Summa

9(4)

РНН

RNN

9(12)

СИК

SIK

9(9)

Несие түрі

Vid_kredita

А(30)

Банк аты

Nazvania_Bank

А(30)

Атауы


идентификатор

Қарыз алушының анкетасы

Anketa

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


номері

Num

9(4)

Қарыз алушының аты

Z_Name

A(30)

РНН

RNN

9(12)

Меншік түрі

Vid_delo

A(30)

Қарыз алушының адресі

Adress

A(20)

Есептеу шоты

R_schet

9(6)

Валюталық шоты

V_schet

9(6)

Жалпы табысы

Dohod

9(6)


2.2.3 Шығыс ақпараты
Шығыс ақпараты – ақпараттық жүйенің қызметінің орындалуы нәтижесінде алынатын басқару объектісіне немесе басқа да басқару жүйесіне мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін ақпарат болып табылады.

Берілген есептің шығыс құжаттары:



  • қарыз алушыға рейтинг беру арқылы оның тәуекелін анықтау;

  • келісім шартқа отыру.

Шығыс құжатының сипаттамасы 8-кестеде көрсетілген.

8-кесте Қарыз алушыға рейтинг беру




Атауы


идентификатор

Қарыз алушыға рейтинг беру

Рейтинг

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


номері

Num

9(4)

Қарыз алушының аты

FIO

A(30)

РНН

RNN

9(12)

СИК

SIK

9(9)

Несие мерзімі

Srok

9(4)

Соммасы

Summa

9(4)

Несие түрі

Vid_credit

A(20)

Банк аты

Nasvania_Bank

A(20)

К1

K1

9(4)

К2

K2

9(4)

К3

K3

9(4)

К4

K4

9(40

Нәтиже

Result

A(30)

K5

K5

9(4)

K6

K6

9(4)

K7

K7

9(4)

Нәтиже

Result

A(30)

Атауы


Result

Келісімшартқа отыру

Dogovor

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


номері

Num

9(4)

Қарыз алушының аты

Z_Name

A(30)

Кепілші тұлғаның аты

P_Name

A(30)

Несие соммасы

Summa

9(4)

Несие мерзімі

Srok

9(4)

Несие түрі

Vid_credit

A(20)

Банк

Bank

A(20)


2.3 Ақпараттық база
Ақпараттық база - бұл басқару есептерін шешу үшін экономикалық объектіні жұмыс істеу барысында оны айнытпай дәлме-дәл бейнелейтін ақпарат массивтерінің бірігуі. қазіргі уақытта ақпарат базасын тұрғызудың екі ыңғайы қалыптасқан: жеке қолданушыларға қызмет көрсетуге арналған массивтердің бірігуі секілді қойманы тұрғызу, ол АЖ-ны тұрғызудың бастапқы кезеңдеріне тән; саны көп қолданушылар үшін интегрирленген ақпарат қоймасын тұрғызу.

Ақпараттық база келесілерден тұрады:

- ақпаратты кодтау жүйесінен;

- ақпараттық массивтен, яғни ақпараттық базаны тұрғызуға кіретін мәліметтер массивінен;

Ақпараттық база машина ішіндегі және машинадан тыс болып бөлінеді.

Машинадан тыс ақпараттық база келесілерден тұрады:

- жедел ақпарат;

- нормативті құжаттар;

- кодтау классификациясының жүйесі.

Машинадан тыс ақпараттық база - ақпараттық базаның бөлігі, ол ақпараттық жүйенің қалыпта (формада) қызмет етуінде қолданылатын белгілер және құжаттардан, адамдардың есептегіш құралдарынсыз қабылданатын мәліметтердің бірлігінен тұрады. Машинадан тыс ақпараттық база кодтауды классификациялау жүйесінен, ақпаратты нормативті құжаттардан, жедел ақпараттардан тұрады. Кодтауды классификациялау жүйесі мәліметтерді бір мәнде жазу, ақпараттық есептегіш жүйелердің жадысында идентификациялау және тиімді ізденіс үшін қолданылады. Нормативті - анықтамалық құжаттар шартты - тұрақты ақпараттар категориясына жатады және әр түрлі регламентті нормативтерден, мәліметтерден тұрады, олар ұзақ уақыт бойы есептеуде өзгеріссіз қолданылады.

Ал машина ішіндегі ақпараттық базасына - ақпараттық жүйе кіреді.

Машина ішіндегі ақпараттық база - белгілі бір белгі бойынша жүйенің машиналық тасығыштарындағы қолданылатын АЖ-ның мәліметтер жиынтығынан тұратын ақпараттық базаның бөлігі.

Жедел ақпарат дәл сол мерзімдегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни ол өңделмеген бірінші ақпарат болып табылады. Кодтаудың мақсаты - ол ақпаратты ыңғайлы кішігірім қалпында ұсыну, ол құжатта мәліметтерді машиналық тасығыштарға жазғанда өңдеу басқа да операцияларды жүргізгенде қажет. Әт үрлі белгілі номенклатуралардың негізгі классификациялануы мәліметтер базасындағы ақпаратты іздеуге, оны өңдеуге, жеңілдетуге қажетті классификация болып көп объектілерді бөлу жүйесі болып табылады (пәндерді, үрдістерді, түсініктерді) белгілі немесе әр түрлі белгілері бойынша жіктеу. Классификациялау объектісі болып классификацияланатын объектілердің өзі, классификациялау нәтижесінде алынған классификациялаудың тобы көп объектілер болып табылады. Классификациялау жүйесі дегеніміз - жиынды жиын астарынан бөлу ережелерін айтады. Классификациялау жүйесі иерархиялы және фасетті болып бөлінеді. Иерархиялы классификациялау жүйесі - жиын объектілерінің кезектілікпен бағыныңқылы классификациялық топтарға бөлінуін айтады. Фасет классификациялану жүйесі – көп жиын объектілерінің параллельді классификациялау топтарына байланыссыз бөлінуі. Классификациялаудан кейін таңдап алған кодтау жүйесіне байланысты ақпарат бірліктерін кодтайды. Кодтау дегеніміз – символды белгілерді теңестіру үрдісі, ол объектілерді кішігірім формада ұсыну мақсатында пайдаланады. Кодтау жүйесі дегеніміз – классификацияланатын объектілерге кодтық белгілерді теңестіру дәрежелерінің бірлігі. Код – ол белгілі ережеге сәйкес барлық номенклатураға белгіленуі ортақ теңестіруді тұрғызу жүйесі, сонымен қатар әр кодты анықтауға болады.


  • код ұзындығы (кодты белгілеудің саны);

  • код разряды( кодты белгілеудегі белгінің саны);

  • код алфавиті ( кодты белгілеуде қолданылатын белгілер, олар сандық, әріптік, әріптік-сандық болуы мүмкін);

  • код құрылымы (кодты белгілеудегі белгілердің орналасу тәртібі).

Кодты қолдану ақпаратты өңдеудің сыйымдылығын азайту мүмкіндігін береді, мәліметтерді топтастыруды қысқартады, машиналық тасығыштарға ақпаратты жазуды жылдамдатады.

Экономикалық ақпараттың жіктегіштері мен шартты белгілерін жобалау – АЖ-ны ақпаратпен жабдықтау бөлімін құрастырудың маңызды бөлігіне жатады.

Экономикалық ақпаратты мазмұнды мағынасына қарай жіктеу – бұл мәліметтер қоймасынан ақпаратты іздеу мен өңдеуді жеңілдету үшін қажет. Ал экономикалық ақпаратты шартты белгілеу – бұл мәліметтерді алфавиттік түрде бейнелеудің жоғарғы үлес салмағына, логикалық амалдардың көп көлемдігіне, ақпаратты орталықтандырмай өңдеуге көшуге байланысты, ақпаратты – есептеу желістеріне байланыс арналары бойынша өткізіп беруге жататын мәліметтер көлемінің өсуіне байланысты қажет болады. Шартты белгілеудің мақсаты – экономикалық ақпаратты тығыз, ыңғайлы түрде көрсету. Демек, мәліметтерді АЖ жадында бірмәнді бейнелеп жазу үшін жіктеу мен шартты белгілер қолданылады.

Көлемі бойынша үлкен емес, тұрақты номенклатуралар үшін “тіркейтін” шартты белгілер қолданылады. Олар бір объектіні басқасынан айырып тануға мүмкіндік береді, яғни кішігірім ақпараттық қасиеті бар.

Шартты белгілеу деп – жіктеу объектілерін тығызрақ бейнелеу мақсатында оларға таңбалық белгілерді иемдету барысы. Сондай-ақ, бұл жіктеу объектілері мен жіктелген топтарды белгілеу ережелерінің бірігуі. Шартты белгілеудің реттік, сериялы-реттік, тізбектік және параллельдік деген төрт жүйесі бар.

Жоғарыда айтылған классификациялаудың иерархиялық жүйесіне сәйкес төменде тұрған топтың кодына жоғарыда тұрған топтың элементтерін қосу арқылы қалыптасады, мұндай жүйе жоғары ақпараттылыққа ие болады. Ал аралас жүйе әр түрлі үлкен номенклатураларды кодтауда пайдаланады, олар біркелкі бір-біріне байланысты болуымен және жеке классификациялау белгілері бойынша тәуелсіз болуымен, кодтаудың әр түрлі қағидаларының үйлесуімен сипатталады. Ақпараттық жүйе ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі ақпараттық классификаторы болып табылады.

Машина ішіндегі ақпараттық база АЖ-да қолданатын мәліметтердің жиынтығы. Ол машина тасығыштарында болады, ал машиналық тасығыштар материалдыобъектілерден тұрады. ЭЕМ-ға, ДЭЕМ-ға автоматты түрде енгізу үшін қолданылатын,оларға қатты магнитті дискілер, икемді магнитті дискілер, магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және т.б. тасығыштар жатады. Қазіргі кезде икемді магнитті дискілер кең көлемде қолданылады. Ішкі машина базасының ақпараттық жүйе құрылымы функционалдық тағайындалуы бойынша анықталады. Ақпараттық жүйенің функционалдық есебі максималды түрде қолданушының талаптарына және ұсынылатын техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы қажет.

Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру ол оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің тізімін, ұзындығын, орналасу тізбегін табу. Ақпарат массиві қолдану белгісіне қарай: кіретін, шығатын және ішкі массив болып бөлінеді; кіретін ақпарат массиві – объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды; ішкі массивтер тұрақты, сақталатын, жедел, қызметтік болып бөлінеді. Тұрақты ақпараттық массив анықталмаған-нормативті құжаттардан алынады, олар мәліметтердің өңделуіне дейін қалыптасады және ақпараттық жүйенің есептерін шешуде қолданады. Анықтамалық-нормативті ақпараттар массивінің классификаторына анықтамалар, тұрақты-шартты ақпарат жатады. Сақталатын массивтер бір-бірімен өзара байланысты есептерді шешуде қолданылады; шығатын ақпарат массиві баспа құрылғысына (принтерге) басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады. Жедел массивтер жедел құжаттардың негізінде құрылады, яғни айнымалы ақпараттардан тұрады, ол біртіндеп жиналады, сондықтан жедел массивтердің мәні өңдеу циклында өзгеріп отырады. Жедел ақпарат – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады. Қызметтік массивтер қызметтік ақпараттардан тұрады, ол массивтерді автоматтандырылған өңдеуден өткізу үшін қажет. Мәліметтер базасы бір-бірімен байланысты ақпараттық массивтерден тұрады, олар тікелей қол жеткізуге болатын есте сақтау құрылғыларында сақталып, ақпараттық жүйенің басқару қызметін жүзеге асырады. Мәліметтер базасын құрудың мақсаты – мәліметтерді өңдеу уақытын қысқарту, сақталатын мәліметтердің көлемін азайту, бір-біріне қайшы келетін мәліметтерді жою, кез келген қолданушыға мәліметтерді кең көлемде қолдануға мүмкіндік беру, есепті шығару программасына мәліметтердің тәуелсіз болуы, мәліметтердің мәліметтер базасында сақталуы және т.б.



Массив түрі

Атауы


Идентификатор

Тағайындалуы

Нормативті-анықтамалы құжаттар

Қарыз алушы

анықтамасы



S_Zaem

Қарыз алушы туралы толық ақпарат

Нормативті-анықтамалы құжаттар

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау

KZ_opr

Қарыз алушының несиелі тарихын анықтау

Жинақтау


Қарыз алушының

табысы мен шығынын анықтау



Fin_pribyl

Табысы мен шығыны туралы толық ақпарат

Ақпараттың массивтері , анықтамалары және олардың тағайындалуының тізімдерінің сипаттамасы 9,10,11 кестелерде келтірілген.


9-кесте


Қарыз алушы анықтамасының сипаттамасы



Массив түрі

Ресурстардың атауы

Идентификатор

Ұзындығы

Қарыз алушы

анықтамасы


номері

Қарыз алушының аты

РНН

Меншік түрі



Қарыз алушының адресі

Есептеу шоты

Валюталық шоты

Несие мақсаты



Num

Z_Name


RNN

Vid_delo


Adress

R_schet


V_schet

Ssel


4

30

12



20

20

6



6

15

10-кесте

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау





Массив түрі

Ресурстардың атауы

Идентификатор

Ұзындығы

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау



номері

Қарыз алушының аты

Несие мерзімі

Несие соммасы

Қарыз алушының қызметі

Несие тарихы




Num

Z_Name


Srok

Summa


Vid_Delo
History


4

30

6



6

20
20




11-кесте

Қарыз алушының табысы мен шығынын анықтау



Массив түрі

Ресурстардың атауы

Идентификатор

Ұзындығы

Қарыз алушының

табысы мен шығынын анықтау


номері

Өткізуден түскен табыс

Жалпы табыс

Қосымша шығын

Транспорт шығыны

Басқа да шығындар

Таза табыс


Num

Dohod_rel

Dohod_val

Rashod_nak

Rashod_tr

Rashod_pr

Dohod


4

8

8



6

6

6



8



жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау