Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу»


Есептің математикалық қамтамасыз етілуі



жүктеу 1,99 Mb.
бет7/11
Дата01.12.2017
өлшемі1,99 Mb.
#2518
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі


2.4.1 Есептің шығару алгоритмін сипаттау

Математикалық қамсыздандыру – ақпаратты өңдеу алгоритмдерінің модельдері мен математикалық әдістерінің жиынтығы.


Кәсіпорынның төлем қабілетін зерттеу - негізгі қаржылық көрсеткіштерді, коэффициенттерді талдау болып табылады.

Төменде негізгі қаржылық көрсеткіштердің есептеулері:




  1. Жабылу коэффициенті = айналым капиталы

қысқа мерзімді міндеттемелер


  1. Ликвидтілік коэффициенті = ақшалай қаражат + дебиторлық қарыз + активтер / қысқа мерзімді міндеттемелер;




  1. Міндеттемелердің қызу коэффициенті = ағымдағы міндеттемелер

бір күнде түскен түсім


  1. Тәуелсіз коэффициенті = меншік қаражаты

заемдық қаражат


  1. Меншік айналым қаражатының ауқаттылық коэффициенті =


меншік айналым қаражаты

қаржы айналымы




  1. Сатудың рентабельділік коэффициенті = өткізуден түскен пайда

өткізуден түскен ақша


  1. Айналымдылық коэффициенті = активтер шамасы

өткізуден түскен ақша.

Альтманның Z-үлгісі.

Компанияның банкротқа ұшырау тәуекелі деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін, төлем қабілетін және қаржы жағдайының көрсеткіштерін бағалауға негізделген статистикалық модель.

Альтман моделі қаржы коэффициенттерін көптеген сызықтық, дискриминантты талдаулар көмегіне негізделіп құрылған талдау, топтардың ішінде минимал қобалжуларды, тоатар арасындағы максимал айнымалы қобалжуларды тағайындап, несиеге берілетін өнім құнының оптимал мәнін анықтайтын – статистикалық әдіс. Минимал айнымалы дефольт басталған кездегі несиеге берілетін өнім құнына, ал максимал айнымалы міндеттемелерді өз уақытында орындау кезіндегі несиеге берілетін өнім құнына сәйкес келеді. Осындай үлгілерді құру әр түрлі статистикалық белгілер негізінде айнымалы қосу және шығару барысындағы қадамды үрдіс.

Алғашқы модельде 22 түрлі қаржы көрсеткіштері қолданылды, солардың негізінде 66 компанияға қадамды дискриминантты талдау жасалды, оның ішінде 33-і табысты қызмет көрсетті және 33-і банкротқа ұшырады. Талдау кезінде статистикалық маңыздылығы төмендері ірктеліп, үлгілер құрылғаннан кейін коэффициенттердің статистикалық маңыздылығын талдау да жойылды. Соның нәтижесінде, үлгіде тек бес негізгі қаржы көрсеткіштері қалдырылды. Коэффициенттер саны бестен төртке кемігенде, үлгінің статистикалық дәлдігі күрт төмендеді, бұдан шығатын қорытынды, бес айнымалы дискриминантты функция тиімді болып табылады.


Z = 1,2 x1 + 1,4 x2 + 3,3 x3 + 0,6 x4 + 0,999x5 (1.1)
Талдау нәтижесінің көрсетуі бойынша (1,81 және 2,99 – бұл несие алу қабілеті Z индексі үшін – кризистік мән. Егер Z< 1,8 болса, онда компанияняң 1-2 жыл аралығында банкротқа ұшырау ықтималдылығы жоғары, ал Z > 2,99 болса фирманың қаржылық жағдайы әлдеқайда тұрақты болғанын көрсетеді. Егер 1,8 және 2,99 аралығында болса, онда индекс мәні қаржы жағдайына болжам жасау қиынға соғады.

12-кесте.




Қаржылық коэффициент

Дефольт тобы бойынша орта мәні

Дефольтсыз топ бойынша орта мәні

F

статистикасы

Х1 = айнымалы меншік капиталы

Барлық активтер



-6,1%

41,4%

32,60

Х2 = үлестірілмеген пайда

Барлық активтер



-62,6%

35,5%

58,86

Х3 = салық пен пайызды төлемегенге дейінгі пайда / Барлық активтер

-31,8%

15,4%

26,56

Х4 = капиталдың нарықтық құны

Міндеттердің баланстық құны



40,1%

247,7%

33,26

Х5 = өткізуден түскен пайда

Барлық активтер



1,5 есе

1,9 есе

2,84

Альтман үлгісінің мәні кәсіпорынның екі тобын таңдап алу және дефольт жарияланғанға дейінгі 1 жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін алу негізінде дискриминантты талдау жүргізу болып табылады. Өздерін банкрот деп жарияланған кәсіпорын топтарының нәтижесі бойынша, үлгі бұл оқиғаның 33-тің 31-ін (94%) дұрыс деп, ал 33-тің екеуін (6%) қате деп көрсетті. Компанияның банкротқа ұшырамаған екінші тобы бойынша үлгі тек бір ғана жағдайда дефольтқа (3%) қате болжам жасады, ал қалған 32 жағдайда (97%) банкротқа ұшырау ықтималдығын болжаған болатын және шындығында да солай болып шықты да.

13- кесте.

Альтманның үлгісі бойынша болжам нәтижесі (банкротқа ұшырағанға дейінгі 1 жыл ішіндегі).


Топтар

Бақылаулар саны

Болжам:1топқа жататын жабдықтар

Болжам:2 топқа жататын жабдықтар

1 топ (дефольт жарияланған)

33

31 (94,0%)

2 (6,0%)

2 топ (дефольт жарияланбаған)

33

1 (3,0%)

32 (97,0%)

Сыныптаудың жалпы дәлдігі 95,0%.
14-кесте.

Альтманның үлгісі бойынша болжам нәтижесі (дефольт жарияланғанға дейінгі 2 жыл ішінде).


Топтар

Бақылаулар саны

Болжам:1топқа жататын жабдықтар

Болжам:2 топқа жататын жабдықтар

1 топ (дефольт жарияланған)

33

23 (72,0%)

9 (28,0%)

2 топ (дефольт жарияланбаған)

33

2 (3,0%)

31 (94,0%)

Сыныптаудың жалпы дәлдігі 82,0%.
Сонымен, Альтман үлгісі 1-2 жыл көлеміндегі банкротқа ұшырау ықтималдылығына жеткілікті дәл болжам береді. Z – үлгісінің іс-жүзіндегі маңызды оның салыстырмалы қарапайымдылығында және компанияның несие алу қабілетін бағалау үшін қолдануға мүмкіндігінде және қарыз алушының несиелік рейтингін анықтауында болып табылады.

Үлгісінің болжау дәлдігін бағалау үшін екі белгі қолданылады:



      1. шындығында банкротқа ұшыраған, потенциалды несие алу қабілеті жоқ компанияларды анықтау дәлдігі (дұрыс емес идентификация кезінде біртекті қате жіберіледі);

      2. банкротқа ұшырамаған, потенциалды несие алу қабілетті компанияларды анықтау дәлдігі (дұрыс емес идентификация кезінде екінші текті қате жіберіледі);

Бірінші белгі маңыздырақ болады, өйткені біртектегі қате несие алушыны тікелей шығынға ұшыратады, яғни банкротқа ұшырау қаупі бар кәсіпорынды дәл анықтайды. Екінші белгіге тоқталатын болсақ, үлгінің дәл болмауы несиеге рұқсат берілмейді, егер шындығында болжам жасалған банкротқа ұшырау болмаса, онда шығын түспеген пайда түрінде ғана көрінеді (несие бойынша пайыз).

Альтман үлгісі сонымен қатар, облигацияларға несиелік рейтинг тағайындау үшін де қолданылады. Облигация рейтингісінің тарихын талдау, өз кезегінде дефольт элементтерінің ықтималдығын бағалауға мүмкіндік береді.



Альтманның үлгісі (1.1) ары қарай бірнеше рет өзгертілді және жетілдірілді. Сонымен, 1993жылы, Альтман, Хартцель және Пек корпорацияларды талдауға арналған қорытынды үлгіні модификациялады. Олар онда х коэффициентін есептеуде баланстық бағаны нарықтық бағамен алмастырды, сөйтіп олар айналымда акциясы жоқ, жеке меншік кәсіпорынның банкротқа ұшырауын болжау үшін келесі үлгіні алды:
Z1 = 0,717 x1 + 0,847 x2 + 3,107 x3 + 0,420 x4 + 0,998x5 (1.2)
F- статистика мәні Х1 коэффициентін есептегенде компанияның көрсеткіші нарықтық бағадан (33,3) баланстық баға (25,8) төмен екенін байқаймыз.

Дамып келе жатқан несие алу қабілеттігі Z индексті пайдалану үшін қорытынды үлгі түрі өзгертілді және оны “дамып келе жатқан нарық скорингі” деп атады (emerging market scoring - EMS). Мысалы, Z – үлгісін пайдалану негізінде мексикандық кәсіпорын ссудалары бойынша несие рейтингін тағайындау үрдісі былайша жүргізілді:



  1. EMS индексінің мәнін есептеу және несие рейтингінің “эталонын” анықтау, яғни АҚШ корпоративтерінің облигациялар рейтингі эквиваленттері бойынша EMS үлгісінің нәтижесін калибрлеу негізінде;

  2. Шетел валютасымен белгіленген, міндеттерді атқару қабілеті тұрғысынан компания облигацияларының осал жерін талдау. Осалдық шетел валютасымен шығыны алынған “сыртқы кірістердің” “ішкі шығындарға” қатынасы арқылы анықталады. Шетел валютасымен есептелген ақша ағыны келесі жылдық валюталық міндеттемесіне кіреді және осалдың дәрежесіне байланысты рейтингтің төмендеу жағына қарай түзету енгізіледі;

  3. Рейтингтің төмендеу (жоғарлау) жағына қарай түзету енгізіледі, компания тәуекелі көп (аз) деп танылады, егер бірінші белгіде анықталған, облигациялар рейтинг эквивалентіне сәйкес келсе;

  4. Төмендеу (жоғарлау) жағына қарай түзету енгізу нарықтағы және оның салаларындағы компанияның позициясына байланысты;

  5. Рейтингтің жоғарылау жағына қарай түзету енгізу ерекше шарттар қойғанда жасалады. Мысалы, қосымша қамтамасыз еткенде немесе сенімді кепіл болғанда;

  6. 1-кестеден акцияның нарықтық бағасын баланстық бағаға алмастыруды есепке алып және алынған нәтижені облигация рейтингі эквивалетімен сәйкестендіріп, Х1 көрсеткішін есептеу. Егер рейтингте елеулі айырмашылық байқалса, онда қорытынды рейтингке жоғарылау немесе төмендеу жағына қарай түзету енгізіледі.


2.5 Программалық қамтамасыз ету
ЭЕМ-ді программалық жабдықтау мәліметтер базасын өңдеу процедурасын қамтамасыз ететін программалар кешенінен, программалардан, машина ресурстарын басқарудан, есептердің орындалуынан және мәліметтер базасы жүйесін жобалаудан тұрады.

Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін, есептеу кезеңінің “және-немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін АЖ-ны программалық жабдықтаудың бөлімі. Бұл бөлім үшке бөлінеді: амалдық жүйе, программалық өнімді тұрғызу жабдығы, сынаққа арналған программалар.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің программалық қамсыздануы келесілерден тұрады:



  • Windows’2000 операционды жүйесі негізінде жалпы жүйелік қамсыздандыру;

  • Жұмыс істеу барысында негізгі операциялардың автоматты түрде орындалуын қамтамасыз ететін программалар модульдерінің жиынтығы, яғни функционалды қамсыздандыру;

  • Қолданушы мен операционды жүйе арасындағы интерфейс пен мәліметтер базасын қамтамасыз ететін Delphi ортасында программалау;

Delphi программалау ортасы негізгі программаны жазуға мүмкіндік береді.

2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау
Қолданбалы программаларды өңдеу үшін программалау тілдері және программалау жүйесі қажет. Осы мақсаттарға байланысты Delphi-Borland, C++ және т.б. тілдер кеңінен тараған, осы аталған тілдердің өздерінің ерекшеліктері бар, осыған байланысты олар негізгі программалау құралы ретінде саналады. Құралдар жабдығының категориясына жоғарғы деңгейдегі тілдер трансляторы ғана емес, сонымен қатар Ассемблер, компоновщиктер және т.б. жүйелік программалар жатады. Құралдар жабдығының көмегімен қолданбалы программалар, жаңа құрал жабдықтары да, операциялық жүйелер де қарастырылады. Бұл программалық қамтамасыз ету түрі қолданушыны компьютер ресурстарын басқарудан босатып, аппаратура ортасымен басқаруды қамтамасыз етеді, яғни ДЭЕМ-де нақты жұмыс істетуге дайындайды. Жүйелік қамтамасыз ету операциялық жүйелерден, МББЖ-дан, МБ-ның дистанциондық өңдеуінен тұрады. Жүйелік қамтамасыз ету қолданбалыдан машина тәуелділігі бойынша ажыратылады. Қолданбалы программалар кейбір есептерді шешу тұрғысынан қарастырғанда тиімді болып келеді, осыған байланысты ЭЕМ құрал ретінде пайдаланады,яғни есептегіш жүйеге емес жұмыстың пәндік жағына көңіл бөлінеді. ДЭЕМ программалық қамтамасыз ету нарығы күтпеген функционалдық мүмкіндігі бар әр түрлі коммерциялық МББЖ және программалау тілдері бар. Осы құралдар әр түрлі болғандықтан кез келген қолданушының, білікті маман сұраныстарын қанағаттандырады. Көптеген коммерциялық программалар ЭЕМ-ге арналған Cobol-e, Pascal, C++, Borland Pascal 7.0, FoxPro 2.0 мәліметтер базасы тілдерінде жазылған.

Есептеуіш техника мен программалау технологияларының дамуы Borland фирмасының жаңа программалық Delphi өнімін алып келді. Delphi - бұл Windows-та жұмыс істейтін программаларды, қосымшаларды тез өңдейтін (Rapid Application Development - RAD) интегрирленген орта болып табылады. Ол генератор кодынан, визуалды дизайнерлер және мәліметтер базасын жүргізу құралдарының және жақсы интерфейсінің болуы, сондай-ақ үйренуге қарапайымдылығымен сипатталады. Delphi негізінде визуалды жобалау технологиясы және програмалаудың объектілі-бағытталған әдісі бар. Delphi-дің бірінші версиясы, Windows 3.1 ортасында жұмыс істеген. Windows 95 шыққаннан кейін, Borland 16 разрядты Delphi екінші версиясын шығарды. Одан кейін 32 разрядты Delphi-дің үшіншісі шықты. Delphi программасында Borland-пен өңделген Object Pascal тілі қолданды, оның негізі ретінде классикалық осы тіл алынған.

Келесі Delphi 5.0-дің үш версиясы бар:

Standard – мәліметтер базасын қолдана отырып жеке қосымшаларды өңдеу;

Professional – көптеген қолданушылардың қосымшаларын құруға арналған;

Client-Server Suit – корпоративті қосымшаларды өңдеуге арналған.

Delphi ортасында программалау үшін компьютерге Windows98, Windows NT немесе толығымен сәйкес келетін операциондық жүйе қажет. Delphi Client-Server Suit-8 Мб кем емес жедел жады, ал Delphi-ді толығымен орнату үшін 170 Мб қажет. Кез келген дербес компьютер процессоры Pentium, жедел жады көлемі 8-16 Мб, дисплейі VGA болса, Delphi-дің жұмысын тиімді етеді.

2.5.2 Программалық қамтамасыз ету құрылымы
Программалық қамтамасыз етудің құрылымы ортақ жүйелі және арнайы программалық қамтамасыз етуден тұрады. Ортақ жүйелі программалық қамтамасыз ету - программалар бірлігінен тұратын кең қолданушылар көлеміне бағытталған есепті ұйымдастыруда және ақпаратты өңдеуге арналған программалық қамтамасыз ету бірлігі. Операционды жүйе есептеріне жүйенің барлық ресурстарын басқаруға жауап береді. Операционды жүйе дербес компьютерлердің аппарат құралдарының ақпараттық қабықшасының ең төменгі деңгейінен тұрады. Дербес компьютер үлгілерінде, архитектуралары, мүмкіндіктері әр түрлі операциондық жүйе ресурстары қажет. Қолданушыға программалық өңдеу және қолдану үшін ұсынылатын қызметтер әр түрлі болады, яғни операционды жүйе ядросы белгілі қызметтік программалар көмегімен жүзеге асады. Осы программалар көмегімен дискінің бастапқы белгіленуі, диск құрылғыларының параметрлерін орнату, жедел жадыны тестілеу, компьютердің басқа да компоненттерін, ақпараттық баспада жіберу локальды желілермен байланыс орнатуды жүзеге асырады. Осылай операциондық жүйе аппарат құралдарын толықтырып, дербес компьютердің бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Windows 2000 Professional операциондық жүйесінің сипаттамасы:

Windows тек қана файлдар мен операция үшін ыңғайлы интерфейспен қамтамасыз етпейді, сонымен қатар Windows ортасында жұмыс істейтін программалар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Программалар мүмкіндіктерін қолдану үшін Windows талаптарына сәйкес жобалануы тиіс, сондықтан оларды Windows программасы немесе Windows қосымшалары деп атайды.

Windows DOS– та өңделген қарапайым программаларды орындайды, бірақ мұндай программалар Windows-тың басымдылықтарын қолданбайды, осыған байланысты баяу жұмыс істейді.

Windows-қа келесі сипаттамалар тән:


  • қолдану мен игеру өте қарапайым;

  • өнімділік өте жоғары;

  • желілік құрылғыларымен жұмыс істейтін әмбебап желілік клиент рөлін атқарады.

Бұл операциондық жүйе ішінде таратылған желілер, электрондық пошта, мультимедиа құралдары бар. Windows 2000 операциондық жүйесі Microsoft фирмасымен Microsoft Office деп аталатын программалар пакетінен құралған, оған келесі программалар кіреді:

  • Microsoft Word мәтіндік редакторы;

  • Microsoft Excel электрондық кесте;

  • Microsoft Power Point презентация редакторы;

  • Microsoft Acces мәліметтер базасын басқару жүйесі;

  • Microsoft Schendule күнделік редакторы.

Windows 2000 аппарат бөлігін қолданған кезде қойылатын талаптар:

  • 486DX және одан жоғары процессор;

  • 6 Мб кем емес жедел жады;

  • сәйкес келетін VGA видеоадаптері;

  • Windows 2000 толығымен орнату үшін қатты дискінің көлемі 70 Мб болуы керек.

Арнайы программалы қамтамасыз ету – нақты ақпараттық жүйені құруда және оның функцияларын жүзеге асыру үшін өңделген программалар бірлігі. Программалық қамтамасыз ету құрылымы көрсетілген (3-сызба).

“Несиелік тәуекелді басқарудағы” АЖ-ң ПҚ



жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау