ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде жалпы дидактиканы оқытудың мақсаты оқушыны дамыту. Оқытудың потенциалды мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай – ақ, нақты дидактикалық өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.
І – бөлімде информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер бойынша курсты оқытуға әртүрлі бағыттардың пайда болғанын атап өттік. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуға нақтылана түседі. Принциптің бірнеше түрлері бар. Олар: ғылымилық принцип, бірізділік және қайталау принципі, іс-әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы, мазмұнның тиімділігі, іс-әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі, белсенділік және өз бетінділік принципі, білімнің беріктілігі мен жүйелілігі, оқытуды дербестендіру мен коллективтендіру, оқу іс әрекетінің тиімділігі, теория мен практиканың байланысы жайындағы мәселелер қарастырылады.
Бірінші бөлімде дидактикалық материалдарды оқушылардың пайдалана алуы және сабақта дидактикалық функцияларды пайдалануда, дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс – тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын.
Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерінің түрлері көп. Оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады. Олар: түсіндірмелі – иллюстрациялы, программаланған, модельдік, эвристикалық, проблемалық.
Дидактикалық материалдарды жасау әдістемелеріне қысқаша тоқталып түсіндіріп және оның қолданылуын айтамыз.
Дидактикалық материалдардың тиімділігі - дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейін. «Көкпар» ойыны және «Арқан» тартысу ойыны. Сабақ үстінде крассвордтарды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарын да орындауға болады. Крассворд жасау – үй жұмысы. Балалар арнайы әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі.
Тестік тапсырмалар - мектептегі барлық пәндер бойынша оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ клас- сабақ жүйесінің негізін қалайды.
Бақылау жұмыстарының түрлері көп, тигізетін пайдасы мол.
Программалық тапсырмалар - оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: |