Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика» мамандығы Алматы, 2019 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ



жүктеу 1,59 Mb.
бет5/8
Дата21.01.2022
өлшемі1,59 Mb.
#34498
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Бердыбаева Айнур

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Информатиканы оқыту барысында дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесін жетілдіру
Информатика өткен ХХ ғасырдың ортасында алғашқы цифрлық ЭЕМ-ры Н.Виннер мен К.Шеннонның, Фон Нейманның фундаментальды еңбектері жарық көрген ғылым ретінде қалыптасты.Осы себепті информатика пәні де білім беру жүйесінде кешеуілдетіп енгізілген пәндердің бірі.

Информатиканың орта мектеп бағдарламасыны енгізілгеніне небәрі 20 жылдың көлемінде ғана. Сондықтан да информатика пәнінің әдістемелік жүйесі қазіргі таңда әлі де зерттеу деңгейінде, енді-енді қалыптасып келеді.

Информатиканың басқа мектеп пәндерінен ерекшелігі, оның зерттеу объектісі де, оқыту объектісі де компьютер болып табылады.

Адам қызметінің барлық саласының жаһандық ақпараттануы жағдайы мен информатиканың басқа ғылымның барлығына енуіне байланысты

информатиканы оқыту әдістемесін ғылымның кез-келген саласымен байланыстыруға болады.

Әдіс (гректің methodos-зерттеу сөзінен алынған) алға қойған нақты мақсаты міндетті шешуге бағытталған әрекет, тәсіл немесе іс әрекет образы.Мақсатқа жетудегі орындалатын бір практикалық және теориялық білімді игеру әркеттері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдісінің әртүрлі тәсілдері бар:


  1. мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің тәсілі;

  2. жұмыс тәсілдернің жиынтығы

  3. мұғалімнің оқушыны білмейтінін білгізу жолы;

  4. мұғалім мен оқушының іс-әрекет жүйесі.

Ресей ғалымы И.Я. Лернердің: оқыту әдісі оқыту мақсатына жету үшін мұғалімнің нақты құрал арқылы оқушының практикалық және танымдық қызметін ұйымдастыру арқылы тәжірбие жинақтау үшін жасалынған тізбектелген және реттелген әрекеттің жүйесі тұжырымдалды.

Демократиялық мемлекет құру халыққа білім беру жүйесінің деңгейін көтеру мен сапасын арттыру болса, соңғысы оқытылатын әрбір ғылым саласын ізгілендіруді адамиландыруды қажет етеді.

Білім берудегі ізгілендіру жеке тұлға ретінде дамуына бағытталган. Қазіргі таңда информатика мен жаратылыстану пәндерінің теориясы мен әдістер негіздеріне ізгілендіру тереңдей еніп, жақсы нәтижиелер көрсетуде. Осыған байланысты зерттеу барысында информатика ғылымындағы жаңалықтарды оларды адамның қажетіне дұрыс пайдалануды мектеп оқулығына енгізіп, оны оқушыларға жеткізу және оны оқыту әдістерін жүйеге келтірудің қажеттілігі туысқан, бұл пәннің жаңашылдық ролі өсіп отырғанын байқауға болады.

Информатиканы оқыту барысында жеке тұлғаны дамыту және қалыптастырудың негізгі үш кезеңін қарастыруға болады.



  • Информатиканың ақпараттық қоғамдағы ролін ұғындыру;

  • Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолдана білуінің қажеттілігі;

  • Информатика ғылымының оқушының рухани дамуына, ғылыми көзқарастарының қалыптасуына, этикалық, адамгершілік және ізгілік бағдар алуына, логикалық қабілетінің дамуына көмектеседі.

Информатиканың гуманитарлық, әлеуметтік шамасын көтеру арқылы оқуышылардың ойлау қабілетін дамытып, өмірге көзқарасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамның осы пәнмен байланысы қоғамдық сананың дамуын, информатиканың экологиямен, қоршаған ортамен байланысын толық түсіндіретіндегідей болуы керек. Ғылыми техниканың дамып, алға басып, өркендеуіне байланысты информатиканың қоғам өмірінің дамуына жалпы тұлғаның ақпараттық мәдениетінің жоғарылауына, эстетикалық білім мен тәрбие беруге елеулі әсерін тигізуде. Информатика пәнінің мазмұнын ізгілендіру арқылы ақыл-ойдың дамуына өмірге ғылыми көзқарастың қалыптасуына, информатиканың қоғамдық сананың дамуына әсерін жетілдіру, жеткіншектердің қоршаған ортаға дұрыс көзқарасын тәрбиелеуге көңіл бөлінуде.

Адам мәдениетінің компоненті қазіргі дүниетанудағы бастысы екені түсінікті. Әрбір мәдениетті және тәрбиелі адамның өмір сүріп отырғын өзін қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі болуы керек. Қазіргі информатика ғылымы жаңаша әлемдік ойлаудың қалыптасуына көмегін тигізуде. Жер бетіндегі халықтар мен дүние жүзілік халықтарының негізгі проблемасына көңіл аудару арқылы ізгілік бағытын көтеруді өз жауапкершілігіне алуда. Информатика сабағында білім алуды зерттеуде үш міндет қойылады



  • Сезімді ынталандыру;

  • Білім білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

  • Жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру

Информатика сабағында сезімді ынталандыру әдіс ретінде қарастырылуы керек.

Оқушының оқуға, білім алуға деген дұрыс сезімін, білім мазмұнына, оның түрлері мен әдістерін меңгеруге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті. Сезімді ояту арқылы белсенді түрде тыңдау, есте сақтау, қайта ойлау арқылы сабақты жақсы түсінуге, нәтижесінде білім сапасын арттыруға, алға алға қойған мақсатына жетуге көмектеседі.

Информатика сабағында сезімді ынталандыру деген, негізінен: информатика пәнінен дұрыс білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады.

Оқушылардың білім алуда жақсы жетістіктерге жетуіне өз күштеріне сенімін туғызып және оқу үрдісін жеңілдету арқылы жағдай жасау ойластырылды. Бұл әдіс – оқуға, білім алуға деген сезімін ынталандыратын бірден- бір дұрыс әдіс. Қуаныш, уайымдауларсыз алдағы уақытта жетістікке жету жолдарын анықтап, қиындықтарды жене білу мүмкін емес. Математика мен физика сабағында оқушыларға бір тапсырма берумен шектелмей біртіндеп күрделендіріп отырып, бірнеше тапсырмалар беру арқылы оларды орындағанда мақтап, марапаттай отырып, оқушыларға оңай тапсырмаларды орындатып өздерінің күшіне сенімін арттырып, оқуға деген қызығушылығын ынтасын арттыруға болады. Одан әрі біртіндеп күрделі есептерді, жаттығуларды орындатуға болады. Бірінші жеңіл, оңай есптер, жаттығулар орындатып, екінші қиын, күрделі есептер, жаттығулар орындату. Сабақ кезінде оқушыларға жекелеп көмектесіп, қиындығы бірдей тапсырмаларды орындатып, марапаттап, ынталандыруға болады.

Бұдан нашар оқитын оқушылар, компьютерде машықтану жаттығуларын орындай отырып, өз білімдерін жетілдіреді. Көптеген тәжірибелі мұғалімдер оқушылардың еңбегін дұрыс бағалап, мақтап, марапаттау әдісі арқылы білім беруде жақсы нәтижелерге жетіп жүр. Оқушылардың сезімін басқара білу, оқушылардың еңбегін дұрыс бағалап, мақтап, жақсы сөз тауып дәл уақытында марапаттап отырудың өзі мұғалімдердің үлкен өнері. Марапатттау әр түрлі жағдайда болады. Оқу үрдісінде оқушыларды мақтау оның еңбегін дұрыс бағалау, олардың алған бағыттарының дұрыстығын қолдау, мадақтау немесе есеп шығару әдістерін мақтау және еңбегіне қарай көтермелеп бағалау және т.б. Оқушыларды мақтау және жазалау әдісін өте қажет болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Информатика сабақтарын ойын түрлерін ұйымдастыру арқылы өткізуге болады. Ойынның әр түрлі түрлерін сабақта қолдану арқылы білім алуға, сабақ оқуға деген белсенділігін арттыруға болады. Онда столда ойнайтын дайын ойындарды ойнатып, білім біліктерін дамытуға, оқу матриалына байланысты ойын ретінде құрастырылған дайын материалды пайдалануға болады.

Информатика сабағында алдағы істейтін жұмыстарын жүйелеу:


  • күнделікті сабақта, сол сабақ болатын күні істелетін жұмыстарды жоспарлауда ізгілік мәселесін ескеру;

  • апталық, тоқсандық, жылдық істелетін жұмыстарды дайындауда оқушыларды ізгілікке баулитын материалдарды жүйелеу.

  • бірнеше жылғы мектеп бітіру және одан әрі оқуға түсу, жұмысқа орналасу, өз өмірін құру жұмыстарына жүйелеу.

Осылай жүйелеу арқылы оқушылар мектепте математика және физикадан өтетін жарыстарға , кештерге қатынасуға дайындалады, емтихан тапсыруға, мектеп бітіруге, жұмыс істеуге дайындалып, өз бетінше жұмыс істеп, жеке тұлға болып қалыптасады.

Білім, білік, таным дағдыларын дамытудың төмендегідей әдістері бар:



  • Информатика сабақтарында оқу материалдарын қабылдай білуге дайындау;

  • оқу материалдары бойынша ойын, қызықты оқиғалар желісін құру;

  • информатика сабағында оқушыларды еліктіре алатын білім мазмұны, сондай-ақ іздене алатындай кезеңдер тұрғызу керек.

Оқу материалын қабылдай білуге дайындау үшін мұғалімдер алдымен оқушыларға сол материалға дайындық ретінде бірнеше тапсырмалар, жаттығулар, есептер берді. Сол тапсырмаларды сұрай және оларға қорытынды жасай отырып, әрі қарай мұғалім жаңа материалды айтып, түсіндіріп, жалғастырады. Сонда оқушы өздерінің ұмытқандарын естеріне түсіріп білімдерін ары қарай дамытады.

Информатика сабағын өткенде сол өтетін материалға байланысты қызықты информатикадан қызықты логикалық есептер шығарудың информатика ғылымындағы атақты ғалымдардың жаңалықтарын, қазіргі информатика саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар туралы айта отырып, әртүрлі ақпараттық үрдістер мен ақпараттық технологиялар жайлы баяндап, сабақ мазмұнын байыта отырып оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Шығармашылық іздену әдісін пайдалануда жүргізілген эксперимент оқушыларды шығармашылықпен іздену, білуге үйрету білім, білік дағдыларды дамытуға үлкен себебін тигізетінін көрсетті. Бұның өзіндік қиындықтары бар. Мұғалімдер үшін әр оқушының шығармашылықпен ізденуіне жағдай жасау қажет. Олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр түрлі сабақтарға жауап іздеп,еркін ізденуге мүмкіндік туады. Тәжірибелі мұғалімдердің ізденгіштігі арқасында жекеленген мектептерде информатика сабағында ізгілендіруді мақсатты жүйелі пайдалану жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі педагогика ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, , ынтасын жігерлендіру, шығармашылығын дамыту арқылы оны болашақта алған білімін өмірде еш қиындықсыз пайдалана алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Ол үшін мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне ой салатындай, ынта ықыласына әсер етуі тиіс.Сондықтан сабақ құрылымы әртүрлі әдістермен, жаңа технологиялық құралдармен, программалық жабдықтармен қамтамысыз етілуі керек. Бұл ретте мұғалімнің дайындығы мен шеберлігі, ізденімпаздығы да басты роль атқарады.

Сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенуге болады:



  • оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылармен жекелей, пармен, топпен жұмыстар жүргізу;

  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын неғұрлым жетілдіру;

  • оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Әр оқушының зеректігіне, ынтасына байланысты өз бетімен жұмыстың тапсырмалары да түрлі деңгейде құрастырылады.

Сондай-ақ, оқушыларды пармен, топқа бөліп оқыту арқылы нашар оқитын оқушылардың да талпынысын көруге, олардың пәнге деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Бұл әдістің тиімділігі сол, сабақта оқушылар түгел бағаланады.




жүктеу 1,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау