Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика» мамандығы Алматы, 2019 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Информатика пәні бойынша дидактикалық интерактивті бағдарламалық жүйелерді құрудың ақпараттық жүйесі



жүктеу 1,59 Mb.
бет6/8
Дата21.01.2022
өлшемі1,59 Mb.
#34498
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Бердыбаева Айнур

2.2 Информатика пәні бойынша дидактикалық интерактивті бағдарламалық жүйелерді құрудың ақпараттық жүйесі

















2.3 Дидактикалық материалдармен жұмыс істеу әдістемесі

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ сынып – сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар: 1) оқу топтарының құрамы; 2) әр сыныптағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау; 3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі; 4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші рөлі ; 6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.

Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған сынып - сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ. ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде Белль - Ланкастерлік түрі, Мангейм жүйесі, Дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі.

Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат –оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:

1. Жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);

2. Оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы);

3. Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алап қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепте міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П. Лапчик информатика курсы бойыша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Информатика сабағында ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптас тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.

Мектепте компьютерлердің пайда болуы оқушылардың сабақтан тыс жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктер берді. Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдында мынадай міндеттер қояды: а) информатиканы және оның қолдануларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту; б) ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру; в) информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету; г) оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.

Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиядалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. оларға компьютерлік клубтар, жас программалаушылардың сырттай оқитын және күндізгі мектептері мектептен тыс (ақылы курстар) жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады. Математика мен физиканы тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептер, мектеп аралық оқу - өндірістік комбинаттарында дайындалатын мамандықтар да жатады.

Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары

Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме - мектеп оқушыларымен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы – үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ –ның болуы қажет.

Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектепдерде, оқушылар сарайында, оқу- өндірістік комбинаттарындағы мектеп аралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істейтіндей қызықты ойын сипатында беруге болады.

Сондықтан информатикадан жүргізілетін үйірме жұмыстары оқушыларды, оның ішінде орта және төменгі сынып оқушыларын өте қызықтырады. Бірақ үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау керектігін есте ұстаған дұрыс. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау – маңызды әдіснамалық міндет болып табылады.

Мектептің оқу жоспарына информатиканың факультативтік сабақтарын өткізу әдісі мен мазмұнын жасау үлкен маңызды мәселе болған. Алғашқы кездері ЭЕМ-ң құрылымымен, алгоритмдеу және программалау негіздерімен таныстыратын факультативтік курстардың программалары құрылады.

Қазіргі уақыт талбына сай, мектептердің есептегіш техника кабинеттерінің негізінде пәнаралық факультативтік курстардың жасалып, іске асырылуы, информатика, автоматика, электроника саласында балалардың «техникалық шығармашылығын» дамытады деген үлкен мәнге ие болып отыр.

Факуьтативтік сабақтың мақсаты:



  • Информатика саласы немесе ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа пәндер бойынша алынған теориялық білім, іскерлік пен дағдыларды тереңдетіп кеңейту;

  • Оқытудың кәсіптік бағдарын күшейтетін практикалық дайындықты қамтуы тиіс.

Факультативтік сабаққа:

  • ЭЕТ-ны кеңінен қолданатын, барлық уақыттың 75%-ін компьютермен практикалық жұмыс істеуге бөлуді қарастыру;

  • Барынша өзбетінше, оқушының танымдық іс-әрекетін өзінің басқаруы және оқушы санының аз болуы тән.

Жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан мемлекеттік білім беру стандартының жасалып, оқу процесіне енгізілуі факультативтік курстардың дамуына елеулі үлесін тигізеді.

Оқушылардың ойлау процесін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін түсіну үшін ЭЕМ-ге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге асырылатынын қарастырайық. Педагог оқушыны түсініп, оларды өзімен салыстыруы тиіс. Егер мұғалім алдын – ала оларды болжап, әрекеттерін ескеріп, үйлесімді жоспарлай білсе, онда оқытуды ұйымдастыру әлде қайда жеңіл болары сөзсіз.

Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары: есептің қойылысын талдау (анализ), қолдағы бар программалық немесе синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде анализдің мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін. Бұдан программаның орындау процесі қадамдарға бөлінеді, ал мәліметтердің өзгеру процесі қадамдардың тізбегін өзгертеді. Егер қатені іздеу программаны тасымалдау (трассировка) жолымен ЭЕМ-дегі диалог түрінде орындалса, онда бұл талдаудың түрі- «өрескел талдау»- жіктеу болады. Егер қате ЭЕМ –де орындалғанға дейін талданса, онда бұл оймен бөліктерге бөлу. Қатені іздеудің мәні алгоритмнің фактіден алшақтаған мезетін іздеу болып табылады.

Күрделі синтезге мысал ретінде оқушылардың компьютерлік ортаның идеялық моделін ойша құруы болып есептеледі. Оған мысал ретінде электрондық кестені (ЭК) алуға болады.

Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін айырмашылығын көрсету қажет. Мысалы, алдымен әртүрлі құрама командалар туралы әңгіме етпей тұрып, алгоритмнің үш типін салыстыруға болады: сызықтық, тармақталған және қайталанатын алгоритмдер. Сызықтық алгоритм деп әрбір команда тек бір рет орындалатын, қайталанатын алгоритм деп бір команданың бірнеше рет орындалатынын, тармақталған алгоритм деп бернеше командананың тек біреуі ғана орындалатын алгоритмді айтамыз. Бұл жерде алгоритмнің түрлері толық қамтылған. Тек қайталану шартының ұғымы мен таңдау кейінге қалдырылған. Ол бір команда неше рет қайталанады немесе бірнеше команданың қайсысы орындалуы деген сұрақтарға жауап беру барысында түсіндіріледі.

Топтау (классификациясы) ойлау әрекеті ретінде үлкен көлемді материалды оқушының меңгеруі барысында білімді бекітуге байланысты кездеседі. Мысалы, ЭК-нің барлық командаларын алфавиттік ретпен есте сақтау өте қиын, ал оларды ұқсастық және айырмашылық қасиеттеріне қарай топтау түсіндіруді едәуір жеңілдетеді. Дұрыс топтай білу іскерлігі дамыған ойлау әрекетінің белгісі.

Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы- ұқсас әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасына көшу бола алады. Жалпы айқынырақ ашылған мысалы дедукция болып табылады. Мұны математикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық емес индукция. Бұл практикалық информатиканың өн бойына және кездесетін аса маңызды әрекет. Енді мысалмен түсіндірейік.

Инжинер практикке 60 санының бөлінгіштігін табу тапсырылады. Оның ойлау барысы төмендегідей болды: 60 саны 2-ге бөлінеді. 3-ке де бөлінеді. 4-ке, 5-ке және 6-ға да бөлінеді. Бұдан 60 саны барлық сандарға бөлінеді деп қорытынды жасайды. Ал, 60 саны 7-ге бөлінбейді. Бұл компьютердің ақауы дейді. Бұл әдетті толық емес индукция.

Енді компьютерге оралатын болсақ, оқушы алғаш рет компьютерге отырып, тектік редактормен жұмысты бастады. Оқушы оңға бағыттаушы клавишын басты. Курсор оңға бір орын ауыстырады. Ал, енді оқушылардан оңға бағыттаушы клавишын басқанда не болады деп сұрасаңыз, оқушылардың 99%-і ойланбастан бір мәнді жауап береді. «Курсор оңға жылжиды». Оқушы курсордың экранның оң жақ шетінде болған жағдайын ескермей жауап береді.

Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білуі олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып тараудағы толық білімге қойылған талаптарды меңгертуде танымдық интеллектуалдық тестерді, кроссворд, сканворд, ребустарды пайдаланғаны дұрыс. Сабақты түрлендіріп өтудің маңызы өте зор. Сабақта әр түрлі ойын элементтерін пайдалану - оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімі қалыптасады.

Кроссворд, ребус, сканворд құрастыру арқылы оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ұйымдастыру. Ол дегеніміз – тақырып бойынша кроссворд, сканворд, ребустар дайындатып, басқа да ой өрісін дамытатын тапсырмалар беріп, арасынан ең сауатты, ең ұтымды орындағанын іріктеп, сабақта пайдалана білу.

Қазіргі кезде адамның ойлау қабілетін дамытудың тиімді жолы кроссвордтарды шешу болып табылады.

Сондықтан информатика сабақтарында үй тапсырмасын түрлендіру мақсатымен арнайы тақырып бойынша оқушыларға кроссворд құрғызу тиімді. Ол үшін әр сабақта сұрақ - жауап немесе информатикалық диктанттар жиі өткізіп отыру қажет. Бұл – оқушылардың сөздік қорымен қоса, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, әрі сұрақтарды дұрыс қарастыруға үйретеді.

«Ақпараттық диктант». Топ оқушылары бірігіп «Ақпараттық диктант құрастырады», диктант дайын болғаннан кейін, топ басшылары ауысып қарсы топтардан диктант алады, нәтижелерін хабарлайды.

Жоғарыда айтылғандай оқушылардың білімдерін тексерудің өте тиімді жолдарының бірі - «Ақпараттық диктанттар» жаздырту.

Диктантты бірнеше рет жаздырғанда, оқушыларға оның өтілу жолын түсіндіріп алу керек. Мұғалім сұрақты оқиды, оқушы жауабын жазады. Ақпараттық диктанттарда 5 сұрақ болады. Диктант жазып болған соң көрші отырған оқушылар дәптерлерін айырбастайды. Мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарын іледі, оқушылар тақтадағы жауаптармен салыстырып, дұрыс жауап берілген сұрақтың қасына «+» белгісін, ал қате жауаптың қасына «-» беогісін қояды. Неше «+» белгісі бар, соншама бағаға бағаланғаны болып есептеледі.

Ақпараттық диктант мысалы:


  1. Компьютерлік өшіргіш (ластик)

  2. Экранды бірден тазарту іс-әрекеті.

  3. Экранды жоқ саймандар тақтасын орнату іс-әрекеті.(Вид-панель инструментов)

  4. Түстер гаммасы (палитра)

  5. Windows операциясын ойлап тапқан фирманың аты. (Microsoft)

Ақпараттық диктанттардың ұтымдылығы:

    • Оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарының құрылысын есте сақтауға тырысуында, себебі шығармашылық жұмыс кезінде сұрақтың сауатты құрылуы өте маңызды роль атқарады;

    • Бір – бірін бағалауға мүмкіндік беруінде;

    • Сөздік қорларын молайтып, дұрыс сөйлеуге жаттықтырады;

    • Мұғалімнің үлкен сенім артып отырғанын біле отырып, оқушылардың әділ болуларында.

Сабақты саралап, деңгейлеп оқытудың оқушыға да, мұғалімге де берер көмегі көп:

  1. Оқушы еңбегі дәл, әділ бағаланады.

  2. Оқушы жақсы балл алу үшін, дарынды тұлғаларды дайындауға мүмкіндік туады.

  3. Оқушы өз деңгейін анықтайды.

  4. Қорытынды шығармашылық сабақтарда барлық оқушылардың білімін тексеріп бағалауға болады.

Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:

1. жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);

2. оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы)

3. оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.

Көптеген жағдайда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады.аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Информатикадан өтілетін сабақтардың өз ерекшеліктері де бар. Академик М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды зертханалық жұмыс және практикум.

Тексеріс, тақырыптық және қорытынды бақылау формаларының өзектісі тестілеу болып табылады. Педагогикада тест деп стандартталған тапсырма, игерген білім нәтижесін алу болып саналады.

Педагогикалық тест тест формасының тапсырма бөліктерінен тұрады, келесі негізгілерге көңіл бөлеміз:



  1. берілгендердің ішінен дұрысын табу тапсырмасы;

  2. ашық жауап тапсырмасы;

  3. ұқсастарға тоқтау тапсырмасы;

  4. дұрыс жауапқа тоқтау тапсырмасы.

1-3 ең негізгі тапсырма типі болып табылады.

Тест ұйымдастыруға көбірек көңіл бөлеміз, себебі, бұл көптеген оқушылар үшін алғашқы өздерін сынау болып табылады. егер сіздің бесінші сынып оқушыларыңыз, бастауыш сыныпта тестпен жұмыс істемеген болса, онда оларды алғашқы тест кезінде, тест тапсырмаларымен жақсылап таныстырып, түсіндіру керек, бағалау жүйесімен және тест тапсырмалары бланкінмен дұрыс таныстыру керек, қалай толтыру және де уақытты қалай пайдалану керектігін айтып түсіндіру керек.

Тәртіп бойынша, алғашқы тест тапсыру кезінде, екі берілгенннің біреуін таңдау тапсырмасын беру керек. Мұндай тапсырмалар минималды болуы керек. Тест тапсырмалары вариантын екі ғана емес үш-бес қылу және тапсырмада бір ғана дұрыс жауап емес екі дұрыс жауап беру керек.

Тест бланкісін жасаған кезде, егер тапсырмада жауапта, дұрыс жауаптар саны біреу болса, оны дөңгелекпен, ал жауаптар саны көп болса оны төртбұрышпен белгілеу керек.

Оқушыларды тестпен жұмыс істеуге дайындаған кезде оларға міндетті түрде бағалау кезіндегі тәртіпті айтып түсіндіру керек:


  • әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл;

  • әрбір қате жауап үшін 1 балл төмендетіледі;

  • жауапсыз қалған сұраққа еш нәрсе қоспау керек.

Тест тапсыру үшін керек құралдар мыналар:

  1. Қаламсап.

  2. Біріншіден, жеке мәліметтер графас ын толтыру керек.

  3. Тест тапсыру кезінде оқулық және т.б. қолдануға болмайды.

  4. Сіз дұрыс деп тапқан жауап дөңгелегі мен квадрат қасына белгі қою керек.

  5. Егер таңдалған жауап дұрыс болмаса, белгіні өшіріп, дұрыс жауаптың қасына белгі қою керек.

  6. Егер сұрақ жауабын білмесеңіз, оған көп уақыт кетірмей, келесісін орындай беру керек. Егер соңында уақыт қалса, қалып қойған сұраққа қайта ораласыз.

  7. Білмеген сұрақтарды мұғалімнен сұрау керек.

  8. Тест толтыру уақыты шектелген.

Тесттік сынақ жұмыстарының тиімділігі:

1. оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартылады;

2. тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді;

3. аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді;

4. оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, жылдамдыққа, тапқырлыққа дағдыландырады;

5. оқушылардың күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді;

6. оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады;

7. оқушылардың жауаптарды салыстырып, дұрыс жауабын таңдай білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады;

8. оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

9. барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.



Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі:

  1. Әрбір тапсырманың моделін жасау, алгоритмін құру, программасын жазу, оны компьютерде шығару, нәтижесін талдау әрбір оқушыға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгеруге қолайлылық туғызады;

  2. Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;

  3. Оқушыларда бір – бірінен көшіру әдеті жоғалады, оларды адамгершілік қасиетке, жоғары саналылыққа баулиды;

  4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, ақыл – ойын, ойлау қабілетін дамытады;

  5. Оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен;

  6. Жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оны әдебиеттерден ізденіп оқуға және өз бетімен білім алуға дағдыландырады;

  7. Компьютерлік технологияны оқыту құралы ретінде кәсіптік қызметтерге, еңбекке, басқа пәндердегі практикалық есептерді шешуге пайдалану дағдыларын қалыптастырады;

  8. Тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардағы қызығушылықты жоғалтпай, жеңіл тапсырмалардан гөрі күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландырады;

  9. Деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап бағалау жеңіл болады;

  10. Деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тұлғаның өздігін қалыптастырып, дамытып, оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауда үлкен рөл атқарады.

Деңгейлік үлестірме қағаздардың тиімділігі:

  1. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды. Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындай алмаса, онда ол тапсырмадан жеңілірегін алады;

  2. Үлгерімі нашар және үлгерімі жақсы оқушыларға да тапсырмалар алдын ала жайындалады;

  3. Деңгейлік үлестірме қағаздарды үлгерімі нашар және жақсы оқушыларға да беруге болады;

  4. Оқушылар білім деңгейіне қарап өздері бөлінеді;

  5. Оқытуды үлестірме қағаздарын таратып беріп орындалу уақытын ескертіп, қалған оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады;

  6. Деңгейлік үлестірме қағаздары оқушылар білімін бағалауда оқытушыға жеңілдік туғызады;

  7. Оқушылардың өз білімдерін өздері бағалауға мүмкіндік береді;

  8. Бағалауда бұрмалаушалақ болмайды, әшкерелік анық көрінеді.

Ұжымдық перфокарталар тиімділігі:

  1. Барлық оқушылар оқу процесіне тартылады;

  2. Аз уақыт ішінде барлық оқушының білімін анықтауға мүмкіндік береді;

  3. Оқушы білімін пысықтауға көмектеседі, жаңа сабақты әрбір оқушыға өте ұқыпты тыңдауға дағдыландырады;

  4. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады;

  5. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, жылдамдыққа дағдыландырады;

  6. Оқушылардың операторларды бір – бірімен салыстыра отырып, түйінді (қызметші) сөздердің мағынасына қарай, параметрлеріне қарай ажырата білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады;

  7. Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.


жүктеу 1,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау