Сабақтың тақырыбы: Үй Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация Оқу іс-әрекетінің мақсаты



жүктеу 499,85 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі499,85 Kb.
#1845
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Үй

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге үйрету; бүктелген қағаздан тіктөртбұрыш пен шаршыны дұрыс қиып, шаршыны екі үшбұрышқа бөлуді, дұрыс желімдеуді үйрету.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Аппликациялық жұмыстың үлгісі, әртүрлі өлшемдегі шаршылар мен үшбұрыштар, түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жапсыру жұмысы үшін үстел үстін қалай дайындау керектігін көрсетіп, түсіндіру. Қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал жұмыс орнында қайда тұру керектігін көрсетіп беру. Үстел үстін, киімді бүлдірмей таза және ұқыпты жұмыс істеу туралы әңгіме жүргізу. Қайшымен, желіммен жұмыс істеген кезде сақтау керек техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Сәулет өнері, үйдің қалай тұрғызылатыны жөнінде әңгімелеу. Балаларға конструктор бөлшектерінен үйді қалай құрастыратынын

қарау.


Аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып түсіндіру. Тіктөртбұрыштан шаршыны дұрыс қиюға, шаршыны екі үшбұрышқа бөліп алуға жаттықтыру. Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні қарап отырып, жұмысқа кіріседі.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.


Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздардан әртүрлі өлшемдегі шаршы қиып аламыз (үлкен, орташа, кіші).

Үлкен шаршыны қиғаш (диагональ) сызық бойымен бүктейміз. Шаршыны жайып, бүктеу сызығының бойымен қиып аламыз.

Негізгі бетке ретімен жапсырамыз:

Орташа шаршы – үйдің қабырғасы;

Үлкен үшбұрыш – үйдің шатыры;

Кішкентай шаршы – терезесі.
Оқу іс-әрекетін қорыту.

Аяқталған жұмыстар тексеріледі, орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктер болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беру.



Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру; домалақ және сопақ пішіндерді қағаздан қиып үйрену; бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуге дағдыландыру; балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Жемістердің нақ пішіндері (муляждары) немесе суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері,түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.



Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмыс орнын қалай дайындау керектігін, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін есіне түсіру. Балаларға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды дұрыс орналастыруға көмектесу.

Үстелдің үстіне ыдысқа салынған жемістер (нақты пішіндер) тұрады. Балалардан не көріп тұрғандарын сұрап, олардың түстерін, геометриялық пішіндерін анықтау. Мысалы: алма домалақ, қызыл, сары, жасыл; алмұрт сопақ, жасыл, т.б. сұрақтардың көмегімен балалар жемістердің дөңгелек немесе сопақ пішінді болатындығы туралы қорытынды жасау. Екі еселеніп бүктелген шаршы қағаздан дөңгелек немесе сопақ пішінді қалай дұрыс қию керек екендігін көрсету. Содан соң балаларды аппликацияны орындаудың барлық кезеңімен жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіру.

Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.


Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Тіктөртбұрышты екіге бүктейміз.

Екі бүктелген қағазға жемістердің жарты бөлігін қарындашпен сызып аламыз.

Белгіленген сызық бойымен жемістерді қиып аламыз.

Қиып алынған жемістерді жазып, негізгі бетке жапсырамыз.



Оқу іс-әрекетін қорыту.

Аяқталған жұмыстардың орындалу барысын тексеріп, артықшылықтары мен кемшіліктерін балалармен біріге отырып талқылау. Балалардың жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастыру.



Сабақтың тақырыбы: Есек

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге дағдыларыру; есекті дөңгелек және сопақ пішіндерден қиып жапсыруды үйрену; жапсыру жұмысын орындағанда ұқыпты, тиянақты болуға тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Есектің суреттері, алдын ала қиып жапсырылған үлгі жұмыс, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмыс орнын дайындауға көмектесу. Жапсыру жұмысына қажетті құралдарды дұрыс орналастырып, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін қайталап, естеріне түсіру.

Үй жануарларының бірі есек туралы, жүк тасуға ыңғайлы көлік екендігін әңгімелеу. Содан соң ойыншық есекті көрсетіп, оның дене құрылысын анықтау. Балалар есектің барлық дене мүшелері әртүрлі өлшемдегі сопақша пішінге ұқсас болып келетінін анықтайды.

Аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып, түсіндіру. Балалар жұмыс дәптеріндегі аппликацияны орындалу ретіне қарай отырып, тапсырманы орындау.



Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
Жұмыс барысы:

Қара және сұр түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Сұр түсті қағаздан контур бойымен есектің денесін, мойнын, басын, құлақтары мен құйрығын қиып аламыз.

Белгіленген сызықтар бойынша қара түсті қағаздан жалын, кекілін, құйрығының қылын және тұяқтарын қиып аламыз.

Қағаз бетіне бөлшектерді мынадай ретпен жапсырамыз:

Денесін;


Мойнын;

Басын және құлақтарын;

Кекілін, жалын, қылын желімдейміз.

Қара фломастермен есектің көзін, мұрнын, аузын саламыз.

Балалардың жұмыстарын қадағалау, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар беру.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Орындалған, аяқталған жұмыстарды талдау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Теңізде жүзген кеме

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларға жыртылған қағаздан аппликация жасауды үйрету; ұқыпты болуға дағдыландыру; саусақ икемділіктері мен зейіндерін дамыту.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Кеменің алдын ала жасалған дайын үлгісі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Кеме туралы өлең оқып беріп, түсінік беру. Суреттер көрсету арқылы кеме құрылысымен таныстыру. Балалардан кемелер қайда тұрады, олардың адамдарға қандай пайдасы бар екенін сұрау арқылы кеме туралы білімдерін анықтау. Кемені көлік ретінде пайдалатынымызды, оның пайдасы көп екенін айтып, білімдерін молайту. Кеменің пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды.

Жұмыс дәптеріндегі кеменің жасалу ретіне назарларын аударып, аппликацияның орындалу барысын түріндіру.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Дайындамадан алдын ала белгілеп қойған аппликация бөлшектерін – толқынды, кемені, желкенді, күнді қиып аламыз.

Негізгі бетке толқынның бөліктерін – ашық және қанық көк түсті жолақтарды кезектестіре отырып ұқыптап жапсырамыз.

Кемеге желкені мен діңгегін жапсырамыз.

Күнді жапсырамыз.

Балалар өз беттерінше жапсыру жұмыстарын орындайды. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, жұмыс барысында жасай алмай қиналып отырған балаларға көмек көрсету.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Барлық балалар жұмыстарын аяқтағаннан соң, оқу іс-әрекетін талдау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Гүлді ашықхаттар

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Гүл пішінін жасауға қатысты тәсілдерді меңгерту; ашықхатты гүлмен әшекейлеп, безендіруді үйрету; әдемілікті сезіне білулерін, көркемдік талғамдарын дамыту.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Құтыдағы гүлшоғы, қатырмақағаз, ашықхаттың дайын үлгісі. жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Гүлдер туралы өлең жолдарын оқып, балалардың назарын гүлдердің әдемі де, әсерлі ашық түсіне аудару. Содан соң бұл гүлдердің адамға қандай көңіл күй сыйлайтынын сұрау. Балалар гүлдердің қуаныш, мейірім, күлкі сыйлайтынын айтады. Бірақ гүлдер үзіп алғаннан кейін өте ұзақ тұрмайды. Бірақ осы сұлулықты сақтауға, жақындары мен достарына сыйлауға болатындығын айту. Ол үшін гүлді қағаздан жасап, онымен ашықхатты безендіруге болады. Ары қарай жұмыстың орындалу барысын, ретін түсіндіру.



Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздардан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Тіктөртбұрыштардан жапырақ, гүл күлтелерін және сабағын жасау үшін, бүктеп аламыз.

Жай қарындашпен жапырақ, гүл күлтелерін және сабағын сызып аламыз.

Бөліктерді белгілері бойынша қиып аламыз.

Бөліктерді ашықхаттың бетіне ұқыптап орнатамыз.

Бөліктерді ретімен жапсырамыз.

Балалар жұмыс дәптеріндегі аппликациялық жұмыстың орындалу ретімен танысып, ашықхат дайындау.

Балалардың жұмыстарын қадағалап бақылау, жұмыста қиналап, жасай алмай отырған балаларға көмектесу.

Балалардан ашықхатты кім үшін дайындағысы келетінін, оны кімге сыйлайтынын сұрап, әңгімелету.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Дайын жұмыстарды балалармен бірге талдау, бағалау.



Күні, айы, жылы:_________________
Сабақтың тақырыбы: Торсықтар

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларға қазақтың ұлттық ыдыстарының бірі – торсық туралы мағлұмат бере отырып, оны аппликациялық тәсілмен безендіруді үйрету; заттың пішініне сәйкес ою-өрнекті таңдай алу; эстетикалық талғамдарын арттыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Ою-өрнек үлгілері, дайын торсықтың үлгісі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Үстел үстіне ұлттық ыдыстардан көрме ұйымдастыру. Балалардан ұлттық ыдыстардың аттарын, олардың не үшін қолданылатынын сұрау. Торсықтың тұрмыста қолдалнылу жайында әңгімелеу. Ұзақ жолға шыққан жолаушы торсыққа қымыз немесе сусын толтырып алып шығады. Торсықтың бір жақсы қасиеті қымызды немесе сусынды салқын күйінде ұзақ уақыт сақтап тұра алады. Балалардың жауабынан кейін қымыз құятын торсықты көрсетіп, оның пішінінен, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейлеуіне назар аударады.

Балаларға жұмыс дәптеріндегі торсықты әшекейлеудің орындалу ретін көрсете отырып түсіндіру. Ою-өрнек элементтерін еске түсіру (құсқанаты, бұғымүйіз, қызғалдақ, қошқармүйіз, т.б.).

Сергіту сәті:
Кәне, сапты түзейік.

Тіземізді бүгейік.

Алға ыршып түсейік.

Артқа ыршып түсейік.

Көбелекше ұшамыз.

Отырамыз, тұрамыз.
Оқу іс- әрекетінің барысы:

Үлгі қапты қиып алу.

Ашық қоңыр және қою қоңыр түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.

Тіктөртбұрыш қағаздарды екіге бүктеу.

Торсықтың үлгіқалыбын ашық қоңыр түсті қағаздың бүктелген жерінен қойып, оны жай қарындашпен айналдыра сызу.

Торсықтың контур сызығы бойымен қиып, қағазды жазу.

Торсықтың негізгі бетке жапсырып, оған оюды жапсыру.

Жұмыс әдемі көріну үшін, оюдың контур сызығын қоңыр фломастермен айналдырып сызуға болады.

Балалар торсықты әшекейлеу жұмысын орындайды, олар сыртынан қадағалап бақылайды. Ою-өрнектері дұрыс таңдауларына, оларды әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттілігіне бағыт беріледі.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Дайын жұмыстарды балаларға көрсетіп, талдау жұмысын жүргізу, жақсы қиылған торсықты үлгі ретінде көрсету.Балаларды мадақтап отыру.



Сабақтың тақырыбы: Күзгі жапырақтар

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Қағазға гуашьпен өң беру тәсілін үйрету; балаларды ұжыммен бірігіп, композиция құрастыра білуге дағдыландыру; композицияның түс үйлесімділігіне, суреттердің дұрыс орналасуына көңіл аудара білуге үйрету.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Дайын жұмыстың үлгісі, күз көрінісін бейнелейтін суреттер, жұмыс дәптері, гуашь, қылқалам, су құятың ыдыс, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға күз және күзгі жапырақтартуралы өлеңдер оқиды. Күз мезгілінің ерекшеліктері, әсемдігі, тамаша көріністері жайында суреттер көрсете отырып, балалармен әңгімелесу. Ары қарай бүгінгі сабақта аппликациялық жұмысты өң берілген қағазға жасайтындықтарын айту. Аппликация үшін қажетті қағазға өң беру, яғни қағаз бетін бояйды балалар өз беттерінше орындайды. Мұндай қағаздар тиімді әрі әдемі болады. Оны аппликацияның әр түріне қолдануға болады.

Қағазға өң берудің әртүрлі тәсілі бар. Осы тәсілді балаларға көрсету.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
Жұмыс барысы:

Бүктеу – бұл тәсілде өң берілген қағазға қылқаламның көмегімен өңнің түсіне қарама-қарсы түсті шашырату.

Дымқылдау – бұл тәсілде суланған қағазға су кеуіп кетпей тұрып, бір-біріне ағып қосылатындай түрлі түсті дақтар салынады.

Құрғақ қылқалам – бұл тәсілде өң берілген қағазға қатты қылшықты қылқаламмен су қосылмай бояу (гуашь) салынады.

Қатты қылқалам өзіне тән «жолақ» іздер қалдыру, қылқаламның қозғалысын өзгерте отырып, ирек, т.б. қызықты жолақтар жасау.

Жұмыстың жасалу жолдарын көрсетіп, түсіндіру.

Дайындаманы 4 бөлікке бөлеміз.

Осы 4 бөлікке гуашь немесе акварель бояуларымен өң береміз. Әр бөлікке «бүрку», «дымқылдау», «құрғақ қылқалам» тәсілдерін пайдаланып, әртүрлі өңдейміз.

Дайындамалар кепкеннен кейін, оларға күзгі жапырақтардың суретін саламыз. Үлгіқалып ретінде нағыз жапырақтарды қолдануға болады.

Бейнеленген жапырақтарды контур сызық бойымен қиып аламыз.

Алынған жапырақтарды негізгі қағаз бетіне әдемілеп орналастырамыз.

Балалар жұмыс дәптерін ашып, жапырақтарды қию, жапсыру ретін түсіне отырып орындайды. Балалардың жұмысын бақылау. Қиналған балаларға көмектесу.
Оқу іс-әрекетін қорыту:

Жаңа үйренген тәсілді қалай меңгергендеріне талдау жасау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Күзгі суреттер.

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Табиғи материалдардан композиция құрастыруды үйрету; балалардың күзгі табиғатты аппликация арқылы бейнелеу жұмысына мазмұн бере отырып, композиция жасауға табиғи материалдарды дұрыс пайдалана білуге баулу; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Күз мезгілі бейнеленген картиналар, табиғи материалдар (кептірілген күзгі жапырақтар, шөптер, гүл күлтелері), қатырмақағаз, ПВА желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балалардан жылдың қай мезгілі екенін сұрап, күз мезгілі туралы білімдерін толықтыру. Күз мезгілінің табиғатын, ерекшелігін, басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығын анықтау мақсатында күз табиғаты бейнеленген әртүрлі суреттерді көрсету.

Бүгінгі сабақта күздің сұлу табиғатын өз қолымызбен жасайтынымызды, ол үшін бізге табиғи материалдарды іріктеп алу керек. Күзде ағаш жапырақтары сары, қызыл сары, қоңыр түске боялып, жерге түсіп жатады. Балалар алдын ала әдемі жапырақтарды, гүл күлтелерін, т.б. жинап, дайындап қояды. Аппликацияның орындалу барысын түсіндіру.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Жұмыс барысы:

Жиналып, кептірілген табиғи материалдардың қажеттісін іріктеп алу.

Іріктелген материалдарды табиғи көрінісінің композициясын құра отырып, негізгі қағаз бетіне орналастыру.

Композицияның барлық бөлшектерін ПВА желімін пайдалана отырып, қағаз бетіне ретімен желімдеу.

Балалар күзгі көріністің композициясын өз қалауынша құрады. Балалардың жұмысын бақылап, бағыт-бағдар беріп отыру.
Оқу іс-әрекетін қорыту:

Аяқталған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін талдап, бағалау.




Сабақтың тақырыбы: Сегізаяқ

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларға алақандарын бастырып сызып, оны контур сызығы бойымен қиып алып, сегізаяқ жасауды үйрету; сегізаяқтарға көңіл күй беру мақсатында көңілді немесе мұңды бейнелерін жасау; қайшымен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын арттыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Сегізаяқ бейнеленген суреттер, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, гуашь, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға сегізаяқ жайында ертегі оқып беру. Ертегі мазмұнын ашу мақсатында балаларға жетекші сұрақтар қою. Теңіздің терең түбінде тіршілік ететін ерекше жәндік – сегізаяқ, оның ерекше әдет, қылықтары, оның ерекше, күрделі дене құрылысы туралы әңгімелеу. Оның суретін салу қиын, сондықтан қарапайым тәсіл қолданатындықтарын айтып, алақанның сұлбасын сегізаяққа «айналдыру» тәсілін көрсету.

Балалар жұмыс дәптеріндегі орындау үлгісіне сүйене отырып, жапсыру жұмысын орындайды.

Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Тіктөртбұрыштың үстіне алақанды қойып, оны жай қарындашпен айналдыра сызамыз.

Қағаздың шетінен қалған қалдықтарына маржандарды, ұсақ тастарды, теңіз өсімдіктерін сызып аламыз.

Барлық бөлшектерді контур сызық бойымен қиып аламыз.

Негізгі бетке аппликацияның барлық бөлшектерін үйлестіріп орналастырамыз.

Бөлшектерді ретімен жапсырамыз.

Сегізаяқтың көзі мен аузын қара фломастермен саламыз.

Жапсыру жұмысында қиналған балаларға көмектесіп, бағыт беру.
Оқу іс-әрекетін қорыту:

Жұмыс аяқталғаннан кейін балалармен бірге отырып, аяқталған жұмыстардың орындалу сапасына талдау жасау, бағалау.



Күні, айы, жылы:

Оқу іс –әрекетінің тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Екі бұктелген парақтан күрделі емес ұлттық ою-өрнектерді симметриалы қиюды үйрету; балалардың халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Шыдамдылықпен, ұқыптылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Ұлттық ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттардың суреттері, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, қарындаш, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру

Балаларға ұлттық бұйымдардың суреттерін көрсетіп, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегіне, түр-түсіне назар аудару. Қазақ халқының ерте заманнан-ақ өте шебер, өнерлі болғанын ұлттық тұтынатын, пайдаланатын заттарынан байқауға болады. Қазақтың киіз үйінен бастап, оның ішіндегі барлық керекті заттары – текемет, сырмақ, тұскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Бұлардың барлығы әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген. Киімдері, құрал-саймандары, ыдыс-аяқтарының барлығы дерлік көз тартар әдемі оюлармен әшекейленген. Олардың өрнектері өзара үйлесе орналасқан, әртүрлі бұйымға салынатын өрнектердің де бір-бірінен айырмашылығы болады және орналасуы да ерекше. Бұл ою- өрнектердің өздеріне лайықты аттары да болады: қошқармүйіз, тұмарша, төртқұлақ, қайнар, сынықмүйіз, құсқанаты, бұғымүйіз, т.б.

Оюды қиюдың жаңа тәсілімен таныстыру. Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу ретімен таныстыру, жапсыру жұмыстарын орындау.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

1.Оюдың үлгісін қиып алу.

2.Түрлі түсті қағаздан дайындаманы қиып алу.

3.Дайындаманы екіге бүктеп, оюдың үлгісін қағаздың бүгу

сызығы бойымен орналастырып, жай қарындашпен

айналдыра сызу.

4.Контур сызығы бойымен қиып алып, қағазды жазу.

5.Негізгі бетке аппликацияның бөліктерін үйлесімді

орналастыру.



6.Бөлшектерді негіз қағаз бетіне ретімен жапсыру.

Балалар жұмыстарын бақылап, бағыт-бағдар беріп отыру.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Жұмыс аяқталғаннан кейін балалармен бірге отырып, аяқталған жұмыстардың орындалу сапасына талдау жасау, бағалау.



Күні, айы, жылы: 19 қараша 2014 жыл

Білім беру саласы: шығармашылық

Бөлімі: аппликация

Сабақтың тақырыбы: Менің машиналарым

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларға геометриялық фигуралардың көмегімен аппликацияны орындауды үйрету; тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша, фигураларды дұрыс қию дағдыларын жетілдіру; аппликациялық жұмысқа қажетті пішінді таңдай білу дағдыларын арттыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Әртүрлі машиналардың суреті, ойыншық машиналар, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға ойыншықтар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардан қандай ойыншықтарды жақсы көретіндіктерін сұрап, әңгімелесу.



  • Ендеше бүгін біз сендермен бірге ойыншық машинаны

жапсыру арқылы дайындаймыз. Машинаны геометриялық фигураларды қиып алып, оларды құрастырып жапсыру арқылы орындаймыз. Бізге қандай геометриялық фигуралар керек болады?

Машинаның құрылысын, түсін анықтап алғаннан кейін,

жұмыстың орындалу ретімен таныстыру.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.

Түрлі түсті қағаздан машинаның бөлшектерін контур сызығы бойымен қиып аламыз.

Қара түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша 4 дөңгелегін қиып алу.

Көгілдір түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша машинаның терезесін қиып алу.

Негізгі бетке аппликацияның бөліктерін дұрыстап орналастыру.

Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.

беріп отыру.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, балалар өздері кімнің машинасының жақсы жасалғанын, дұрыс жапсырылып орындалғанын атап айту. Өздерінің жіберген кемшіліктерін өздері анықтайды.


Тексерілді______________

Оқу ісінің меңгерушісі

Сабақтың тақырыбы: Қала

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Геометриялық фигуралардың көмегімен аппликациялық жұмыстар орындау дағдыларын жетілдіру; бейнені құрастыруға қажетті геометриялық фирураны таңдай білуге үйрету; ұжымдық жұмысқа үйрету.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Қала және ауыл бейнеленген суреттер, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға қала мен ауыл бейнеленген суреттерді көрсетіп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сұрап, салыстыру жұмысын жүргізу. Қаладағы зәулім үйлер мен ғимараттар, дүкендер, балабақшалар, мектептер мен емханалар, кинотеатлар мен театрлар туралы айту. Ғимарат құбылыстарының қандай геометриалық фигураларға ұқсайтындығын сұрау. Содан соң биік үйдің аппликациясын қалай жасауға болатынын түсіндіру. Балалардың әрқайсысы өз қалауынша қала көрінісінің аппликациясын жасай алатындығын айту.



Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып аламыз.

Көгілдір түсті қағаздан жолақтар қиып алып, олардан тіктөртбұрыш пішінді терезелерді қиып аламыз.

Терезелерді тіктөрбұрышты үйлерге жапсырамыз.

Түрлі түсті қағаздан контур сызығы бойымен ағаштар қиып аламыз.

Негізгі бетке аппликация бөліктерін орналастырамыз.

Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.

Балаларға тапсырманы дұрыс орындауға көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отыру.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Сабақ соңында балалар жұмыстарынан көрме үйымдастырып, балалар жұмыстарын өздері бағалап, қорытындылайды.



Сабақтың тақырыбы: Аққалалар

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Екі еселеп бүктелген шаршылардан дөңгелектер қию тәсілін жетілдіру; әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққала бейнесін құрастыруды үйрету; қолдарының икемділіктерін арттыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Аққала бейнеленген суреттер, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмбақ жасырып, жұмбақтың дұрыс шешуінен кейін аққаланың суретін көрсету. Балалар суреттен балардың аулада қардан домалатып, Аққаланы барлығы бірігіп, бір-біріне көмектесіп жасап жатқандары бейнеленгенін әңгімелеп айту.

Аққала жасағанда қардан домалатып әртүрлі көлемде үш домалақ жасап алып, оларды бір-бірінің үстіне үлкенінен бастап орналастырып қойып алу. Сосын басына шелек кигізіп, бет-әлпетін жасау. Қолдарын жасап, қолына таяқ немесе сыпырғыш ілу. Балалар Аққаланы қардан жасау процесін өздері түсіндіріп береді. Балалардың әңгімесінен кейін, осы Аққаланы қағаздан қиып, жапсырып жасайтындарын айту.

Үлгі ретінде дайын жұмысты көрсету. Балалар жұмыс дәптеріндегі Аққаланы ретімен орындау үлгісіне сүйене отырып, жапсыру жұмысын орындау.



Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Жұмыс барысы:

Тіктөртбұрыш пішінді дайындаманы көгілдір түсті қағаздан қиып аламыз.

Оны екі еселеп бүктеп, жай қарындашпен шеңбердің ширек бөлігін сызамыз.

Контур сызық бойымен дөңгелектерді қиып аламыз.

Түрлі түсті қағазға Аққаланың қалған бөліктерін (қолы, шелегі, сыпырғышы, сәбіз-мұрны) сызып, сызық бойымен қиып аламыз.

Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін реттеп орналастырып аламыз.

Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.

Аққаланың көзі мен аузын қара фломастермен сызып аламыз.

Жапсыру жұмысында қиналған балалар болса, көмектесіп, бағыт беру.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Сабақ соңында балалардың жұмыстары тексеріледі, үлгіден өзгеше жасалған балалардың жұмыстарын мадақтау.



Сабақтың тақырыбы: Жаңажылдық ашықхат

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды ашықхатты өз қолдарынан дайындауға үйрету; әртүрлі әдіс-тәсілдермен жапсыруды, сәндік материалдарды дұрыс таңдап қолдануды меңгеру; балалардың эстетикалық талғамын арттыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Әртүрлі жаңажылдық ашықхат үлгілері, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балалардан алдымызда қандай мереке келе жатқанын сұрап, оған балалардың қандай дайындық жасап жатқанын сұрап, Жаңа жыл мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын сұрап, балалардың өздерінің Жаңа жылда қандай сыйлық алғылары келетінін білу. Мерекелерде адамдар бір-біріне құрмет көрсетіп сыйлықтар сыйлайды. Сыйлықтың ең жақсысы өз қолыңнын бұйым жасап, жақыныңа мерекеде сыйға тартып, қуанту.

Балаларға достарына, туыстарына мерекеде сыйға тартатын ашықхат дайындау. Ашықхаттың сыртқы бетіне қағаз түсі таңдалады. Балаларға үлгі ретінде ашықхаттың жасалу жолын көрсетіп, жапсыру жұмысын тиянақты, мағыналы орындау керек. Безендіру кезінде фольга, гел құйылған қаламдарды пайдалануға болады.

Балалар жұмыс дәптеріндегі жапсыру жұмысының ретімен танысып, ашықхат дайындауға кіріседі.



Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан ашықхаттың негізі үшін тіктөртбұрышты қиып аламыз.

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш пішінді дайындамалар қиып аламыз.

Шырша ойыншықтарын жасау үшін қажетті дайындамаларды бүктейміз.

Оларға жай қарындашпен суретін сызып аламыз.

Бөлшектерді сызық бойымен қиямыз.

Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін реттеп орналастырып аламыз.

Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсырамыз.

Балалардың жұмыстарын қадағалап бақылау.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Дайын болған ашықхаттардан көрме ұйымдастырып, балалармен бірге жұмысты талдау. Балалардан ашықхатты кім үшін дайындағанын, оны кімге сыйлайтынын сұрап, әңгімелету.



Сабақтың тақырыбы: Мозаика

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балалардың қайшымен тіктөртбұрыш және жолақ қағаздарды дұрыс қия білу дағдыларын жетілдіру; мозаика туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; ұсақ бөлшектерді қия білуге үйрету.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Әртүрлі мозаикалық жұмыстардың үлгілері, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Мозаикалық жұмыстар бейнеленген суреттерді көрсетіп, бұл өнер түрінің ертеден кележатқанын айту. мозаиканың геометриалық пішіндерден құралатынына, әсемдігіне назарларын аудару. Мозаикамен сәулетті ғимараттарды безендіретіндерін суреттер көрсете отырып түсіндіру. Өте ертеден-ақ адамдар тұрғын үйлерді теңіздегі ұсақ жұмыр тастардан, ұлу қабыршақтарының сынықтарынан құрастырылған суреттермен безендірген. Кейінірек мозаика үшін мөлдір емес әйнектен арнайы материалдар дайындай бастады. Мозаиканы әртүрлі материалдардан - өсімдік тұқымы, пластикалық тығындар, қатырмақағаздардан, т.б. жасауға болады.


Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.
Дайын қағаз мозаиканың үлгісін көрсетіп, осындай мозаиканы түрлі түсті қағаздардан өздері жасайтынын айту. Балалардан мозаиканың қандай геометриалық фигуралардан тұратынын, оларды қалай қиюға болатынын сұрау. Балалардың назарларын өрнектердің қалай орналасқандығына аудару. Олардың қандай элеметтерді қиятынын нақтылап көрсетіп, түсіндіру. Өрнектердің түс үйлесімдігіне көңіл бөліп, заттардың пішініне сәйкес орналастыра білуге бағыт беру. Қажетті өлшемдегі қағаз жолақтарын шаршыларға бөлу арқылы көптеген ұсақ шаршыларды алуға болатынын көрсету.
Оқу іс-әрекетін қорыту:

Бұл сабақта балалар шаршыларды қиюға жаттығады. Келесі сабақта балалар мозаиканы жапсыратынын айту.



Сабақтың тақырыбы: Мозаика (жалғасы)

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды жолақтарды, жолақтардан шаршыларды қия білуге үйрету; мозаиканы дұрыс құрастыру дағдыларын арттыру, қиялдай білуге үйрету.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Әртүрлі мозаикалық жұмыстардың үлгілері, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға өткен оқу іс-әрекетінде жасалған мозаиканы одан әрі жалғастыратынымызды, күрделендіріп түрлендіре түсеміз.

Барлық балаларға бір өрнекті құруды, өз беттерінше құрастырады. Жұмысты шағын топтармен ұйымдастыру. Балалардың ойларын, қиялын дамытып, іс-әрекетке қызықтырып, мадақтап отыру. Жапсыру кезінде үйлесімді композиция құру, ұқыпты жұмыс жасау. Жұмыстың орындалу барысын түсіндіру.
Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан жолақтар қиып алып, бірдей ұсақ шаршыларға бөлу.

Бір бет қағазға мозаиканың суретін жай қарындашпен салу.

Мозаиканың барлық бөлшектерін ретімен ұқыптап негізгі суретке жапсырып шығу.

Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу үлгісіне сүйене отырып, мозаиканы құрастырып жапсыру. Жұмысты орындауда қиналған балаларға көмектесіп, бағыт беру.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Оқу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін балалардың еңбектеріне талдау жасау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Жолақтағы ою-өрнек

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Қабаттап бүктелген жолақ қағаздан өрнектер қиюды үйрету; ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін тереңдету; саусақ икемділіктерін жетілдіру.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектер жиынтығы, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға ұлттық бұйымдардың суреттерін көрсетіп, олардың бір-бірінен ерекшелігіне, ою-өрнегіне, түр түсіне назарларын аудару. Қазақ халқының ерте заманнан-ақ өте шебер, өнерлі болғанын күнделікті пайдаланатын заттарынан байқауға болады. Қазақтың киіз үйінен бастап, оның ішіндегі барлық керекті заттарды текемет, сырмақ, тұскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Бұлардың барлығы әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген. Киімдері, құрал-саймандары, ыдыс-аяқтарының барлығы көзтартарлық әдемі оюлармен әшекейленген.

Жұмыс барысын көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіру.
Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
Жұмыс барысы:

Оюдың үлгісін қиып алу.

Түрлі түсті қағаздан жолақтар дайындап алу.

Түрлі түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, оюдың үлгісін бүктелген жағынан қойып, жай қарындашпен бастырып алу.

Белгі бойынша оюды қиып алу.

Негізгі бетке аппликация бөлшектерін дұрыстап орналастыру.

Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.

Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу ретін басшылыққа алып, қағазды бүктеп жапсыру жұмыстарын орындау.

Балалар жұмыстарын бақылап, кейбір балаларға түсіндіріп көмектесу.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Оқу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін балалардың еңбектеріне талдау жасау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Ай мен жұлдыздар

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Шаршы қағаздан қию тәсілдерін қолдану арқылы Ай мен жұлдыздар бейнесін жапсыруды үйрету; балаларды бөлшектер бойынша орындалған жұмыстарды біріктіру дағдысын қалыптастыру; композиция құрастыруға дағдыландыру.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Ай мен жұлдыздардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмбақ жасыру, жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, Ай мен жұлдыздардың суреттерін көрсетіп, балалардың білімдерін тереңдету мақсатында аспан әлеміндегі планеталар жайында түсінік беру. Балалардың Ай мен жұлдыз туралы білетін өлең, тақпақтарын айтқызып, олардың мағынасына мән беру.

Айды, жұлдыздарды тіктөртбұрыш пішінді қағаздан қиып алу жолдарын үлгі ретінде көрсетіп, түсіндіру.
Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып, дайындап алу.

Осы қағаздарға сызып алынған бөлшектерді контуры бойынша қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін дұрыстап орналастыру.

Аппликация бөлшектерін ретімен негізгі қағаз бетіне желімдеу.

Балалар дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретін басшылыққа ала отырып, жапсыру жұмысын орындайды.

Балалардың жұмысты орындалу барысын бақылау, қажет кезде көмек көрсету.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Балалардың аппликациялық жұмысының орындалу сапасы тексеріледі. Оқу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін балалардың еңбектеріне талдау жасау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Көлік Автобус

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Автобусқа тән ерекшеліктерді бере білуге, балаларды өз жұмыстарын жоспарлай білуге дағдыландыру.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Автобустардың суреті, ойыншық автобус, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға көліктер, автобус туралы жұмбақ жасыру, жұмбақтың жауабын дұрыс шешкенен кейін, көліктердің суретін көрсету. Олардың ішінде автобус көлігіне тоқталып, оның адамдар өмірінде алатын орны, қызмет көрсету ережелері туралы айтып түсіндіру. Автобустың құрылысына талдау жасап, оның түрі, түсі қандай болатынына назар аудару.

Дидактикалық ойан: «Жолаушылар»

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.

Тіктөртбұрышты қағазға автобустың суретін сызып, сызық бойымен қиып алу.

Қара түсті қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп, дөңгелектің суретін сызып, қиып алу.

Көгілдір түсті қағаз жолағын екіге бүктеп, сызық бойымен автобустың терезесін қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін орналастырып алу.

Аппликацияның барлық бөлшектерін ретімен жапсыру.

Балалар жұмыс дәптеріндегі автобустың орындау үлгісіне сүйене отырып, жапсыру жұмысын орындау.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Оқу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін балалардың аппликациялық жұмысының орындалу сапасы тексеріледі, еңбектерін талдау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Кілем

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Кілемді ұлттық ою-өрнекпен безендіру; ою-өрнек туралы білімдерін бекіту; матадан аппликация жасау жұмысын орындауды үйрету; балаларға ою-өрнектерді дұрыс орналастыра білуге, кеңістікті, түстерді сезіне білуге үйрету; эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Ою-өрнектермен безендірілген ұлттық бұйымдар, жұмыс дәптері, мата, қарындаш, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға ұлттық бұйымдардың суретін көрсетіп, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегіне, түр-түсіне назарларын аудару. Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары туралы алдыңғы сабақта алған білімдерін толықтыру.

Бүгінгі сабақта жапсыру жұмысына қолданылатын материалдың ерекшелігімен таныстыру. Кілемге салынатын өрнекті текемет, сырмаққа салынатын өрнек түрлерімен салыстырып, ерекшелігін анықтау. Жұмыстың орындалу барысын түсіндіре отырып, матамен орындалатын аппликациялық жұмысты көрсету.

Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.
Жұмыс барысы:

Оюдың үлгісін қиып алу.

Оюдың үлгісін матаның үстіне қойып, жай қарындашпен бастырып сызып алу. Матаның орнына түрлі түсті барқыт қағазды қолдану.

Оюдың сызық бойымен қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін әртүрлі орналастырып, көріп, ішінен дұрысын таңдап алу.

Аппликация бөлшектерін ретімен ПВА желімімен жапсыру.

Балалар жұмыс дәптерлеріндегі көрсетілген үлгімен таныстырып, оның орындалу ретін түсіндіре отырып, жұмысты орындату.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Оқу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін балалардың аппликациялық жұмысының орындалу сапасы тексеріледі, еңбектерін талдау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Көктем

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Матамен аппликация жасау дағдыларын жетілдіру; әртүрлі матадан сәндік коллаж жасауды үйрету; қағаз бетіне аппликация бөлшектерін үйлесімді орналастыра білуге үйрету.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Көктемгі табиғатты бейнелейтін иллюстрациялар, мата қиындылары, жұмыс дәптері, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, қарындаш, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға көктем мезгілі туралы өлеңдер. Содан соң балалар көктем бейнеленген суретті көріп, табиғаттың сұлу келбетін тамашалайды. Көктемгі табиғат ерекшеліктері, күннің жылынуы, ағаштардың бүршік жарғаны, алғашқы гүлдердің жайқалып өсіп тұрғаны туралы айтып, балалардың білімін тиянақтау.

Бүгін көктем көрінісінің мата қиындыларынан қиып жапсыратындықтарын айту. Балаларға аппликациялық жұмысқа көктем мезгілін суреттейтіндіктен, гүлді жұқалау маталарды таңдаған дұрыс болатындығын айту. Матаны қиып алу тәсілдерін көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіру. Желімді дұрыс пайдалануды түсіндіру.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
Жұмыс барысы:

Мата қиындыларын таңдап алу.

Аппликация бөлшектерін қарындашпен сызу.

Матадан сызық бойымен аппликация бөлшектерін ретімен ПВА желімімен жапсыру.

Балалар жұмысты орындауға кіріседі. Жұмыс барысында әр балаға қажетінше көмеккөрсету.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Оқу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін балалардың аппликациялық жұмысының орындалу сапасы тексеріледі, еңбектерін талдау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Шаттық шеңбер

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Қабаттап бүктелген қағаздан бірнеше бала денесін бірден қию тәсілін үйрету; сюжетті аппликацияны құрастыруда балалардың көңіл күйін бере білу дағдыларын қалыптастыру.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Түрлі түсті қағаз, қарындаш, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға қағазды бірнеше қабаттап қалай дұрыс бүктеуге болатынын көрсету. Бұл тәсілмен бірнеше бірдей пішін алуға болатынын айту. Осындай тәсілмен қиылған бірнеше баланың денесі қағазды жазған кезде қол ұстасып, шеңбер құрып тұрған балалардың пішіні шығады. Қабаттап бүктеу, қию тәсілдерін көрсете отырып түсіндіру.


Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан жолақтар қиып алу.

Адам денесі түстес қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп, адамның тұлғасының суретін салып, сызық бойымен қиып алу.

Ұлдар мен қыздардың киімін қиып алып, балалар денесіне жапсыру.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін ең дұрысын таңдай отырып, орналастыру.

Барлық аппликация бөлшектерін ретімен ПВА желімімен жапсыру.


Балалар жұмыс дәптерінде берілген орындалу үлгісіне сүйене отырып, жұмысты орындау.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Сабақ соңында балалардың жұмысын қарап шығып, қажетті кеңестер беру. Аппликациялық жұмысының орындалу сапасы тексеріледі, еңбектерін талдау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Тай

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Әртүрлі өлшемдегі сопақшалардан бейненің пішінін бере білуге үйрету; балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру; эстетикалық сезімдерін дамыту.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Жылқы бейнеленген суреттер, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жылқы туралы мақал-мәтелдер айтып, ол мақалдардың мазмұнын талдау. Жылқының өсу жасы берілген суретке сүйене отырып, олардың жасына қарай қалай аталатынымен таныстыру. Жаңа туған төл – құлын, 6 айдан 1 жасқа дейін – жабағы, 1 жастан 2 жасқа дейін – байтал, 2 жастан 3 жасқа дейін – тай, 3 жастан 4 жасқа дейін – құнан, 4 жастан 5 жасқа дейін – дөнен, 6 жастан 8 жасқа дейін – ат. Соның ішінде тайдың пішінін қағаздан жапсыру арқылы жасайтындықтарын айту. Тайдың дене құрылысына талдау жасау. Оның денесін, мойнын, басын сопақша пішіннен жасауға болатынына назарларын аудару.

Балаларға үлгі ретінде жылқының жасалу жолын көрсетіп, жапсыру жұмысын тиянақты орындау керектігін түсіндіру.
Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
Жұмыс барысы:

Қара және қоңыр қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.

Қоңыр қағаздан контур сызығы бойымен тайдың бөлшектерін – денесін, мойнын, басын, құлақтарын қиып алу.

Қара түсті қағаздан контур сызығы бойымен жалын, кекілін, құйрығын, тұяқтарын қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне ретімен:

Денесін;


Мойнын;

Басы мен құлағын;

Кекілі, жалы, құйрығын жапсыру.

Қара фломастермен көзін, мұрнын, аузын салу.

Балалар жұмыс барысының ретімен танысқаннан кейін, дәптердегі үлгіге қарап отырып, жұмысқа кірісу.

Балалардың жұмыстарын қадағалау, бақылау, көмектесу.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Балалардың орындаған жұмыстарын қарап, талдау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Сырмақтың оюы

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Сырмаққа ою құрастыруда қарапайым жапсыру тәсілдерін пайдалану; сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру; шаршы пішіннен ою-өрнек қиюды үйрету.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінің суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, қатырмақағаз, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға ұлттық тұтынатын бұйымдардың суреттерін көрсетіп, олардың ерекшеліктеріне, ою-өрнегіне, түр-түсіне назарларын аудару. Балаларға суреттерді мұқият қарап, таныс оюларды көрсету. Содан соң әртүрлі сырмақ үлгілерінің суретіне қарай отырып, оларға салынатын оюдың ерекшелігіне, орналасу тәртібіне көңіл бөлу.

Бүгін сырмақты безендіру үшін ою қиып, жапсыру жұмысын орындаймыз. Жұмыстың орындалу барысын көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіру.
Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
Жұмыс барысы:

Оюдың үлгісін қиып алу.

Екі түсті қағаздан дайындамалар қиып аламыз.

Түрлі түсті қағаздан қиып алынған дайындаманы екіге бүктеп, оюдың үлгісін бүктелген жағынан қойып, жай қарындашпен бастырып сызу. Екінші дайындамаға да осыны қайталау.

Оюды белгі бойымен элеметтерін бүлдіріп алмай ұқыптап қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін түс үйлесімділігін сақтай отырып, орналастыру.

Барлық аппликация бөлшектерін ретімен желіммен жапсыру.

Балалар жұмыс дәптерінде көрсетілген үлгі бойынша орындау.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Сабақ соңында балалар жұмысына талдау жасап, қорытындылау.



Сабақтың тақырыбы: Ғарыш

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Планеталардың аппликациялық бейнелерін құрастыру; шаршы қағаздардан қажетті пішінді қию тәсілдерін жетілдіру; заттың натурасына және ұғымына қатысты қиюға үйрету; бір параққа пішіндерді дұрыс орналастыру дағдыларын бекіту; көз мөлшерін дамыту.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Аспан әлемі, планеталар бейнеленген суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балалардың ғарыш туралы білімдерін тиянақтау мақсатында «Аспан әлеміне саяхат» атты дидактикалық ойын. Ғарыш, планета туралы, Қазақстаннан ғарышқа ұшқан ұшқыш батырлар жайлы әңгімелеу.



Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.

Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.

Дайындамаға қарындашпен планета және жұлдыздардың бөлшектерін қарындашпен сызып алу.

Түрлі түсті қағаздан аппликация бөлшектерін сызық бойымен қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін орналастырып алу.

Аппликацияның барлық бөлшектерін ретімен жапсыру.

Балалар жұмыс дәптеріндегі орындау үлгісінің ретіне сүйене отырып, жапсыру жұмысын орындау.

Жапсыру жұмысында қиналған балаларға көмектесіп, бағыт беру.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Балалардың жұмысының орындалу барысын қарап шығып, өздері бір-бірінің жұмысына талдау жасайды, бағалайды.



Сабақтың тақырыбы: Текемет

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Текемет сәндік қолданбалы ұлттық өрнектермен безендіру тәсілін үйрету; ою-өрнектерді симметриялы орналастыра білу, түсті сезіне білуге баулу; эстетикалық талғамды дамыту.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектермен безендірілген бұйымдардың суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қарындаш, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балалардың алдыңғы сабақтарда ұлттық бұйымдар туралы алған білімдерін жетілдіру, не білетіндерін анықтау. Текеметтің не үшін қолданылатыны, оны дайындау жолы туралы әңгіме жүргізу. Оған салынатын оюдың ерекшелігіне тоқталу. Бүгін текеметті сәндеу үшін ою ойып, жапсыру жұмысын орындаймыз.



Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.
Жұмыс барысы:

Оюдың үлгісін қиып алу.

Түрлі түсті қағаздан дайындаманы қиып алу.

Дайындаманы 2 еселеп бүктеп, оюдың үлгісін бүктеу сызығы бойымен қиып, қарындашпен бастырып сызу.

Оюды сызық бойымен қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін орналастырып алу.

Аппликацияның барлық бөлшектерін ретімен жапсыру.

Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгі бойынша жұмысты өздері орындайды, жұмыстың орындалу барысын қадағалайды.


Оқу іс-әрекетін қорыту:

Балалардың жұмысының орындалу барысын қарап шығып, өздері бір-бірінің жұмысына талдау жасайды, бағалайды.



Сабақтың тақырыбы: Әтеш

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Жапсыруда барынша айқын түстерді қолдану.

Балалардың көз мөлшерін, ырғақ пен түсті сезіне білулерін дамыту. Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар мен материалдар:

Әтештің суреттері, ойыншық әтеш, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға әтеш туралы жұмбақ жасыру, жұмбақтың шешуін дұрыс тапқанан кейін ойыншық әтешті көрсетіп, ол туралы түсініктерін кеңейту, мақсатында мағлұматтар беру. Әтеш үй құстарының қатарына жатады, түсі әртүрлі болады, әтештің тауықтан айырмашылығы маңдайында қызыл айыры бар. Бүгін әтештің бейнесін түсті қағаздан қиып құрастырады. әтештің дене құрылысының ерекшеліктеріне назарларын аударту. Балаларға үлгі ретінде әтештің жасалу жолын көрсетіп, жапсыру жұмысын тиянақты, мағыналы орындау керек.



Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.

Түрлі түсті қағаздан сызық бойымен әтештің бөлшектерін қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне ретімен:

Денесін;

Басы мен тұмсығын;

Қанатын;

Айдары мен сақалын;

Табанын;

Құйрығының қауырсындарын жапсыру.

Қара фломастермен әтештің көзін салу.

Балалар жұмыс дәптеріндегі әтештің жасалу үлгісімен танысып, әтешті қиып, жапсырады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап бақылау, жұмыста қиналған балаларға көмек көрсету.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Балалардың жұмысының орындалу барысын қарап шығып, өздері бір-бірінің жұмысына талдау жасайды, бағалайды.



Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтық гүл

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Ұжымдық жұмысқа үйрету; көлемді жапсыру жұмысын орындап үйрену; гүлді жапсырудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен таныстыру; Балалардың көз мөлшерін, ырғақ пен түсті сезіне білулерін дамыту; Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Құмырадағы гүл, дайын жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Қазақстанда өсетін гүлдер туралы әңгімелесу. Гүлдер туралы өлең, тақпақтар айтқызу. Гүлдің әсемділік үшін өсірілетіні, далада, бөлмеде өсірілетін гүлдер туралы әңгімелесу. Бөлме гүлдерін қалай күту керек, оны кімдерге сыйлайтыны жайында балалардың әңгімесін тыңдау. Құмырадағы гүлді көрсетіп, балалардан оған сипаттама бергізу.

Көлемді гүлдерді жасау тәсілімен таныстыру.

Ұжым болып жұмыс істеудегі әр топтың міндетімен таныстыру. Соңында әр топтың жасаған гүлдерін, жапырақтарын біріктіріп, композиция құрастыру.



Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.

Жапырақтар мен гүл күлтелеріне арналған дайындамаларды қабаттап бүктеу.

Қарындашпен жапырақтар мен гүл күлтелерінің суретін салу.

Бөлшектерді белгі бойымен қию.

Гүлдің ортасын қиып алып, тіліктер жасау. Тіліктерді ұқыппен шашақтау.

Гүл күлтелері мен жапырақтарының ұшын қарындаштың көмегімен сәл иіп көтеру.

Негізгі қағаз бетіне бөлшектерді үйлестіріп орналастыру.

Барлық бөлшектерді ретімен жапсыру.

Ұжымдық жұмыстың орындалуын, әр баланың өз міндетін дұрыс атқаруын қадағалау. Гүлдерді жасап болғаннан кейін, балалар ортақ бір бетке жапсырады. Балаларға көмектесіп отыру.



Оқу іс-әрекетін қорыту:

Балалардың жұмысының орындалу барысын қарап шығып, дайын жұмысты көрме ретінде іліп, өздері бір-бірінің жұмысына талдау жасайды, бағалайды.



Сабақтың тақырыбы: Достық пойызы

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Ұжымдық, қорытынды жұмыс – панно құрастыру; жыл бойы меңгерген іскерлік дағдыларын бекіту; балаларды сызық бойымен түзу қиюға, үлгілермен жұмыс жасай білуге үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту; Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар мен материалдар:

Дайын жұмыстың үлгісі, қатырмақағаз, өң берілген қағаз,

түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, жұмыс дәптері, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балалардың жол көліктері туралы білімдерін бекіту мақсатыңда көліктердің суреттерін көрсетіп, олардың қоғамдағы алатын орнының маңыздылығын түсіндіру. Адамдар алыс сапарларға жол көліктерімен, яғни автобустармен, әуе көлігі – ұшақпен, теміржол көлігі – пойызбен, су көлігі – кемемен жол жүреді. Әр көліктің өзіндік ерекшеліктері, адам өміріндегі маңызы туралы мағлұматтар беріп, білімдерін кеңейту. Балалардан өздері алыс жолға шыққан кезде қандай көлік түрлерімен барғаны туралы әңгімелету.

Балаларға жаз мезгілінің жақындап қалғанын, жаз айында үлкендер еңбек демалыстарын алып, демалуға баратынын, балалардың да жаз мезгілінде лагерьге барып демалып келетіні жайында айту. Ал ондай алыс сапарларға кейде адамдар пойызбен баратындығын айтып, балалардың пойызбен жолға шыққанын бейнелейді. Балаларға жұмыстың орындалу барысын түсіндіру.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.

Сызық бойымен түрлі түсті қағаздан вагондарды қиып алу.

Қара түсті қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп, дөңгелектің суретін салып, сызық бойымен қиып алу.

Жеке қағаз бетіне вагонның терезелеріне сәйкестендіріп, балалардың бейнесін салу, қию.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін ең дұрысын таңдай отырып, орналастыру.

Барлық аппликация бөлшектерін ретімен жапсыру.

Ұжымдық жұмыс орындайтындарын айту. Әр бала өз вагонын жасап, содан соң ортақ қағаз бетіне бір-біріне тіркестіріп жапсырады.



Балалар жұмысты өз беттерінше атқарады. Балалардың дұрыс жұмыс істеуіне бағыт беріп отыру.

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Жұмыс соңында жыл бойы жасалған жақсы жұмыстардан көрме ұйымдастыру, өздері бір-бірінің жұмысына талдау жасайды, бағалайды.
жүктеу 499,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау