Уәкілетті адамның тегі/
Фамилия уполномоченного лица /
Name of duly authorized official
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 504 бұйрығына
3-қосымша
Теңізшілерге диплом беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Теңізшілерге диплом беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында
теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-
тармағының
және 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және
55-3) тармақшасына
вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияға, түзетулеріне, (бұдан әрі – ТДВА) сәйкес
әзірленді және теңізшілерге диплом беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар әскери-теңіз флоты, балық аулауға арналған кемелер, коммерциялық
мақсаттарда пайдаланбайтын серуендік яхталар, қарапайым пішінді ағаш кемелер экипаждарының
мүшелерінен басқа Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін теңіз кемелерінде жұмыс
істейтін немесе жұмыс істеуге үміттенген Қазақстан Республикасының азаматтарына және
шетелдік азаматтарға қолданылады.
3. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
1) аға механик – қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр
қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша
аға механик;
2) басқару құрам тұлғасы - капитан болып табылмайтын, басқару лауазымдағы экипаж
мүшесі;
3) қатардағы құрам тұлғасы – капитан немесе басқару құрам тұлғасы болып табылмайтын
кеме экипажының мүшесі;
4) екінші механик – аға механик қабілетсіз болған жағдайда жауапкершілікті жүктей
алмайтын қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын
пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты лауазым бойынша аға механиктен
кейінгі механик;
5) капитанның аға көмекшісі – лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені
басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін басқару құрам тұлғасы;
6) капитан – кемені басқаратын тұлға;
7) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын
диплом;
8) кәсіби диплом растамасы – шетелдік кәсіби дипломды танитынын немесе кәсіби
дипломның берілуін куәландыратын құжат;
9) жеңілдік рұқсаты – кеме экипажының мүшесіне тиісті кәсіби дипломында көрсетілмеген
лауазымды атқаруға 6 айдан аспайтын мерзімге рұқсат ететін құжат;
10) радиооператор – Электрбайланыс халықаралық одағы 1995 жылы Дүниежүзілік
радиобайланыс конференциясында қабылданған Радиобайланыс регламентінің (бұдан әрі –
Радиобайланыс регламенті) негізінде берілген немесе танылатын тиісті дипломы бар тұлға;
11) Теңіз портының әкімшілігі – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
12) электромеханик – ТДВА III/6 ережесіне сәйкес біліктілігі бар басшы құрам тұлғасы;
13) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган;
14) теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі – кәсіби диплом болып табылмайтын ТДВА
талаптары орындалғанын растайтын теңізшіге берілген құжат;
15) теңізші – теңіз кемесі экипажының мүшесі.
4. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатты мемлекеттік, орыс,
ағылшын тілдерінде Порттың теңіз әкімшілігі береді.
5. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты 18 жастан жас емес
тұлғаларға беріледі.
6. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін кәсіби дипломның қолданылу
мерзімі 5 жыл құрайды.
Кәсіби дипломның растамасы кәсіби дипломның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін
жояды және кәсіби дипломсыз жарамсыз болып табылады.
Қатардағы құрам үшін кәсіби дипломның қолданылу мерзімі жоқ.
7. Кәсіби дипломның иесіне қызмет етуге рұқсат етілетін лауазым кеме экипажының ең аз
құрамына қойылатын талаптарда пайдаланатындарға ұқсас терминдерде ТДВА сәйкес көрсетіледі.
8. Кәсіби дипломдар және кәсіби диплом растамалары кеме экипажының мынадай мүшелеріне
беріледі:
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық
көмекшісі;
2) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға
көмекшісі;
3) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға
көмекшісі;
4) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны;
5) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны;
6) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының
вахталық көмекшісі;
7) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны;
8) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің
вахталық механигі;
9) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі;
10) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің
екінші механигі;
11) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі;
12) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға
механигі;
13) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің
электромеханигі;
14) Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз
жүйесінің (бұдан әрі – ҚБЖТЖ) жүзуі шектелген ауданның радиооператоры;
15) ҚБЖТЖ радиооператоры.
9. Кәсіби дипломдар қатардағы құрамның мынадай тұлғаларына беріледі:
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта
құрамындағы матрос;