21. Кәсіби диплом Теңіз порты әкімшілігі:
1) медицина қызметкері куәландырған кәсіби диплом иесінің денсаулығы нашарлауы
салдарынан дене мүмкіндігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер көрсетілген кезінде;
2) кәсіби диплом иесінің кінәсі бойынша авариялық жағдай туындағанда (мұндай шешім
авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады);
3) кәсіби диплом алуға өтініш беру кезінде анық емес ақпарат және/немесе жасанды
ұсынылған (мұндай шешім осы жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде
қабылданады) кезде алып қояды.
22. Қағидалар 21-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда Теңіз
порты әкімшілігінің шешімімен құрылған комиссия тергеуді жүргізеді.
23. Теңіз порты әкімшілігі шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кәсіби
дипломды оның иесінен алып қою туралы хабарлама жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар
тізіліміне көрсетілген құжаттың алып қойылғандығы туралы белгі енгізіледі.
24. Кәсіби диплом оны алып қою туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде
Теңіз порты әкімшілігіне тапсырылады.
25. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық
көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/1 ережесінің 2-тармағына сәйкес
болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар"
мамандығы бойынша диплом;
2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен
нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек
көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және
кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау
куәліктері;
3) ҚБЖТЖ радиооператорының кәсіби дипломы.
26. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитаны аға
көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 4.1 және 4.3-
тармақтарына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар"
мамандығы бойынша диплом;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық
көмекшісінің кәсіби дипломы;
3) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық
көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу өтілі;
4) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау
куәлігі.
27. Жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны аға
көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес
болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар"
мамандығы бойынша диплом;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық
көмекшісінің кәсіби дипломы;
3) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық
көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу стажы;
4) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау
куәлігі.
28. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының кәсіби
дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 4.2 және 4.3-тармақтарына сәйкес болуы
тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитаны аға
көмекшісінің кәсіби дипломы;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық
көмекшісі ретінде 2 жылдан немесе аға көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу өтілі.
29. Жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының кәсіби
дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда
мыналар болуы қажет:
1) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны аға
көмекшісінің кәсіби дипломы;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық
көмекшісі ретінде 2 жылдан немесе аға көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу өтілі.
30. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны
вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/3 ережесінің 4-тармағына
сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар"
мамандығы бойынша диплом;
2) капитан немесе басшы құрам тұлғасының басқаруымен, радиобайланыс бойынша жүктелген
міндетерді орындай отырып, 6 айдан кем емес мостиктегі жүру вахтасын қоса алғанда, 12 айдан
кем емес жүзу өтілі (тиісті жазбалар дайындықты тіркеу кітапшасына енгізіледі);
3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен
нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек
көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және
кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау
куәліктері;
4) ҚБЖТЖ радиооператорының кәсіби дипломы.
31. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының
кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/3 ережесінің 6-тармағына сәйкес болуы тиіс және
онда мыналар болуы қажет:
1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны вахталық
көмекшісінің кәсіби дипломы;
2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны вахталық
көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.
32. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің
вахталық механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/1 ережесінің 2-тармағына
сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар"
мамандығы бойынша диплом;
2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен
нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек
көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және
кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау
куәліктері.
33. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші
механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/3 ережесінің 2-тармағына сәйкес
болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің
вахталық механигінің кәсіби дипломы;
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің
вахталық механигі немесе механиктің көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.
Достарыңызбен бөлісу: |