«Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Экипаж мүшесінің куәлігін беру»



жүктеу 70,73 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі70,73 Kb.
#4432



Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген


«Экипаж мүшесінің куәлігін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Экипаж мүшесінің

куәлігін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтінім-хатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы экипаж мүшесінің куәлігін алуға осы

стандартқа 10-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күн;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі экипаж мүшесінің куәлігін беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу немесе ауыстыру үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінім-хатты ұсынады:

1) ұшу, соның ішінде ұшуды техникалық сүйемелдеу үшін инженерлік-техникалық персонал және ұшудағы әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал қызметімен байланысты лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

2) экипаж мүшесі куәлігі иесінің жеке қолының нұсқасы, 9*12 мөлшеріндегі түрлі-түсті (күңгірт) фото (бас киімсіз және нысанды киімде), тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы көрсетілген қағаз және магниттік жеткізгіште;


      3) арнайы ережелер көшірмелері (ұшу экипажының мүшелері үшін: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер және бортрадистер);

4) осы стандартқа 2- қосымшаға сәйкес мәліметтер;

5) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) (әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін) тіркелген сертификат көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен немесе оның аумақтық органдарымен өтінім-хатты келісу материалдары.

Егер әуе кемелерін және оның жабдықтарын басқаратын ұшу экипажының мүшелері тағылымдамадан өтуі кезінде авиакомпаниялардың арнайы ережесіне енгізілмеген болса, экипаж мүшесінің куәлігін беру әуе кемелерін және оның жабдықтарын басқаратын ұшу экипажы мүшелерін авиакомпаниялардың арнайы ережесіне енгізусіз жүзеге асырылады.

Экипаж мүшесінің жоғалған куәлігін ауыстыру көрсетілетін қызметті алушы экипаж мүшесінің куәлігі жоғалу фактісі бойынша тексеру жүргізгеннен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілеттік берілген адамының тексеру құжаттарын алғаннан кейін жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

12. Экипаж мүшесінің куәлігі көрсетілетін қызметті беруші қызметкер

берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) өтінім-хат;

2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен экипаж мүшесінің куәлігін беру келісуден бас тарту;

3) өтінім-хатта, сондай-ақ экипаж мүшесінің куәлігін алуға арналған құжаттарда анық емес ақпараттың көрсетілуі негіз болып табылады.


3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

15. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414, сондай-ақ 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады.

17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Шағым еркін нысанда жасалады.

19. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.




4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар
20. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

21. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 4-қосымшасында келтірілген.



22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.

_____________________
жүктеу 70,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау