ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29
I тарау. Ауыз әдебиеті туралы
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сапа қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, с.оның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.
Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В.Е.Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поәзиясының табиғаты өзара жақьш. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатынша «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поәзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поәзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поәзиясының қарапайым жасаушылары дейміз.
Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре
орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді әпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты үсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мүраға айналдырып
отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу
ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поәзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы
Н.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге - білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.
Халық поәзиясы төңірегінде айтылған Н.Г. Чернышевский, В. Г.Белинский, Н.А.Добролюбов пікірлері де қызықты. Мысалы Н.Г.Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поәзиясы жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В. Г. Белинский оған қарама-қарсы «фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әркез халық» деген тұжырым жасайды.
Фольклор оның мәні туралы Н.П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф.И. Буслаев, Л.Н. Веселовский, В.Ф. Миллер, Е.Г. Кагаров, Ю.М. Соколов, В.Е. Гусев, В.Я. Пропп, В.П. Аникин, Ю.Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген орыс және совет фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П.
Андреев фольклор материалдарының тарихшы, әтнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса
маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н. Путилов та фольклорды халықтың (коллективтік) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік
қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана
көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е. В. Аничков фольклорды
діни нанымдармен байланыстырса, В.Ф. Миллер әтнографиямен жақындығын сөз еткен.
Осы сияқты көптеген пікірлерді ескере келгенде, фольклор шығармаларына бір ғана тұрғыдан сыңаржақ баға берудің
ұтымсыздығы көзге түседі. Фольклор туындыларына біржақты баға берудің нәтижесі оның әстетикалық табиғатына қайшы
келетінін В.Е. Гусев те атайды.
Фольклор шығармаларының табиғаты туралы М.К. Азадовский, Ю.М. Соколов сияқты көрнекті ғалымдар да ғылыми тұжырымдар айтқан. Өзінің «Фольклор как коллективное творчество народа» (М., 1969) деген еңбегінде В.П. Аникин бүгінгі фольклористика ғылымындағы екі түрлі ғылыми концепцияны анықтай отырып, Ю.М. Соколов - М. К. Азадовский бағыттығына қарсы уәж айтыпты. Ол қандай бағыттар? Алғашқысы - фольклорды әдебиеттен бөлмей, қатар қойып зерттейтін (Азадовский, Соколов), соңғысы - фольклор шығармалары мен әдебиет туындыларының арасына меже қоятын (Белииский, Буслаев, Миллер) бағыттар.
Орыс, совет фольклористикасында туған түрлі ғылыми пікірлерді бұлайша топтастырудың өз орнында жүйелілік сипаты болуға тиіс. Алайда бұл түста кейбір ғалымдардың фольклор шығармаларының мәні туралы айтылған бір ғана пікіріне сүйеніп, олардың дәл осы мәселе төңірегіндегі басқа да тұжырымдарын елемей, ескермей кетушілік де бой көрсетіп отырады. Мысалы, В. П. Аникин сын семсеріне алатын Ю. М. Соколов әдебиетті фольклормен, фольклористиканы әдебиеттану ғылымымен байланыстыра отырып, олардың табиғаты бөлек екенін де теріске шығармайды. Атап көрсетер болсақ, өзінің «Значение фольклора и фольклористики (в реконструктивный период)» - деген еңбегінде ол халық поәзиясының маңызды, бір буыны ретінде фольклор туындыларын атай отырып, оған әдебиеттану және өнертану ғылымдарының методологиясын қолданудың қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл тұста ғалымның мұндай тұжырымы оның фольклор мен әдебиеттің бірлігі жайындағы пікірінен көп бұрын айтылғандығын да ескеру қажет сияқты. В. П. Аникиннің осы бір пікірін қазақ зерттеушісі Б.Абылқасымов та дамытып, Ю.М. Соколовтың «фольклор әдебиеттің бір бөлігі болса, фольклористика - әдебиеттанудың бір бөлімі» деген тұжырымын келтіріпті. Автордың бұл бағытқа Н.П. Андреевті жатқызуы да сыңаржақ пікір. Өйткені ол 1934 жылы жариялаған «Проблемы истории фольклора» деген мақаласында фольклорды халық тұрмысымен тығыз байланыстыра сөз еткенді. Оны жоғарыда айтып өттік.
Фольклор жанрлары туралы В.Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар: а) фольклор шығармаларының поәтикасын зерттеу; ә) фольклордағы
халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне (формасына) жете көңіл бөлу.
Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар - фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі,
тарихилығы және ауызекі дамуы.
Халық поәзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағүрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-сапасы мен Тұрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен
музыкалық мақамының болатындығы. Ақын-жыраулардың импровизақиялық дәстүрі поәзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен
айтылған. Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мәзқожаев бір ғана «Алпамыс» немесе «Көрұғлы» жырын он
төрт түрлі мақаммен жырлаған. Демек, фольклор шығармалары белгілі дәрежеде театр қызметін де атқарған. Оның артистері -орындаушылар, ән мен поәзияны қатар меңгерген шебер
импровизаторлар.
Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Әрбір айтушы-импропизатор да тындаушысына үстаздық жасап, олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең-жыр мен ән-күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольклорының көтерген мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады. Ұсақ салт жырлары мен ертегі жанрының көтеретін мәселесі көбіне отбасының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса, халық патриотизмі мен ерлікті дәріптейтін әпостық жырлар ол қорғау сарындарына негізделген. Мысалы, олжа-қүмар Қараман, баққұмар Ақшахан, өзімшіл Қодар, сараң Қарабай, өз еліне озбырлық жасайтын ¥лтанқүлдар қаншама тұлғалы болып көрінсе де, ел бірлігін ойлаған Алпамыс, Қобыланды, Баян, Құртқа образдары мен ел тілегінің қасында олардың бейнелері қораш, нәрсіз. Өйткені алғашқылары біреуді кемітсем, жәбірлесем дейтін дарашылдық рухта көрінеді. Сол себепті халық әпосы оларға сын қолданған.
Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік рухта жасалған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік - бәрі де солардың бойына жинақталған. Ақылды Аязби «жаман» атанса да, хан жарандарынан озып шығады. Алдар көсе, Тазша бала бейнелері - халық тапқырлығының жарқын көрінісі. Әпостық жырларға келер болсақ, ондағы образдар үлғайтылып, үлы қаһармандар дәрежесіне жеткізілген. Баян, Қозы, Қобыланды, Құртқа, Алпамыстар - жалпы халықтық образдар болып шыққан. Олардың іс-әрекеті, ой-ұжданы мен арман-мүдделері халық санасымен әркез бірге. Осы жайларды ескере отырып, М. Горький миф пен әпоста бір адамның ғана ой-санасы емес, бүкіл ел, халықтың бірлескен творчестволық қызметі болатындығын айтқанды. Қазақ фольклорының озық үлгілеріне тәк осы коллективтік сипатты оның халықтық арқауының бірі дейміз.
Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы - халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дүшпанға берік бол, жас та болсаң, елге ағалық керсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге үмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас үрпақ тәрбиесі үшін аса қажет болған. Ертегі мен әпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез-қүлықтары, психологиясы бір-біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздық, достық пен жаулық сарындары шендескен. Мүны біз халық гуманизмінің фольклордағы көрінісі дейміз. Тұлғасы сом, жан-дүниесі таза, рухы күшті ірі образдар жасаудағы халық поәзиясының сүйенген арқауы - осылар. Шоқан мұның бәрін қазақ фольклорының халықтық сипатына жатқызып, қазақ әпосының образдары Европаның жазба әдебиетінен ешбір кем соқпайтындығын айтқан.
Фольклор шығармалары қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінен еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.
Қазақ әпосының қүндылығы мен халықтығының бір белгісі - оның бай да көркем тілінде. Мұндай жырлардың тілі, халықтық сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба әдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шығармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің де негізін қалаған. Осы себептерден, қазақ фольклорын зерттеудің ғылыми, өмір-танытушылық, әстетикалық, тәрбиелік және тарихи мәні аса зор.
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Мысалы, бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар-жар,
1 сыңсу, қоштасу, беташар, жұбату
болып жіктеле жөнеледі. Еңбек пен түрлі әдет-ғүрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: төрт түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары, наурыз, жарапазан, т.б. Қазақ ертегілерін қиял-ғажайып (мифологиялық), хайуанаттар жайындағы және шыншыл-реалистік ертегілер деп бөлер болсақ, соның әрбір жанрында жүздеген сюжеттер бар. Әпос туындыларын батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да әр саласында келелі
жырлар аз емес. Айтыс поәзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен
бір арнасы.
Қазақ фольклорының алғашқы үлгілері сонау бақташылық, бәлки одан да бұрынғы замандарда қалыптаса бастап, елдің әкономикасы, салт-санасы, халық тілі біршама дамып, семья мен рулық құрылыс күрделенген кезде өзінің кемеліне жеткен.
Көптеген Түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған десек, оның фольклордағы тірлігі мен ұғымы, барлық әдет-ғүрыптары бақташылық-көшпелі өмір табиғатына сай туған.
Ерте кезеңдерде Орта Азия, Алтай және Қазақстан жерін мекендеген Түркі тайпалары күнге, отқа, табиғаттың Түрлі құбылыстарына табынғандықтан, қазақ фольклорында анимистік, магиялық және тотемдік белгілердің болуы да заңды. Сонымен қатар шамандық наным-сенімдер де айқын көрініс тапқан. Оның арғы тегі, Шоқанның айтуынша, «көшпелілердің тұрмысымен тікелей байланысты» туған. Монғолдар алғашқы мергендерді «шаман» деп атаған. Шаманизм көшпелі Түркі тайпаларының арасынан елеулі орын алған. Қазақтың ертегі, әпосында шаманизм сарындары бірде өлі әруақ, бірде тірі әруаққа сиыну, енді бірде «құт» саналатын заттарды қастерлеу (ақты төкпеу, жеті қазына, т. б.) түрінде кездесіп отырады.
Қазақ аңыздарында құт басы — еңбек. Осы ретпен ертеде қазақтар әр түлік малдың өз иесі болады деп, Шопан ата, Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба жайында аңыздар тудырған. Қазақ ертегілері мен әпостық жырларына ертеден енген бұл нанымдар халық санасының сәби кезеңдерінен хабар береді. Өмір, қоғам, ой-сана ылғи даму үстінде болады десек, сол нанымдар арқылы халық өзінің тіршілігі мен іс-әрекеттерін жақтаған. Ел әрекеті табиғаттың алуан түрлі күштеріне, азулы аңдарға, одан бергі жерде адамды қанаушылыққа қарсы күресте нығайып отырған. Осындай құбылыстарға халық поәзия қуатын қарсы қойған. Халық үшін оның қуаты айрықша күшті, әсерлі болған. Жылан арбау, күн жайлату, оң және теріс бата, алғыс, қарғыс бір ғана ауруға емес, жер-көкке ықпал етудің де шарасы болмақ.
Академик Ә. Марғүлан өзінің «Халық жырларын туғызудағы мотивтер» деген мақаласында қазақ әпосы мен ертегілерінен көрінетін түрлі ұғымдарға түсінік берген-ді. Мысалы, ерте кездерде халық өзіне жау күштермен күресу үшін жылан, қасқыр культін тудырған, Бөріқүс, көкпар ұғым-ойындары содан туған. Жезтырнақ, қасқыр, жылан, жалмауыздардың қай-қайсысы болса да қазақ фольклорында адамға жау күштердің жиынтығы, үнамсыз бейнелер. Солардың бәрін образдап ойлаудың өз кезеңіне тән көрінісі, дәрежесі деп түсінген жөн.
Ислам әсері қазақ әпосынан соншалық үлкен орын алмаған. Ол көбіне үстем тап ортасында туған жыр үлгілерінен кездеседі. Алайда «қүдай», «пайғамбар», «әулиеге ат қойып, Қорасанға қой айтып» дейтін сарындар анық діни ұғыммен байланысты. Оны біз әпосқа тән қоспалар, әр түрлі қоғам сатыларының айтушылары тарапынан енгізілген діни көзқарас дейміз. Ондай қоспалар қазақ фольклорында елеулі. Бір ғажабы, шығыстан келген дәу, пері, шайтан, одан қалды, қожа-молдалар образдарының бәрі дерлік қазақ фольклорында бір ғана үнамсыз адамдар бейнесінде берілген.
Кейінгі замандарда туған ертегі, әпостық жырлардың тақырыбы өмірге терең еніп, елдік, халықтық мәселелерді қозғайды. Оның басты тақырыбы — әлеумет теңсіздігі, әдет-ғұрып қайшылығы, ел қорғау, махаббат еркіндігін жырлау, тарихи оқиғаларға үн қосу, қоғам, ел жағдайын жақсарту сарындары болып отырады.
Грек әпосына қатысты бір сөзінде Карл Маркс «Илиада», «Одиссея» сияқты жырлардың баспасөз станогі шыққан кезде тууы екіталай десе, қазақтың батырлық дастандары, көлемі 400 мың жолға жуық қырғыздардың, «Манас» сияқты әпопеялық жырларының дәл осы стильде тууы, әрине, шарт емес. Өйткені Түркі тілдес қазақ-қырғыз халықтарының әпостық жырлары қобыз (қияқ) немесе домбыра сүйемелдеуімен айтылатын импровизақиялық өнер ізінде дамып, қалыптасқан. Сол дәстүр совет дәуірінде қайта түлеп, жаңа мазмұнда дамып отыр. Оған бүгінгі халық ақындарының жырлары, Жамбыл, Нүрпейіс, Кенен поәзиясы, жаңа серпіліске ие болып отырған айтыс поәзиясы айғақ бола алады.
Совет фольклоры Орта Азияны мекендеген көшпелі халықтарда ғана емес, көптегсн басқа да одақтас республикалардың тәжірибелерінде бар. Өйткені бүгінде халық творчествосы мен интеллектуалдық қабілетінің дамуына ерекше жағдай жасалған.
Сол себепті бізде жазба әдебиет пен ауыз әдебиеті қосқанаттасқан.
Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. «Дария басы — бұлақ» демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі — фольклор. Ауыз
әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де бар. Мысалы, М. Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман—Мамыр», «Айман—Шолпан», «Еңлік—Кебек», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш—Баян сүлу» сияқты пьесаларының
сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор
мен әдебиет арасындағы табиғи-органикалық байланыс дейміз.
Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығының
сәулесі бар. Фольклор — тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау
тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы,
танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мүра.
Фольклористика тарихы туралы. Фольклор — халық даналығы тудырған сөз өнері болса, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылымды фольклористика дейміз. Оның зерттейтін объектісі — фольклор шығармалары қашан және қалай туды, сюжеті нақты өмірмен қабысып жата ма, әлде адам санасындағы Тұрлі ұғымдардан алына ма? Фольклор өмір шындығын қалайша көрсеткен, оның тарихилығы жасалу жолдары мен көркемдік ерекшеліктері қай дәрежеде? Фольклор мен әдебиет арасындагы сабақтастық пен айырмашылық, яки жалғастық неде? Фольклорды жаратушылар кімдер?— дейтін мәселелер.
Қазақтың көшпелі өмірден туған мифтік образдары сол елдің өз ұғымына жақын. Алысты көретін айна, үшқыш кілем, шөл жүйрігі — Желаяқ образдарында болашақты болжаудың нышаны бар.
Соның бәрі халықтың қиялдау қуатынан туған. Алайда фольклорды
ғылыми Тұрғыдан зерттеу дегеніміз күні өтіп кеткен анайы ұғымдарды, ескі әдет-ғұрып пен салт-сананы идеалдау емес, ел тарихын зерттеп білу, оның ой-санасының қалай туып, есейгендігін, қазақ халқының бүгінгі зор прогреске, мәдениетті өмірге қалай жеткенін тарихи материализм ізінде танып білу болмақ. Біз қазақ фольклорын өзінің тарихи-реалистік табиғатында зерттеп, ондағы түрліше қоспа, діни ұғымдардан туған қайшылықтарға сын көзбен қарап, фольклор материалын саналы түрде ғылыми негізде игереміз.
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері
Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс-:салт жырлары, айтыс өлендері т. б
Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине, бір мезгілде туып, бірден калыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. В. .Г. Белинский жоғарыда аталған еңбегінде және «Әдебиеттің түрлері» дейтін мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба өдебиеттің арасында елеулі айырмашылықтар барлығын көрсетеді. Оның айтуынша: ең басты айырмашылық шығарманың авторы белгілі болу-болмауында. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: «...Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жүртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім біл-мейді... Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің акыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді».
Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбектерінде де айтады. ¥лы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың "рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы әкономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың үлғайып өскен кезінде болады; әкономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жүртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады дейді.
Демек, жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады. Соған қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алдар Көсе», «Қобыланды батыр» т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында.
Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары үқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға: «Қобыланды батыр» жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне үқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға
қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әртүрлі жырланады, ал ол варианттарда өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.
Мұнымен қатар ауыз әдебиетіңде вариаиттардың көп болуын шығарманың ауызша шығарылып, халыққа ауызша айту арқылы тарауына байланысты деп білеміз. Мәселен, ертекші өзінің ертегін (немесе жыршы өзінің жырын) көпшіліктің жиналған жерінде айтады. Сол арада тыңдаушы көпшіліктің арасынан жаңағы ертегінің (немесе жырдың) мазмұнын, оқиғасын үгып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы әңгімелерінің кей жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосып үлғайтады. Сөйтіп, ертегінің (немесе жырдың) екінші бір туынды түрі, варианты шығады.
Ал жазба әдебиетте мұндай жағдай кездесе бермейді. Әрбір жазушы (не ақын) шығармасын өз атынан жариялайды, оны екінші бір автор иемденіп кетпейді. Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жүртқа белгілі болып отырады.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар. Ол: ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдердің тұрақталған үқсастық пен ұйқастардың жиі кездесетіндігінен көрінеді. Мысалы, ертегілердің көпшілігі:
Ертек, ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауыл жүні қызыл екен,
Құйрық жүні үзын екен, -
деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп басталады. Ертегілердің бұлай басталуы дәстүрге айналып кеткен. Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір-біріне үқсас келгенімен, одан кейін әңгімелейтін окиғалардың мазмұны, дамуы әр түрлі болады. Ал жазба әдебиетте шығарма мұндай қалыптасқан дағдыға айналған сөз тіркестерімен басталмайды. Әр жазушы шығармасын басқа авторға ұқсатпай бастап, өзіңше аяқтайды.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін келесі бір белгі деп ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесіп келуін айтамыз. (Мұны, яғни бірнеше өнердің бірлесе көрінуін, синкретизм -деп атайды.) Мәселен, жыршьі ақын жырын көпшіліктің жиналған жерінде шығарған. Сонда ол домбыраның (гармонь немесе қобыздың) сүйемелдеуімен ән (кұй) әуенін келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген.
Міне, осы арада бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз. Атап айтқанда: ақындык өнер, ән (күй) әуені, көпшіліктің алдында (сахнада) жыр айтып отырған жыршы-ақын, жырды тыңдаушы қауым бар. Олар бірлесе келіп, жаңа бір ерлік жырдың тууына себепкер болып отырғанын байқаймыз. Бұл сияқты жағдай жазба әдебиетте кездеспейді. Ол тек ауыз әдебиетіне, ғана тән ерекшелік деп қараймыз.
II тарау. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы
2.1 Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні
Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-қүлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласүлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.
Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні жағынан қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен хірелеп көрсетілгенімен, шын мәніңде олардың мазмұны объективті болмыстың көрінісі болып табылады.
Негізінен ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді игеруге, ел қорғаны болуға
уағыздайды. Мысалы, "Ер Төстік" ертегісінің мазмұнында Ер Төстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына
түсіп, Шойынқүлақпен жекпе-жекке шығып, жыландар патшалығына барып, жолда айнымас достары - Көлтауысар, Таусоғар т.б. жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырады. Сонымем катар Темірхан елінде
өз мергендігін көрсетеді, Айдаһармен алысады, пері Шойынқүлақты жеңеді. Бұдан біздің түсінетініміз, ертегіде Төстіктің асқан ерлігімен қатар бауырмалықты, достыққа берік болуы, мақсатына жетудегі қиыншылықтырға төзімділігі әсірелеп беріледі. Және де қазақ халқының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге үл-қыздарын жастайынан үйреткендерін байқауға болады. "Өнер мүратқа жеткізеді демекші, ертегілердің
кейіпкерлері шығарма соңында мақсат-мүратына жетеді. Осы мұрат-мақсатқа жетудің өзі тыңдаушының психологиялық әсерленуіне ықпал етіп, қызығушылығын тудырады.
Ертегілерде батырлардың түр-тұлғасын "жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бұлкілдеп, алысқанды алып тұрар" т.б. сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты өзгерістерінен байқауға болады.
Өте ертедегі архайкалық ертегілерде көбіне "батырлар" мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы, "Қүламерген", "Аламан мен Жоламан,
"Ағайынды екі жігіт", "Шора батыр", "Керқүла атты Кеңдебай", 'Ер Төстік" т.б. ерертегілерде басты кейіпкер - батыр жігіт елін аң
аулаумен асырайды, осы жолда ол жын-перілермен күресіп жүреді. Әдетте мұндай ертегілер батырдың дүниеге келуімен басталады. Мысалы "Ер Төстік" ертегісінде: "Ол өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, үш айда, үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жас өспірімдей болып, екі жасында, алысқан кісілерін, кемпірді өлтіреді, алтын қүйрықты күмыс жалды сегіз қүлынды алып келеді, қалмақтарға қолға түскен Мергенбай батырды
босатып шығарады.
Ал классикалық батырлар ертегісінде батыр тылсым күштермен емес, елді, халықты жаулаған дүшпандармен күреседі. Оның астарында ел, жер үшін күрес, кек алу жатыр. Ертегінің
негізгі құрылымдарында туған-туысқанға көмек беру, шынайы ғашықтық, батырдың айнымас серігі - түлпардың бейнеленуі байқалады. Мысалы: «Әлібек батыр», «Делдаш батыр», «Ер тарғын», «Көрүғлы», «Нарық батыр», «Ер Көкше және алып ұратын бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат темірден өткізеді", - дейді. Бұл жерде кейіпкердің тұлғасы елін, жерін қорғайтын, ерлік жасайтын батыр кейпінде көрінеді. Шынында, кейін Ер Төстік Темірхан елінде өз мергендігін көрсетеді, айдаһармен алысады, пері Шойынқүлақты жеңеді. Осындай кедергілармен күресе отырып, мүрат-мақсатына жетеді. Бұл жерде біз халық арманындағы батырлардың күшінің зор екендігі соншалық, олар мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай кабілеті бар екенін байқаймыз.
Ал "Керқүла атты Кендебай" ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі: "Ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты, соңдай күшті болыпты, алысқанда алып ұра беріпті, күрескенді жыға беріпті, шыңырау қүдыққа қүлаған атанды
жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулап әкесіне жәрдем беріпті, құралайды көзіне атқан мерген болыпты. Жеті басты дәуді жеңеді, азулы арыстанды жеңеді, мыстан «Орақ», «Қамбар батыр», «Алты жасар Алпамыс» т.б. ертегілерде көбіне ерлік көрсету,
қаһармандық рух жоғары тұрады. Ал батырлар ерлігінің сипатталуына келер болсақ, мысалы, Әлібек батыр "туғанында алты қарыс селебесімен туылады, ай сайын емес, күн сайын өседі", - деп айтылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде "селебе" сөзіне
Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жағын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің
дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге үшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі
қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін олардың
оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А. Алекторов, Пантусов, А. Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп материалдар енеді.
Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі -А. Васильев. Оның жинаған материалдары «Дала уалаяты» газеті мен «Торғай облыстық ведомосында» екі тілде үзбей басылып Тұрады және «Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1897 жылы «Торғай облыстық ведомосының елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер басылады. А. Васильев жинаған «Үлгілер» 1896 жылы Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Бозжігіт», 1901 жылы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А.Васильев болды. Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде советтік дәуірде бірсыпыра жұмыстар істелді. Егер Октябрь революқиясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, советтік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері қатысады, мемлекет тарапыпан каржы бөлінеді. Мүнымен қатар, советтік дәуірде қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып бірнеше рет жеке жинақ болып шықты. Бұл жөнінде қазақстандық жазушы Л.В.Макеев пен профессор В.Д.Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады.
Октябрь революқнясына дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинап алушылар болса да, оны ғылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып, пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керектігін сөз етті.
Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А. БайТұрсынан, сондай-ақ М.Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Алайда 30-40 және 50-жылдары казақ совет әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігі байлар мән үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел алды.
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды. Бұл іске дайындық жұмысы 1945-1946 жылдарына жасала бастағанды. Алайда 1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С. Садырбаев, С. Касқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткілікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (Тұрмыс-салт) ертегілері.
Достарыңызбен бөлісу: