Ешкілі жігіт
Ертеде бір жарлы жігіт жылдар бойы байға жалданып жүріп, ірілі-ұсақты біраз ешкі жинап алады. Бұлардың үлкен ешкілерінен тушалары екі есе, ал шыбыштыры үш есе көп болады. Жігіт қыс бойы осы ешкілерін көзінің қарашығындай сақтап, аман-есен бағып шығады. Көктемде шыбыштары –жалқы, тушалары егізден, ал үлкен ешкілері үшеннен лақ табады. Сөйті енді жарлы жігіттің барлық ешкілерінің саны алпыс төртке жетеді.
Бұл үйде ең алғашында қанша шыбыш, қанша туша, қанша ешкі болған?
Шешуі: Үлкен ешкілерін десек, тушалары , ал шыбыштары болады. Енді теңдеу құрастырайық:
Теңдеудің шешімі .
Жауабы: төрт ешкі, сегіз туша, он екі шыбыш.
Табақ тарту
Тәттібек дейтін меймандас адам екен. Бір күні оның үйіне бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қабылдап, төріне шығарады. Дастарқан жайылады. Шайдан кейін қазанға ет салынады.
Тамақ пісіп, табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын көзбен шолып шығады да, сәл ойланып қалады. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп:
- Екеуара бір табақ тартсақ, онда бір табақ ет жетпей қалады, үшеуара бір табақ тартсақ, онда бір табақ ет артылып қалады, енді не істесек екен?-дейді.
Бұл үйдің меймандары қанша? Үйде бар табақ саны қанша?
Шешуі: Табақ санын десек, адам санын деп белгілеп, теңдеулер жүйесін құрастырамыз:
Бұл жүйеден , шығады.
Жауабы: Қонақ саны он екі, табақ саны бесеу.
Асық саны
Үш бала ойыннан кейін қайтып келе жатады.
- Үшеумізде он-оннан асық бар еді ғой. Енді кімде қанша асық қалды?-деп сұрайды бойшаңдау бала серіктерінен.
- Онша көп ұтқыза қойған жоқпын,-деп ең кіші бала екі қалтасына қолын сұғады. Оң қалтамдағы асықтың біреуін сол қалтама салсам, онда екі қалтамдағы асық теңеледі. Ал егер сол қалтамдағы асықтың біреуін оң қалтама ауыстырсам, онда оң қалтамдағы асық саны сол қалтамдағыдан үш есе көп болады.
- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыммен тең екен, -дейді балалардың үлкені.
- Ең көп ұтылған мен болдым,-дейді сонда ортаншы бала үлкеніне, менде қалған асық саны сенің барлық ұтып алғаныңның жартысындай екен.
Ойыннан кейін қай балада қанша асық қалды?
Шешуі: Кіші баланың оң қалтасындағы асық санын , сол қалтасындағы асық санын деп, теңдеулер жүйесін құрастырамыз:
Осы жүйені шешсек, шығады. Кіші балада барлығы сегіз асық қалды. Үлкенінің ұтып алған асықтар саны сегіз, оған алдыңғы он асығын қоссақ, он сегіз болады.
Жауабы: Үлкенінде он сегіз асық, кішісінде сегіз асық, ортаншысында төрт асық қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |