2пКДО тобы: бұл шарадан ерекше әсер алғаным, ол бітіруші топтардың әдістемелік көмегі, соның ішінде бізге мектепке дейінгі жастағы балаларға қандай дидактикалық материалдарды жасауға болатындығы, әсіресе фетр матадан саусақ театры ұнады, сондай-ақ көрсеткен электронды сабақ конспектісі.
2а КДО тобы: Бұл шара өте көңілді өтті. Топтардың бірігіп жұмыс жасауы, әрбір кезеңдегі тапсырмаларды шығармашылықпен көрсеткендері ұнады.
1п КДО: осындай шаралар көп болса екен деп ойлаймыз, өйткені біздің мамандығымыздың біз әлі де білмейтін қыр-сырлары көп. Бітіруші топтардың бізге берген әдістемелік кеңестері бізге өте қажет, портфолионы қандай материалдармен толтыруға болатындығын түсіндік.
1а КДО: шарада өте ерекше кезеңдер болды, соның ішінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыруда болашақ балабақшаны қалай елестетенімізді постер арқылы қорғауымыз, «Сиқырлы қорапша» кезеңінде түрлі кейіпкерлерді суреттеуде студенттердің өздерінің шығармашылықтарын көрсетуі ұнады.
«Жас тәрбиешінің мектебі» үйірмесінің мүшесі, 3пКДО тобының студенті Болатова Улпан республикалық «Ертегі әлеміне саяхат» байқауының «Ертегілер шеберханасы» аталымында «Жеті лақ» ертегсінің құрастырмалы картасын жіп арқылы дайындаған нұсқасын жіберіп, байқау нәтижесінде сертификатталды.
Үйірме мүшелері 3п КДО тобының студенттеріколледждің кәсіптік бағдарлау жұмысында «Үш торай» ертегісінің үш тілде сөйлеген дидактикалық ойынын көрсетті.
Үйірме мүшелері диплом алдындағы практиканың портфолиосын қорғауда 3п КДО тобының студенттері: Теміргалиева Аскымбат, Болатова Улпан, Дюсенбаева Айжан, Төлешова Улбосын, Тилек-Әбілова Асемгуль, Жәңгірова Асем сабақ дайындады және әртүрлі материалдардан «Жаңа жылдық шырша» тақырыбында шығармашылық жұмыстар орындады.
Музыка кафедрасындағы «Гармония» клубы жанында 7 үйірме белсенді жұмыстанып келеді. Оларға 210 студент қатысады.
«Ақ кеме» эстрадалық ансамбль Жетекшісі: Б.Н.Бакимов, Р.Куанышалиева.Мақсаты өнерлі студенттерді анықтап, оларды өнерге баулу, ұжымдасып жұмыс жасауға үйрету, эстетикалық тәрбие бере отырып, сахна мәдениетіне тәрбиелеуге баса назар аудару. Үйірме студенттердің ән өнеріне деген қызығушылығын арттырады.
Білім күні 1-курсқа келген студенттерге арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында 1-курсқа қабылданған Музыка кафедрасының студенттері, үйірме мүшелері өнер көрсетті.
Колледждің барлық 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Сенің жұлдызды сәтің» байқауы оздырылды.
«Сувенир» сырнайшылар ансамбліЖетекшісі: В.А.Кожевников
Ансамбль құрамында –13 студент бар.
Мақсаты мен міндеттері:
- Музыкаға белсенді шығармашылық қатынасты дамыту.
- жұмыстарды бірлесіп орындау мүмкіндігін дамыту;
- Ансамбль жұмысына қажетті техникалық және өндірістік дағдыларды дамыту;
- Жұмыстың жаңа қызықты қырларын табуды үйрету
- музыкалық-эстетикалық талғамды қалыптастыру.
- Техникалық дағдыларды дамыту.
- Интонациялық жүйені ұстап тұру, қарқынды өзгерістерді ұстануға үйрету.
- Техникалық диапазонды кеңейтуді жалғастырып, түрлі динамикада шиеленіспестен, тегіс, жеңіл дыбыссыз ойнауға үйрету.
- Сахна мәдениетінің дағдыларын дамыту.
- Музыка және колледж кафедрасының концерттік бағдарламасына қатысу.
Дайындаған шығармалары: «Попурри Дружба народов», «Либер танго» А.Пьяцолло ,«Кадриль», «Вальс дружбы» А.И.Хачатурян, «На сопках Манчьжурии» И.Шатров, , «Келеншик» обр. Нусипбаев, «Попурри на тему военных песен- “Синий платочек”, “Кестелі орамал”, “Смуглянка”, “Катюша”, “Журавли”, “Тёмная ночь”, ”Путь – дорожка фронтовая ”, ”Ехал я из Берлина”, На безымянной высоте, Где же вы теперь, друзья однополчане», И.Нусипбаев «Алгашкы вальс», Ф.Шуберт «Форель», «Жайдарман» обр. Демченко, «Не летай соловей». Р.н.п., «Прекрасное далеко» Е. Крылатова, Ю. Энтина, « Школьный романс» Е. Крылатова, Ю.Энтина., «Лаула, костер!» обр. И. Нусипбаев, «Цыганская пляска» т.б.
Жылдың бірінші жартысында барлық мерекелік концерттерге сырнайшылардың ансамблі белсенділікпен қатысты.
День независимости Казахстана День открытых дверей Конкурс фестиваль колледжей
«Балақан» балаларға арналған саздық театрының құрамына колледж студенттері өз еркімен, қызығушылығымен қатысады. Жетекшісі: А.Р.Идрисова. Театр талантты, қабілетті, өнерге деген қызығушылығы бар студенттерді топтап, олардың эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін дамытып, театр өнерін, халқымыздың ұлттық мәдениетін насихаттау. Театр мүшелері №31 «Балдәурен» мектепке дейінгі мекемесінде «Шалқан» ертегісін қойды. Колледж қызметкерлерінің балаларына арналған және мини-орталықта ертеңгілік ұйымдастырды.
«Атамұра» ұлттық-аспаптық ансамбльЖетекшісі: Ж.Г.Утеуов«Ұстаздарды құрметтейік!»тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылып, ансамбль сүйемелдеуімен күйлер орындалды.
Музыка кафедрасындағы барлық клуб, үйірмелер колледжде өткізілетін шаралардың бастау болып табылады. Студенттерге эстетикалық тәрбие берудегі орны зор.
Достарыңызбен бөлісу: |