Туризм үйірмесі, жетекшісі А.Г.Шапанов.
Үйірмеге қатысушылар құрамы 25 студентті құрайды.
Үйірменің негізгі мақсаты балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды туристік кәсіпке баулу, өз өлкесін сүюге, табиғатын қорғауға тәрбиелеу. 2017-2018 оқу жылында үйірмедегі балалар әр түрлі облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Туризм пәнін оқып жатқан студенттер үшін колледж ауласында спорттық бағдарлаудан жарыс ұйымдастырылып отырды. Жарыс өткізу барысында студенттердің бойынан туризмге деген қызығушылықтарының зор екенін байқауға болады.
6-8 желтоқсан аралығында Облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығында өткен 5-ші облыстық колледж оқушылары арасындағы тау туризмі техникасы жарысында колледж командасы «Байлам», «Командалық» қашықтықтары бойынша сынға түсті. «Байлам» қашықтығы бойынша 3 орынға, «Командалық» қашықтығы бойынша 3 орынға ие болып, «Жалпы командалық есеп» бойынша 3 орынға тұрақтады.
Дойбы үйірмесі, жетекшіс З.М.Рашидова
Дойбы үйірмесіне 25 студент қатысады.
Үйірме бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.
Дойбы үйірмесінің мақсат – міндеттері – дойбының шығу тарихымен таныстыру, ойын ережелерін үйрету, студенттерге дойбы ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру, тұлғаның логикалық ойлауын,есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды қасиеттерін жетілдіру, логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту және т.б. Осы аралықта студенттер дойбы ойынының тарихымен, ойын комбинациясымен, тақтасымен, стратегиялық жоспарымен, ойын ережелерімен, ойынның негізгі әдістерімен, дамканың күші , оған өту, жарыстарды өткізу, жарыс хаттамаларын толтырумен танысты. Осы жинақтаған білімдерін , тәжірибелерін колледжішілік, қалалық жарыстарда көрсете білді.
Білім басқармасының Батыс Қазақстан облысының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» 2017 жылғы 5 қыркүйектегі №169 хатына сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қадыр Мырза Әли атындағы жаңа алаңда «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!» ұранымен республикалық кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» аясында, «Жаяу жүру марафонына» колледж студенттері қатысып, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан Сайнова Гүлнұр, Молаш Әдемі, Қанатова Арайлымдар қатысты.
28 қараша күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай шахмат, дойбыдан колледжаралық жарыс өткізіп, оған 22 студент қатысты. Қорытындысы бойынша шахматтан ұлдар арасында І орын – Б.Мусин 1аКИНФ тобы, ІІ орын – А.Есболат 1асМК тобы, ІІІ орын – А.Бушанов 1кбКШФ тобы және Ғ.Нигметов 2аКШФ тобы, дойбы қыздар арасында І орын – А.Жеңісова 2аМК, ІІ орын – Д.Хамитова 1пКШМ тобы, ІІІ орын – Ж.Серікова 1аМК және Г.Темірболатова 1аМК тобы, дойбы ұлдар арасында І орын – И.Досымбаев 1аКИНФ және А.Курмангалиев 1пКИНФ тобы, ІІ орын – Р.Кубашов 1пКШК тобы, ІІІ орын – Н.Ермекқалиев 1пКШК тобы студенті иеленді.
Осы шахмат, дойбы жарысына өздерінің қызығушылықтарын танытып, белсенділік көрсетіп бөлім меңгерушісі А.У.Кидришева, оқытушылар Н.З.Утегалиев, Б.Қ.Набидоллин, З.М.Рашидовалар студенттермен жолдастық ойындар өткізді.
Бұл іс – тәжірибе студенттердің шахмат, дойбы ойынына деген қызығушылықтарын арттыруға өз көмегін тигізді.
2017-2018 оқу жылының І-жартыжылдығында денсаулықты нығайту, спорттағы шеберліктерін одан әрі арттыру мақсатында колледжде спорттық бұқаралық шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылды, студенттер қалалық, облыстық, халықаралық жарыстарға қатынасып, жетістіктерге қол жеткізді.
Кафедра отырысында №1 хаттама 31.08.2017ж «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында өткен спорттық отбасылық эстафета, «Мен - өз елімнің патриотымын!», №2 хаттама 30.09.2017ж «Денсаулық фестивалі - 2017», «ХХ Еуропа - Азия» халықаралық туристік фестивалі, №3 хаттама 15.10.2017ж. колледж лига жарыстары, №5 11.11.2017ж. «Студенттер күніне» арналған спорттық шаралар, №6 25.11.2017ж. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президент күніне арналған апталық, №7 9.12.2017ж. шашка, шахмат, тоғызқұмалақтан жарыстар, спорттық шаралар ұйымдастырылып үйірме жұмыстары өткізілді.
9 қыркүйек күні № 3-10/4899 Білім басқармасының Батыс Қазақстан облысының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» 2017 жылғы 5 қыркүйектегі №169 хатына сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қадыр Мырза Әли атындағы жаңа алаңда «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!» ұранымен республикалық кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» аясында, «Жаяу жүру марафонына» кафедра оқытушылары А.Ғ.Шапанов пен Н.З.Утегалиевтің жетекшілігімен «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасынан 100 студент гір спорты, қол күресі, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен жарыстарға қатысты. Гір спортынан 2аКШФ тобы студенті Нығметов Ғаділбек – І орын, 2аКШФТ тобы студенті Сансызбаев Еламан – І орын және 3пКШФТ тобының студенті Сайнова Гүлнұр І орынды иеленді.
6 қазан күні Орал қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен FIESТА спорттық дүкені 10км қашықтыққа жүгіру жарысын ұйымдастырып, қорытындысы бойынша 3аКШФТ тобы студенті Шабдан Гамзат І орын, 2аКШФ тобы студенті Магзом Максим ІІІ орынды иеленді.
7 -8 қазан күндері қазақ күресінен 1998-1999 ж.т. жастар, 2000 – 2001 ж.т. жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында «Жас барыс» облыстық іріктеу турнирде 60кг салмақ дәрежесінде 2аМК тобының студенті Мәдениет Нұрсейіт І орынды, 66 кг салмақ дәрежесінде 2аКШФ тобының студенті Галламов Боранбай ІІ орынды, 2аКШФТ тобының студенті Зайдолла Ақылбек ІІ орынды иеленді.
12-13 қазан күндері самбо күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбо күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Ж.С.Жәрдемовтың жүлдесі үшін қазақ күресінен жоғары оқу орындары және колледж студенттері арасында қалалық ашық турниріне кафедра оқытушысы Е.Б.Мажитов команда дайындап апарып, 2аМК тобының студенті Мәдениет Нұрсейіт І орын, 2аКШФТ тобының студенті Рақымжанов Нұрбай ІІ орын, Зайдолла Ақылбек ІІ орынды иеленді.
Самбодан өткен Әлем чемпионатында 2аКШФ тобының студенті Қабдолов Армат ІІІ-орынды иеленді.
14 қазан күні Орал газ – мұнай және салалық технологиялар колледжінің спорт залында баскетболдан ұлдар арасында колледж лигасы өткзіліп, оған А.Ғ.Шапановтың жетекшілігімен колледж командасы қатысты. Барлығы 9 команда қатысты. Қорытындысы бойынша ІІ орын иеленді.
20 қазан күні оқытушы Б.Б.Қайрғали, С.Т.Ғазизов, И.Е.Ибаттың ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық және Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің студенттері арасында кіші футболдан колледжішілік жарысқа іріктеу мақсатында жолдастық кездесу өткізілді.
27 қазан күні Батыс Қазақстан медициналық колледжінің спорт залында волейболдан ұлдар арасында колледж лигасы өткзіліп, оған Б.Б.Қайрғалидың жетекшілігімен колледж командасы қатысып, І орынды иеленіп, облыстық финалдық ойындарға жолдама алды.
28 қазан күні «Орал» спорт кешенінде студент – жастар арасында ұлттық спорт түрлері тоғызқұмалақ, асық, ләңгі, арқан тартыс, табан тартыс, қазақ күресінен өткен жарысқа колледжден командасы жасақталып қатыстып командалық ІІ-орын, ләңгі тебуден ІІ – орын, қазақ күресінен 70 кг дейін ІІ – орын, 70кг жоғары І орын, асық атудан І – орын, табан тартыстан ІІІ – орынға ие болды.
2-3 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлт болашағы» атты жеңіл атлетикалық кростан 1999 ж.т. және одан үлкен жастағы жастар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының жеке – командалық чемпионаты өткізіліп, онда 3аКШФТ тобы студенті Шабдан Гамзат І орын, 2аКШФ тобы студенттері Магзом Максим ІІ орын, Абдрахманова Аягөз І орынды иеленді.
Н.К.Коломоецтың жүлдесі үшін гір спортынан турнир өткізіліп 2аКШФ тобы студенті Ғаділбек Нығметов – І орын, 3пКШФТ тобының студенті Сайнова Гүлнұр І орынды иеленді.
9 қараша күні волейболдан облыстық колледж лигасы өткізіліп, ұлдар командасы І – орынды, Б.Б.Қайрғали, А.С.Сабиева «Үздік жаттықтырушы» номинациясы бойынша марапатталды.
17 қараша күні оқытушы З.М.Рашидова 2аКШФ тобында «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Шараның мақсаты - студенттерді мереке тарихымен таныстыру, студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
16-19 қараша күндері А.М.Ткаличті еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында ашық турнир өткізіліп, оған Б.Б.Қайрғалидың жетекшілігімен колледж ұлдар командасы қатысып ІІ орын иеленді.
22-24 қараша күндері Жәңгір хан атындағы БҚАТУ - дың спорт залында өткен Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы облыстық турнирге Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі командасы қатысып, волейболдан І орын, футбол мен үстел теннисінен Ү орынды иеленіп, жалпы командалық есеп бойынша ІІ орынды иеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |