Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет141/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   176

282 
 
УДК 574:37.015.3(045) 
 
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУШЫ ДАЯРЛАУ ЖОЛДАРЫ 
 
Тажиханова Жанат Орынбаевна 
 «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы Шамалған бекеті 
zhanat.t.o@mail.ru
  
 
 
Бүгінгі  заман  талабы  білімді,  білікті,  өздігінен  тығырықтан  шығар  жол  таба  алатын 
іскер  және  өмірге  икемді  адам  тәрбиелеуді  қажет  етіп  отырғандықтан  да  мұғалімнің  басты 
міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына 
жағдай жасау.  
Ал  әдебиет  пәні  мұғалімдерінің  алдындағы  шәкіртінің  рухани  жетілуіне,  әсіресе 
сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа 
деңгейдегі  мәдени  талаптарды  қатар  сіңіру  арқылы  оларды  тұрлаусыз  уақыттың  сынынан 
сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар  төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізгені 
абзал. Әдебиет пәні  – оқушының жан-жақты  ойлануына, терең пікір  алуына баулитын пән. 
Бұл  пәннің  ерекшелігі  өзіндік  ойлау  мен  өзіндік  пікірді  айта  білуде  жатыр.  Сезім, 
эмоция,әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде 
ерекше  көрінеді.  Менің  шығармашылық  жұмысымның  тақырыбы  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
пәнін оқытуда электронды оқулықтың тиімділігі» деп аталады.  
Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  күрделі  әлеуметтік  және  экономикалық  өзгерістер, 
ғылыми  саладағы  интеграциялық  құбылыстар  біз  қарастырып  отырған  мәселеге  негізгі 
себепші болып отыр. Бұл құбылыстар білім беру үрдісіне оң әсерін тигізіп қана қоймай және 
педагогикалық  интеграцияның  формалары,  түрлері  мен  әр  түрлі  бағыттарында  көрініс 
табады.  Сонымен  қатар  білім  берудің  барлық  деңгейінде    дерлік  қолданылуы  (бастауыш, 
орта  және  жоғарғы  сыныптар)  орын  алуда.  Электронды  оқулықтар  –  техникалық  құралдар 
(компьютер) арқылы көрсететін, көз алдына есту, көру арқылы өзіндік ой қорыта алудың бір 
түрі.  Абай  атамыз  айтқандай,  көріп,сезініп,  тұшыну  арқылы  бойға  алған  материалды 
жинақтау.  
Егер  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  көрнекіліктер  үлкен  рөл  атқарса,  орта  буын 
үшін бейне көріністерден алған әсерлері арқылы білімге деген құштарлығы жан-жақты бола 
бастайды.  Ал,  оқытудың  техникалық  құралдары  еске  сақтауды  қалыптастыруда  үлкен  рөл 
атқарады.  Олар  алынған  білімнің  жарқын,  маңызды  сәттерін  ажырата  отырып,  ұғымның 
бекітілуіне  ықпал  етеді.    Оқытудың  техникалық  құралдары  арқылы  көрсетілетін  ақпарат 
сапасы жаңа, ерекше, динамикалы, бейнелі контрастілі болғандықтан, оқушы зейінін еріксіз 
аударады.  Компьютерлік  бағдарламаны  құру  кезінде  оны  тек  түсінікті  ғана  емес,  сонымен 
бірге  эпизодтары  қызықты,  монтажға,  кадр  композициясына  күтпеген  жағдайларды 
қиюластыру, ұлғайтып көрсететін нәрсенің аса әсерлі болуын, диктор дауысының, қатысушы 
кейіпкер  сөздерінің  және  музыканың  бір  мезгілде  әсер  етуіне  назар  аударады,  әрі 
материалдың еріксіз жадта сақталуына септігін тигізеді.  
Қазақтың  төл  әдебиетін  оқытуда  компьютерді  (ғаламтордан  алған  мәліметтері), 
электронды  оқулықтарды  қолданудың  тәсілдері  де  әр  түрлі:  барлық  топпен  де,  жұппен  де, 
жеке  оқушылармен  де  жұмыс  істеу  қиындық  келтірмейді.  Бұл  мұғалімнің  өз  шеберлігіне 
тікелей байланысты. 
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында 
отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Балаларды 
сүйетін,  өз  пәнін  жетік  меңгерген,  психология,  педагогиканы  терең  меңгерген  нағыз 
мұғалімнің алдында білім алған  оқушының бейнесі мынадай болуы тиіс: 
 
 
 


283 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Неміс  педагогы  А.Дистерверг  өзінің  әйгілі  «Неміс  мұғалімдерінің  білім  беру  ісіне 
басшылық»  атты  еңбегінде  «Жаман  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  береді,  ал  жақсы  мұғалім 
оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»-деген. 
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін мен 
өз  тәжірибемде  қолданып  келемін.  Интерактивті  әдісті  пайдаланудың  тиімділігі  сол 
оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Әсіресе табиғатынан 
тұйық,  өз  ойын  жеткізе  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу  оқушыларға  пайдасы  зор.  
«Интерактивті  оқыту»  терминдерінің  ортақ  түбірі  интер  ағылшын  тілінің  «inter»  (между) 
аралық «act» (действовать, действие) әрекет ету деген сөздерімен енген. Интерактивті әдістер 
тіркесін  оқушылардың  өзара  әрекет  етуіне  жағдай  жасайтын  әдістер  деп  түсінуге  болады. 
Сондықтан  олар  сабақта  ынтымастық  педагогикасының  жүзеге  асуына,  бірлесіп  әрекет 
етуіне сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. 
Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен шығармауы абзал. 
Бірінші ереже: Сынып оқушыларының барлығы сабаққа түгел қатыстырып, танымға 
жұмылдыру. 
Екінші  ереже:  Оқушыларды  психологиялық  тұрғыдан  дайындау.  Оқушыларды  жиі 
мақтап, қолпаштап отыру. 
Үшінші ереже: Сынып талапқа сай болуы қажет. 
Төртінші  ереже:  Әрбір  қатысушы  өз  пікірін,  көзқарасын  білдіріп,  дәлелдеп  беруге 
мүмкіндік жасалу қажет. 
Бесінші ереже: Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау. 
Үстіміздегі  ғасыр  –  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры.  Олай 
болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған білімдерін пайдаға 
асырып,  өзара  әрекет  ете  алатын  азаматтың  ұлттық  құндылықтарды  меңгерген  жеке  тұлға 
тәрбиелеу.  Сондай-ақ  М.Жанпейісова  ұсынған  модульдік  оқыту  технологиясы.  Бұл 
технологияның мазмұны төмендегідей: 
 
Интербелсенді оқушы бейнесі 
Өз ойын еркін 
айта алатын 
Білімге деген 
қажеттілікті ұғынған 
Білім стандартына сай міндетті 
мүмкіндігін деңгейдегі біліммен 
қаруландыру 
Өз бетінше 
үйренуді 
мақсат еткен 
Танымдық күші 
қалыптасқан 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау