Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет144/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   176

289 
 
құжаттарды қолдан жасау монополизмнің әр түрлі көріністері  және арам ниетті бәсекелестік 
пен кедендік қылмыстарды жатқызады. 
Сонымен  бүгіндері  отандық  ғылымға  енгізіліп  жатқан    «экономика  саласындағы 
қылмыстылық»  түсінігі    мазмұны  этимологиясы  жағынан  тұтас  алғанда  шетелдік 
мамандардың  қолданып  жүрген  «экономикалық  қылмыстылық»  түсінігіне  бара-бар.  Бұның 
біздің  криминологтардың  басқа  елдерден  әріптестерімен    өзара  түсінісуін  жақсарту 
қылмыстық  статистика  деректерін  дұрыс  салыстыру  превенция  шаралары  бойынша  жалпы 
ұсыныстарды айқындау және т.б. үшін жағымды болары анық. 
Экономика  саласындағы  қылмыстылықтың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бұл  -  жоғары 
дәрежелі жасырындық жылдамдылық, өсіңкілік, тез өзгеруге қабіеттілік және шаруашылық 
етудің  жаңа  жағдайлары  мен  ережелеріне  экономикалық-құқықтық  жаңалықтарға  және  т.б. 
бейімделе алушылық. 
Қазіргі  заманғы  экономика  саласындағы  қылмыстылықты  криминологиялық  талдау 
үшн  қылмыстық  статистика  мәліметтер  құқық  қолдану  тәжірибесінің  деректерін  белгілі 
мөлшерде пайдалануға болады [5, 112 б.]. 
Ресми  статистика  қылмыстылықтың  ахуалы  есебін  мына  көрсеткіштер  бойынша 
жүргізеді  жәбірленушілердің  жасалған  қылмыстар  туралы  берген  арыздары  мен 
өтініштерінің  саны  тіркелген  қылмыстардың  саны;  қылмыс  жасаған  адамдардың 
анықталғанының  саны;  күшіне  енген  үкімдер  бойынша  қылмыс  үшін  кінәлі 
сотталушылардың саны [4]. 
Қылмыстылық сипаттамасы толық болу үшін оның сапалық және сандық өлшемдері 
сияқты  көрсеткіштерін  пайдалануымыз  қажет.  Олардың  негізгілері    ахуалы,  динамикасы 
және құрылымы. 
Қылмыс  динамикасының  статистикалық  жағдайы  қылмыстық  құдалау  органдарыньң 
қылмыстарды  уақтылы  анықтау  және  тіркеу  оларды  ашу  және  кінәлілерді  әшкерелеу  әдісі 
жазадан  құтылмаушылықты  қамтамасыз  ету    бойынша    қызметінің  пәрменділігіне  де 
байланысты [6]. 
Қылмыстылық  құрамында  маңызы  шамалы  және  бір  көріністік  күрделі  зерттеуді 
қажет  етпейтін  анық  сипаттағы  және  қоғам  үшін  аса  қауіпті  емес  қылмыстар  бұрынғыдай 
басым болып келеді. Бұл қылмыстардың залалы екі жүз теңгеден сәл ғана асса да, олар эко-
номикалық  қылмыстардың  ашылу  пайызын  реттеуді  құралы  болып  отыр.  Олардың 
қатарында  мынадай  қылмыстарды  атауға  болады  тұтынушыны  алдау  -  1  179,  заңсыз 
кәсіпкерлік  -  775,  ақшаны  қолдан  жасау  және  өткізу  -  509,  акциз  алымдары  маркаларын 
қолдан жасау және пайдалану – 421 [4]. 
Әдетте,  осы  қылмыстар  бойынша  қылмыстық  жауапкершілікке  шағын
 
сауда 
орындарының  сатушылары  және  аз  мөлшерде  жалған  ақша  мен  акциз  маркаларын  сатумен 
айналысатын  табысы  аз  азаматтар  тартылады.  Ал  ақша  мен  акциз  маркаларын  қолдан 
жасайтын адамдар анықталмайды да, тиісті жазасын алмайды. 
Экономикадағы қомақты қылмыстар саналатын қылмыстар бойынша қозғалған 
қылмыстық істердің саны болмашы ғана: жалған банкроттық - 2, банктік операциялар 
жөнінде  көрінеу  жалған  деректер  табыстау  -  6,  заңсыз  банктік  қызмет  -  1,  көпшілік 
сауда-саттық  пен  аукциондар  өткізудің  белгіленген  тәртібін  өрескел  бұзу  -  2.  Ал 
бағалы  қағаздарды  шығару  (эмиссия)  тәртібін  бұзу,  компьютерлік  ақпаратқа  заңсыз 
қол  жеткізу,  ЭЕМ  үшін  зиянды  бағдарламаларды  жасау,  пайдалану  және  тарату, 
көрінеу  жалған  жарнама  сияқты  маңызды  қылмыстар  бойынша  бірде-бір  қылмыс 
анықталмаған.  Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  мұндай  қылмыстар  көбінесе  жасырын 
сипатта болады. 
Қылмыстық  құдалау  органдарының  өндірісінде  экономика  саласындағы 
қылмыстар  бойынша  5  971  қылмыстық  іс  болған  олардың  ішінде  2  999  іс  бойынша 
өндіріс  аяқталған  бұл  өндірісте  болған  қылмыстық  істерді  жалпы  санының  50 
пайызын  құрайды.  Соның  ішінде  сотқа  жіберілген  -  2021  іс  және  ақталмайтындай 
негіздер бойынша тоқтатылғаны - 987 қылмыстық іс [4]. 


290 
 
Қазіргі  уақытта  экономикадағы  қылмыстылықтың  ең  қауіпті  бағыттарының 
ішінде криминологтар мыналарды ерекше атайды: 
-қаржы 
несие 
қатынастары 
және 
банк 
қызметі 
саласында 
жасалатын қылмыстар; 
- сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар; 
- тұтынушылар нарығы саласындағы қылмыстар; 
- бағалы қағаздар нарығындағы  қылмыстар; 
- салықтық қылмыстар. 
Қорыта 
келгенде 
криминологиялық 
алдын 
алу 
жағынан 
қарағанда 
экономикалық  қылмыстың  ұйымдасқан  қылмыспен  тығыз
 
байланысты  екенін 
айтқанымыз  жөн.  Осындай  қылмыстарға  пайдакүнемдік  сарын  рана,  коммерциялық 
құрылымдардын жеке азаматтардың немесе ұйымдардың заңсыз жолмен баюға деген 
ұмтылысы тән. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. «Параграф» АЖ. 2015 
2.С.М.  Рахметов,  Е.  Алауханов,  Т.Ә.  Бапанов  -  Қылмыстык  күкык.  Оқулық. 
Алматы – 2001 ж. 525 б. 
3.  Т.Ә.  Бапанов.  Қылмыстық  құқық.  Ерекше  бөлім.  Альбом-схема.  Алматы  – 
2000 ж. 34 б. 
4.
 
http://pravstat.prokuror.kz

5.А.  Н.Ағыбаев.  Қылмыстық  Құқық.  Ерекше  бөлім.  Оқу  құралы.  Алматы  –  
2000. 368 б. 
6.  Б.  Әшірбеков.  «Құқықтық  мемлекет  және  адамның  құқықтары».  //  Ұлттық 
қоғамдық-саяси журнал «Ақиқат» - 28.04.2012. 
7. «Халықаралық құқық» Дәрістер курсы. –Алматы., ҚазГЗУ, 2003. 298 б. 
 
 
ӘОЖ541.124  
 
МУЗЫКА САБАҒЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ 
 
Таубалдиева Ж.Ш.,  профессор., п.ғ.к. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
z.taubaldieva @mail.ru  
 
Қазақстан Республикасының жаңа кезеңде түрақты дамуына арналған жаһандық білім 
моделін құруды қамтамасыз ететін негізгі түлғалардың бірі мүғалім екені анық. Бүгінгі білім 
беру сапасы-қоғамымыздың ертеңі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың елдің 2030 жылға дейінгі 
стратегиялық  даму  басымдықтарын    айқындаған  Қазақстан  халқына  Жолдауында  алдағы 
ғасырдың  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуының  жетекші  факторы  «Адамдардың 
өздері,олардың  еркі,көш-қайраты,табандылығы  мен  білімі  болып  табылады,  ал  ХХ1 
ғасырдағы қоғам дамуының негізгі қағидасы,бірінші кезекте,білім деңгейімен айқындалатын 
өлттың  бәсекеге  қабілеттілігі  болады»-деп  атап  өткен.Бұл  –сапалы  білім  кепілі.Сапа 
өздігінен келмейді, оған жетіудің жолдарын қарастыру мұғалімнің қолында.Ол үшін-негізгі 
мақсатты  анықтау,жеке  тұлға  сұранысын  қанағаттандыру,жетістікке  жету  жолдарын 
іздестіру,кәсіби  біліктілікті  арттыру,  т.с..  Бұл  ретте  музыка  мұғалімінің  құпиясы  тек  оқыту 
ғана  емес,не  үшін  және  қалай  оқыту.  Бұл  ретте  музыка  мұғалімінің  шеберлігі  үлкен  рөл 
атқарады.Шеберліктің белгісі-қабілеттілік десек,оның байқау түрлері төменгіше: 
-жобалаушылық қабілет(жоспарлау жұмыстарында байқалады); 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау