|
Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы
|
Дата | 01.01.2018 | өлшемі | 22,58 Kb. | | #6344 |
| АРЫСТАН УЗАКБАЕВИЧ Кожантов - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының доценті,
- педагогикалық өтілі 18 жыл
- «Карьер алаңдарын ашу және ашық кен жұмыстарының жүйелері»
- «Вскрытие карьерных полей и системы открытых горных работ» пәні
- 5В070700–«Тау кен ісі» мамандығының студенттеріне арналған
- Курс көлемі: 4 кредит
Курстың аңдатпасы - Курстың аңдатпасы
- «Карьер алаңдарын ашу және ашық кен жұмыстарының жүйелері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 5В070700– Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді. «Карьер алаңдарын ашу және ашық кен жұмыстарының жүйелері» пәнінің бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған.
- Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды, рубеждік және басқа да бақылау түрлері қарастырылған. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.
- Пәнді оқыту мақсаты
- Пәнді оқу мақсаты – студенттің ашық кен жұмыстары технологиясы бойынша тереңдетілген теориялық білім алуын, қатты пайдалы қазбалар кенорындарын қазу жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты технологиялық шешімдер қабылдаудың есептік әдістерін игеруін қамтамасыз ету.
- 5В070700 мамандығы бойынша бакалаврлардың жоғары білімінің Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес студент пәнді оқып үйрену нәтижесінде білуі керек: әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда жатқан кенорындарын қазу кезіндегі ашық кен жұмыстары технологиясының ерекшеліктерін; карьердің жұмыс аймағының даму заңдылықтары; жер қойнауын тиімді және толық пайдалануды қамтамасыз ететін ашу тәсілдері мен сұлбасын, қазу жүйесін таңдау және негіздеу әдістерін.
- Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент өздігінен кенорнының нақты жату жағдайларына байланысты ашу және қазу жүйесінің параметрлері мен көрсеткіштерінің технологиялық есетпеулерін (сонымен қатар ЭЕМ қолданып) жүргізе білуі керек.
-
- -карьер жүктерін тасымалдау мен жыныстарды үйінділеу техникасы мен технологиясын;
- -процестердің технологиялық параметрлерінің жыныстардың қасиеттерімен тау-кен және көліктік жабдықтарының параметрлерімен байланысын;
- -ашық кен жұмыстарының технологиялық процестерін жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
- -жеке технологиялық процестер арасындағы өзара байланысты;
- -негізгі нормативтік құжаттарды, карьердегі регламенттелген кен жұмыстарын жүргізуді;
- -кен жұмыстарының экологиялық салдары және олардың қоршаған ортаға әсерін.
- Пәнді оқып болғаннан кейін студент білуі керек:
- -жыныстардың қасиеттері мен жағдайларына байланысты оларды қазудың дұрыс жолын, кен және тасымалдау аспаптардың түрін таңдауды;
- -процестердің технологиялық параметрлерін және режимін таңдауды;
- -процестердің, аспаптардың өнімділігін есептеу;
- -кен жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттарды дайындауды (бұрғылау-аттыру жұмыстарының паспортарын, қазу-тиеу жұмыстарының технологиялық схемаларын және т.б.);
- -техникалық өндіру және қауіпсіздік ережелер талаптарына сай негізгі және қосымша процестерді орындауын ұымдастыруды.
Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері - Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
- Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
- «Карьер алаңдарын ашу және ашық кен жұмыстарының жүйелері» пәнін оқу процесі келесі принциптерге негізделген:
- оқытудың мазмұнды бөлігі:
- оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
- оқу процесін ұйымдастыру;
- студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
- материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
- оқу процесін талдау.
-
Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Материладар студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдау әдістемесін, кен және көмір карьерлеріндегі ашық кен жұмыстарының процесстері кезіндегі барлық өндірістік және қосымша процесстерін және оларды басқару бағытын жетілдіруге бағытталған. - Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Материладар студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдау әдістемесін, кен және көмір карьерлеріндегі ашық кен жұмыстарының процесстері кезіндегі барлық өндірістік және қосымша процесстерін және оларды басқару бағытын жетілдіруге бағытталған.
- Пәнді оқып үйренудің негізгі түрлері мен әдістері: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар, рефераттарды қорғау, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, т.б. Мұның барлығы білім беру сапасы мәселелерін шешуге ықпал етеді.
- Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
- Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында заманауй ақпараттық технологиялар қолданылады. Дәрістер мен тәжірибелік материалдар бойынша университет ішілік теледидарлар, мультимедиялық проекторлар және интерактивті тақталар, дербес компьютер немесе ноутбук арқылы презентациялар жасалады.
Дәрістердің тақырыптық жоспары - Дәрістердің тақырыптық жоспары
- Кіріспе. Пәннің мазмұны, мақсаты. Ашық кен жұмыстарының терминдері мен түсініктері. Тау жыныстарының технологиялық қасиеттері. Негізгі өндірістік процестер
- Тау жыныстарын қазуға дайындау әдістері
- Жартасты және жартылай жартасты жыныстарды аттыру арқылы қазуға дайындау
- Бұрғылау жұмыстарының технологиясы
- Ұңғылық зарядтарды орналастыру және аттыру тәртібі
- Тау жыныстарын роторлы экскаваторлармен қазу
- Тау жыныстарын драглайндармен қазу
- Тау жыныстарын механикалық күректермен қазу
- Тау жыныстарын скреперлермен, бульдозерлермен, шөмішті тиегіштермен қазу
- Кен жыныстар қоспасын конвейер көліктерімен тасымалдау
- Кен жыныстар қоспасын темір жол көлігімен тасымалдау
- Кен жыныстар қоспасын автомобиль көлігімен тасымалдау
- Темір жол көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- Автомобиль және конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- Ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру және экологиялық проблемалар
Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері) - Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
- «Карьер алаңдарын ашу және ашық кен жұмыстарының жүйелері» курсы бойынша студенттердің алған теориялық білімдері нақты жағдайларда тау-кен техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
- Бұл курс бойынша алған білімінің нәтижесінде студент:
- жыныстардың қасиеттері мен жағдайларына байланысты оларды қазудың дұрыс жолын, кен және тасымалдау аспаптардың түрін таңдауды;
- процестердің технологиялық параметрлерін және режимін таңдауды;
- кен жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттарды дайындауды (бұрғылау-аттыру жұмыстарының паспортарын, қазу-тиеу жұмыстарының технологиялық схемаларын және т.б.);
- техникалық өндіру және қауіпсіздік ережелер талаптарына сай негізгі және қосымша процестерді орындауын ұымдастыруды.
- Студент міндетті:
- сабақ кестесіне сай дәрістер мен лабораториялық сабақтарға, сонымен қатар аудиториядағы оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстар сағаттарына толығымен қатысуға;
- пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигіне сәйкес орындалған жұмыстардың есебін уақытында тапсыруға;
- себепті жағдайлармен босатылған сабақтарды тьютордың ұсынысымен сабақтан тыс уақытта қосымша кесте бойынша қайта тапсыруға;
- себепсіз жағдайлармен босатылған сабақтарды тьютордың ұсынысымен сабақтан тыс уақытта қосымша кесте бойынша төлем ақыдан кейін қайта тапсыруға.
Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Карьер алаңдарын ашу және ашық кен жұмыстарының жүйелері» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлер белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, өзіндік жұмыстар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 3 семестрде емтихан. - Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.
Арыстан Кожантов - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының доценті, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 11 жыл. - Арыстан Кожантов - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының доценті, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 11 жыл.
- Арыстан Кожантов - 1998 – 2016 ж.ж. ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ 9 фундаменталды және қолданбалы ҒЗЖ белсене қатысады.
- Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 9 ғылыми мақала, 2 әдістемелік нұсқау, 5 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.
- 2003 жылы «Жас лекторлар мектебі» курсына аяқтады.
- 2009 жылдың қаңтарында «Gemcom Surpac v.6.1» интеграцияланған тау-кен геологиялық жүйесінің тау-кен модулі бойынша базалық оқу курсынан өтті
- (сертификат 26.01.2009ж., Gemcom Surpac. Geology and Mine Planning).
- 2009 жылдың сәуір айында «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №41 04.04.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
- 2009 жылдың мамыр айында «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты
- (сертификат №79, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).
- А.Кожантовтың жетекшілігімен 1999-2015 жылдар аралығында 30-ке тарта дипломдық жобалар қорғалды және олардың нәтижелері жоғары балдарды көрсетті. Дипломдық жобалармен университетің кітапханасында танысуға болады.
Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің - Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің
- орташа балы жөніндегі ақпарат
- Студентке қойылатын талаптар:
- 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
- 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
- 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
- 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
- Академиялық этика нормалары:
- тәртіп;
- мейірімділік;
- шыншылдық;
- жауапкершілік;
- мәдениеттілік.
- Уақыт бөліп көніл бөлгендерінізге рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|