|
Дәрістер тезисі дәріс №1. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны
|
бет | 42/47 | Дата | 12.01.2023 | өлшемі | 0,54 Mb. | | #40910 |
| Д рістер тезисі д ріс №1. Есептер шы аруды ма ызы, оларды о у Амалдың жүзеге асырылуы:
Сабақ аяқталуына 10 – 12 минут қалғанда оқушыларға әдеттегіден 2 – 3 есебі артық тапсырма беріп, оны орындауды сол сәтте басту керек. Оқушыларды 2– 3 дәптер тексеруге алынып, сабақ соңында баға қойылады деп ескерту керек.
Есеп шығару сабақтары.
Сабақты тақырыптық жоспарлаған кезде оқушылардың сабаққа дайындығын, теориялық материалды қайталауы мен оқып-үйрену деңгейін ескеру маңызды орын алады.
Есеп шығару сабақтары негізінен екі түрде өткізіледі:
Бүкіл сыныпты қатыстырып, есепті тақтаға шығару.
Есепті дәптерге өздігінен шығару.
Есеп шығару сабағының бірінші түрін физикалық есептердің жаңа сүлелерін (типтерін) талдағанда немесе мұғалім есеп шығарудың жаңа әдістерін түсіндіргенде қолданады. Есеп шығару сабағының екінші түрін оқушылардың дағдылары мен ебдейліктерін қалыптастырғанда және оқушылардың білім деңгейін тексергенде қолданады.
Есепті тақда шығарғанда мынандай шекті жағдайлар болуы мүмкін:
Мұғалім оқушыларға есеп шығарудың барлық тәсілдерін көрсетіп есепті өзі шығарады.
Жауапты оқушылардан «зорлықпен» (түрлі тәсіл және қосымша сұрақ көмегімен жауапты оқушылардың өздеріне таптырады) шығарады.
Нәтижеде уақыт текке шығындалады және есепке қанағатсыздық сезімін туғызады.
Мұғалім жаңа есептерді шығарудың принциптерін (жалпылама тәсілдерін), есеп шартын жазу үлгісін, есептеу тәсілі мен сызба сызуды көрсетуі керек. Оқушылар негізгі түсініктерді, бірліктер жүйесі мен формулаларды меңгерген соң, күрделілігі орташа типтік есепті жан жақты талқылау керек.
Оқушылардың танымдық әрекеттерін жетілдіру үшін төмендегідей педагогикалық тәілдер мен құралдарды қолдану керек:
а) Берілген тақырыпты үйрену қажеттігі мен маңызын көрсету үшін, есеп шығару мақсатын айқындау.
ә) Гипотеза немесе бірнеше болжамдар үсынып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және үйреншікті ойлау әдетін болдырмау.
б) Қызықты есептерді қолдану. Оқушылар-балалар, сондықтан сабақта ойын элементтері болу керек.
в) Көрнекі құралдар мен тәжірибелерді қолданып, оқушылардың есептердің физикалық мәнін түсінуіне немесе есеп шығару барысында физикалық құбылыстар жайлы тың мәліметтер алуына көмектесу.
г) Ұжымдық және дара жұмысты дұрыс ұйымдастыру. Оқушылар алдымен бірнеше минут бойы есепті ой елегінен өткізу керек, сонан соң оны өздігінен шығаруға талпыну керек, бұл нәтижеге жеткізбесе есепті бүкіл сынып болып талқылау керек.
ғ) Тақтада есеп шығаратын оқушыны дұрыс таңдау. Жаңа есепті талқылағанда тақтаға орта оқушыны шығару керек, себебі күшті оқушыға оқушылар ілесе алмайды. Екінші жағынан тақта алдындағы кідірістер мен қиыншылықтар кейбір сұрақтарды талқылағанда пайдалы болады. Есепті талқылауға әлсіз оқушылар да қатысады. Күрделі есептерді шығарғанда жеке амалдарды шығару үшін тақтаға бірнеше оқушылар шақырылуы керек, сонан соң бір-екі оқушы есепті қайта шығару керек.
д) Келесі бір педагогикалық амал – оқушыларға есеп құрастырту (Мұғалімдер оқушылардан жауап беріп тұрған адам қатесін түзетуді, оған сұрақ беруді, физикалық құбылыстар мен заңдарға есеп құрастыруды талап етеді). Мұндай есептерді мұғалім алдын ала тексеріп болған соң, бүкіл сынып шығару керек.
е) Есепті өздігінен шығару. Оқушылар белсенділігі есептің күрделілігене тәуелді болады. Есептер қызықты және оқушылар шамасы жететіндей болуы керек, яғни деңгейлеп оқытуды қолдану керек. Оның тәсілдері:
Жеке тапсырмалар беру.
Бүкіл сыныпқа біртіндеп күрделінетін тапсырмаларды ұсыну.
Оқушылар олардің ішінен шамалары келегндерін ғана шығарады. 2-ші тәсәлді қолданған дұрысырақ, себебі есепті талқылауды оңайлатып, бәсекелестікті туғызады және мұғалім үшін бұл тәсіл оңайырақ.. Өздігінен жұмыс кезінде, оқушылар мұғалімге сұрақ қойып, жауап алуына болады. Сабақ соңында есеп шығарудың түрлі тәсілдерін талқыға салу керек. Қазіргі уақытта әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жинақталған дидактикалық құралдар көптеп шығарылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|