Өсімдіктің қалыпты қоректенуінің басты жағдайы – топырақты катиондар мен аниондар арасындағы оңтайлы қарым-қатынас құру. Топырақ ерітіндісі иондардың әртүрлі мөлшеріне ие болуы керек, яғни физиологиялық тепе-теңдікте болуы қажет. Тәжірибелермен бірдей зарядты иондар енгенде олардың өзара тежелуі яғни иондар антогонизмі болатындығы дәлелденген. Мысалы NО3 иондарының жоғары концентрациясы өсімдікке РО3 РО4 иондарының енуін тежейді және керісінше бұл заңдылық катиондар сіңірілуінде сақталады. Кальцийдің жоғары концентрациясы калийдің сіңірілуін тежейді және керісінше. Сондай антогонистік қарым-қатынас калий мен натрий, кальйий мен магний, калий мен магний арасында да бар. Ал қарама-қарсы зарядты иондар бірімен сіңірілуін тездетеді. Бұл құбылыс синергизм деп аталады. Сөйтіп физиологиялық тепе-теңдікті топырақ ерітіндісі деп катиондар мен аниондар оңтайлы қарым-қатынаста болатын ерітіндіні атайды. Бұл өсімдіктің қоректік заттарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады, мұндай ерітіндіде барлық элементтер кедергісіз сіңіріледі.
Өсімдік қоректенуіндк ауа су және жылу режимдері басты маңызға ие. Ауа, тамыр, тыныс алуына қажет. Оның жетілесіз болуы өсімдік қоректенуін бұзады. Егіншілік практикасында өсімдік тамыр жүйесінің оттегімен қамтамасыз етілуі өңдеулер арқылы реттеледі, оның қопсынды күйде болуынан топырақ аэрациясы жақсарады. Оның тым тығыз болуынан су беткейінде тұрып топырақ және атмосфера арасындағы ауа алмасуды бұзады.
Су фотосинтез үшін қажет. Ол өсімдік пен булануға өркендердің салқындуаына және қоректік элементтердің түтіктермен жылжуына қажетті.
Температура режимі топырақта жылжымалы элементтердің жиналуын анықтайды, төменгі температураларда тамырлар жетіліп қоректі қабылдай алмайды.
Өсімдік қоректенуіне ықпал ететін, маңызды фактор қалыпты жарықтану. Өсімдіктің тамыр жүйесінің қоректік заттарды сіңіруі және олардың синтез процестеріне енуі жарықта қараңғымен салыстырғанда белсенді жүретіні белгілі. Бұл фотосинтез жақсы жарықтануды қарқынды жүруімен түсіндіреді. Түзілген көмірсулар басқа ассимиляттар тамыр жүйесіне жетіп азот күлді элементтерімен бірге күрделі органикалық қосындылар түзілетін синтетикалық процесстерге қатысады.
Өсімдік қоректенуінде әсіресе далалық жағдайларында үлкен маңыз пайдалы микроорганизмдерге тиесілі. Өсімдік тамыры топырақтан су, қоректік заттарды сіңірумен қатар оған зат алмасудың соңғы өнімдерін шығарады; көмірқышқылын, тұздардың артық мөлшерін, органикалық заттар әртүрлі ферметтер соның ішінде каталаза, амилаза, уреаза, инвертаза, целлюлоза, липаза т.б. Бұл ферменттер топыраққа әсер етіп қиын сіңірімді заттарды жеңіл сіңірімді күйге ендіреді. Ал бастысы бұл органикалық бөлінулер тамыр жанында ризосферада орналасқан микроағзаларға жақсы қорек.
Өсімдіктің топырақтық қоректенуінде ризосфера ролі ерекше маңызды. Тіршілік процессінде өсімдіктер топыраққа әртүрлі улы заттар бөледі, ризосфералық микроағзалар болмаса өсімдік өзі шығарған удың жинақталуынан құрып кетеді.
Сөйтіп өсімдік қорегінде сыртқы ортаның көп факторлары үлкен маңызға ие. Өсімдік зат алмасуы ішкі процесстермен қоректенудің сыртқы жағдайлары арасында тығыз байланыс бар. Бұл біздің елімізде және елдерде жүргізілген көп зерттеулер арқылы дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |