Дәрістер
Дәріс 1
Тақырыбы: Кіріспе
Дәріс мақсаты: Агрохимия егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Агрохимия ғылымының даму тарихы туралы жалпы түсінік беру.
Агрохимия егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.
Агрохимия пәні зерттеу тәсілдері басқа ғылымдармен байланысы.
Агрохимияның даму тарихы.
Өндірістің дамуы және тыңайтқыштардың қолданылуы.
Агрономиялық химия ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректену
процесінде өсімдік топырақ және тыңайтқыштар арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Аса көрнекті агрохимик Д.Н.Прянишниковтың анықтауы бойынша агрохимияның негізгі міндеті – егіншіліктегі заттар айналымын зерттеп өнімді жоғарылатып, сапасын жақсартатын топырақпен өсімдіктерде жүретін химиялық процестерге ықпал ету. Адамзаттың бұл заттар айналымына ықпал етуінің негізгі жолы тыңайтқыштар. Басқа жолы бар ма? Минералды тыңайтқыштарды ендіру заттар айналымына жаңа қоректік элементтер ендіреді, ал органикалық тыңайтқыштар бұрын айналымда болған қоректік заттарды қайталап қолдануға мүмкіндік туғызады.
Қосарлы түрде органикалық және минералды тыңайтқыштар егіншілікті химияландырудың негізін құрады. Элементтердің тыңайтқыштармен топыраққа еніп оның өсімдіктермен сұрыпталуы басқа бірқатар процестермен күрделенеді: элементтердің топырақ кескінінен төмен шайылып жер асты суларына кетуі, атмосфераға буланып ұшуы, су және жел эрозиясымен жойылуы.
Сонымен қатар кейбір элементтер микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде атмосферадан топыраққа енеді. Алынған өнім тауарлық және тауарлық емес бөліктен тұрады. Калай түсінесіз? Тауарлық өнім шаруашылық территориясынан шетке сатылады, ал тауарлық емес бөлігі шаруашылық қажетіне пайдаланылғанымен оның құрамындағы элементтердің көп бөлігі топыраққа қайтадан қайтарылады. Сондықтан агрохимия заттар айналымына элементтер ендіргенде тауарлық өнім құрамындағы элементтерге көп көңіл бөледі.
Топырақта өсімдікке қажетті қоректік элементтер бірдей мөлшерде емес бұл қоректік элементтердің шаруашылықтағы айналым тепе-теңдігіне ықпал етеді, сондықтан заттар айналымын басқару өте күрделі сұрақ.
К.А.Тимирязев агрономиялық ғылымның 19 ғасырда дамуын қорытындылай келе егіншіліктің бүгінгі даму жетістігі агрономиялық химиямен өсімдік физиологиясының даму нәтижесі деп жазды. Ұлы ғалым «Өсімдік немен қоректенеді және оны қалай білуге болады?» міне тиімді егіншіліктің түбірлі сұрағы осы деді.
Сөйтіп жасыл өсімдіктердің қоректенуін зерттеу агрохимияны
өсімдік физиологиясымен байланыстырады, бірақ агрохимияның міндеті ауқымды ол зеттеумен шектелмейді осы процестерді реттеу, басқару өндіріс жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып сапасын жақсартуды қамтиды.
Топырақтың биологиялық, химиялық, физико-химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы топырақ құнарлылығын және ендірілген тыңайтқыштардың қозғалысын таниды. Бұл бөлім агрохимияны топырақ тану ғылымымен байланыстырады. Қоректік заттар динамикасының басты факторы топырақ өңдеу бұл агрохимияны егіншілікпен байланыстырады. Тыңайтқыштарды (жоғары) өсімдіктерде қолдану жүйесін құруды тиімді ысырапсыз жүргізу агротехникалық, ұйымдастыру, экономикалық, шаруашылықтық тәсілдерге сүйеніп жүргізіледі бұл агрохимияны өсімдік шаруашылығы экономикасымен байланыстырады.
Кез келген нақты ғылым ешқашан жабық кітап болып қалмайды. Әрбір жаңа ұрпақ өз беттерін жазып қалдырады, кейде жаңа теориялардың туындауына байланысты бұрынғы сұрақтар қайта қаралуы мүмкін, бірақ дәлелденген нақты фактілер өз күшін ешқашан жоймайды.
Біздің агрономиялық химия ғылыми мектебінің негізін қалаушы 20 ғасырдың аса көрнекті агрохимигі Дмитрий Николаевич Прянишников бұл ғылымды қарапайым және түсінікті түрде былай көрсетті: ол оны үш бұрыш түрінде бейнеледі, әр ұшында агрохимияның негізгі объектілері жазылған: өсімдік, топырақ, тыңайтқыш әрбір үш қалған екеуімен қарама-қарсы бағытталған екі стрелкамен байланысқан. Стрелкалар қарым-қатынасты білдіреді. Өсімдік – топырақ және тыңайтқышпен, топырақ - өсімдік және тыңайтқышпен, тыңайтқыш – топырақ және өсімдікпен қарым-қатынаста болады. Д.Н.Прянишников тыңайтқыш агрохимияның егіншіліктегі заттар айналымына араласуының ең күшті рычагы, онсыз өсімдіктің қоректену процестерін бағыттау, өнімнің сапасын жақсарту және топырақ құнарлылығына ықпал ету мүмкін емес деді.
Достарыңызбен бөлісу: |