АЛКИНДЕРДІҢ ЕРЕКШЕ, ТЕК ҮШ БАЙЛАНЫСҚА ТӘН ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ:
А/ НУКЛЕОФИЛДІ ҚОСЫП АЛУ РЕАКЦИЯСЫ / AdN / .
Б/ ҚЫШҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ жатады.
Нуклеофилдік қосып алу реакциялары:
А лкиндер нуклеофилдік реагенттермен /ROH; RCOOH; HCN/ әрекеттесуге алкендерге қарағанда бейімдірек. Оның себебі – үш байланыстың ерекшелігінде; SР – гибридтелуде электрон тығыздығы көміртек атомдарының арасына шоғырланады. Молекула түзу сызықтық құрылысында орналасқан. Молекуланың шет жағында электрондар аз, сондықтан нуклеофил көміртегінің ядросымен әрекеттесуге мүмкіндік алады.
этилвинилэфирі
AdN реакциясы AdE реакциясына ұқсас. AdN реакциясының жылдамдығы карбонион түзілетін сатымен анықталады. Екінші сатыда карбанион /СН ═ СНОС2Н3/ спирттің молекуласымен әрекеттесіп, протонды /Н+/ қосып алады да, винил эфиріне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |