1 НҰСҚА. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
1. Тест сұрақтары
1. Қандай элементтің атомдары сыртқы қабатының электрондық конфигурациясына 4s24p5 ие?
а) 35Br б) 7N
в) 33As г) 23V
2. Галогендер қай топтың негізгі топшасында орналасқан?
а)7 б)2 в)1 г) 5
3. IIА топ элементтері:
а) бор, алюминий, галлий, индий, таллий
б) көміртек, кремний, германий, қалайы, қорғасын
в) бериллий, магний, кальций, стронций, барий, радий
г) оттегі, натрий, күкірт, хром
4. Еріген заттың массалық үлесін қандай формуламен есептеуге болады?
а) б)
в) г)
5. Заттардың қайсысы жай затқа жатады?
а) РН3 б) Р4 в) Р2О3 г) P2O5 д) РСl3
6. Қосылыстар арасынан қышқылды көрсет:
а) NH3 б) Н2О
в) Са(ОН)2 г) HNO3
7. Төмендегі реакция теңдеуіндегі оттектің алдына қандай коэффициент қойылады:
CH4 + O2 → CO2 + H2O
а) 4 б) 2
в) 3 г) 5
8. Период нөмірі сәйкес келеді:
а) Электрондардың жалпы санына б) Сыртқы қабаттағы электрондар санына
в) Протондар санына г) Электрон қабаттарының санына
9. Мына әрекеттесулердің бірінде ион алмасу реакциясы газ бөле отырып аяғна дейін жүреді:
а) Cu(OH)2 + H2SO4
б) KOH + Zn(NO3)2
в) Na2CO3 + HCl
г) LiOH + H2SO4
д) MgCl2 + NaNO3
10. Тұз қышқылының формуласы:
а) H2SO4 б) HCl
в) HNO3 г) H2S
д) H2CO3
11. Кремний атомындағы электрон қабаттарының саны:
а) 1 б) 2 в) 3 г) 4 д) 5
12. Тотығу- тотықсыздану реакциясына жататын реакция:
а) NaJ + AgNO3 → NaNO3 + AgJ.
б)2 Na2S + AgNO3 → NaNO3 + Ag2S.
в) J2 + HNO3 → NO + H2O + HJO3.
г) Na2CO3 + HNO3 → NaNO3 + C + H2O.
д) KOH + HCl → KCl + H2O
13. Келтірілген теңдеулердің ішіндегі айырылу реакциясын көрсетіңдер:
а) 2C+O2=2CO
б) 2H2+O2=2H2O
в) Cu(OH)2=CuO+H2O
г) H2+Cl2=2HCl
14. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстарын ата:
а) Гидроксидтер
б) Сутек
в) Оксидтер. Қышқылдар. Негіздер. Тұздар
г) Металдар
15. Тұздар гидролизі
а) Тұздардың сумен әрекеттесуі
б) Тұздардың қышқылмен әрекеттесуі
в) Тұздардың негіздермен әрекеттесуі
г) Тұздардың оксидтермен әркеттесуі
2. Реакцияны жүзеге асыр:
Fe → FeSO4 → FeCl2 → Fe
P → Ca3P2 → PH3 → P2O5
3. Төмендегі тотығу-тотықсыздану реакциясын электрондық баланс әдісі арқылы теңестір
HNO2 + HI = NO + I2 + H2O
4. Есепті шығар
1. 1,2 г магний тұз қышқылымен артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж.) көлемін (л) есепте.
2. 42 г темірді 58 г күкіртпен қосып қыздырғанда түзілген темір(ІІ) сульфидінің массасын (г) тап.
3. 16 г мыс сульфаты 12 г темірмен әрекеттескенде түзілген мыстың массасын (г) тап.
4. С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О реакциядағы оттегінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы ...
5. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде алынған хлорсутектің зат мөлшерін (моль) есепте.
6. 16 кг 20% -ті күкірт қышқылынан тұз алу үшін қажет калий гидроксидінің массасы (кг)
7. Массалық үлесі 0,06 немесе 6 % массасы 230 г калий нитратының ерітіндісін дайындауға қажетті су мен калий нитратының массаларын есептеңіздер
8. 1,6 г фосформен әрекеттесетін оттегінің (қ.ж.) көлемін (л) есепте.
9. 25 г мыс хлориді мен 40 г натрий гидроксидінің әрекеттесуінен түзілген натрий хлоридінің зат мөлшерін (моль) есепте.
10. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса,температураны 1500 С-дан 2000 С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы ... артады
Достарыңызбен бөлісу: |