Дәріс Кездейсоқ оқиғалар. Элементар оқиғалар кеңістігі. Ықтималдық



жүктеу 0,72 Mb.
бет1/21
Дата14.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#40620
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
1. 1 Д ріс Кездейсо о и алар. Элементар о и алар ке істігі. Ы т


1.1 Дәріс 1. Кездейсоқ оқиғалар. Элементар оқиғалар кеңістігі. Ықтималдық
Дәріс мазмұны: ықтималдықтар теориясы пәні. Элементар оқиғалар кеңістігі. Оқиғалар алгебрасы. Ықтималдықтың анықтамалары.
Дәріс мақсаты: ықтималдықтар теориясы пәні мен негізгі ұғымдармен танысу.
Өмірде болып жатқан оқиғаларды соңы немен аяқталатынын болжап білу мүмкін және мүмкін емес деп бөлуге болады. Ағаштан жасалған кубикті суға лақтырғанда ол міндетті түрде су бетіне қалқып шығады. Бірақ кубиктің жоғарғы жағында қанша ұпаймен шығатынын болжау мүмкін емес. Егер тиынды бір рет лақтырса, онда елтаңба немесе цифр түсуі алдын-ала белгісіз. Бірақ тиынды көп рет лақтырсақ, жобамен жартысында елтаңба, жарты жағдайда сан түсуі мүмкін. Сонымен, қандай да бір заңдылық пайда бола бастайды. Ықтималдықтар теориясы – кездейсоқ құбылыстардың заңдылығын зерттейтін математикалық ғылым. Ол құбылыстарды емес, оның математикалық моделдерін қарастырады. Ықтималдықтар теориясында оқиға - басты ұғым.
Анықтама.
Кездейсоқ оқиға деп берілген шарттар жиынтығында орындалуы да, орындалмауы да мүмкін оқиғаны айтамыз; бұл шарттар жиынтығы сынақ немесе тәжірибе делінеді.
Ықтималдықтар теориясында жиындар теориясының аппараты қолданылады, кездейсоқ оқиғалар жиындар сияқты латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді  , т.с.с.
Мысалы 1.1.1 – «Ойын сүйегін лақтыру» сынағын қарастырайық. Келесі кездейсоқ оқиғалар болуы мүмкін: А – 2 ұпайдың түсуі; В – ұпайлар саны тақ болып түсуі; С – 9 ұпайдың түсуі; D – бүтін ұпайлар саны түсуі.
Анықтама.
Тәжірибенің мүмкін болатын нәтижесі элементар оқиғалар
деп аталып, деп белгіленеді. Элементар оқиғалардың жиыны элементар оқиғалар кеңістігі деп аталып, деп белгіленеді.
Сонымен, кез келген А жиыны  ішкі жиыны деп қарастыруға болады:  . Әр есепте  әртүрлі.
Мысалы 1.1.2 – Жоғарыда келтірілген мысалда ойын сүйегін лақтырғанда 6 элементар оқиғалар болуы мүмкін:  , мұндағы  - лақтыру кезінде  ұпайының түсуі. Сонымен, бұл есепте элементар оқиғалар кеңістігі немесе  . А кездейсоқ оқиғасын – 2 ұпайдың түсуін  ішкі жиыны деп қарастыруға болады:  ; сол сияқты  .
Анықтамалар.
1. Егер тәжірибе нәтижесінде оқиғаның алдын ала орындалмайтыны
белгілі болса, онда ол оқиға мүмкін емес деп аталады. Белгіленуі  - бос жиын.
2. Егер тәжірибе нәтижесінде оқиғаның міндетті түрде орындалатыны
белгілі болса, онда ол оқиға ақиқат деп аталады. Ақиқат оқиға  -мен беттеседі.
3. Егер тәжірибе нәтижесінде бір оқиғаның пайда болуы екіншісінің
пайда болуына әсер етпесе, онда бұл оқиғалар үйлесімсіз деп аталады, қарсы жағдайда – үйлесімді. Егер бірнеше оқиғалардың кез келген екеуі үйлесімсіз болса, онда олар жұбымен үйлесімсіз.
Егер оқиғалардың пайда болуға мүмкіндіктері бірдей болса, олар бірдей мүмкіндікті делінеді.
4. Егер бірнеше оқиғалар үшін келесі шарттар орындалса:
а) олар жұбымен үйлесімсіз;
б) әрбір тәжірибе нәтижесінде тек бір оқиға пайда болса,
онда бұл оқиғалар толық топ құрайды.
Сонымен, бірінші мысалда С оқиғасы - 9 ұпайының түсуі, мүмкін емес: С= ; D оқиғасы – бүтін ұпайлар саны түсуі, ақиқат:  ; А және  оқиғалары үйлесімсіз; А және D үйлесімді.  оқиғалары бірдей мүмкіндікті және толық топ құрайды.

жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау