15
тағы бір нәтижелері ол бірнеше еңбектер жазып қалдырды. Мысалы, 1947 жылы
”Поиски алколоидоносных растении”, 1975 жылы “Заветные травы”.
Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты ол илік
өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған
1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі
ең маңыздысы Алтайда өсетін Бадан (Bergenі) Тасжарғандар (Saxifragaceae
Камнеломковые) тұқымдасынан. Илік өсімдіктер туралы алғашқы ғылыми еңбек
жазғандар :
1) В.П. Марков (1923) Исследования дубильных растении центрального Алтая
Изв Томского технологического инститта т.43, Вып 1, с 40-56
2) А.С. Каримов Дубильное растения Казахстана Алма-Ата 1932, 47с.
Кейінірек 1950-1970 жылдары илік затты өсімдіктерді зерттеу ботаникалық
ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарының бірі
болды.
1930 жылдары отанымызда көксағызды (каучук өсімдіктер өте қажет болды.
Соған байланысты 1930 жылы С.С. Зарецким күрделігүлділер тұқымдасынан
жергілікті жердің тұрғыны Дайрбеков Тұрғанның көмегімен тау-сағыз (Scozonela
L- козлец) өсімдігін Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдарья Қаратауында ) тауып
ұсынды.
1930 жылдары талшықты өсімдік ретінде Кендір (Arocynym) туысы
өсімдіктері кеңінен зерттеле бастады. Соңғы жылдары бұл туыстың
өсімдіктерінен жүрек гликозидтері алынатын болды.
Кендір өсімдіктері туралы жазылып жарық көрген Ф.Н. Русановтың (1930)
және Е.Тюрк, Ф.Н. Русановтың (1934) мақалаларын атауға болады.
Қазақстанда
өсімдіктер
ресурстарын
зерттеу
нәтижелерін
бірінші
жарияланған Н.И. Рубцов (1934). Ол жұмыстың аты “Дикорастушие
лекарственные, технические пищевые растения западного Казахстана” Алма-Ата
1934, 31с.
1938 жылы В.С. Корнилова Шығыс Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін
зерттеуді бастады.
Жалпы ССРО ғылым академиясының Қазақстан филиалының Ботаника
секторында Н.В. Павловтың бастамасы бойынша Республиканың пайдалы
өсімдіктерін жоспарлы зерттеу жұмыстары басталды. Сол жұмыстардың
нәтижесінде Н.В. Павлов 1942 “Дикие полезние и технические растения СССР”
деген 640 беттік кітапты Москвадан шығарды, ал одан кейін 1947 жылы
“Растительные русурсы Южного Казахстана” деген 203 бет сол жылы
“Растительное сырье Казахстана” М.П. деген 550 беттік монографиясын Москва
Ленинградта
бастырып
шығарды.
Н.П.
Павловтың
жазған
бұл
монографияларында өте бағалы өзінің құндылығын осы уақытқа дейін
жоғалтпаған мәліметтер келтірілген.
Н.В. Павлов “Растительное сырье Казахстана” деген 1947 жылы шыққан
монографиясы үшін мемлекеттік сыйлық алды.
Академик Н.П. Павловтың қалдырған үлкен ғылыми мұрасы Қазақстанда
Ботаникалық ресурстану ғылымының ары қарап қарқынды дамуына негіз болды.
Соның нәтижесінде 1956 ж Қазақ ғылым академиясының Ботаника институтының
16
құрамында арнайы бөлім ашылып оның ұйымдастырушысы және 20 жылдай
басшысы Н.В. Павловтың шәкірттерінің бірі проф Михаийлова болды. Осы
жылдары құрамында 15
% жоғары таниндері бар өсімдіктердің 95 түрі анықталды
олардың негізгілері таран (Polygonum -борец), Рауғаш (Rheum- Ревень),
қымыздық (Rumex Шавель) туыстарының өкілдері.
Таниндердің биологиялық ерекшеліктерін сандық және сапалық құрамын
табиғи популяцияларының болуын есептеп ең бағалы деп илік таран (Polygonium
coririum Coriu – Горец дубильный), Бухара тараны (Polygonium bucharifum Ceriy –
Горец бухарский) , Тянь-Шань қымыздығы (Rumex tianchanicus A.Los – шавель
Тянь-Шаньский), Татар рауғашы (Reum tataricum L. – Ревень татарский)
саналады.
Алғашқы 3 түрдің өндірістік өсірілуі мүмкін екендігі дәлелденді. Өйткені
олардың жер асты мүшелерінің түсімділігі артып олардың құрамындағы илік
заттардың мөлшері жоғары болады.
Polygonaceae тұқымдасы өкілдерінің тамырларында болатын илік заттардың
химиялық құрамы кеңінен зерттелді (Чумбалов, Мухамедиярова, 1962, Нургалиев,
1968, Байгозина, 1968) Тамырлық илік заттармен қатар Қазақстан флорасында
жапырақтарында илік заттары бар өсімдік түрлері бар. Мысалы Дөңшіл қазтамақ (
Geeranium collinium Steph- Герань холмовая). Құрамында танинды заттары бар
өсімдіктерді көпжылдық зерттеу нәтижесінде В.П. Михайлованың (1968) және
А.С. Алюкинаның (1977) монографиясы жарияланды.
Кәдімгі қамыс (Phragmites communis Trin – тростник обыкновенный) бағалы
шикізаттық өсімдіктер қатарына жатады. Оның жер бетіндегі мүшелерінің
малазықтық қасиеті бар, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады және қағаз
шығару үшін целлюлоза алу үшінде қолданылады. Оның осындай пайдалы
өсімдік екендігіне байланысты оны зерттеу жұмыстары Сырдария, Шу өзендері
аңғарларында және Алакөл, Сасықкөл көлдерінің жағалауларында жүргізілді.
Әсіресе егежей-тегежейлі кәдімгі қамыс Сырдария өзенінің аңғарларында
зерттелді. Оның биологиялық ерекшеліктері фенологиясы, көбею тәсілдері және
түсімділігінң
динамикасы
анықталды.
Осы
жүргізілген
жұмыстардың
нәтижесінде шаруашылық мекемелерінде кәдімгі қамыстың популяциясын сақтау
және тиімді пайдалану туралы ұсыныстар берілді. Мысалы Исамбаевтың
докторлық диссертациясы (1994).
1960 жылдан бастап дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу басталды. Алғашқы
зерттелген дәрілік өсімдіктер қатарына мысалы Қырықбуын қылшаны (Ephedra
equisetina – хвойник- хвощевный), Тегеурінгүлді (Delphinium – живкость ), кәдімгі
адраспанды (Peganum narmala – Гармала обыкновенная ) және қоянжапырақты
(Lagoschillis -заяцегуб) жатқызуға болады. 1966-1972 жылдары Алматы
облысының таулы және шөлді дала аудандары флорасындағы дәрілік
өсімдіктерде биологиялық белсенді заттардың бар жоқтығын зерттеудің
нәтижесінде болашағы бар алкалоидты, флаваноидты, кумаринді өсімдіктер
табылды, ол мәліметтер 1972 жылы "Лекарственные растения" деген кітапта
жарияланды.
1958 жылдан бастап Мия туысының дәрілік және техникалық түрлері
жоспарлы түрде терең зерттеле бастады. Мия тамырына сұраныс артуына