12
Екінші жағдайда медицина және ауылшаруашылығына қажеттілігін ескере
отырып флораға инвентаризация жасалып керекті белсенді заттар ізделді.
Бұған жатқызуға болады мысалы: 1) этноботаникалық мәліметтерге анализ
жасау жобаланды. Яғни жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін
пайдаланатын туралы мәліметтерді жинап анализ жасау. 2) Ресми
қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін зерттеу. Өйткені
ол өсімдіктерде де сондай биологиялық белсенді заттар синтезделуі мүмкін.
Кез-келген жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу мынандай
мәліметтерді қамту керек.
1) Ең алдымен дәрілік өсімдік туралы және оның қасиеттері туралы
мәліметтер жиналады, мысалы әртүрлі әдебиеттерден оның таксономиясы
анықталады.
2) Өсімдік түрінің немесе оған жақын түрлердің химиялық құрамы,
фармакологиясы туралы мәліметтер жиналады.
3) Өсімдік түрінің эколого-фитоценологиялық ерекшеліктері туралы,
географиясы туралы мәліметтер жиналады.
4) Табиғатта өсімдік немесе оның жеке мүшелерінің үлгілері олардың
құрамындағы шипалық қасиеттері бар заттарға химиялық анализ жасалады.
5) Фармакологиялық сынақтан өткізіп, препарат өндірудің технологиясы
жасалады.
6)
Табиғи фитоценоздар жағдайында өсімдіктің биологиялық
ерекшеліктері
жан-жақты
зерттеледі,
әсіресе
өсімдіктің
эколо-
фитоценотикалық бейімдеушілігіне көңіл аударылады.
7)
Табиғаттағы фитоценоздарда қажетті өсімдіктің доминант екендігі
анықталып ол фитоценоздарға және өсімдік популяцияларының жастық
құрамына сипаттама беріледі. Экологиясы және фитоценотикалық
оптимумдары анықталады.
8)
Биологиялық және өндірістік қорлары анықталады.
9)
Табиғаттағы қоры тиісті категорияға жатқызылады.. Негізгі үш
категориялар бар: 1) Зерттеуші түрдің жер бетін жабу процесі 20% болса
сор
3
( пайдалануға ыңғайлы жерде ).
2) 5-14 % болса сор
2
( пайдалануға №1 қарағанда ыңғайсыздау.
3) 1-4 % болса сор
1
( жинауға өте қиын жерде ).
Өте жиі медицинада немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға
перспективалы кейбір өсімдік түрлері табиғатта қалың болып өспейді, яғни әр
жерде біреуі жинауға қолайсыз, жерлерде өседі. Мұндай жағдайдларда ондай
өсімдіктерді екпе жағдайда өсірумен айналысу керек. Екпе жағдайда өсіруде
оңай емес, ол үшін тұқымды себу нормасын кезеңін және алғашқы
агротехникасын игеріп білу керек. Бірнеше жыл осы өсімдіктің өсу және даму
ерекшеліктерін зерттегеннен кейін оның шикі затының және тұқымының
өнімділігі даму кезеңдерін өну ерекшеліктерін, өнімділігін, химиялық құрамы
табиғи фитоценоздарда және екпе жағдайында салыстырмалы зерттеліп оның
таза жағдайда бейімдеушілік мүмкіншіліктері анықталады. Тек содан кейін оң
мәлімет алынса өндірістік плантациялар жасауға, көшуге болады. Сонымен
13
өндірістік плантациялар жасау көпжылдық көп еңбек сіңіруді қажет ететін
процесс.
Иллюстрация лық материалдар
1. Құрамында көксағыз бар өсімдіктер гербариі
2. Атлас ареалов и ресурсов лекарств растении
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1) Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеу бағыттары.
2) Жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеуге қажетті мәліметтерді білу.
Ұсынылған әдебиеттер
1) Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана учебник Алматы,
ғылым, 1999 160с.
2) Руководство по работе с лекарственнымы растениями Алматы, 1999, 232с.
14
Äәріс 4. Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және игеру
тарихы.
Мақсаты: Қазақстандағы пайдалы өсімдіктерді зерттеуге еңбек сіңірген
ғалымдардың
еңбектерімен
және
шикізаттық
өсімдіктерді
зерттеудің
кезеңдерімен таныстыру.
Кілттік сөздер: гуттаперча, көксағыз, анабазин, эфедрин, поликардин, элатин.
Негізгі сұрақтар:
1) Қазақстандағы Ресурстану саласындағы ғлыми-зерттеу жұмыстарының
алғашқы бағыттары П.С. Массагетов және А.П. Марков жұмыстары
2) Академик Н.В. Павловтың негізгі еңбектері
3) Құрамында 15
%-дан жоғары таниндері бар өсімдік түрлері және олардың
ерекшеліктері
4) Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің кезеңдері (проф М.К.
Кукенов бойынша)
Қазақстанда табиғи-климаттық жағдай әртүрлі шығыстан батысқа дейін яғни
Алтайдан Каспиге дейін және Оңтүстік Қазақстан нан (Шымкент) Солтүстік
Қазақстанға дейін (Петропавлск) аралықтарда көз алдарыңа елестетсеңдер
Қазақстанның табиғаты, топырағы климаты әртүрлі екендігін түсіну қиын емес.
Топырағы және климат жағдайы әртүрлі Қазақстан пайдалы өсімдіктерге өте бай.
Оларды зерттеу және игеру тарихы ертеден басталады.
Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық
уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді пайдалану
бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.
Шикізаттық өсімдіктердің бір топтары жеткілікті зерттелген, ал екіншілерін
зерттеу жалғасуда және солармен бірге үшінші бір топтарын шаруашылықта
игеру мәселелерін шешу мақсаттары туындауда.
Өте жиі жақсы зерттелген пайдалы қасиеттері белгілі өсімдіктердің басқа
пайдалы қасиеттері ашылуда. Мысалы құрамында глициризин қышқылы бар мия
туысы (Glycyrrhiza) өсімдіктерінің медицинада пайдалануға болатын жаңа
мүмкіншіліктері ашылуда. Қазір мия туысы өсімдіктері өзінің шипалық қасиеті
жағынан бірінші орында тұр деп айтуға болады. Соңғы жылдардағы шетел
ғалымдарының мәліметтері бойынша миядан алынған кейбір препараттарды
СПИД-ке қарсы пайдалануға болады екен. Демек Қазақстанның өсімдіктер
әлемінің әлі ашылмаған потенциалдық мүмкіншіліктері өте мол, оларды зерттеп
ашу келешектің мәселесі. Қазақстанның өсімдіктер ресурстарын жоспарлы түрде
зерттеуді 1920 жылдары П.С.Массагетов бастады. Массагетов өсімдіктер
ресурстарын тиімді пайдалану варианттарын іздеді.1921 жылы Массагетов
Алтайдан Жетісу арқылы Өзбекстанға дейін дәрілік және улық қасиеттері бар
өсімдіктерді іздестірді.
Массагетов 1926 жылы дәрмене жусанының (Artemisia cina) және
бұйырғының (Anabasis) популяцияларын зерттеді. Массагетовтың көпжылғы
экспедицияларының нәтижесінде анабазин, эфедрин, поликардин, элатин және
т.б. жаңа заттар алынатын шикізаттар өндіріске енгізілді. Оның жұмыстарының