Дәріс Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау Мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет4/28
Дата15.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#13603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

 

 



флорасында  коксағызды  (каучук)   илік  заттары    бар,  шырышты    өсімдіктер  

табылды.  

Қазақстан      флорасында    халық    медицинасында  кеңінен    белгілі      шипалық  

қасиеті  бар      өсімдіктерді  әсіресе,  жүрек-қан    тамырлары,  өт  айдайтын,  ісікке  

қарсы   қолданылатын   өсімдіктерді  іздеуге   үлкен  көңіл  бөлінді.  

Сонымен      ресурстанудың      өз  алдына    дербес    ғылым    саласы  екендігі  

дәлелденген    деп    санауға    болады. " Өсімдіктер    ресурсы"  деген    терминді  

А.Федоров (1965)  былайша    түсіну  керек    деп    санайды. " Өсімдіктер    ресурсы  

дегеніміз  бүкіл  флорадағы  және  жер  шарындағы  өсімдіктер  жамылғысындағы 

бар  потенциальдық   байлық. 

Д.С.  Ивашиннің  (1969)  анықтамасы    бойынша  " Өсімдіктер  ресурсы" - 

ботаникалық    ресурстанудың    зерттеу  объектісі,  ол    объект    өсімдіктер  

құрамындағы   заттарын  яғни  бүкіл  флора  және  өсімдіктер  жамылғысындағы   

бар  байлықты  қамтиды.  

«Ботаникалық  ресурстану»  өзінің  зерттеулерін  әртүрлі  деңгейде  жүргізеді. 

Мысалы  молекулалық,  ұлпалық,  мүшелік.  Организмдік  популяциялық,  түрлік, 

ценотикалық,  биогеографиялық.  Молекула  деңгейінде  ботаникалық  ресурстану 

мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі. 

Клетка  және  ұлпа    деңгейінде  анатомия,  гистохимия  және  эмбриология 

көмегімен  шешіледі.  Мүшелер  деңгейінде - морфология  көмегімен  организм 

деңгейінде-  физиологиялық  және  өсімдік  шаруашылығы  туралы  ғылымдар 

көмегімен шешіледі. Популяция деңгейінде тәжірибелік  систематика көмегімен. 

Түрлік  деңгейде  систематика  және  филогения  көмегімен.  Ценогенетикалық 

деңгейде - фитоценология  көмегімен  шешіледі.  Бұл  жоғарыда  айтылғандардан 

«Ботаникалық  ресурстану»  өте  кең  спекрлі  өте  нәзік  химиялық  анализден  жер 

шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер 

пайдаланытынын айқын көруге болады. 

Иллюстрациялық материалдар:     

Павлов  классификациясы  бойынша            әртоптан    бір  өсімдік  гербариін 

көрсету. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары. 

1.  Ботаникалық  ресурстану  ғылымының  қалыптасуына  еңбек  сіңірген 

ғалымдар. 

2. Пайдалы өсімдіктер класификациясы 

3.  Ботаникалық  ресурстану  ғалымы  өзінің  зерттеулерін  әртүрлі  деңгейде 

жүргізуі туралы. 



Ұсынылған әдебиеттер:  

1. 


Кукенов  М.К.  Ботаническое    ресурсоведение  Казахстана    учебник  

Алматы, Ғылым, 1999, 160с 

2. 

Бекенов А, Есжанов Б,  Махмутов С.  Казақстан  сүтқоректілері  



     Алматы, Ғылым 1995-380б.  

Дәріс 3.  Қазақстанда  өсімдіктер    ресурстарын    тимді    пайдалану  және   

бұл  саладағы   ғылыми   зерттеу   жұмыстарының   бағыттары, этаптары 

Мақсаты:  Қазақстандағы  өсімдіктер  ресурстарын  зерттеу  жұмыстарының 

бағыттарымен,  шикізаттық  өсімдіктермен,  шикізаттық  өсімдіктерді  зерттеудің 




 

 



негізгі  жолдарымен  және  жаңа  дәрілік  өсімдіктерді  зерттеуге  қажетті 

мәліметтермен таныстыру. 



Кілттік сөздер: Илік заттар, көксағыз, глицеризин, этноботаника 

Негізгі  сұрақтар:  1)  Өсімдіктер  ресурстарын  зерттеу  жұмыстарының 

бағыттары 

2) Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары 

3) Жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары. 

 

1. Ресурстану  ботаника  ғылымының   жас  бір саласы  болып  табылады. 1917  



жылға  дейін  Қазақстанда    өсімдіктер    ресурстарын    зерттеу    жұмыстары 

жүргізілген жоқ  деп айтуға  болады.  

Қазақстанда  ботаника    саласындағы      зерттеу      жұмыстарын    екі  кезеңге 

бөлуге  болады: 

1) Бірінші кезеңге  Россияның  Европа   бөлігінен келген  

(  Петербург,  Москва    және  т.б.)  ғалымдардың    ұйымдастырып    жүргізген 

жұмыстарын  жатқызуға болады. 

2)  Екінші  кезең  1920  жылдан    басталады  деуге  болады.  Бұл    кезеңге   

жергілікті Орта Азияның және Қазақстанның   ғылыми     мекемелерінің  әсіресе 

СССР    ғылым  академиясының  Қазақстандағы    ашылған    филиалының  

жұмыстарын  жатқызуға болады. 

1917  жылға    дейін    Россияда    өсімдіктер    байлығы    өте    аз    және      тиімсіз 

пайдаланылды.  Ол  кезеңде    Россияда      белгілі    дәрежеде  тек    орман  өндірісі  

дамыған еді.  

Россияда   табиғи   шалғындықтар  және  жайылымдықтар кеңінен  зерттелді 

іргелі еңбектер  кеңінен   жарияланды. Мысалы бұл саладағы іргелі еңбектерден 

«Шабындық  және  жайылымдық»  деген  кітап 1950-1958 жылдары  ғана 

жарияланды.  Авторлары    И.В.  Ларин,  И.В.  Цаценкин,  Т.А.  Работнов.  Басқа   

топтардың  өсімдіктері      салыстырмалы    аз      зерттелді  және      пайдаланылды. 

Дәрілік  өсімдіктер   аз    зерттелгенмен жиналды,   тіпті  кейбір   түрлері  екпе  

жағдайда  өсірілді.  

1920-1930  жылдардан    бастап өсімдіктер  ресурстарын  зерттеп  және  игеру  

жоспарлы  жүйелі    түрде    жүргізілді.  Мысалы 1921-1962  жылдары " Химия-

технологиялық  анықтаманың-12  томы    баспадан  шықты. 1934  жылы  ССРО 

ғылым    академиясының    Ботаника    институтында ( Ленинград)  алғаш    рет "  

Өсімдіктер  ресурстары"  деген      бөлім    ашылды.  Ол    бөлімді    Б.Н.Кропотов  

басқарды.  Алғашқы    кезде    бұл    бөлім    талшықты      өсімдіктерді    іздеумен  

айналысты,  ол    үшін    арнайы  технологиялық  лаборатория  ашылды.  Кейінірек  

бұл    бөлім    нағыз        ресурстармен    айналысатын      болып    одақтық  

республикаларда  осы    салада    жұмыс      жасайтын      топтар,  ал    сосын 

лабораториялар    ашылды.  Мысалы  Азербайжанда    А.А.  Гросгеим,  Л.И. 

Прилипко  және  т.б., Туркменстанда  О.А. Эндем, В.Н. Минервин,  Л. В. Березин  

және  т.б.,  Өзбекстанда    В.С.Титов,  И.И.  Гранитов  Ф.И.  Русанов    және  т.б, 

Қырғызстанда И.В. Выходцев, М.М. Советкина, Е.В. Никитина,  Қазақстанда Н.В.  

Павлов, В.П.  Михайлова,  Сібірде   В.В. Ревердатго  және т.б, Украйнада  М.И. 

Котов    және  т.б.  ғылыми    жұмыстарға    жетекшілік  етеді.  Сол    ғалымдардың 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау