Аналитикалық (тергеулі-себептілік) топталу зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы бағыттары мен байланыс формаларын және барын анықтау үшін қолданылады. Аналитикалық топталу сипаттамалық белгілері бойынша сапалы және сандық болады.
Құрылу қиындығы бойынша топталудың екі түрі бар: жай және құрастырылған. Жай топталудың көмегімен белгілі бір белгілері бойынша топталған құбылыстар арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Ал құрастырылғын топталуда бұндай бөлінілулер алдымен бір белгісі бойынша, содан соң әрбір топ ішінде басқа белгілері бойынша жүргізіледі. Осылайша екі деңгейлі, үш деңгейлі топталу құрастырылуы мүмкін. Олар әртүрлі және күрделі өзара байланыстарды зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ олардың елеулі кемшілігін айтып кеткен жөн. Бұндай топталуларды құрастыру жоғарғы еңбек сыйымдылығымен және алынған нәтижелер өте қиын қабылдануымен ерекшеленеді. Сондықтан күрделі өзара байланыстарды зерттеу үшін бұл топталуды бірнеше жай топталумен алмастырған жөн.
Топталуды құрастыру кезінде жиынтықтарды топқа бөлуге, топ санын және олардың арасындағы аралықтарды таңдауға шын қарау керек, өйткені талдау нәтижелері осыған байланысты қатты өзгеруі мүмкін.
Топталуды құрастыру әдісін келесі алгоритм арқылы қысқаша анықтауға болады:
талдау мақсатын анықтау
барлық жиынтық обьектілер бойынша керекті мәліметтер жиыны
топталу белгісі үшін таңдалуы бойынша жиынтықтарды тізімдеу (ранжиорвание)
жиынтықтарды үлестіру және оларды топтарға бөлуі бойынша аралықты таңдау
орташа топталған көрсеткіштерді топтамалық және нақтылық белгісі бойынша анықтау
алынған орташа шамалардың талдауы, өзара байланысты анықтау және нақты көрсеткіштердің зерттелетін нәтижелерге ықпал ету бағыттарын анықтау.
Құрастырылған топталуды құрастыру жағдайында бұл алгоритм төртінші және бесінші пункттерінің қайталануынан(бірнеше рет) ұлғаяды.
Қорытынды
Шаруашылық қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшінкеңінен қолданылады. Шаруашылық нәтижелерге және резервтерді есептеуге әсер ететін факторларды зерттеу үшін талдауда келесідей әдістер пайдаланылады: тізбектік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде, өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады. Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекция материалдарын игеру үшін экономикалық талдаудың - салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар тәсілдеріне көңіл бөлу қажет және де экономикалық талдаудың - тізбектік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде, өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы сияқты әдістерін жетік білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |