Абсолютті шамалар құбылыстардың сандық өлшемін өлшем бірлігінде, салмағында, көлемінде, бойында, алаңында,құнында және басқа құбылыстардың өлшеміне қатыссыз көрсетеді.
Қатысты көрсеткіштер басқа уақыт немесе басқа обьект бойынша алынған зерттелетін құбылыстардың басқа құбылыстардың шамасымен немесе осы құбылыс шамасымен арасалмағын көрсетеді. Қатысты көрсеткіштер салыстырмалы базаға қабылданатын бір шаманы басқа шамаға бөлу нәтижесінде алынады. Олар жоспардың, базистік жылдың, басқа кәсіпорынның мәліметтері болуы мүмкін. Қатысты көрсеткіштер коэффициенттер (1базада) немесе пайыздар(100 базада) формасында көрсетіледі.
Шаруашылық қызметті талдауда қатысты шамалардың әртүрлі көрінісі қолданылады: жоспарлы тапсырыс, жоспарды орындау, динамика, құрылымдар, үйлесімділік , қарқындылық, тиімділік.
Достарыңызбен бөлісу: |