Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет235/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   363

481 

 

Насыпханқызы А.А 



№ 134«Гауһар» балабақшасы 

 

 



 Бала -басты  байлығымыз .Ал ең асылымыз –оның тәрбиесі  болашақта ел тізгінің ұстар  

азаматтар –бүгінгі  болашақ ұрпақтар Елбасымыз  Н .Ә. Назарбаевтың  « Ұлт болашағы  білімді 

ұрпақ қолында» деп айтқан  сөзі бизге жарқын болашаққа апарар  жолды меңзеп тұрғандай 

.Шын мәнәнде  бүгінгі жас –ертеңгі   елдің  мызғымас  тірегі ,  келешек келбеті. Сол себеті  

олардын  білімді ,  бәсекеге  қабілетті , жан -жақты  әлеуметтенуі  ел дамуындағы  аса  маңызды 

фактор  болып  табылатыны анық. Бала  тәрбиесі –игілікті іс. 

Берері де , сұрауы да , жемісі  де  мол тәрбие  саласының  ең өзектісі . 

Халықта « Ағаш түзу өсу үшін  оған көшет  кезінде  көмектесуге болады, ал  үлкен ағаш  

болғанда    оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер    айтылмаған  .Сондықтан    баланың    бойына  

жастайынан  ізгілік , мейрімділік , яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп , өз –өзіне  

сенімділікке  тәрбиелеуде  отбасы  мен  тәрбиешілердің  шешуі  роль  атқаратыны белгілі. 

 Бүгінгі  ұл –ертеңгі  әке,  ол әкеге қарап   өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі  ана,  ол шешеге  

қарап    өсіп  ,  бой    түзейді.  Балаға  білім  ,  тәрбие    беруде    басты    тұлға  ұстаз    болса  ,  оны 

жалғастырушы  ,    демеуші  –ата  –ана    және  қоғам  .  Балабақша    өмірі,    бала  тұлғасын  

әлеуметтендіру  проблемасы  әріптестік  педагогиканы  талап етеді.Және балабақша  мен ата-

ана , қоғам  бірлескен  кезде  ынтымақ  бар жерде  тәрбие де бар .Ынтымақ  бар жерде  береке 

,  бірлік те бар . 

 Баланың    бойында    адамгершілік    қасиеттердің    негізгі    отбасында    қалыптасады. 

Отбасындағы  адамдармен  қарым –қатынаста  бала  мәдениетті  үйренеді , жеке  адамға тән 

ар-ұят , ақыл –ой адагершілік  қасиеттерде  қалыптасады.Осыған орай  кез келген  бүлдіршін  

үшін    бала    бақша    тәрбиесі    ата-анадан    тәлім  –тәрбиені    одан  әрі    жаклғастырып  ,  

жандандырары  сөзсіз. Дер кезінде  алынған  мекетепке  дейінгі  білімнің  әр бүлдіршін  үшін  

маңызы зор. 

  Ел  басымыз  Н.Ә.  Назарбаев    өзінің  «  Қазақстан  болашағымыз  –қоғамның    идеялық  

бірлігінде» атты  еңбегінде « Ұлттық мәдениетке ,  ана тілге  еркіндік беру , оны  тәлім –тәрбие  

құрылымына  айналдыру  ,    тәрбие  мәселесінде    ұлттық    ізгілік  пен    өркениетті    әлемдік  

имандылық  үрдісінің  ортақ  мүддесін жаппай  сезіну  және оны  кіріктіре  пайдалану  арқылы 

іске асыру керек»-деп  атап өткен . 

Мұндай  тәрбие    жұмысын    әдетте    мектепке  дейінгі    тәрбиеден  ,  яғни    балабақшадан 

бастаған дұрыс. Әдетте  адамның  жеке басының  қасиеттері  бес жасқа  дейін қалыптасады 

екен  .  Сондықтан    баланы  жан-жақты    қалыптасуы    үшін  мектеп  жасына    дейінгі  

бүлдіршіндердің  бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу керек. Бала әр нәрсеге  

құмар  ,  қызыққыш,    ол  өзінің    болып  жатқан  өзгерісті  ,  тамаша    құбылыстарды    сезінуге  

тырысады.Оның  жан жақты  дамып  жек  тұлға болып  тәрбиеленуіне , тілінің  дамуына  ең 

алдымен  ата-анасы  міндетті. Бала үшін дүниеде  ең жетілген , білімді де  мәртебелі  адам –

оның  ата-анасы . Жас  баланың дамуында  ата-ананың орыны ерекеше , сондықтан  ата-ана  өз 

отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше тудырмауға  тырысу қажет . Ата аналар 

балаға    отбасылық    өмірдің    алуан  түрлі  ,  қыры    мен  сырын    дүние  тіршілігіндегі    еңбегі  

адамның  бейнелері  ,  жақсы    мінез-құлқы  ,  дұрыс  қарым  –қатынасы  –балаға  үлгі.  Баланың  

алдында  барынша сабырлы  әр ұстамды  болуга тырысу керек ,  ата-ана  өзі үлгілі  бола отырып 

, баласын  сабырлыққа  тәрбиелейді .Әр ата-ана үлгіні ата-анасынан алады . Бала әкеден ақыл,  

анадан мейір алады.Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның  педагогикалық  ұжымы  ата-

аналармен бірлесіп,  баланы өсіріп  тәрбиелеудегі  басты мақсаты  дені сау , рухы  таза , ана  

тілін толық меңгерген  ұрпақ өсіру  қазіпгі  кездегі  ең негізгі  мәселе. Бала тәрбиесінде  отбасы  

басты орын алады .Тәрбиенің сан алуан  келелі  мәселесін шешетін , қарапайым  дағдыларды  

бала санасына  орнықтыратын  алғашқы білім баспалдығы –балабақша. 

Балабақшада    халық  педагогикасын    бала  бойына    сіңіре  отырып    имандылыққа  , 

адамгершілікке  тәрбиелейміз .Бүгінгі күнде  жас ұрпқтың  сана сезіміне  өз елінің  жерінің 




482 

 

тарихы  мен    мәдениеті  туралы    алғашқы  ұгымдарды    кішкентай  кезінен  балабақшадан 



қалыптастырамыз.Баланың    өмірге    қадам  басардағы  алғашқы    қимыл-іс  әрекеті    ойын  . 

Сондықтан  оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев « Ойын  ойнап 

, ән салмай  өсер бала бола ма?» -деп айтқандай  баланың  өмірінде  ерекше орын алады.  

Ойын мектеп жасына дейінгі  баланың  жеке басының  дамуына  ықпал  ететін  тәрбие 

құралы.  Ойын  баланың    барлық  кабілетінің    дамуына  ,  айналасындағы    дүние  жайлы  

түсініктерінің  кеңеюіне , тілінің дамуына құрбыларымен  жақындауына көмектеседі.Өйткені 

бала  нәрісте    шағынан    бастап    адалдылыққа  ,  батылдыққа    ,  мейрімділікке  ,  еңбек  етуге  

тәрбиелеудің құралы ойын.Осыған орай  бүгінгі  күндері тәрбиешілер  алдында балаға білім  

алдында  білім  дағдыларын  игеріп  қоймай  ,  қабылдауын  ,  ойлауын  ,  қиялын  сезімін  ,  ерік 

жігерін  жан жақты  етіп дамыту міндеттері  түрі.Мысалы: тәрбиенің   ең маңызды міндеті 

саналатын ақыл-ой тәрбиесінің  өзі  бала  ойының:   еңбегін және балалардың  оқуын үнемі 

бағыттап отыруды көздейді. 

Бала өзін –өзі  көрсете білсе , ендеше  ойын , оқу  еңбекте  адамгершілікке  тәрбиеленеді  

деген сөз.Өйткені мұнда  олардың  өзара  ересек  адамдармен  қарым қатынасы қалыптасады.  

Іс  әрекеттің    әрбір    түрінде    осылайша    өзара  ұштасып    жататын  педагогикалық  

мүмкіндіктерді    ескере  отырып  ,  мектепке    дейінгі    ұйымдарда    балалардың    тіршілік  

әрекеттерін ,  тәрбиелік  мақсатқа  сай ұйымдастыра  аламыз. Ойын , еңбек , оқу  арқылы  біз 

балаларға   белгілі бір  тұрғыдан  ықпал жасай аламыз. Бірақ біз әрекеттер  ойын еңбек , оқыту  

өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана  баланың  жеке  басын  дамыту  нәтежесіне жете аламыз. 

Балабақшаның  негізгі  міндеті  –баланың    жеке  басының  бастапқы    қалыптасуын 

қамтамасыз ету . Бұл  жас баланың  ақыл-ойының  дамуы мен  даярлығы  үшін қолайлы кезең. 

Осы кезеңде  бала оқу мен  тәрбиені  қалыптастыруға , өз қызметін  білуге , тілдік  қатынгастың  

қарапайым  тәжірбиесінде  өзін өзі  таныта білуге , мінез  мінез -құлық  

мәдениетіне    ,  жеке    гигиеналық    және    салауатты    өмір  салтының    негіздеріне  

бағдарланады. 

Еліміздің    ертеңгі  болашағы    жас  ұрпақты    азаматтық    пен    имандылыққа    баулу  – 

тәрбиешінің  басты  міндеттерінің  бірі . 

Сонымен қатар  ата-аналар мен  мектепке дейінгі  ұйымдар  ұлттық тәрбиеге  де мән 

береді  .  Бұл  саладағы    икүш-жігер    алдымен    бүлдіршіндерді    отандыққа    тәрбиелеуге  

бағытталады. «Отан»  деген ұғым балаға  дүние есігін  ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары 

, туған жері, кең-байтақ  гүлжазира  даласы, тау –тасы  өзен –көлі , сылдырап  аққан мөлдір   

бұлағы  бейнесінде   қабылданып , ең қасиетті де  құдіретті  алтын    бесігі ретінде үйретуге  

тиіспіз. 

Жас ұрпқты  кішкентайынан  салт-дәстүрлер  рухында  баулу , құлағына  сіңіру  әдет- 

дағдысына  айналдыру-   парызды іс. 

 Бала  әке-шешеге  берілген  аманат.  Бала  тәрбиесі  қай  кезден  басталатындығы  жәйлі 

көптеген пікір - таластар бар. Кейбіреулер тәрбие тал бесіктен басталады десе, келесісі бала ес 

біліп, етек жеңін жиып, ержеткен соң тәрбие ала бастайды дейді. Ал, ғалымдар болса: «бала 

ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады»- деп айтады. 

Шындығында 

«бала 

ақыл 


тоқтатып, 

есеймей 


тұрып-ақ 

көргенін 

істей 

бастайды....үлкендер не қылса, соны қылады. Жақсы істесе жақсы, жаман істесе жаман істейді. 



Бұлай болғанда, бала тәрбиелеудің негізі ата-анасында». 

Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтарын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де 

өнерлі, иманды да инабатты, ар-ожданы жоғары, намыс қой етіп тәрбиелеп келді. Ол кезде 

салт-дәстүр, наным – сенім, әдет-ғұрып, жора-жосын, үлгі-өнеге арқылы ешкімнен кем - қор 

болдырмай тәлім- тәрбие берген. 

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты 

өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогикалық   іркіліс, кешеуілдеу 

адамдардың  даму  дағдарысына  алып  келеді,  ғылыми  -  техникалық  прогрестің  табандауына 

соқтырады.  Сондықтан  да  педагогика  қалаған  дерек  көздерінен  жаңа  білімдерді  теріп, 

жинақтап отыруы қажет. 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау