Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет237/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   363

485 

 

Табиғатпен таныстыру барысында    "Табиғат  бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал 



бесігі, өсіп өнер мекені"  екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі 

балалардың  тірі  және  өлі  табиғатқа  деген  сүйіспеншілік  қарым-  қатынасын  тәрбиелеу 

мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау  -  экологиялық тәрбие мен білім 

беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. 

Табиғат  құбылыстарының  кейбір  заңдылықтары,  бұл  құбылыстардың  мерзімді 

қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда 

ұғынуы,білуге  құлшынысы,байқап-көре  білуі,логикалық  ойлауы,табиғатқа  эстетикалық 

тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді. 

Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау қызықтау, 

серуен.  Тәрбиешінің  табиғи  нысандары    мен  табиғат  құбылыстарын  бақылауды 

ұйымдастыруы,  балаларды  табиғатпен  таныстырдың  негізгі  мәселесі  болып  есептеледі. 

Қызықтау кезінде балаларды таза ауада, көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы 

көтеріңкі  көңіл-күймен  қатар,  табиғат  сұлулығын  сезіне  білуіне  әсеретеді.  Ал  серуен 

кезінде,    тәрбиеші  балаларды  табиғатпен  таныстырып,  өсімдіктерге  су  құю,  қураған 

жапырақтарды  бірге  жинау,  ағаш  түптерін  тазалау  т.б  сияқты  қарапайым    еңбектүрлеріне 

қатыстырады.  Мұндай  еңбек  түрлерін  орындау,  балалардың  еңбекке  деген  жауапкершілік 

сезімдерін  дамытып,  ынтасынарттырады.  Экология  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруда 

тәрбиенің негізгі  салалары  болып  табылатын  адамгершілік,  эстетикалық  еңбек,  имандылық 

тәрбиелері-мен  сабақтастыра  жүргізу  басшылыққа  алынады.  Бағдарлама  мазмұнында 

көрсетілгендей  өлі  және  тірі  табиғатпен  одан  әрі  таныстырып,  табиғат  құбылыстары 

жайындағы  бастапқы  жалпылама  ұғымдардынақты  түрде  меңгерту  ұсынылады.  Жыл 

мезгілінің  ерекшелігіне  орай  күзгі  табиғат  құбылысы  (жаңбырдың  жаууы,  адамдардың 

пайдалы  іс  әрекеті,  ауладағы  жапырақтарды  жинау,жылы  жаққа  ұшатын  құстарды  бақылау 

т.б). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, 

балыққа  жем  беру.  Ерте  көктемде  ұшып  келетін  құстарға  үлкендер  көмегімен  дайындаған 

ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған 

ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру.      Наурыз мерекесінің 

қарсаңында  жасшыбықтар  отырғызып,  оны  күтуді  күнделікті  әдет-дағдыға  айналдыру. 

Көктемнің  әдемі  келбетін  жырлайтын  өлең  жолдарын  әңге  қосу,  сөз  жұмбақтар  шешу, 

дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларынан табиғат көрінісінің суретін 

салып,  әңгімелеп  айтып  беру.  Жаз  кезінде  тәрбиешілердің  ұйымдастыруымен  өзен-көл 

жағасына, баққа, гүлалаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың 

жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни 

табиғатты  қорғау  көз  қарасын  дамыту  үшін,  жыл  мезгіліне  сай  жүйелі  мақсат-міндетті 

айқындалған  экологиялық  тәрбие  жұмысы  оқу  жылының  өн  бойында  жүргізіліп  отыра-ды. 

Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын, ғылыми, білім, 

көзқарас  пен  сенім  жүйесін  орнықтыру  болып  табылады.  Бұл  қоршаған  ортаменқарым-

қатынаста  тәртіптілік,  ұқыптылық  ережелерін  орындау,  табиғатты  аялап,  оған  қамқорлық 

таныту қабілетін дамытаданегізделеді. Балаларды мектепке дайындауда экологиялық тәрбие 

жұмысы мынадай міндеттердің негізінде  

Балаларды өсімдіктер мен жануардыкүтіп баптауға баулу, олардың бойында қабілет пен 

икемділікті орнықтыру.Табиғаттың сан-алуансырларымен байлықтары жөнінде эстетикалық 

және  ұлт  жандылық  сезімдерін  дамыту.  Табиғатта  барлық  нәрсенің  бір-бірімен  өзара 

байланыста болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін 

үйретіп отыру.Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, осының негізінде 

тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгерту. 

Балабақша өміріндегі экологиялық тәрбиені отбасында қалыптасқан дәстүрлі тағылымдарды 

басшылыққа ала жүргізу. Міне, осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-

түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекіту. Мұндай 

жұмыс  түрі  балалардың  физиологиялық  даму,  психологиялық  жас  ерекшеліктерін  ескеріп, 

әдіс-тәсілдерді  шебер  пайдаланып,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  тәрбиеші 



486 

 

басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын аптасына бір рет, 



айналамен таныстыруды бір рет өткізілу көзделген. Экологиялық тәрбиенің психологиялықа 

спектілеріне  орай  бала  табиғатқа  жанашырлық,  қамқорлық  және  еңбекқорлық,  белсенділік, 

ұқыптылық сияқты дағдыны меңгереді. Экологиялық тәрбие тақырыбына сай іріктеліп, бала 

жасына лайық талпынуы тиіс, мұндай шығармаларды тәрбиешінің қарапайым тілмен жеткізе 

білуі  баланың  табиғатқа  деген  жауапкершілік  қарым-қатынасын  арттырып,  әрекет  түрлерін 

меңгеруге мүмкіндік береді. Тәрбие жұмысы кезінде ұлттық ерекшелікті сақтай білу, ертегіні 

кейіпкерлендіру,  қызықты  сәттер,  проблемалық  жағдайлар,  ойын  түрлерін,  ырым-

тыйым    сөздерді  пайдалану,  баланың  обал-сауаптуралы  түсінігін  кеңейтіп,      өз  бетінше 

дербесшешім қабылдай білуіне баулиды. «Жер, су, ауа», «Жапырағына қарай анықта»,  «Кім 

жылдам?»,  табиғат  құбылыстарына  байланысты  сөз  жұмбақтарды  шешу  т.б  йын  түрлері 

арқылы бала қоршаған туралы түсінік алады, дүние сырларын түсініп, аңғарабастайды. 

Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты: Балалардың 

тірі  табиғат  туралы  ұғымдарын  кеңейте  отырып,  тірі  организмдердің  қоршаған  ортамен 

байланысын, өмір сүру заңдылықтарын білу.  

Балабақшадағы экологиялық тәрбие міндеттері: 

-Экологиялық білімді тереңдету, кеңейту. 

-Өсімдіктер мен жан-жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. 

-Табиғаттағы өзгерістерді байқау, салыстыру, талдау. 

-Табиғаттағы тіршілік иелерінің байланыстарын білу. 

-Туған өлке табиғатын сүю. 

Балабақшада  мемлекеттік  стандартқа  сай  жоспарлай  отырып  экологиялық  тәрбие 

берудің сан –салалы жолдары, түрлері, әдіс-тәсілдері жетерлік. 

Атап айтсақ: 

1.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті  

2.Экскурсия сабақтар, экологиялық сабақтар.  

3.Мерекелік шаралар. 

4.Бос уақыттарда кітаптар оқу. 

5.Көрме, бұрыштар ұйымдастыру. 

6.Балабақша ауласын көгалдандыру, балалар еңбегі. 

7.Бақылау жасау, тәжірибелер жасау. 

8.Экологиялық ойындар ойнау. 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  негізгі  әрекеті  -ойын.Экологиялық  ойынның  өзіндік 

ерекшеліктер  мен  тәрбиелік  мәні  бар.  Экологиялық  ойынның  мақсаты:балаларды 

тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өлі және тірі табиғаттың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. 

Бұл  экологиялық  ойындарды  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде,  серуен  кезінде,тәрбиелік 

шараларда қолданамыз. Экологиялық тәрбие берудің жас ұрпақ үшін маңыздылығы, табиғат 

сұлулығына  қатысты  эстетикалық  қатынас,  экологиялық  аспектіде  адамгершілік  қатынас 

қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі ғалым- эколог И. Д. Зверев «Педагогикалық практиканың 

негізгі  жағдайында  барлық  оқу  пәндерін  экологияландыруға  байланысты  мұқият  ойланып 

істелген жұмыстар қажет» дейді. Сондай - ақ, ол пәндерді экологияландыру басты мәселе деп 

қарайды. Осы пікір тұрғысынан алғанда білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-

әрекеттерінің  өзара  байланыстылығы  арқылы,  экологиялық  білім  және  тәрбие  берумен  

экологиялық  мәдениетті  тұлғаны  қалыптастыруда  жаңа  технологияларды    ендіру 

жауапкершілігін сезіну әрбір тәрбиешінің  міндеті болуы тиіс.  

Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  олардың  жеке  тұлғасының  қалыптасуында  өскен  ортасы, 

табиғаттың  әсемдігі,  көгалдандырылуы  –  негізгі  әлеуметтік  факторлардың  бірі.  Ол  жұмыс 

әрбір  Қазақстан  азаматының  күнделікті  дем  алатын  ауасы  мен  тамағы  сияқты  қажеттілікке 

айналуы керек.  Дана халқымыз  «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей күтілген әсем 

аулада өмір сүрген ұрпақ өскенде де, сондай ортада өмір сүруді мақсат етеді. Демек, әсемдікке 

бала жастайынан үйренсе, оны ары қарай іске асыру көп қиындық тудырмайды. Балалардың   

жеке   тұлға   болып   қалыптасуына   тәрбиенің табиғаттың   қатысында, табиғат   арқылы   



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау