5
Мазмұны бойынша дидактикалық ойындардың үш түрін ұсынуға болады (Удальцова
Е.И., Михайлова З.А.):
1. заттармен ойын;
2. үстел-баспа ойыны;
3. ауызша ойындар.
Көру қабілеті бұзылған балалар заттарды көріп толық қабылдай алмайтындықтан,
олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері аз және толық емес.Заттармен ойын
заттық ұсынулардың және заттармен әрекетердің құрылуына жағдай жасайды, балаларды
мінездемелі белгілерді, құбылыстардың және заттардың қасиеттерін талдауға үйретеді.
Ойындардың осы түрлері көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыста әсіресе маңызды, себебі
олар маңызды дәрежеде заттық ұсынулардың баюына және анықтауына жағдай жасайды.
Ойындар мен тапсырмалардың нақты үлгілерін қарап шығайық. «Кім таяқшаларды
тезірек жинайды?» Балалар айқын түсті кішкене қораптарға бір түсті таяқшаларды жинауға
ұсыныс жасалады. Ойын барысында олар түстерді диференциялайды, барлығы қанша таяқша
жинағанын есептейді. Дәл осы таяқшалардан әр түрлі геометриялық пішіндер және қарапайым
заттар бейнелеулерді (үй, жалауша, шырша, кішкене қашаны) жасайды. «Дәл осындай тап»
тапсырмасында балалар 8-ден 10-ға дейінгі бір түсті, бірақ әр түрлі реңді дөңгелектерді
диференциялайды. Қараңғы реңінен жарығына қарай реңдерден тұратын қатар жасайды.
«Түстер бойынша жайып қой» ойынында балалар берілген үлгі бойынша түрлі түсті реңдер
қатарын жасайды. Түрлі түсті реңдердің гаммасын тез жасаған бала ұтады. «Қай көбелектің
қанаттары» жаттығуында балалар көбелектің әр түрлі мөлшерлі қанаттарының суреттерін
қарайды (5 жұп қанат беріледі). Балалар қанаттардың мөлшерін, түсін, қанаттардағы
өрнектерді анықтап қарайды, бөлімдерден тұтас көбелекті жинайды. «Ою жаса»
дидактикалық ойында үлгі бойынша геометриялық пішіндерден ою біріктіруге ұсыныс
беріледі. Осы кезде балалар олардың пішіндерін, түстерін, мөлшерін, кеңістіктегі орналасуын
атайды. «Шыныаяқтарға табақшаларды іріктеп ал» ойынында түрлі түсті шыныаяқтар мен
табақшалар беріледі. Балалар әрбір шыныаяққа түсі лайықты табақша іріктеп алу керек.
Көру қабілетін белсендіруге жағдай жасаушы ойындарға «Өрнекті лото», «Домино»,
«Кесінді және сюжетті суреттерді», «Сиқырлы қапшық», «Сиқырлы дөңгелектер», «Айна»,
«Өрнекті кілем», «Тышқанды жасырі», «Сұрыптау» жатқызуға болады.
Түс айыру қабілетін дамыту үшін «Шарларға түрлі түсті жіптер үйлестір», «Бөліктерден
гүл біріктір», «Мозайка», «Кемпірқосақ түстері», «Бағдаршам», «Моншақтарды жіпке тізу».
«Не
алысырақ?»,
«Ұзын-қысқа»,
«Биік-аласа»,
«Жуан-жіңішке»,«Кең-тар»
дидактикалық ойындары балалардың көз мөлшерін дамытады.
Көрермен назарын және есте сақтау қабілеттерін дамытуға «Не өзгерді?», «Тура сондай
затты тап», «Не жоғалды?» т.б.
Әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге «Отбасы», «Дүкен», «Шаштараз», «Емхана»,
«Хайуанаттар бағы». «Әрбір балаға өз ойыншығын тауып бер» ойынында балалар
ойыншықтарды теріп алады: ұл балаға-көлік, қыз балаға-құыршақ және т.б. Сонымен қатар
ойыншықпен ойнағанда қандай іс-әрекет жасайтынын атайды. «Құыршақты киіндір»
ойынында балалар жыл мезгіліне сай, қуыршақтың мөлшеріне байланысты киім теріп алады.
«Кім өз моншақтарын тезірек тізеді» ойыны көз мөлшері мен қол ұсақ моторикасын дамуына
жағдай жасайды. Жылдамдылыққа байланысты ұтыс эелементі еңгізіледі. Көрермен кеңдік
бағдар жасауына арналған «Бөлмеде лайық еңді, биік, ұзын заттарды тап», «Кім сенің қай
жағында тұр?», «Іздер», «Көрші», «Әрбір ойыншықтың өз орны бар» ойынында балалар
ойыншықтарды мөлшері сәйкесті қораптарға жинауға үйренеді. «Кімнің телефоны?» ойын
шытырман шешуге, кім кіммен телефонмен сөйлесіп жатқанын анықтау үшін көздермен
телефон бауының бақылауға үйретеді, көру арқылы қабылдау, кеңістікті бағдарлау
мақсатымен ойнатылады. Сабақтарда және ойындарда алынған барлық іскерліктер мен
білімдер балалардың күнделікті өмірінде нықталып бекінеді.
Серуен уақытында кеңдік хабардар болуды және көрермен түйсіктерді дамыту үшін
келесі ойындар мен тапсырмаларды қолдануға болады: «Екі ағашты салыстыр», «Ұқсас
6
жапырақты тап», «Қардағы із», «Жолды дыбысқа жүріп өт», «Ізбен жүр», «Қайда
жасырылды?», «Қар бүршіктерін салыстыр». Серуенде табиғи құбылыстардың өзгеруі, жыл
мезгілдерінің алмастырылуы, жануарлар мен өсімдіктер әлемін анықтап қарау және тексеруді
келесі ойындарда байқауға болады: «Алғаш түсіп қалған жапырақтардың түсін ата»,
«Жапырақ бойынша өсімдікті ата», «Құстарға жем бер», «Үлкен және кішкене мұзшаларды
көрсет», «Гүлдерді ата» бұл тапсырмаларда балалардың көру функциялары жаттығады.
«Қоңырауды қайдан шалғанын тап?» ойынында дыбыс бағытын кеңістікті бағдарлауға
жаттығу жүреді: алдымда, артымда, оң жағымда, сол жағымда, жоғарыда, төменде т.б. «Кім
шақырғанын тап?» балаларды жолдастарының дауыстарын диференциялауға үйретеді.
Көру қабілеті бұзылған балалардың нақтылы заттық дүниемен қатынасты болатын
ойындармен қатар балалар ұсынулары бекітілу үшін ауызша дидактикалық ойындар
қолдануға болады. Мысалы:«Суреттеу бойынша тап» ойыны. Балаларға заттық бейнелермен
суреттерді ұсынады: ойыншықтар, ыдыс, киім, т.б. Жұмбақ жасыру, затты суреттеу.
Жұмбақты шешкен карточканы алады. Карточканы көп жинаған бала ұтады.
Дидактикалық жаттығулар:
1. берілген сөз нені білдіретінін бейнелеу;
2. сөзді оны бейнелейтін суретпен байланыстыру;
3. бірдей аяқталатын сөздерді құрастыру;
4. ұқсас сөздердің бұындарын атау.
Сенсорлық қимылдатқыш ойындар тану, түрлерді, түстерді, мөлшерлерді реңдерді
топтастыруға арналған жаттығулар үшін қажет. Балаларға басқа заттарда таныс сапалар тап,
тепе-теңдік ұғымы, салыстыру, сұрыптау, схемалардың көмегімен орналастыру және табу
жаттығуларын көру арқылы қабылдау, кеңістікті бағдарлау қабілеттерін дамытады.
Қарапайым ойындар көру қабілеті бұзылған балалардың бөлек затты заттардың тобына
қоса санау қабілеттілігін дамытады. Келтірілген ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың
жалпылауға және қоршаған ақиқаттың хабардар болу үшін қабілеттіліктерін жоғарлатады,
сонымен қатар балалардың көру қабілетін дамытады және белсендіреді.
Қолданылған әдебиеттер:
1 . Абрамович В.Л., Дьяченко О.М., Говорова Р.И., Цеханская Л.И..
«Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста.»
Москва 1989 г.
2 . Вишневская Т.А. «Организация и содержание коррекционно-подагогической работы в
специальной дошкольной организации для детей с нарушением зрения». Караганда, 2009 г.
3 . Касабуцкий Н.И., Скобелев Г.Н., Столяр А.А., Чеботаревская Т.М.
«Давайте поиграем», Москва 1991г.
4 . Михайлова З.А. «Занимательный математический материал», Москва 1985 г.
5 . Плаксина Л.И. «Реабилитация детей страдающих содружественным косоглазием и
амблиопией», М. 1983 г.
6 . Пилюгина Э.Г. «Занятия по сенсорному воспитанию» Москва 1986 г.
7 . Удальцова Е.И. «Дидактичесские игры в воспитании и обучении дошкольников», Москва
1976 г.
БАЛАБАҚШАДА ДЕНСАУЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Абдильдина М.К, Искакова А.С.
№68 Мектеп-интернат-балабақша кешені