Дадыбаева Фатима Бекназаровна Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған сабақ



жүктеу 8,64 Mb.
бет3/32
Дата14.05.2018
өлшемі8,64 Mb.
#13339
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Ақ аю

Ақ аю – Африка тұрғыны. Жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аңның бірі. Ол жақсы жүзеді және сүңгиді. Оның терісінің астында қалың майы, қалың да тығыз жүні суықтан жақсы қорғайды. Балық аулайды, жемістерді де жақсы көреді. (33 сөз)



Тапсырма.

Аю сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Үйге: Өткенді қайталау



Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері 82-86-жаттығу

Сабақтың мақсаты:

оқушыларды дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, мәтінді түсініп оқуға, дыбыстарды ажырата білуге үйрету; оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа ынта-ықыласын арттыру; оқушыларды жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, сауатты көркем жазуға, зейінді, ұқыпты болуға баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту сәті, ребус шешу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика


Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

- зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді пысықтау.

Ю әрпінің жазылуы.

қосарлы дауысты дыбыс

Ю Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады: еңкею, ою.

Сөздегі и әрпінен кейін у естілгенімен, ю әрпі жазылады: кию, қию.

Сөзжұмбақ шешу.

Көлденеңінен:

1. Ертеңгілік жаттығудан кейін, денені дымқыл сүлгімен сүртіп, салқын суды (құю) керек.

2. Ертемен тұрғанда, төсек-орынды (жию) керек.

Тігінен:


3. Кешкілікте аяқ киіміңді тазалап (қою) керек.

4. Отанды (сүю) керек.



ІІІ.Жаңа сабақ

Сұрақ-жауап:

- Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)

- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан және жіңішке)

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

Бүгінгі сабағымызда «Дауыссыз дыбыстардың түрлерімен» танысамыз. (түсіндіру)

Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады.

Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.

Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.

Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.

Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, м, н, ң, й, у. Үнді дауыссыздарда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.

(АУЫЗША)Құстардың атын көшіріп жазу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.

. Мәтінді түсініп оқу Ұя.

Ұя – құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс ұясын өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламмен тұрғызады. Ал аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.

Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды бөлінуіне қарай топтап жазу.

Қатаң: п, т.

Ұяң: б, ж, д, ғ, з.

Үнді: л, н, й, р.

Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу.

1. Балапанын басатын басқа құс,

Бар сондай қасқа құс. (көкек)

2. Күндіз соқыр не деген,

Түнде қандай көреген. (үкі)

3. Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)

4. Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бал таңдайлы. (бұлбұл)

Өлеңді мәнерлеп оқу. Аққулар.

Әй, аққулар, аққулар,

Күз алыс па, жуық па?

Неге қанат қақтыңдар,

Көлдің суы суық па?

Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Аққулар-үш буын, жеті әріп, жеті дыбыс.

а-дауысты, жуан;

қ-дауыссыз, қатаң;

қ-дауыссыз, қатаң;

у-дауысты, жуан;

л-дауыссыз, үнді;

а-дауысты; жуан;

р-дауыссыз, үнді.

қанат-екі буын, бес әріп, бес дыбыс.

қ-дауыссыз, қатаң;

а-дауысты; жуан;

н-дауыссыз, үнді;

а-дауысты; жуан;

т-дауыссыз, қатаң.

суық-екі буын, төрт әріп, төрт дыбыс.

с-дауыссыз, қатаң;

у-дауысты; жуан;

ы-дауысты; жуан;

қ-дауыссыз, қатаң.

Ой қозғау.

- Күзде құстардың тіршілігіндегі қандай өзгерістер болады?

Жыл құстарын ата.

Өз бетімен жұмыс.

83-жаттығу Жаңылтпашты жатқа айту.

Ақ қыс, қағаз, аққу ақ,

Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.

Аппақ дейін, ақ дейін,

Ақ емес, бірақ ақтиін.

ІV. Сабақты қорытындылау. 85-жаттығу (сөздерге дыбыстық талдау жасау)

Ребус шешу.

Сандарды өсу ретімен қойып, жасырынған сөйлемді оқу.

1------ 8 ------5 -----7 ------4 ------6 -----2 -----3

Құс -йық! -қор --ла ----қам ---бо ---тар ---ға

«Құстарға қамқор болайық!»

V. Үйге тапсырма. 84-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме қүрау)

VІ. Бағалау.

Құс атауларымен мадақтап, бағалау.

Аққудай-пәк бол, қарлығаштай-адал бол, бұлбұлдай сайрап жүр, бүркіттей алғыр бол.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п 87-91-жаттығу

Көшіру диктанты №1 «Күзгі дала»



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазылатынын, п дыбысынан соң дауысты дыбыс келсе, ол ұяң б – ға айналатынын үйрету, тапсырмалар беру арқылы меңгерту. Сөздік қорларын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық жұмыстар, дидактикалық ойындар арқылы жан - жақты ойланып, алған білімдерін саналы түрде қолдана білу әрекетін жетілдіру; логикалық ой - өрісін дамыту. Шапшаңдыққа, уақытпен жұмыс жасай білуге, жинақылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, жеке, топтық жұмыс -

тар, талдау - жинақтау.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. . а/ Жаттығуды оқыту. ә/ Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасату. б/ Өткенді қорыту.

ІІІ.Жаңа сабақ

а/ Топпен жұмыс. Ауызша тест: «Иә, жоқ»

1. Дауысты дыбыс 15. /иә/

2. Дауыссыз дыбыс 10. /жоқ/

3. Б дыбысы дауысты. /жоқ/

4. Дауыссыз дыбыс 2 - ге бөлінеді. /жоқ/

5. Дауысты дыбыс созылып айтылады. /иә/

6. Б дыбысы қатаң. /жоқ/

7. Б дыбысы дауыссыз, ұяң. /иә/

8. П дыбысы ұяң. /жоқ/

9. П дыбысы дауыссыз, қатаң. /иә/

10. Б, П дыбыстары дауыссыз. /иә/

ә/ Мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз б мен п - ның айтылуы мен дұрыс жазылуының ережесін тапсырмалар орындай отырып меңгеру.

IV. Жаңа сабақ.

1. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу: Бб Пп

2. Оқулықпен жұмыс.

87 – жаттығу. Т. Молдағалиев. «Күзгі дала»

Өлеңді мәнерлеп оқиды, п әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, астын сызады. Б мен п дауыссыздардың қай тобына жататынын анықтайды.

Демалып, үлестіріп, алып, сыйлап, шелектеп.

♦ Ереже. Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: кітап, мектеп, доп.

- Күзгі еңбек түрлерін ата.

- Күз мезгілінің өзге мезгілдерден айырмашылығын айт. /Күн суыта бастайды, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жиі жауады, егін піседі, мал семіреді/.

- Күз туралы басқа қандай өлеңдер оқыдық? /Күз. Ұнатам күзді мен/.

Ақпараттық ізденіс.

88 – жаттығу.

Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып сөздерді көшіріп жазады.

Әде..., тала..., жі..., шө..., қора....

Ой қорыту: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады.

3. Сергіту сәті.

4. Тақтамен жұмыс.

89 – жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге байланысты сөйлем құрастырып жазады.

Шешуі: Талапты.

90 – жаттығу.

Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін қалай оқуға болатындығын түсіндіреді.

Ой қорыту: Штаб, клуб сөздерінің сөздерінің соңында б әрпі жазылады.

Тірек сызбамен жұмыс. «Сызбаны сөйлет»


1 - топ. Дыбыс

2 - топ. Дауысты дыбыс

3 - топ. Дауыссыз дыбыс
V. Сабақты бекіту:

Үлестірмемен жұмыс.

1. Мына сөздерге б, п әріптерінің тиістісін жаз.

Мекте..., до... ым, кіта..., шта..., тала..., клу....


2. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Тағамды асық...ай жайла... іш. Ұртыңды толтыры... алы... сөйлеме.

VI. Сабақты қорыту: - Бүгін не үйрендік? Не білдік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: 91 - жаттығу. «Мектепте» тақырыбына әңгіме құра.

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу 92-96

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазылатынын, п дыбысынан соң дауысты дыбыс келсе, ол ұяң б – ға айналатынын үйрету, тапсырмалар беру арқылы меңгерту. Сөздік қорларын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық жұмыстар, дидактикалық ойындар арқылы жан - жақты ойланып, алған білімдерін саналы түрде қолдана білу әрекетін жетілдіру; логикалық ой - өрісін дамыту. Шапшаңдыққа, уақытпен жұмыс жасай білуге, жинақылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 91-жаттығу (Мұғалім, мектеп, оқу, талап, кітап) тірек сөздерін пайдаланып, « Мектепте» тақырыбына әңгіме құра.

Мектепте.



ІІІ. Жаңа сабақ Жаттығу 92-96

92-жаттығу (сөйлемдерді оқу, қарамен жазылған сөздерге назар аудару)

Мен кітапханадан кітап алып оқимын. Алған кітабымды таза ұстаймын. Бүгін әкем маған доп сыйлады. Менің добым өте әдемі.
Кітап-кітабымды

Доп-добым

**ЕРЕЖЕ П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: КІТАП-КІТАБЫ, ТАЛАП-ТАЛАБЫ
93-жаттығу (берілген сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін қосып жазу, п-ның өзгеру себебін түсіндіру)

Мектеп-мектебі, тәртіп-тәртібі, қолғап-қолғабы, топ-тобы, шөп-шөбі, талап-талабы, көп-көбі


94-жаттығу (сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)

Тәртіп, топ, қорап

Сыныпта Айбектің тәртібі жақсы. Көшеден балалар тобы ережені сақтап өтті. Кітаптарды Сәуле ұқыптап қорабына салды.

95-жаттығу (екі бағандағы сөздерді жұптастырып жазу)

Шап-шабу, жап-жабу, теп-тебу, сеп-себу, тап-табу, кеп-кебу
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Үйге: 96-жаттығу Суретке қарап, әңгіме құрау



Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ 97 -102 жат

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған жаттығулар орындау, сауатты, қатесіз жазуға төселдіру; Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін, логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Түрі: Қайталау, пысықтау сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын сабақ. Біз үй тапсырмасын «Атаға көмектесу» ойынынан бастаймыз.

Мектеп ауласын тазартатын ата бізден көмек сұрай келіпті. Қазір күз мезгілі ғой. Ағаштардың жапырақтары мектеп ауласына түсіп жатыр. Сол жапырақтарды жинауға атамызға көмектесіп жіберейік. Сендер менің мына берілген сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, маған көмектесесіңдер», - дейді.

Сөзжұмбақ

• Қоқыс жинайтын құрал.

• Ас ішетін құрал.

• Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алынған жер.

• Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе.

• Сүттен жасалатын тағам.

Сөз соңына –ы,-і дыбыстарының тиістісін қосып оқы.

Қалақ- қалағы, қасық- қасығы, қорық- қорығы, қабық- қабығы, қаймақ- қаймағы.


ІІІ.Жаңа сабақ

• Балалар, қазір қай мезгіл?

• Күз

• Күзде ауа райы қандай болады?



• Суық.

• Қыстың күні аяғымызға не киеміз?

• Етік.

• Етігімізді кім жөндейді?



• Етікші.

Оқулықпен жұмыс. 97 – жаттығу.







98-жаттығу (қарамен жазылған сөздерге назар аудару)

Құшағы-құшақ, бағы-бақ

**ЕРЕЖЕ


Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: қабық-қабығы, бұршақ-бұршағы, атақ-атағы

99-жаттығу (сөздерге ы, і дыбыстарының тиістісін қосып, үлгі бойынша өзгертіп жаз. Сөз соңындағы дыбыстың өзгеру себебін түсіндіру)

Сабақ-сабағы, орақ-орағы, ұршық-ұршығы, жолақ-жолағы, парақ-парағы

100-жаттығу (қ дыбысына аяқталатын бірнеше сөз ойла. )

Қонақ, бұтақ, жарық

Біз мереке күні әжемнің қонағы болдық. Ағаштардың бұтағы қоғыр түске айналды. Күннің жарығы қысқарды.

101-жаттығу (мақалды көшіріп жазып, қ дыбысының ғ дыбысына айналу себебін дәлелдеу)
Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.


Аяғым-аяқ, таяғым-таяқ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 102-жаттығу Ребусты шешіп, әңгіме құрау
Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар 103-107 ж. Сөздік диктант№2

Сабақтың мақсаты:

Түбірдің соңындағы қ дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша

жалғанған жағдайда қ дыбысы ғ дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру;

Шапшаң жазуын, жылдамдығын байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.

Әдемі, көркем жазуын дамыту

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба қ мен ғ дыбыстары, қима қағаздар

Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Өткенді қайталау: Қима қағазбен жұмыс істеу

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой

Кәсі... – кәсі... і

мекте... – мекте... і

тала... – тала... ы

әде... – әде... і

жі... – жі... і

қора...- қора... ы

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру 102-жаттығу Ребусты шешіп, әңгіме құрау

Ғарышкер


ІV.Жаңа сабақ

Буын саны бірдей қ дыбысына аяқталатын сөздерді тауып, торкөзді толтыр. Сол сөздерге ы дыбысын қосып жаз. Қ дыбысы қандай дыбысқа өзгерді?

- - - - қ

- - - - қ

- - - - қ

- - - - қ

- - - - қ

Мысалға (қалақ, тарақ, мазақ, тауық, қызық)



Сөздік диктант№2 қ,ғ әріптерінің емлесі

Қайық, қиын, қозы, шаңғы, шағала, ғасыр, ғылым, сағыныш, сұңқар, қозғалыс, қараңғы, қарындаш



Оқулықпен жұмыс: 103-жаттығу мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге талдау жасау

Аяғы-аяқ, дағы-дақ

104-жаттығу (ы, і әріптерін алып тастап сөздерді өзгертіп жаз)

Жарығы-жарық, балығы-балық, қорығы-қорық, жорығы-жорық, ойығы-ойық, азығы-азық, қазығы-қазық

106-жаттығу (көп нүктенің орнына қ, , әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жазу)

Қарма...(ғ) ы, бұйры...(ғ) ы, құла...(ғ) ы, ла...(қ) тар, бұла..(қ)тар, қайма..(ғ)ы

107-жаттығу РЕБУСТЫ ШЕШІП, СӨЗГЕ ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ

Қорықта


Қорықта жан-жануарлар бағылып, қорғалады. Наурызым қорығы Қостанай облысындағы жануарлар мен табиғатын қорғауға алынған қорықтың бірі.

***ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА

Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.[1

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Дәптермен жұмыс: тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.

Тара...

Маса...


Мысы...

Тауы...


Оқулы...

Тырна...


Тақтамен жұмыс: көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Топыра..., шыра..., жола... ы, жоры..., қуырша... ы, ая..., ла... ы.

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

Шығармашылық жұмыс: жаңылтпашты жатқа жаз.

Құлағы үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті

«Құлақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса

Бекіту: Не өттік? Сабақты қалай меңгергеніңді тексеру

Жеке жұмыс: әр оқушыға қима қағазы беріледі, өз беттерімен жұмысты орындайды

Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Неліктен сол әріпті жазғаныңды дәлелде.

Қарма... ы, бұйры... ы, құла... ы, ла... тар, бұла..., қайма... ы.

Үйге тапсырма: 105-жаттығу ҚОРЫҚ, ЖОРЫҚ, ҚАЗЫҚ сөйлем құрау

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г 108-113-жаттығу

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға дауыссыз к,г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.

  • Дауыссыз дыбыс түрлері жайлы білімдерін дамыту.

  • Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа баулу

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне – менің қолым



ІІ.Өткен сабақты пысықтау

Дауысты дыбыстар ауылы және дауыссыз дыбыстар ауылына саяхат жасау.

-Дауысты дыбыстар қанша түрге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар қанша түрге бөлінеді?

-Суреттегі қазақтың киіз үйлеріне дыбыстарды орналастырайық. Яғни қай дыбыстар қайсы киіз үйге барады?

ІІІ.Жаңа сабақ

Алдымен дәптерге к мен г дыбыстарын көркем жазу



Оқулықпен жұмыс

108-жаттығу

Сөздердегі к,г дыбыстарының қалай айтылатынын, қандай буында жазылатынын аңғар


109-жаттығу Жұмбақты жатқа жазу

Сөздерге і дыбысын қосып жаз

Үлгі: Өрнек-өрнегі

Сергіту сәті


  • Біздер әлі баламыз

  • Өсіп алға барамыз.

  • 2030- жылдары

  • Біз де осындай боламыз


Фонетика әлемі

110-жаттығу Сөздерге і дыбысын қосып жаз

Оқушыларды екі топқа бөлу

Жаттығудағы сөздедіің өзгеру себебін түсіндіре отырып, сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Фонетика әлемінде үш тамаша сарай орналасқан.

Оқушылар фонетика әлеміндегі кең сарайға сөздердегі әріптер мен дыбыстарды, буындарды орналастырады.



Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Дыбыстық талдау

І топ ІІ топ

өрік белдік


жүктеу 8,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау