Дадыбаева Фатима Бекназаровна Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған сабақ



жүктеу 8,64 Mb.
бет8/32
Дата14.05.2018
өлшемі8,64 Mb.
#13339
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

2- топ

Біз үшінші сыныпта оқимыз.Біздің сыныпта жиырма оқушы.Бізге Айман апай сабақ береді.


Лашын- сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр,ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір,саусақтары салалы.

Біз сыныпты таза ұстаймыз.Өйткені,ол- біздің екінші үйіміз.Мұны балалардың бәрі жақсы біледі.


Дәптермен жұмыс:

Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Қазан сөзінде неше буын? Неше дыбыс? Неше әріп?Бұл сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс? Қ қ әрпіп жазу, қазан сөзін жазу жазып шығу.

Сергіту сәті
4. тапсырма:
1 - ші топқа " Бауырсақ " ертегісінің суреттері реті шатасып беріледі жене ертегінің мәтіні де шатастырылып беріледі.

Берілген суреттерге сай келетін мәтін бөлігін тауып оқу және ертегіні дұрыс құрастыру.


2 - ші топқа " Шалқан " ертегісінің суреттері реті шатасып беріледі жене ертегінің мәтіні де шатастырылып беріледі.

Берілген суреттерге сай келетін мәтін бөлігін тауып оқу және ертегіні дұрыс құрастыру.


IY. Қорыту:

Сөзжұмбақтар 10 12 15 21 8 8 21 18 15 21 18 16 14 21 21 18 12 4 27 9 14 6 0 18

С 2*5 П 3*5 И 2*6 А 3*7 Т 2*4 У 3*6 Й 2*9 Д 3*8

М 2*7 Ы 2*8 Ә 3*4 Е 2*3 Л 3*0 Ң 2*2 Г 3*9 І 3*3

- Сонымен бүгін балалар біз бүгін не істедік ? Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу деген нелер?Сендерге сабақ ұнады ма?

Балалардың жауабы.



Y. Үйге тапсырма:

Сипаттау мәтінін құрастырып келу.



YI. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №3 «Біздің қала»

Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталап, пысықтау.Мәтіннің түрлерін анықтау, сөздердің, сөйлемдердің дұрыс байланысқанын білуге үйрету. Ұқыпты, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Бекіту сабағы

А)суреттермен жұмыс

Ә) Қала туралы әңгімелеу

Рудный-шағын қала. Онда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.


Б) Бақылау диктантымен таныстыру
Бақылау диктанты №3 «Біздің қала»
Біздің қала

Қаламыз көрікті. Жасыл желекті. Көше бойлай гүлдер мен ағаштар егілген. Қалада еңселі ғимараттар, мектеп, балабақша бар. Қаламды гүлдендіру де менің арманым. «Арман адамды алға жетелейді. Кіндік қаны тамған жерді көркейту, еліне қызмет ету – азаматтың парызы», - деді ата – анам.



Тапсырма.

Парыз сөзіне дыбыстық талдау жаса.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері 149-153-жаттығу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру.

Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, шығармашылық – ізденушілік әдістері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлығаш» құсты сипаттап жазу

Сұрақ – жауап:

- Мәтін дегеніміз не?

- Мәтіннің қандай бөліктері болады?

- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?



ІІ.Жаңа сабақ

149 - жаттығу.


1) Бірінші мәтін бойынша жұмыс

- Мен сөз жасырдым. Бұл сөз екі сөзден құралып тұр.

Бір таңбалы сан + адам дене мүшесі = суда тіршілік ететін жәндік.

Жауабы: сегізаяқ (интерактивті тақтадан сегізаяқтың суреті және мәтін көрсетіледі.) Ендеше бірінші мәтін «Сегізаяқ» деп аталады.

- Бұл мәтін не туралы? – Тақырыбы қалай аталады?

Мәтіндегі сөйлемдерге қандай сұрақтар қоюға болады.

(Оқушылар жауабы: - Сегізаяқ не істейді? - баяу қозғалады.– Жауын көргенде қайтеді?- құтылып кетеді. Аяқтарын төмен салбыратса не істейді?

Ұйқыға батады, ұйықтай береді

- Яғни осы аталған сөздер бұл мәтіндегі тірек сөздер. Осы тірек сөздер мәтіндегі сөйлемдер арасында байланыс жасап тұр. Бұл мәтіннің - әңгімелеу түріне жатады. Себебі, бір оқиғадан соң екінші оқиға айтылады. (Сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. Егер құрылымы бұзылса мәтінде не туралы айтылғанын ұғу қиын болады.)

Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады. (1 - тірек - сызбада көрсету)

Әңгімелеу мәтінін түсінгендерін байқау.

Ақбөкен


Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді.

- Бұл мәтіннің қай түрі?


2) Топпен жұмыс.

– Осы мәтіндегі тірек сөздерді табыңдар.( мекендейді, жайылады, қарауыл қарайды, дауыс береді)

3) Екінші мәтінмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс «Лашын»(56 бет)

- Мәтінге сұрақты қалай қоюға болады? – Мәтінде лашынды қандай деп сипаттайды? - Лашын қандай құс? - Оның арқасы, алқымы қандай?

- Көзі қандай?- Қанаты қандай?

Бұл - сипаттау мәтіні.

Сипаттау мәтінінің ерекшелігін өздерің тауып айта аласыңдар ма? (Әр топтың жауабын тыңдау).

Сипаттау мәтінінің ерекшелігі: 1) Сөйлемдер заттың түр - түсін, қасиетін суреттейді. 2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді. 3) Тірек сөздер – сын есімдерден болады.( 2 - тірек - сызбада көрсету)


4) Үшінші мәтінмен жұмыс.

Қайың.


Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.

Бұл - мәтіннің қай түрі болады деп ойлайсыңдар? НЕ себепті? – Немен дәлелдейсіңдер? Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. (3 - тірек - сызбада көрсету)



Пайымдау мәтінінің ерекшелігі:

1) Пайымдау мәтіні « Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.

3) Тірек сөздері - "өйткені", "себебі", "біріншіден ", "екіншіден,"--- деген сөздер

VI. Түсінгендерін тексеру

1) Тірек сызбаны пайдаланып мәтін құрау. Әр топқа тапсырма беру.

Үш топта "Түйе" тақырыбына мәтін құрайды.

1 - топқа:

Мәтін "Түйе - төрт түлік малға жатады"- деп басталады. Тірек сөздері не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап береді. Әңгімелеу мәтіні болу керек.

2 - топқа:

Мәтін "Түйе - сирақтары ұзын, өркешті жануар"- деп басталады. Тірек сөздері қандай? деген сұраққа жауап береді. Сипаттау мәтіні болу керек.


3 - топқа:

Мәтін "Түйе адамға пайдалы, себебі, "- деп басталады. Тірек сөздері неге? неліктен? деген сұрақтарға жауап береді. Пайымдау мәтіні болу керек.


VII. Сабақтың қорыту кезеңі.

- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?

- Білетін ережелеріңді, ұғымдарды кестеге жазу.

Мәтін туралы не білетін едік?

Бүгін тағы нені үйрендік?
1. Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан, екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.

2. Мәтіннің тақырыбы болады.

3. Мәтіннің басы, ортасы, соңы болады.

4. Мәтінде тірек сөздер болады.

Мәтіннің негізгі ойы болады.

• Мәтіннің түрлерін білдік:

1. әңгімелеу

2. сипаттау

3. пайымдау

•осы түрлерінің ерекшелігін білдік.


Оқушылардың білімін бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру. Түлкі жайлы сипаттау мәтінін құрау.



Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары. Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталап, пысықтау.Мәтіннің түрлерін анықтау, сөздердің, сөйлемдердің дұрыс байланысқанын білуге үйрету. Ұқыпты, қатесіз жазуға дағдыландыру.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Бекіту сабағы Жаттығу жұмыстары. Қайталау

А)*Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Топыра..., шыра..., жола..., жоры...,қуырша...ы, ая..., бала...ы, ла...ы.

Сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.



* Жаңылтпашты жатқа жаз.

Құлағы үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

Қарамен жазылған сөздегі ы әрпін алып тастап оқы. Қандай өзгерісті байқадың?



* Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Қ дыбысына қандай сөздерді пайдаландың? Сол сөздерге –ы әрпін қосып жаз.



Сергіту сәті.

* Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.

• Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.

• Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.

• Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.

• Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.

Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.

«Ұйқасын тап» ойыны.

* Жұмбақ - өлеңді оқып, шешуін тап.

Бұл қандай бұйым?

Қайқылау бас жағы сәл,

Аса ыңғайлы сабы бар.

Сұйық тамақ ішкенде,

Ыстық тамақ ішкенде,

Ол қолыңнан табылар.

Жауабы: Қ дыбысынан аяқталатын сөздердің астын сыз.



*Мәтін бойынша дүниетану сабағымен байланыстыру.

Танымдық сұрақтар:

- Құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Жылы жақ қай жақта екенін білесіңдерме?

-Африка, Жерорта теңізінің жағалауына.

-Оларды қалай атайды?

-Жыл құстары?

-Қыстап қалатын құстар?

-Отырықшы құстар?

5.Аққұйрық бүркіт туралы мағлұмат беру.

6.Жұмбақ ойын. «Бұл қай құс?»

Топпен жұмыс:

Конвертте құстардардың суреттері сөздер жазылған корточкалар. Бір топ 2-не құстарды сипаттайды, 2-сі жауабын айтады. Мысылы: сөздер ұсақ, ірі, ала, қара, сары, қоңыр, шағын.

Суретке қарап құстарды сипттайды ірі, қара, қара ала. Қарға.

Құстар туралы тақпақ айту.

Құстар әр түрлі болады. Бәрақ лоардың ұқсастығы ұшады қанаттары, мамықтарды, тұмсықтары бар – жұмыртқалайды.

Пайдасы. Бау-бақшаларды, егінді қорғайды.



******Жоспар бойынша мәтін құрастыру.

Жоспар оқулықта.

Торғай, сауысқан, тоқылдақ, шымшық, алақарға- қыстап қалатын құстар. Оларды суықтан мамығымен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұпытпандар!

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: Өткенді қайталау

Бағалау



Сабақтың тақырыбы: Мәтінге ат қою 154 – 158 жат

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндерді оқып, мәтін түрлеріне ажырата білу, Мәтінге ат қоя білуге дағдыландыру. Ұқыпты, таза жазуға баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Жаңа сабақ Мәтінге ат қою 154 – 158 жат

А)Мәтін түрлерін еске түсіру



МӘТІН

Әңгімелеу сипаттау пайымдау

154-жаттығу (мәтінді оқу және пайымдау мәтінін көшіріп жазу)

Итбалық

Итбалықтың еті, майы, терісі пайдалы. Қазір оның саны күрт азайып кетті. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған.

***ҚОСЫМША

Итбалықтар - салпанқұлақ итбалықтардың 2 туыстары. Солтүстік итбалық туысының солтүстік итбалықтар түрі, (Callorhinus ursinus) бар. Еркектерінің дене ұзындығы 2 м, салмағы 250 кг. Жаңа туған итбалықтар, қара, ересек ұрғашылары сұрғылт-қоңыр, ересек еркектері қара-қоңыр. Ареалы, Тынық мұхитының солтүстігі. ТМД-да, Сахалинның оңтүстігінде, Камчатканың шығыс., Куриль және Командор аралдарынын жағалауларында жатақ құрады. Бір аталықтың үйірінде 15-20, (50 деиін) ұрғашы итбалықтар болады. үнемі алыс қашықтыққа миграция жаcaп тұрады. Қатты кәсіпшілік аулаудың нәтижесінде итбалық саны күрт төмендеген.Халықаралық арнайы конвенция, (ТМД, АҚШ, Канада, Жапония) қабылданады. Ол итбалықтарды Тынық мұхитының солтүстігінде қорғау шараларын қарастырады. Соның нәтижесінде итбалықтар саны қалпына келеді. 1970 ж. санау бойынша 2 млн. жетті. ТМД-да, 400-500 мың болды. Кәсіпшілік обьектісі, жас еркек итбалықтар. Оңтүстік итбалықтар туысының 6 түрі бар, (Arctocephalus). Олар дың ареалы, жер шарының оңтүстік бөлігіндегі қоңыр-салқын және салқын суларында таралған. Кәсіпшілік нысаны. 3 түрі ХТҚО Қызыл кітабында. [1]





155-жаттығу (мәтінді оқып, көшіріп жазу)

Достық

Балалардың бәрі сабақта. Ал ермек болса ауырып үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті.

Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкепті. Ермектің осындай достары бар.

*Мәтін неше бөліктен тұрады?

1.Басы

2.Негізгі бөлім



3.Соңы
156-жаттығу (ребусты шешіп, мәтін құрау)

Тоқылдақ


*ҚОСЫМША

ТОҚЫЛДАҚ

Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады. Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3—5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді. Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.



157-жаттығу «ЕҢБЕКҚОР ҚҰМЫРСҚА» таұқырыбына пайымдау мәтінін құрастыру.



*ҚОСЫМША

Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.[1] Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.[3]Құмырсқа – тіршілікте тынымсыз еңбек етіп жүретін, жылы аймақта өмір сүретін жарғаққанаттылар отрядының бір түрі. Оның денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Ал үш жұп аяқтары бар екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сырттай қараған адамға құмырсқа біткеннің бір-бірінен айырмасы жоқ секілді. Бірақ олардың жер бетінде он мыңдай түрі бар.Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы көп. Балтыр сыздағанда оның илеуіне аяғын салып отырып, ем қабылдауға болады. Сол кезде адамның бойындағы ауруды құмырсқа өзіне тартып алатын көрінеді. Олардың денесінде 70-тен астам амин қышқылы, дәрумендер бар. Қазіргі кезде Қытайда одан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Дәрілердің буын аурулары мен қант диабетін емдеуге, қан қысымын реттеуге әсері зор. Кішкентай ғана тіршілік иелері жұқпалы аурулармен ауырмайды, пайдалы болатыны сондықтан. Егер балаңыздың алқым безі жұқпалы ісінуге ұшыраса немесе басқа да ісіктердің алдын алғыңыз келсе, онда таңертең ерте тұрып, құмырсқа илеуінен керегінше алыңыз. Оны қайнатып, суыған соң шүберекке орап, ісінген жерге таңасыз. Мұндай ем түрін жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін, аяғыңызға жара шығып, мазаны алғанда да қолдануға әбден болады.


жүктеу 8,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау