Бақылау диктанты №1 «Бесік»
Бесік
Қазақ баласын ағаш бесікке бөлеп өсіреді.Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар...
Ұйқысы тыныш баланың денесі тез өсіп жетіледі. (37 сөз)
Тапсырма.
1.Мәтіндегі сөйлем санын жақша ішіне жаз
2.Талдан, бесікке деген сөздерді сөз құрамына талда.
Тал-дан, бесік-ке
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік. 282-286 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қосымшалардың қызметі әртүрлі болатынын байқату. Сол арқылы жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру. Сабақта ұлттық дәстүрлерді, ойын түрлерін пайдалана отырып тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ой белсенділігін арттыру.
Ептілікке, жылдам ойлауға және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
- Әріпбек.
- Олай болса, осы Әріпбек бүгін бізге қонаққа келіпті. Біз оны қонақ етіп күту арқылы қазақ халқының қонақ күту дәстүрімен танысамыз. Қонақжай қазақ халқы қонақты бірнеше түрге бөлген. Соның ішінде алыстан айтпай келген қонақты «құдайы қонақ» дейді. Әріпбек те бізге құдайы қонақ.
1 - рәсім: Келген қонақ үлкен не кіші болсын сәлем беріп, амандық - саулық сұрау керек:
- Ассалаумағалейкум!
- Сәлеметсіз бе?
- Мал - жан аман ба?
ІІ.Жаңа сабақ Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік. 282-286 жат.
- Сөз неден құралады? (Сөз дыбыстардан құралады)
- Ол нені білдіреді? (Белгілі бір ұғымды, мағынаны білдіреді)
- Олай болса, Әріпбектің бойындағы әріптерден сөз құрайықшы (алма, лақ, гүл, сиыр, доп, орман).
- Бұлар қандай сөздер? (түбір сөздер)
- Түбір сөздер дегеніміз қандай сөздер?
Сөз құрамы
Түбір. Қосымша
Қосымша
Жұрнақ -------------------------- Жалғау
бүркіт+ші ----------------------- бүркіт+пен
Жаңа сөз жасайды -------------- Сөз бен сөзді байланыстырады
Дәптермен жұмыс: Көркем жазу Жж жұрнақ жалғау
2 - рәсім: Қолға су құю
Леген, құман суреттерін көрсету.
Ас алдында қолға суды шорылдатпай құю, сүлгіні әдеппен ұсыну көбінесе балаларға жүктеледі.
282- жаттығу. 1. Түбір сөз бен қосымшалы сөздерді салыстырып оқу. 2. Мағыналары әр түрлі екенін аңғарту. 3. Сөздерге сұрақ қойғызу. Не себептен сұрақтары әр түрлі?
Алғашқы үш жұпты ауызша талдату. Соңғы үш жұп жазбаша орындатылады.
Су - сусын (не? не?)
Бүркіт бүркітші (не? Кім?)
Таза - тазалық (қандай? не?)
3 - рәсім: Көрпе салу.
Келген қонаққа көрсетілетін құрметтің бір түрі - көрпе салу. Осыған орай «Құрақ құрау» ойынын ойнату. Берілген түбір сөздерге жұрнақ жалғау.
Дос, іс, жұмыс
4 - рәсім: Дастархан жаю.
Қазақ халқы соңғы бір үзім нанын да қонаққа деп сақтаған жомарт ел.
- Қандай ұлттық тағамдардың түрлерін білесіңдер? (бауырсақ, қазы - қарта, жал - жая, құрт, балқаймақ, қымыз)
- Үйірілген қышқыл сары қымыз неден жасалады? (бие сүтінен)
- Ендеше, балалар, әжелеріміздің жомарттығын танытып Әріпбектің алдына барымызды қояйық.
283 - жаттығу жазбаша орындатылады.
1. Түбір сөздерді, қосымшалы сөздерді салыстырып оқу.
2. Түбір сөз бен қосымшалы сөз мағыналарының өзгермегенін аңғарту.
Өнер-лі, жігіт, өр-де, озар, өнер-сіз, жігіт, жер, соғар
«Сөз ойла» ойынын ойнайық.Әріпбек сөзді жақсы көретіндіктен сөздерден жаңа сөз жасау
285-жаттығу (жұрнақ жалғанғанды бір бөлек, жалғау жалғанғанды бір бөлек көшіріп жазу)
Батырлық, іскер, көлшік, биші, бастық/ Ғалымның, көмірді, дәптері, бидайды
6 - рәсім: Қонақасы
Әжалеріміз құдайы қонақты құдайыңдай сыйлап, қыстай сүрлеген етін асып, қазан көтерген. Біз де осы кәдеге байланысты «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық. Әріпбек бізге мынадай оқиғаны баяндайды: «Мен бір күні саябақта серуендеп жүріп ағаштардың арасында жатқан өзгеше бір сандықтың үстінен түстім. Оның сиқырлы сандық екенін түсіндім. Сандықты ашып қалғанда мен тамаша бір нәрсе көрдім...»
Енді балалар, Әріпбек сиқырлы сандықтан не көргенін табайық. Ол үшін бір оқущы шығып сандықтағы затты сипаттап айтады. Ал, қалған оқушылар соны табады. Мысалы: Күннің жадын білдіреді, әрі айды,
Ұстазға ол керек нәрсе әрдайым (күнтізбе)
7 - рәсім: Қонақтан бұйымтай сұрау. Сабақты қорытындылау.
Қонақ кетерде үй иелері одан бұйым қызмет, яғни не қалайтынын сұрайды. Әріпбек қонағымыз бізден осы сабақта не білгенімізді сұрайды.
Тест тапсырмалары:
Түбір сөз -------------- Жұрнақ ------------ Жалғау
а) біздің -------------- а) өнерлі ----------- а) өлең
ә) дала ---------------- ә) әкемді ---------- ә) баласы
б) сақшы ------------- б) дос --------------- б) тазалық
Бағалау. Үйге тапсырма: 286 – жаттығу «Төрт түліктің пайдасы» пайымдау мәтінін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің қосымшасын ажырату. 287-291жат.
Сабақтың мақсаты:
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру,түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Ереже сұрау. 286 – жаттығу «Төрт түліктің пайдасы» пайымдау мәтінін құрастыру (Жеміс суреттері арқылы бағалау: “5”алма,”4”алмұрт,”3”қияр) .
ІІІ.Жаңа сабақ Сөздердің қосымшасын ажырату. 287-291жат.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС.
287-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу, жалғауларды табу)
БҮГІН ӘНУАР МЕН НҰРЖАН ЕРТЕ ТҰРДЫ. ОЛАР ҚАРДЫҢ ҚАЛЫҢ ЖАУҒАНЫН КӨРДІ. ЕКЕУІ ЕСІК АЛДЫНДАҒЫ ҚАРДЫ КҮРЕДІ. ӘНУАР ӘЖЕСІНЕ ҚҰДЫҚТАН СУ ӘКЕЛІП БЕРДІ. НҰРЖАН ТАУЫҚТАРҒА ЖЕМ ШАШТЫ.
288-жаттығу (Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу)
1. Би, қобыз, көп, сауық. -------- – шы, - ші, - шыл, - шіл
2. Іс, орын, талап, көл. ---------- – дық, - кер, - шік
3. Қыс, арба, түн, жаз. ----------- – гі, - лы,- қы, - ғы
Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып үш қатарға үш сөйлем құрап жаздыру.
БИШІ, ҚОБЫЗШЫ, КӨПШІЛ, САУЫҚШЫЛ. ІСКЕР, ОРЫНДЫҚ, ТАЛАПКЕР, КӨЛШІК. ҚЫСҚЫ, АРБАЛЫ, ТҮНГІ, ЖАЗҒЫ.
1. Биші, қобызшы қыздар бізде қонақта.
2. Мақсат орындық сатып әкелді.
3. Қысқы демалыста әжемнің аулына бардым.
289-жаттығу (сөздерге жалғанған қосымшаның жұрнақ екенін дәлелде)
Ән-ші, ән-не? Әнші кім?
Батыр-лық, батыр кім? Батырлық не?
Талап-ты, талап не? Талапты қандай?
Жұмыс-кер, жұмыс не? Жұмыскер кім?
**290-жаттығу (ребусты шешу, сөйлем құрау)
ОҚУЛЫҚ оқу-лық оқу не істеу? Оқулық не?
**оқулық -туралы мәлімет беру
Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап. Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-техникум, жоғары оқу орындары) жасалады.[1] Әр түрлі ұлт мектептері үшін нақты ұлттың ана тілі мен әдебиетінің ерекшеліктерін ескере отырып оқытылатын ағылшын, орыс тілі, т.б. оқулықтар шығарылады. Оқулыққа мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен технологияның дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарлама мазмұнына сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың болуы; сыртқы пішінінің (қағаз, шрифт, мұқабасының) ретті сәндендірілуі. Негізгі оқу пәндерінің оқулықтарына қосымша хрестоматия, есеп жинақтары, жазбаша жаттығу кітаптары, анықтама, сөздік, оқу кітаптары, тарихи және географиялық карталар, т.б. қолданылады.
*Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен. Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Кітап туралы ережелер:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.
Ұқыпты оқушы.
Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын
Таза болсын беттері - сызылмасын.
Көрген кісі кітабы кір демесін.
Жұмбақтар:
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.
Мақал - мәтел
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Артық ғылым кітабы
Ерінбей оқып көруге.
Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Тақпақтар:
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.
Іздегенде табылады,
Ғылым жұмбақ, тау сындас.
Білім өмір сабағы,
Ғұмыр бойы таусылмас.
Нақыл сөздер.
1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
2. Кітап - құдіреті қару.
3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
4. Кітап - өмір ұстазы.
5.Күш білімде, білім кітапта.
6.Әліппенің ар жағы — білім бағы.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
291-жаттығу «ҚЫСҚЫ ЕҢБЕК» тақырыбына әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамына талдау.292-296ж.
Көшіру диктанты №3 «Алматы көлі»
Сабақтың мақсаты:
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру,түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
291-жаттығу «ҚЫСҚЫ ЕҢБЕК» тақырыбына әңгіме құрау
ІІІ.Жаңа сабақ Сөз құрамына талдау.292-296ж.
Көшіру диктанты №3 «Алматы көлі»
а) Алматы көлі
Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру. Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант. Алматы көлі
ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?Диктант мәтінін оқып жаздыру.
Алматы көлі.
Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны ерекше. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде түрліше құлпырады. Таңертең жап-жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны «Жасыл көл» деп те атайды.
Диктантты аяқтаған соң, асықпай бір рет оқып шығып, тексертемін.
Тапсырма орындау. 1. « Жасыл көл» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2. У әрпінің астын сыз.
1.Өнерлі өрге жүзеді
2.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Тапсырма.Қосымшалы сөздерді теріп жаз,түбір мен қосымшаны тиісті белгілермен белгіле.
ә) «Орныңды тап»ойыны.Үлестірмелі карточкалар.
Түбір қосымшалы сөз
оқу биші
арба орындық
мақта тігінші
үйрек мектепке
б)Дәптермен жұмыс: 292-жаттығу.1.Мәтінді түсініп,мәнерлеп оқу.
2.Қарамен берілген сөздерді теріп жазу.
Шоқан Уалиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шын есімі Мұхаммед Қанафия 1835-1865 –қазақтың ұлы ғалымы, ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы,этнограф,географ,ағартушы.Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен,”Шоқан” аталып кеткен.
әдебиетші зерттеуші
тарихшы Шоқан заңгер
жаратылыстанушы саяхатшы
этнограф ғалым
3.Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгіле.
4.Шоқан туралы білетініңді айт.
( Слайд,Шоқан суреті,”Күн сәулесі”)
293-жаттығу.1.Мәтінді көшіріп жаз.
2.Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жаз.
3.Қар сөзіне жалғанған қосымшалар жұрнақ па,әлде жалғау ма?
4.Мәтінге ат қой.
(тақтамен жұмыс.Слайд; Қыс көрінісі.)
.Сергіту сәті :«Қазақ тілі»әні.
Тарихтың тал бесігі тербеледі,
Жылдар жылжып,ғасырлар дөңгеледі.
Көз жүгіртіп қарасам өткендерге,
Қасиетті ана тілім тербеледі.
Қазақ тілім,қазақ тілім,ана тілім,
Көркейе бер,көктей бер,дана тілім.
294-жаттығу. 1.Ребус шешу.
2.Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Балық-ш-ы.
295-жаттығу.Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп түбірге қосқандарың жалғау екенін дәлелде.
Наурыз да
Бала ға
Қала ның
Көмір ді
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге тапсырма.296-жаттығу.Ребус шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөзге қосымшаның жалғану реті. 297-301жат.
Сабақтың мақсаты:
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру,түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
296-жаттығу.Ребус шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.
Татулық
ІІІ.Жаңа сабақ Түбір сөзге қосымшаның жалғану реті. 297-301жат.
А)Кітаппен жұмыс:
297-жаттығу (қарамен жазылған сөздерді жалғаусыз оқып көр, байланыс болама?)
Ұлу:
1)бауыраяқты моллюскалардың екінші атауы;
2)ұлу — ішкі құлақтың ұлуға ұқсас бөлігі.
Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпелі. Бұлардың 90000-дай түрі бар. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Ұлулардын денесі жұмсақ, былқылдақ. Ұлулардың 3 классы бар: артқы желбезекті, алғыжелбезекті және өкпелі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Бақалшақтар құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі: қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде (сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде (қосжақтаулыларда); имек немесе бұрала оралған түтік түрінде немесе қақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады. Паразит қосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму деп аталады. Ұлулардың көпшілігінің жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Алайда басаяқты ұлулардың жүйке жүйесінің күрделеніп, жүйке талшықтарының жинақталуынан ми түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.Кальмарлар,каракатицалар, сегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды. Олар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады да, оны түрі өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай шығарады. Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан аяқтары түрін өзгертіп, қармалауыштарға айналады. Аяқтарының орналасуы және пішініне қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар, күрекаяқтылар, т. б. кластарға жіктеледі. Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.
Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.
299-жаттығу (сөздерге жұрнақ пен жалғауды жалғап айт)
Мал+шы+ға, біл+ім+ге, жаңа+лық+тың, ұш+қыш+тың
***ТҮБІР СӨЗГЕ ЖҰРНАҚ ТА;ЖАЛҒАУ ДА ЖАЛҒАНА БЕРЕДІ. ЖҰРНАҚ БҰРЫН, ЖАЛҒАУ ЖҰРНАҚТАН СОҢ ЖАЛҒАНАДЫ:
Күріш-ші-ге оқу-лық-та
Күріш-ші-нің ұш-қыш-пен
Күріш-ші-мен жыр-шы-лар
300-жаттығу (-шы жұрнағын қосып, сөз құрамына талдау)
Шалғышы, шөпші, малшы
301-жаттығу (әңгіме құрау)
Медеу мұзайдыны
Медеу Спорт Кешені[1] – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.
Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.[2]
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 298-жаттығу
(көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жазу)
-тің, -да, -лар, -тан, -ты, -ның, -ты
Достарыңызбен бөлісу: |