«Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.
ТҮСІ ҚАНДАЙ?
НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?
КӨЛЕМІ ҚАНДАЙ?
КІМДІКІ?
Қорытындылау
КЕСТЕНІ ТОЛЫҚТЫР!!
ҚАНДАЙ?
|
НЕ?
|
ҚАЙТТІ?
|
....................
|
қант
|
еріді
|
...................
|
алма
|
пісті
|
415-жаттығу (ребусты шешіп, сөйлем құрау)
ТҮЗУ Балалар түзу етіп, ағаштарды отырғызды.
Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 416-жаттығу
«Ат жарысы»
(тақырыпқа сай әңгіме құрап жазу)
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары. 417-421 жат.
Сабақтың мақсаты:
Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу.
Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.
бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
416-жаттығу
«Ат жарысы»
(тақырыпқа сай әңгіме құрап жазу)
ІІІ.Жаңа сабақ Жаттығу жұмыстары. 417-421 жат.
Зат есім деген не?
- Заттың атын білдіретін сөздер.
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Кім? не? кімдер? нелер?
- Етістік дегеніміз не?
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
- Не істеді? не қылды? қайтті?
- Зат есімге бірнеше мысал келтіріңдер.
- Мысал: аспан, оқушы, жұлдыз.
- Енді, осы зат есімдердің түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді табайықшы, ол үшін есімізге түсірейікші, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
- Қандай? қай?
- Көк аспан, тәртіпті оқушы, жарық жұлдыз.
- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Сын есім.
Ереже. Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылды.
Оқулықпен жұмыс 417-жаттығу 1-тапсырма 2-сынып
Өлеңді көшіріп жаз.Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.
Құшағына кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың,
Анам қандай жақсы адам!
418-жаттығу (сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жазу)
қандай? не? қандай? не? қандай? не? қандай? не? қандай?
Жуас ат, таза ауа, биік тау, сұйық айран, жүйрік
не? қандай? не?
ат, ұзын жіп.
419-жаттығу (ребусты шешіп, сөйлем құрау)
ҚАЛЫҢ (қалың ағаш, қалың киім, қалың қар)
420-жаттығу (БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДІҢ СЫН ЕСІМ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕ)
Адал, жіңішке, кең, семіз
БҰЛ СЫН ЕСІМ, ӨЙТКЕНІ заттың сапасын білдіреді, қандай? Деген сұраққа жауап береді.
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА 421-жаттығу (Ребусты шешу, сипаттау мәтінін құрастыру)
Қауын
Қауын (Cucumіs melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі.[1] Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі – көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4,5 – 18% қант, 0,6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады. Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 – 300С температурада жақсы өседі, температура 150С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 – 50С-та үсікке шалдығады. Құрғақшылыққа төзімді, саздақ, құмайт, құмды жерлерде жақсы өседі. Пісу кезінде суарса немесе жаңбыр жауып топырақта ылғал шамадан тыс көп болса дәмі кемиді, кейде шіріп те кетеді. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т.б. топтарға бөлінеді. Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, тосап, мармелад, т.б. дайындайды. Қазақстанның оңтстігіндегі су-армалы жерлерде гектарынан 300 – 400 ц өнім алынады. Себер алдында шопағын 6 – 7 тәулік күнге жайып, не 4 – 6 сағат 50 – 60 0С температурада қолдан қыздырады. Топырақ температурасы 12 – 140С-қа жеткенде егеді. Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Іле, Ашық сары, Бұхара – 944, Іші қызыл – 189, Қалайсан, 1940 жылы Қызылорда облысының диқандары шығарған – әңгелек, ерте пісетін – Ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін – Колхозшы 749/753, кеш пісетін – Қара күләбі, торлама т.б. түрлері бар. Қауын өсіру, оның тұқымын жақсарту жұмысымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады
Жұмбақ шешейік:
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Домаланған ала бас
Етті - секер, сүті - тәтті.
Дәмді шырын даяр ас (қауын)
Қауын - қауынның ең алғаш пайда болған мекенін дәл басып айту қиын. Дегенмен, қауынның отаны - Египет деп тұжырым жасаған. Жер бетіндегі мемлекеттер Қауындар Египеттен тараған дейді. Ал «Арабтар»ортағасырларда қауынды Жерге түскен «Жұмақтың жемісі»ретінде таныған. Қауын көбінесе Италияндардың сүйікті тағамдары болған. Тарихшылардың айтуынша Рим Императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екен.
Қауынның құрамында қант, А, Р, С дәрумендері глюкоза бар. Қауын жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.
Қарбыз – қарбыздың отаны – Африка. дәлірек айтсақ Оңтүстік Африка саналадыюҚарбыздың сол Африкадан бүкіл әлемнің түкпір - түкпіріне таралған. Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. Себебі, күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді екен. Қарбыздың құрамында фруктоза, В1, В2, С дәрумендері, азотты заттар бар.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
423-жаттығу
(сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазу)
150-бет
Достарыңызбен бөлісу: |