Дадыбаева Фатима Бекназаровна Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған сабақ



жүктеу 8,64 Mb.
бет18/32
Дата14.05.2018
өлшемі8,64 Mb.
#13339
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Үйге: Өткенді қайталау.

Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Сызба бойынша сөйлемдер құрау. 222-227 ж.

Сабақтың мақсаты:

Сызба бойынша сөйлемдер құрау. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету. Сөйлемнің дұрыс құралуын бақылау және сызбаға түсіре білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Қысқы олимпиадалық ойындар туралы айту.

қысқы ойындарымыз: Шаңғы тебу, коньки тебу, сырғанау, доппен, көкалдағы хоккей тебу, трамплиннен шаңғымен секіру.



ІІ.Өткенді қайталау

Мазмұндамаға қатемен жұмыс



ІІІ.Жаңа сабақ Сызба бойынша сөйлемдер құрау. 222-227 ж.

А) Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс: Шаңғы тебу.

222-жаттығу (түсіндіру)

Анасы жұмысқа кетті. Үйде Дана мен Жанар қалды. Олар үйді тазалауға кірісті. Дана еденді жуды. Жанар шаңды сүртті. Жұмыстан оралған анасы риза болды.

Коньки тебу.

223- жаттығу ( Сызба арқылы сөйлем құрау )


*


*

*

Сергіту сәті



Мәнерлеп сырғанау.

224- жаттығу Ребус шешуімен сөйлем құрастырылып, сөйлемдегі сөздердің байланысы сызбамен көрсетіледі.

ДОСТЫҚ

Көгалдағы хоккей

225- жаттығу (топпен жұмыс)


Ажар гүлді суарды. Оқушы мектептен келді. Ол домбыраға қосылып ән айтты.
Доппен хоккей: өз бетімен жұмыс

226-жаттығу (өлеңді оқу, сөйлемдегі сөздердің байланысын айту)

Ақ қар, көк мұз айнала,

Қыс кетпеске бекінді.

Желпіп өткен жел ғана.

Шымшылайды бетіңді.


Қыс кетпеске бекінді.


Сабақты қорыту:

Трамплиннен шаңғымен секіру.

227-жаттығу «Ұқыпты оқушы» әңгіме құрау (ауызша)



Бағалау,

Үй тапсырмасы. 228- жаттығу (тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу)

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері

228-231 ж.



Сабақтың мақсаты:

Сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоя білуге, сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс орналастыруға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Жаңа сабақ Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері

228-231 ж.

А)Оқулықпен жұмыс

228-жаттығу (тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)


Мына тау қандай биік! Сен қысқы демалыста қайда барасың? Мұзайдында коньки тебу қандай тамаша! Үйдің ауасын үнемі тазартып отырыңдар. Медет домбыра үйірмесіне қатысты ма?
Өздік жұмыс

230-жаттығу (сөйлемдегі сөздердің байланысына қарай талдау)


Назым тақпақ айтты.
Әнуар тапсырманы бұлжытпай орындады.
Қалада сәнді үйлер көбейді.
231-жаттығу (Суретке қара, әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемді келесі беттегі мәтіннен таңдап ал.)

Аққулар


Күзде екі аққу өзенде қалып қойды. Өйткені олардың біреуінің қанаты жарақаттанған еді.

Қыс түсті. Өзен қата бастады. Аққуларға қиын болды. Олар суықтан өлуге айналды.

Айдын оларды үйіне әкелді. Оларға жем берді. Құстар осында қыстап қалды.....

Мәтінді одан әрі қарай жалғастыр... Не болды???
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ:229-жаттығу (сөйлем құра)

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тексер

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және тиянақтау. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты жазуға дағдыландыру. Балаларды еңбекке баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Бекіту сабағы Өзіңді өзің тексер

А)оқулықпен жұмыс

1-жаттығу (сөйлемдегі сөздердің байланысын бөліп жазу)
АСПАНДЫ БҰЛТ ТОРЛАДЫ. ЖЕЛ СОҚТЫ. ЖАҢБЫР НӨСЕРЛЕТІП ЖАУДЫ.
Бұлт торлады, аспанды торлады; жел соқты; жаңбыр жауды, нөсерлетіп жауды.
2-жаттығу (көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
КӨРІКТІ АЛАТАУ АЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚТА ТҮРЛІ ХАЙУАНАТТАР ТІРШІЛІК ЕТЕДІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ- ТЕҢБІЛ МАРАЛДАР. МАРАЛДАРДЫҢ МҮЙІЗІНЕН ӘР ТҮРЛІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАСАЛАДЫ. МАРАЛ- ПАЙДАЛЫ ЖАНУАР.
Марал-пайдалы жануар.
4-жаттығу (ребусты шешу) Түлік төлден өседі.
5-жаттығу (сөйлем құрау)

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.



6-жаттығу (сұрақтарды өз орнына ретімен жазу)

кім? қайда? не істеді? қандай? не? қайтті? неше? кім? қайда? қайтті?

Әсел дүкенге барды. Ала бұзау мөңіреді. Он бала сабаққа келді.


*ӨЗІҢДІ –ӨЗІҢ ТЕКСЕР!!
1)Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

А)2 Ә)3 Б)4

2)Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап.

А)сұраулы Ә) хабарлы Б)лепті

3)Лепті сөйлем дегеніміз?

А)білу және жауап алу

Ә) адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөйлем

Б)хабарлау


4)Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?

А) лепті Ә)хабарлы Б)сұраулы

5)Өлең мазмұнына қарай жқұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап.

Қуану, ренжу, өкіну

Мақсатым-соны сездіру

Ұранды да айтамын,

Қарқындап барып қайтамын.

А)нүкте Ә)сұрау Б)леп

6)Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.

А)көтерді Ә)неге Б)айтпа

7)Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле.

А)барма Ә)сүртпе Б)бар ма

8)Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?

А)бірқалыпты Ә)бәсең дауыспен Б)көтеріңкі дауыспен

9)Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді?

А)сұраулы

Ә)лептік (өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)

Б)хабарлау

10) «Тұр орныңнан!» лепті сөйлемі қандай ойды береді?

А)қуану Ә)бұйыру Б)ұран

11)Лепті сөйлемде лептік ойды білдіретін сөз қалай оқылады?

А)көтеріңкі Ә)бірқалыпты Б)бәсең

12)Лептік мағына беретін сөзді тап.

А) қайда Ә)қандай Б)қап



ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: 3-жаттығу 83-бет

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №2 «Тұңғыш ұстаз»

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөйлемдердегі сөздерді қатесіз, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №2 «Тұңғыш ұстаз»

А)Ыбырай Алтынсарин кім?



Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті.

Ә) Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады.



Б)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.

Тұңғыш ұстаз

Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш ұстаз. Балалар жазушысы. Оның шығармалары бала тәрбиесіне әсер етіп, оларға өнеге, үлгі болады. Атамыз сабырлы, еңбексүйгіш, адал, шыншыл болған. Алтынсарин қазақ жерінде алғаш рет мектеп ашты. Онда қазақ балаларын оқытты. (33 сөз)



Тапсырма

1.Мәтінде қанша сөйлем бар.

2.Шығармалар сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

Үйге: Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Сөз туралы түсінік. 232-236 жат.

Сөздік диктант№4

Сабақтың мақсаты:

Сөз туралы теориялық түсінік беру,тірек сызба, суреттер және дидактикалық материалдарға сүйене отырып сөз құрауға , тіл дамытуға үйрету.Оқушының таным белсенділігін дамыта отырып,адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Мұғалім: - Екі көз не үшін керек?

Балалар: - Бір жақсылықты көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?

Балалар: - Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?

Балалар: -Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: -Екі аяқ не үшін керек?

Балалар: -Шеттежүрсең, Туған жерге жету үшін.
ІІ.Жаңа сабақ Сөз туралы түсінік. 232-236 жат.

Сөздік диктант№4


  • Балалар, бүгін ерекше сабақ.Бір – бірімізге қарап, тілек білдірейік.

  • І.» Әріптер жемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалық сұрақ қойып,сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.

Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті.Олар барлығы бір түсті болыпты.Тату – тәтті өмір сүріпті.Бір күні қатты дауыл соғады.Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан – жаққа шашырап ұшыпты.

А,ә,е,и,о,ө,ү,ұ,ы.і.э,ю,я – дыбыстары күнге қонып күйіп қып – қызыл болыпты.

Б,в,г,ғ,д,ж,з, -дыбыстары ағашқа қонып(ұяң) болып қалыпты.

К,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ – дыбыстары ағаштың діңіне қонып( қатаң) болыпты.

Л,м,н,ң,р,й,(у) – дыбыстары бұлтқа қонып( үнді) болыпты.

Олар күні бойы қайғырып – жылап,» Не істейміз?» дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті.Ортақ шешімге келеді екен.

Бұларды біз бітірейік-деп, келіседі.Одан кейін олар

әріптерден буын,буыннан сөз құрапты.



  • Ал сөзден кейін не құрайды? - Әрине, сөйлем.

4. ( тоқсан) Сөздік диктант



Сұлу, терең, шыдам, тайыз, көркем, уақыт,алыс, төзім, ақ, жақын, биік, қара, мезгіл, зәулім.

Тапсырма.

Мағынаса қарама –қарсы сөздерді теріп жаз

АҚ-ҚАРА, ТЕРЕҢ-ТАЙЫЗ, АЛЫС-ЖАҚЫН,
Сөз туралы түсінік.

232 – жаттығу.

а) Екі бағанды салыстыру.

ә) Қай бағандағы сөздер?

б) Қай бағандағы сөздер жуан сөздер?

в) Қай бағандағы сөздер жіңішке сөздер?

г) Неліктен?

д) Сөздерді көшіріп жазу.

СӨЗ –ЗАТТЫҢ, САПАНЫҢ, ҚИМЫЛДЫҢ, САННЫҢ АТАУЫ.



І.Ойын.»Артық сөзді тап» Неге ол сөз артық деп ойлайсың?дәлелдеуге тырыс.

а) Шәй,сүт,нан,айран,кітап,сыр,кәмпит,балық,май.

ә)сөйледі,жазды,отырды,Асқар,оқыды.

б) Алма,қызанақ,қияр,алмұрт,бидай,апельсин.

в) тары,күріш,сұлы,Алақай,бидай.

ІІ.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.



ІІІ.Біірінші сөздің жалғасы,екінші сөздің бастауы болатын үш әріптен тұратын сөзді тап.

Кес(...) дік,жұ(...)ық,дәп(...) ме,ой(...) тау.



Тапсырма:Берілген төрт сөздің ішінде үшеуінің мағынасы бар.Артық сөзді тауып,анаграмманы шеш.

АҚЗАҒ, СҮЛЕТ, МАЛҚА, АПҚАР

233-жаттыңу ( сөз жасау)

Жыл, жал, жұл, жел, жаңа, жара, жаса, жақын

234-жаттығу (сөздерді сөз мағынасына қарай топтау)

Адам, кітап, жылқы, жапырақ,

Жасыл, қоңыр, сұр,ақ

Келді, жүзді, ойнады,

Жеті, тоғыз, жиырма, отыз

236-жаттығу (ауызша)

Жаңа сабақты қорытындылау.Ой толғау.

Сұрақ – тапсырмалар арқылы қорыту.



Бағалау кезеңі:

Үйге тапсырма: 235 – жаттығу 88-бет



Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 237-241 жат.

Сабақтың мақсаты:

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға, сауатты жазуға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,ана тілі,музыка

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Қуан,шаттан!

Қуан,шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 237-241 жат.

жақсылық-жамандық

еңбекқор-қатыгез

жақсы-жаман

мейірімді-мейірімсіз

Сонымен, қарама-қарсы сөздер дегеніміз- олар бір сөз табынан болады және олардың мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болады.



Дәптермен жұмыс.

237-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарама-қарсы сөздерді тап.

Мәтінге ат қою. *ҚАЛТАЙДЫҢ ҚЫЛЫҒЫ ДҰРЫС ПА

23 8-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Алыс пен жақынды жортқан білер.

239-жаттығу (СӨЙЛЕМ ҚҰРАУ)

Таза, лас, тар, кең


241-жаттығу (РЕБУСТЫ ШЕШУ, ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ)

Жарық
Жарық күн, жарық ай, жер жарық

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Бағалау.
Үйге тапсырма.

240-жаттығу.

Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын жаз. Неліктен мағынасы қарама-қарсы сөздер тобы екенін дәлелде.

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы жуық сөздер. 242-246 жат.

Сабақтың мақсаты:

1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;

2. Сөздік қорын молайту;

3. Зейінділікке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

240-жаттығу.

Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын жаз. Неліктен мағынасы қарама-қарсы сөздер тобы екенін дәлелде.

ІІІ.Жаңа сабақ Мағынасы жуық сөздер. 242-246 жат.

1. Көркем жазу

Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.

• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.

• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.



2. Бұл қандай сөздер?

• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)

• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)

• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)



3. Оқулықпен жұмыс 242 – жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқу)

IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)

Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту

• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.

• Досым допты домалатты.

• Суық сумен сүртіндім.


V. Өзіндік жұмыс 244 - жаттығу

● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.

● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.
1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;

2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.

Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін

Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.


Жұмбақ шешу

● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.

Жақыннан әкеп хабарды.

Ренжітер барлық адамды.

Алыстан әкеп хабарды,

Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)


Жеңілдікпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар.

Қиындықпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)

Бес жолды өлең құрастыру

1. Пияз


2. Ащы, пайдалы.

3. Аршылады, ашытады, өседі.

4. Жуа

5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.



ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Дұрыс па, бұрыс па?

а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу

○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.

○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.

• Жақсы, жаман - синоним сөздер

○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.

Бетегеден биік, жусаннан аласа.


Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.

Көз қорқақ, қол батыр.

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

Бағалау

Үйге тапсырма 243-жаттығу

(көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөз тауып жазу)



Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер. 247-251 жат.

Сабақтың мақсаты:

1.Көп мағыналы сөздерді, олардың мағыналарын,омонимдерден айырмашылығын түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Жаңа сабақ Көп мағыналы сөздер. 247-251 жат.

Мына сөздердің мағынасына назар аудар

Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы

247-жаттығу (түсіндіру)

248-жаттығу (жазу)

250-жаттығу (бірнеше мағынасы бар сөзді табу)

Арық, арба, жабу, қой, бұрыш, көз, ара, қас

251-жаттығу (ребусты шешу) қайшы пікір



3. Кітап досың, ақылшың

Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.

3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.



4.Тапқыр болсаң, тауып көр.

Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап

А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы

Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті

В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі

5. Кім көп біледі?

Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр

1 Адамның аяғы,....

2 Домбыраның құлағы,....

3 Жараның ауызы,....

4 Пышақтың жүзі,.....

6. Келісіп пішкен тон, келте болмас.

Вен диаграммасы



Сабақты қорыту

.Ой толғау

Көп мағыналы сөздердің тілдегі рөлі қандай деп ойлайсың?

Өз пікіріңді жаз.

8.Сауатты болу –мақсатым

Құрамында көп мағыналы сөздері бар мақал – мәтелдерді жазу

Кісінің кілті- аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің-гүлі.т.б.



Үйге тапсырма 249-жаттығу (сөйлем құрау)

Ою, өкпе, қырық, жүз



9. Қоржындағы сарқыт

Көп мағыналы сөздерді тауып жазып келу.



Бағалау

10.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда



Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №3 «Менің күшігім»

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Ұқыпты, әдемі, қатесіз жазуға дағдыландыру.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №3 «Менің күшігім»

А) Күшік туралы мәлімет

Жеті қазынаның бірі "Жеті қазынаның бірі" саналатын ит он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның бастысы. "Ит" сөзінің түрік тілдеріне ежелден төл атау екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі деректері дәлелдейді ("Древнетюрский словарь", Л., 1969, 215-6.). Түрік тілдерінің кез келгенінде болса да "ит" сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: татарша "эт", туваша "ыт", өзбекше "ит", түрікменше, қырғызша да "ит" (осы тілдердің сөздіктерінен). Түрік тілдерінің ішіндегі ең көне деп саналатын саха мен чуваш тілдерінен байқайтынымыз: сахаша "ит" ("Рус. -як. сл." М., 1968, 593-6.), чуваштар "йыта"("Чув. -рус, сл", М., 1985. 132-6.).Түркі тілдеріндегі дыбыстардың өзара сәйкестіктерін ескерсек, "а-и", "д-т" бірімен-бірі алмасу заңдылығы "адай" сөзінің түбірі "ад"- тың "ит"- ке дейін өзгермесіне лажы жоқ. Осы ұсынылып отырған аз ғана деректердің өзі-ақ "ит" сөзінің түрік тілдеріне ежелден тән екендігін қуаттай түскендей. (Хахастар итті "адай" деп атайды.)

Аңшы иті құмай тазы атауы тіліміздегі мәні, құпиясы ашылмаған нәрсе. Басқа түркі тілдерінің біразында бұл атаулар кездеседі. Құмай грифон тәрізді бейнеленеді және қиялдағы самүрыққа ұқсас құс деп танылады. Ал оның аң алатын тазы итпен байланысы аңыздарда оның бір ұядағы жұмыртқадан қаз, құмай ит шығады деген сюжетпен өрбітіледі. Құс тәрізді ұшқырлыққа қиялдай теңеген қазақтар өте жылдам жүгіретін тазы иттерді құмайы (құмайық) тәрізді "ұшатын" қасиетке ие ит деп теңеуден шыққан болуы мүмкін.Қалай дегенмен жеті қазынадан ит тұқымы ойып түрып орын алған. Бірақ кез келген ит емес жүйрік алғыр құмай тазыны қазынаға ентізгеп. Жеті қазынаның қатарында жүйрік aт, қыран бүркіт, берен мылтық қатарлы ер жігіттің ажырамас серігі орын алған. Ердің қанаты - ат, ит - үйдің құлағы, тамағы мен киімін "асыраушы" - бүркіт, қорғанар қаруы - мылтық (бәлкім ертеректе садақ болуы ықтимал) қазынадан заңды түрде орын алған.Ал қазынаның қалған үшеуін әркім әрқалай пайымдайды. Оның бірі кімге де болса қажетті ілім-білім немесе заттық түрі кітап жеті қазынаға енеді.

Ә) Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу Менің күшігім Менің күшігім бар. Өзі сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты-Ақтөс. Айтқанды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын. (33 сөз)Тапсырмалар:

І-нұсқа «пысық» сөзіне мағынасы жуық сөздерді тауып жазу

ІІ-нұсқа «пысық» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазу.

Б) Боран туралы мәлімет

Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.Боран — қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.[2]

В) Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын ұғындыру.

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТЫ

Боран


Айнала тыныш. Жер бетін тегіс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсіп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.

Екеуі бірін-бірі қуалап, қар лақтырысып келеді. Кенет долы боран басталды. Екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естілді. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйіне әкелді.


ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА.

І-нұсқа

1)СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫН ТАП.

Қандай? Қандай? Не? Не? Қайтеді?

Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.

2)ДЫБЫСТЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Боран-5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты, 2 буын

Жаңғырық- 8 әріп, 8 дыбыс, 5 дауыссыз, 3 дауысты, 3 буын

ІІ-нұсқа

1)СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫН ТАП.

Қашан? Қандай? Не? Не қылды?

Кенет долы боран басталды.

2)ДЫБЫСТЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Жылтылдаған-11 әріп, 11 дыбыс, 7 дауыссыз, 4 дауысты, 4 буын

Мектеп-6 әріп, 6 дыбыс, 4 дауыссыз, 2 дауысты, 2 буын

3)***ТАСЫМАЛДАНБАЙТЫН СӨЗДЕРДІ ТЕРІП ЖАЗУ.

Жер, ақ, қар, мен, көз, сол, бұл

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді мағынасына қарай ажырату.252-256 жат.

Сабақтың мақсаты:

Сөздерді мағынасына қарай ажырата білуге үйрету. Жазылуы бірдей мағынасы әртүрлі сөздердің мағынасын ұғындыру. Сөздерді қатесіз жазуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.


Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.


Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
249-жаттығу (сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)

Ою, өкпе, қырық, жүз


ІІІ.Жаңа сабақ Сөздерді мағынасына қарай ажырату.252-256 жат.
А)Оқулықпен жұмыс

252-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу)

Оқушылар мақта теруге барды. Мұғалім Айсұлуды мақтады. Серік қой бағып жүр. Кітапты орнына қой.

253-жаттығу (өлеңді жатқа жазу)



Досың болса ер,

Соңынан қалма, ер.

254-жаттығу (сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)

Ерлан –ізетті бала.

Әдепті бала, арлы бала,

Әдепсіз бала, сорлы бала.

Жаз мезгілінде күн ыстық болады. Қыста күн суық болады. Арманның жүз теңгесі бар.


255-жаттығу (жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табу)

Бірі-ағаш кесу құралы,

Бірі-шырынды бал бұлағы. (ара)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Бас қала-Астанам»

Сабақтың мақсаты:

Бас қала туралы білімін кеңейту. Бас қала туралы өз сөздерімен әңгімелеп жаза білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Жаңа сабақ Шығарма «Бас қала-Астанам»

А) суреттермен жұмыс

Ә) Астана туралы мәлімет оқу

Б) Астана туралы шығарма жазу

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013)[3]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астана өте серпінді дамуда. Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Сулы-Жасыл бульвар — Астана орталығындағы жаңа көше.

Ақ-Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Бәйтерек — Астананың басты символы.

Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады

Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.

Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.

1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Қаулы қабылдады. Осы Қаулыға орай Президент пен Үкіметтің шешімдерімен мемлекеттік басқару органдарын Ақмола қаласына көшіру жөніндегі комиссия құрылды.

1997 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1998 жылы 10 маусымда Қазақстанның жаңа ел орда Астананың халықаралық тұсау кесер өтті.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ: өткенді қайталау



Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тексер.

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге дағдыландыру.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Бекіту сабағы Өзіңді өзің тексер.

1-жаттығу (өлеңді түсініп оқу)

Сөл-шырын, нәр, сығынды
2-жаттығу (жаңылтпашты жатқа жазу)

Алма бар,

Алма барда

Алмұрт алар ма?!

Алмұрт алма,

Алма ал.
3-жаттығу (мақалды көшіріп жазу)

Кітаптың бағасы арзан,

Іші толған маржан.


4-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жазу)

Жаз: хат жаз, жаз айы, ауруды жаз.

Тура:

Жас:


Түс:
5-жаттығу (бос торкөздерге тұсындағы сөздерге мағынасы қарама –қарсы сөздер тауып жазу)
Тар-кең

Жаңа-ескі

Жақсы-жаман

Жуан-жіңішке

Жарық-қараңғы

6-жаттығу (сөзге сипаттама беру үшін қандай сөздер мен сөз тіркестері көмекке келеді? Сөйлемге ше?


Атауы

Зат


Сөйлеу мәнері

Қимыл


Сын

Нүкте


Сөз байланысы

Нүкте


Леп белгісі

Сұрау белгісі

7-жаттығу (өлеңнің ұйқасын ойлап тап)

Зайыр!


Қаламымды (қайыр)

Мардан!


Асай көрме (ардан)

Мирас!


Үйдің ішін (жинас)

Азамат!


Мінгізейін саған (ат)

Мұса!


Тайыңды (тұса)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша туралы түсінік. 257-261 жат.

Сабақтың мақсаты:

Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуiн жеңілдету, белсендiлiктерiн арттыру. Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін көркем жазу дағдыларын жетiлдiру. Жаңа технологияға сүйенiп оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған бiлiмдерiн тиянақтау. Сауаттылыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Қазақ тiлi-өз тiлiм, ана тiлiм,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тiлiм.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дана тiлiм,

ІІ.Жаңа сабақ Түбір және қосымша туралы түсінік. 257-261 жат.

А)Түбір мен қосымша туралы түсінік беру

ТҮБІР- сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ТҮБІР (ТҮБІР СӨЗ) дейміз. Көк, күріш, өрік, қобыз

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін ҚОСЫМША дейміз. Көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы

Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС

257-жаттығу (көшіріп жазып, сөздерді салыстыру)

Күйші күй тартады. Балықшы балық аулайды. Құрылысшы құрылыста істейді. Жылқышы жылқы бағады.
Күйші-күй, балықшы-балық, құрылысшы-құрылыс, жылқышы-жылқы
259-жаттығу (түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды сәйкестендіру)
Сый - гіш

Жұмыс -лі

Біл -шы

Өнер -қыш



ұш -лық
260-жаттығу (қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу)

Жүннен, жібек, мақтадан

Тоқитұғын матаны,

Танимыз жұрт мақтаған

Тоқымашы апаны.

Жүннен мақтадан тоқымашы


Жүн-нен, мақта-дан, тоқыма-шы
Өздік жұмыс

261-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)


Теңізші

Кеме, теңіз, балық,

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 258-жаттығу (қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын бөліп көшір)

Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз бен қосымшалы сөз. 262-266 жат.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін арттыру.

Оқушылар түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажарата алады. Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғай алады. Жаттығу жұмысы барысында дұрыс талдаулар жасай білуге қызығушылықтарын, ойлау қабылеттерін арттыруға, қиялын дамытып, көркем жазуға дағдыландыру. Сауаттылыққа, білімділікке. мейірімділікке, адамгершілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Кел, балалар ойлайық,

Жазайық та, ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық.

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру

258-жаттығу (қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын бөліп көшір)

Сурет-ші, мүсін-ші, аяз-дың

(Түбір мен қосымша туралы ережесiн қайталап айту)



ІІІ.Жаңа сабақ Түбір сөз бен қосымшалы сөз. 262-266 жат.

А)Кітаппен жұмыс

1) Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.

2) Сөз құpaмына не жатады?

3) Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.

4) Түбiр сөз дегенiмiз не?

262-жаттығу (түбір сөздерді табу)

Шіл, үй, құс, қоңыр

263-жаттығу (мақалдарды оқып, жатқа жазу)

СУЛЫ ЖЕР ҚҰРАҚСЫЗ БОЛМАС,

ТАУЛЫ ЖЕР БҰЛАҚСЫЗ БОЛМАС.
ЖАЛҒЫЗДЫҢ ҮНІ ШЫҚПАС,

ЖАЯУДЫҢ ШАҢЫ ШЫҚПАС.
265-жаттығу (сөздерді оқу, бұлардың қандай сөз екенін дәлелдеу)
Қобыз –бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі

Дос–бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі

Су–бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі

Гүл–бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі

Сый–бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі

Ой–бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі

Еңбек–бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі

Мұнай–бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
266-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)
ҚАРАҒАНДЫ

Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар. Этимологиясы

Қaрaғaнды aтaлу себебi - "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққaн.

Ұлттық құрамы

Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 33,2%-ы қазақтар, 47,9%-ы орыстар, 3,4%-ы немістер, 3,2%-ы татарлар, 5,2%-ы украиндер, 1,3%-ы белорустар, 1,6%-ы корейлер, 4,2%-ы басқа ұлт өкілдері.



Демография

2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,85 өлім – 13,89 табиғи өсім – 2,96 Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471,8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы. Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.



Өнеркәсіп

Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер.



Ауыл шаруашылығы

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 2,9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 0,1 мың гектарын дәнді дақылдар, 1,3 мың гектарын картоп, 0,5 мың гектарын көкөніс алады. 2006 жылы 0,1 мың тонна дән дақылдар, 23,5 мың тонна картоп, 12,5 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 3,5 мың тонна сүт; 1991,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 3,0 мың бас; қой мен ешкі – 1,1 мың бас; шошқа – 2,4 мың бас; жылқы - 0,1 мың бас; құс - 22,8 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, • 18 колледжде – 23427 оқушы, • 11 кәсіби-техникалық оқу орнында – 4567 оқушы, • 12 жоғары оқу орнында - 56222 оқушы оқиды. Қалада • 26 кітапхана, • 9 клуб типті мекеме, • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, • 4 мәдениет және демалыс паркі, • 3 театр, • 2 мұражай, • 1 концерт залы, • бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 34150 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 77505,5 млн теңгені құрады. 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 49855,6 млн теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 132,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін есепке алмағанда) 131272,1 млн теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 21379,2 млн теңге.



Қарағанды қаласының ескерткіштері

Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.

Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)

Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған,өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ

Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.



Назарбаев Зияткерлік Мектебі

Бұл мектеп республикада құрылатын осындай 20 мектептің сегізіншісі. 720 балаға арналған оқу орнының 120 орындық интернаты да бар. Мектеп басшылығының хабарлауынша, бүгінгі күні 7,8 және 9 сыныптарға 558 оқушы қабылданыпты. Білім ұясында оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқушыларға білім беру мен жатын орындары тегін. Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірегей оқу орны және өңірлік ғылыми орталық болып табылады.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 264-жаттығу

(берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)


Піл, биші, достар, торғайға

Сабақтың тақырыбы: Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату. 267-271 жат.

Сабақтың мақсаты:

Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуді түсіндіру. Сөйлем ішіндегі түбір сөзді табу, қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үйге тапсырманы тексеру

264-жаттығу (берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)

Піл, биші, достар, торғайға

ІІІ.Жаңа сабақ Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату. 267-271 жат.

А)267-жаттығу (оқу, түбір сөздерді табу)

МӘТІНГЕ АТ ҚОЙ.

Домбыра


Домбыра, қазақ, ерте, аспап, перне, құлақ
Ә)ӨЗДІК ЖҰМЫС

268-жаттығу (сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу)

Қыс... (та) адамдар жылы киінеді. Мал қора.... (да) тұрады. Үй маңындағы қар...(ды) күрейді. Балалар қар....(дан) аққала жасайды.
Б) ІЗДЕНІС ЖҰМЫС

269-жаттығу (суреттердегі зат атауларын қатыстырып сөйлем құрау)

ДОМБЫРА

Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыраның тарихы



XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.

Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12—14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7—8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.



Домбыраның түрлері

Алып домбыра

Кішкентай домбыра

Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.

Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде

ән мен күй домбырасы

торсық

тұмар


кең шанақты (екі нұсқасы)

балдырған

балашық

шіңкілдек



аша

үш ішекті

қуыс мойын

шертер


оркестр домбыралары:

қоңыр дауысты (альт)

жіңішке дауысты (прима)

ащы дауысты (секунда)

бас домбыралар (екі нұсқасы) [1]

Сипаттамасы

Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Домбыраның дамуы

Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:1932 – 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И. және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев, т.б. еңбек етсе,оны 1960 – 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор,бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді.1990 – 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд».[2]



Көп ішекті домбыралар

Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр.

Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А. Алекторовтың, Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік.

«Қырғыздардың музыкалық аспаптары қызығарлықтай емес. Олардың бар болғаны бубен, джибизги және думбралар (думбра — үш немесе төрт ішекті аспап, біздің балалайкаға ұқсайды)».Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін.Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтің репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нәшіне келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді. Қазір Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы:

Олардың бірі Исраилдің домбырасы. Ол тұтас ағашты ойып жасалған. Бет қақпағы ағаш шегелермен бекітілген, оған тарамыс перне байланған.

Екінші домбыраның шанағы бөлек-бөлек тақтайдан құрастырылған. Жоғарғы және төменгі қақпақтары фанерден жасалған. Он екі пернесі бар.

Үшінші домбыраны ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев пен оның досы Н. Долгополов Семей өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан ойып жасалған. Ағаш шегелермен бекітілген бет қақпақта үш шағын ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ. Мойынға бес перне байланған.Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылыми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар.

Кейін консерваторияның фольклор кабинетіне осы ауданнан үш ішекті домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның шанағының ішіне даусын күшейту үшін квартаға келтіріліп екі металл қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас ағашты ойып жасалынған. Ағаш пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны сақтау үшін істелген. Аспап квинта мен квартаға келтіріліп бұралады.Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы.Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі. Дина Нүрпейісова атындағы халық аспаптары оркестріне қатысушы Қапар Темірәлиев 1960 жылы жасаған домбырада төрт ішек бар. Олардың екеуі шанақ пен мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ болуы арқасында әр ішек жеке күйге келтіріледі. Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі. Мойынның сағасының бір бөлігі ашық қалдырылады, ол ішек үзілген кезде жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы үшін қажет.


Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді. Қостанай облысының Боровское ауданында шанағының ішіне қоңыраушалар ілінгек домбыралар да кездесті. Мұндай домбыра жасаушы шебердің бірі — Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданында бұрын халық композиторы Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш дауысты күй шығарыпты.

Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп көргеннің өзінде-ақ олардың өзгеше әуезділігі байқалады. Музыка зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты «Сылқылдақ» күйікің ладо-тональдық, метрикалық, құрылымдық және басқа сипаттарын талдай келіп: «бұл күй бізге бұған дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш дауыстылығы, осы үш дауыстың нәтижесінде өте бір ерекше комплекстер, қазақ музыкасы үшін мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге келген».Көп ішекті домбыраларды тарту мәнері Қазақстанның, шығыс облыстарындағы домбырашылардың тартысына ұқсайды. Яғни күйлер ішектерді жеке-жеке шертіп ойнау тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл республикамыздың бұл аймақтарында үш ішекті домбыраның сақталуына себепші болған. Үш ішекті домбырада орындалатын күйлер өзгеше естіледі және олардың орындалу тәсілі де басқаша.Екі ішекті және үш ішекті домбыралардың көп ішекті жетігенмен және үш ішекті шертермен үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті домбыра тартудың қалыптасқан дәстүрін қазақтың аспаптық творчествосы дамуының неғүрлым ертеректегі кезеңіне жатқызуға болады. Домбыраның жетілдірілуі аспаптық музыканың дамуымен тығыз байланыста жүріп отырған. Бірі-біріне ұқсамайтын орындаушылық екі дәстүрдің орын алуын құрылысы және сыртқы түрі жағынан басқа-басқа екі түрлі домбыра жасалуына себепші болды. Осының бәрі қазақ халқының музыка мүрасын байыта түсті. Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс облыстарының орындаушылық дәстүрі әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айта кету керек.

Советтік заманда Қазақстанның аспаптық музыкасы дамытылуына байланысты екі ішекті домбыра жетілдіріліп қайта жасалды да оны тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді. 1943 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылған шақта домбыраның бірнеше түрі бірден жасалынған-ды. Оркестрге әр жылдары жетекшілік еткен А. Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажғалиев, сондай-ақ музыка аспаптарын жасаушы шеберлер И. Романенко мен Қ. Қасымов домбыраны жетілдіру және домбыраның мүлде жаңа үлгілерін жасау жолында қажымай-талмай көп еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында және Алматыдағы мебель фирмасының музыкалық аспаптар цехында жасалынуда. Ал оларда жасалынып шығып жатқан аспаптардын, саны да, сапасы да аспапқа қойылатын талаптан көп төмен. Аспаптарды көптен шығару ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни сапалы аспаптың тапшылығы көркемөнерпаздар үйірмесінің кең қанат жайып дамуына, жас музыканттарды тәрбиелеп баулуға кедергі болып отыр.Қазақ ССР Министрлер Советі музыкалық аспаптарды шығару және сапаларын жақсарту жөнінде 1968 жылы 27 февральда қаулы қабылдаған болатын. Осы қаулыға сәйкес аспаптардың қолданылып жүрген түрлерін қайта жасауды және көне аспаптарды қалпына келтіруді қолға алған эксперименттік лабораториялар жұмыс істей бастады. бұл кезеңде ағаштың физикалық-механикалық және акустикалық қасиетін зерттеп анықтау барысында біраз жұмыстар атқарылды. Аспаптарды жобалау қазақ аспаптарының көне үлгілерін, сондай-ақ халық шеберлерінің тәжірибелері мен дәстүрлерін, этнографиялық материалды зерттеп-игеру негізінде жүргізілді.

Домбыраны зерттеу нәтижелері

Әр түрлі үлгідегі домбыралардың қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың жеке бөлшектерін құрастырып жинағаннан кейінгі серпінін белгілеу үшін кергіш орнатылады. Қақпақты шанаққа отырғызғаннан кейін топты жаңғырық пайда болады. бұл шанақ пен қақпақтың арасындағы бір тұтас жаңғырық болып саналады. Қақпақты өңмеу жұмыстары оның тербеліс жиілігіне өзгеріс енгізеді, сондықтан қақпақ шанаққа бекітіліп, біржола өңделгеннен кейін тербеліс жиілігі қандай болатынын күні бұрын білуге болады. Оның үстіне ағаштық физикалық ерекшелігіне байланысты көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай бола тұрса да қақпақты қажетті интервал шамасында дыбыстайтын етіп күйге келтіруге болады. Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың қалыңдығын анықтау және серпінді орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне байланысты, бұл іске аса мұқият болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақгайшалардың санына қарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады.Зерттеу жүмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әр түрлі болса, олардан алынатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.Қақпақ бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардық физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені —250 мм, ұзындығы — 400 мм және қалыңдығы —2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі ағаштың физикалық қасиетіне қарай 207,64—233,08 гц шамасында болады. Егер қақпақтың қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс жиілігі 233>08—277,12 гц шамасында болмақ.Қақпақты күйге келтіру кезінде ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне орнатылған кергіш қақпақтың тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін, ені—5 мм, ал биіктігі—6 мм болса, онда қақпақтың үні бір тон шамасында жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін серіппені бірте-бірте аласарта беру керек. Сынақ жүргізілгенде байқалғандай, қақпақтың тербеліс жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:

ағаштың физикалық қасиеті,қақпақтың қалыңдығы мен жұқалығы және жанама түрде әсер ететін факторлар:

қақпақтың сәл ұзартылуы мен қысқартылуы,

өрнектеу.

Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру әдісінде ортақ жайлар көп болғанымен әрбір қақпақты жекеше алып қарау керек. Домбыра қақпағын күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың қақпағы тербеліс жиілігі —233, 08—261,6 гц шамасында дыбыс алуға қолайлы келеді, өйткені мұндай жиілік домбыраның мензурасына, оның құлақ күйіне және дыбыстау сипатна сәйкес келеді. Аспапта жұмсақ тембр, майда қоңыр дауыс пайда болады. Егер қақпақты құрастырғанда оның күйге келтірілуі ескерілмесе, онда, практикада бақыланғанындай, қақпақтың тербеліс жиілігі көбінесе 293,6—349,2 гц шамасында болады. мұндай жағдайда аспаптың даусы нашар шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз келеді.Қазір домбыраның қақпағы 2—5 бөлек тақтайдан құрастырылып жүр. Тақтай бөлшектерінің санына қарай қақпақты құрастырудың және күйге келтірудің жолдары өзгеріп отыруға тиісті. Егер қақпақ екі бөлшектен ғана құралса, онда оларды бір тонға келтіру қажет, ал егер үш бөлшектен құралатын болса ортадағы тақтай күйге келтіріледі. Төрт бөлшектен құрастырылса ортадағы екі тақтайдың күйге келтірілетін болуы маңызды, өйткені негізгі тонды беретін солар.Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл процесін оны күйге келтірумен бір мезгілде жүргізу қажет, яғни:қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді оны әзірлеудің бастапқы сатысында-ақ алу керек;

егер қақпақтың үні құрастыру ісі басталған кездің өзінде-ақ, тым жоғары болса, келесі тәжірибе үстінде де қажетті үнді ала алмайсыз, сондықтан оны күйге келтіріп және аспаптың шанағына орнатып текке әлектенбеу керек;

аспаптың даусы жақсы болуы үшін қақпақтың үнін си-ге немесе си-бемольға жеткізу қажет;

егер бөлек тақтайшалардың арасы дұрыс желімделмесе қақпақ біртектес ағаштан құрастырылмаса, талшықтардың бағытталуы қисық болса, жарықшақ сызат

түссе, домбыраны күйге келтіру қиындайды.

Тәжірибе көрсеткеніндей домбыра-тенордын, қақпағының үніне қарап аспаптың тембрлік даусын күні бұрын білуге болады. Ал мұның, өзі аспаптарды көбінесе сапалы етіп жасауға мүмкіндік береді. Қақпақтың үні жақсы болса — тембрі жүмсақ, ал үні жоғары болса — тембрі ащы болады.

1970 жылы Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында жасалған бес домбыраға лабораторияда талдау жасап көрген кезде, зерттеу мынаны көрсетті. Қалыңдығы 3,1 мм-ден, —4,1 мм-ге дейінгі қақпақтарды ашып қарадық. Артқы пружинаның биіктігі 5,2—5,6 мм шамасында екен. мұндай көлем тербелістің қасиетті жиілігін және дұрыс күйге келтіру үшін керек болатын шарттылыққа сай емес. Қақпақтың қалыңдығын бір мм-ге жұқартқан соң және пружинаның биіктігін тағы бір мм-ге кеміткен соң тербеліс жиілігі азайды. Қақпақтың үні жарты тоннан астам төмендеді. Егер бұрын тербеліс жиілігі 138,56 гц болған болса, енді ол 128,8 гц кеміді.

Мұнан қорытарымыз, көптеп шығарылатын домбыралардың дауыс шығару мүмкіндігін жақсарту үшін тэжірибе жүргізудің нәтижесінде алынған параметрлерді сақтау қажет екендігіне көз жеткізу қиын емес. Халық шеберлері аспаптың үнін жақсарту жолында үнемі ойластырып, көп ізденіп келген. Сондықтан да олар домбыраның формасы мен құрылысына ерекше назар аударған.

Қолға алып зерттеген бірнеше домбырамыз тұтас ағаштан ойып жасалған. Сырт қарағанда бұл домбыралар жалпақ сияқты, алайда, шанақтың қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі аспаптың даусы жақсы шығуына мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы қақпақтың үні бір қалыптан өзгермеуіне көмектеседі екен.

Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты.Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра-альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені —195 мм, ұзындығы —344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3—2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, онық ені —6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, оның ені — 4 мм.Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы —2,0—2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы—2.0—1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені— 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы—4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны — қайыңнан, қақпағы — шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды.

Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра-тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка — күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.[3]



Домбырада шетелдік шығармаларды орындау

Домбыра сияқты екі ішекті музыкалық аспаптың мүмкіндігі зор. Солардың бірі домбырада шетелдік шығармаларды орындау болып табылады. Паганинидің төрт ішекті скрипкасында үлкен қиындықпен немесе басқа да әйгілі шетел композиторларының шығармалары, қазақтың киелі домбырасында оңай және әсем ойналады. Бұл қасиет әрбір музыкалық аспаптың үніне салына алмайды. Мысалы: Моцарттың “Түрік маршы” өте күрделі әрі жоғары темппен орындалатын шығармалардың бірі. Оның барлық вариациясын күйсандықпен ойнап шығу тек қана нағыз шебер адамдардың қолынан келеді. Алайда, қазақтың домбырасында осы іспеттес вариациялар аса қиындық туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының қос ішекті домбырасында дәстүрлі қазақ композиторларының шығармаларымен қоса, шетелдік шығармаларды да асқан шеберлікпен әсем орындауға болатыны анық.

ҚОБЫЗ

Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Кобыз ен коне аспаптардын бірі.



Сипаттамасы

Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.



Қобызға деген көзқарас

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.

Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909—1970) Дәулет Мықтыбаев (1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз.
Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.[1]

В) ӨЗДІК ЖҰМЫС 270-жаттығу (түбір мен қосымша екенін дәлелдеу)

Үй-бұл түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.

Мектеп- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.

Кең- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.

Оқу- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.

Таза- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.

Орман- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.

-лы- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.

-ды- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.

-лық- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.

-тай- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.

-дар- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.

-тер- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.

-шы- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.

-тей- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 272-жаттығу (әңгіме құрау)

«Қыс»


жүктеу 8,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау