Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №1 «Түлкі»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөйлемдерді ұқыпты, қатесіз жазуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, сызба,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Бекіту сабағы Бақылау диктанты №1 «Түлкі»
А)Түлкі тауралы мәлімет беру.
Түлкі (лат. Vulpes vulpes) – жыртқыштар отрядының ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады.[1] Тұрқы 70 – 77 см, салмағы 6,5 – 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады. Моногамды. Қаңтар – ақпан айларында ұйығып, 49 – 58 күннен кейін 4 – 6 (кейде 15) күшік туады. Терісі бағалы аң, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді, құтыру ауруының вирусын таратады.[2]
Ақ түлкі (лат. Vulpes lagopus) – ит тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Ақ түлкілер Солтүстік Америка мен Еуразияның орманды тундрасында, тундрада және Солтүстік Мұзды мұхиттың аралдары мен Командор, Алеут, Прибылов аралдарында таралған. Дене тұрқы 45 – 75 см, құйрығы 25 – 52 см, салмағы 2 – 9 кг. Сыртқы пішіні қызыл түлкіге ұқсас, бірақ тұмсығы мен құлағы қысқа келеді. Терісінің түсіне қарай ақ және көгілдір болып бөлінеді. Ақ түлкі жылына 2 рет түлейді. Қыста жүні ұзын қалың, жұмсақ және біркелкі ақ, ал жазда ақсары бурыл болады. Көгілдір түлкі түлемейді. Ақпан – наурызда ұйығып, 52 күннен кейін 3 – 15, кейде 22 күшік табады. Күшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейді. Күз – қыс айларында тамақ іздеп кезіп жүреді. Тамақ талғамайды. Олар көбіне тышқантәрізді кеміргіштер – леммингтер мен және тоқалтістермен, құстармен қоректенеді. Қолда бағылып та көбейтіледі. Ақ түлкі – терісі өте бағалы аң, сол үшін ауланады.[2]
Түлкі жабайы аң.
Ол – өзінен кіші аң – құстармен коректенеді. Өте қу, айлакер аң. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. Сонымен қоса өте ақылды аң. Ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман - есен құтыла алады.
Түлкі түгінен жазады.
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.
Бір түлкі жеті бөріні алдайды.
ЖҰМБАҚ
Өзі бір қу
Жүрген жері айқай мен шу.
(түлкі)
Ә) № 1 Бақылау диктанты
Достарыңызбен бөлісу: |