Да п а л ы қ дүниетаны мы Әрбір ғалы м


ген сопылық дүниетанымының әсері


бет48/94
Дата13.09.2023
өлшемі
#43348
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94
b892

ген сопылық дүниетанымының әсері.
Қысқаша айтқанда қазақ халқы кәбінесе еліп-талып,
исламға беріліп қүлшылық етпеген. Осы ерекшелік құ-
дайға құлшылық жасағанынан-ақ байқалады. Сахара-
ның кеңдігі қазақтарға іс-әрекет еркіндігін берген. Еркін
адам қүдайға да құлшылдық етуден бой тартып әрекет
еркіндігін сақтаған.
146


«МЕН ЖҮРЕКТІ 
Ж АК-ТАД Ь1М»
(Он жетінші сөз)
Бұл сөз шығыстың философиялық дәстүрінде жазыл- 
ған. Батыс философиясында рационализм және сенсуа- 
лизм атты дүниетанымдық жүйелер қалыитасқан. Осы 
екі бағыттың бірі ақылды жоғары қойса, екіншісі сезім- 
дік танымды асыра мадақтайды. Шығыс философия- 
сында ақыл мен сезімді мұндай қарама-қарсы қоюшы- 
лық жоқ. Шығыс ойшылы Абайды біз сондықтан не ра- 
ционалист, не сенсуалист дей алмаймыз. Оның тағы да 
бір себебі, Абай әманда ақыл туралы ойын таратқанда 
жүрек пен қайратты қоса айтады. Өлеңдерінде ақыл, 
қайрат және жүрек деп жырлаған ақын, қара сөзінде 
осы үшеуіне тағы да айналып соққан. Бізге бұл сөздің 
оқиға желісін кімнен, қайдан алғаныи анықтау керек 
емес, осы үшеуі туралы Абайдың айтқан өз ойлары 
қажет.
Он жетінші 'сөзінде ақынның: қайрат, ақыл, жүрек 
және ғылым туралы ойлары таратылған. Сөзде үшеуі 
өз өнерлерін бұлдап бір-бірімен айтысады. Әрине, ал- 
ғашқы адам болмысы мен ғұмырында бұл үшеуінің ала- 
тын орны өлшеусіз, өте қажетті нәрселер. Сондықтан 
олардың бірінен-бірінің асып түсуі мүмкін емес-ті. Сөзді 
мұқият оқыған кісі, шын мәнінде қайрат, ақыл, жүрек, 
дегендер туралы бай түсіиік алады. Бұл түсінік екі тә- 
сілмен берілген. Біріншіден, өздерінің кім екендігін 
қайрат, ақыл, жүрек өздері айтады. Екіншіден оларға 
төрелікті ғылым берген, Яғни өз мәндерін өздері ашқан.
Қайрат, ақыл және жүректің басын қосқан ғылым 
болды. Сонда ғылымның өзі не? Оған Абай түсінік бер- 
мейді. Ғылымды кітаптың сөзі деген. Олай болса дү- 
ниеде ғылымнан асқан ешнәрсе жоқ. Бірақ, ол ғылым 
мен ақылды бөліп қарастырған, ақыл ғылым сөзін түсін- 
діруші, үғынушы ғана. Ғылым дегенде Абай, оның мис- 
тикалық сипатын жоққа шығарып отырған жоқ, оны 
кітап сөзі дегенінде үлкен мән бар. Ақын кітап дегенде 
мұсылман қауымы Алланың сөзін айтып отыр. Ғалым 
адам ол сөзді елге жеткізеді, оны Абай нақлия деген. 
Ғалым әрі хакім адам Алла сөзінің мәнін түсінуге тал- 
пыныс жасайды, оны Абай ғақлия атаған. Бүл жөнінде 
арнайы оның отыз сегізінші сөзінде айтылған. Біздің 
айтпағымыз, бұл сөз нақлия түрінде (ғибрат) жазылған, 
ғақлия болса ғылым туралы айтуымыз керек еді. Бұл 
сөздің тағы бір ерекшелігі қайрат, ақыл, жүрек, ғылым
147


объективтік идея формасында баяндалған. Мұндай тәсіл 
Платонға да тән. Қайрат, ақыл, жүрек және ғылымды 
жеке-жеке субстанция ретінде қарастыру Шығыс фило- 
софиясында қалыптасқан дәстүр. Сондықтан бұл сөз- 
дердіц мәнін Батыс философиясынан іздеудіц еш қажеті 
жоқ. Бұл ислам философиясыидағы гносеологиялық із- 
деністердіц көрінісі.
К Е Р Б Е З
(Он сегізінші сөз)
Адам баласыныц бойын түзеп, ұнасымды киім киінуі 
табнғи иәрсе. Келісті киім адамға өц беріп, көцілін кө- 
теріцкі етеді, әрі езге кісілерге жылы әсер қалдырады. 
Әсем киіну адамныц сұлулықты қабы лдау қабілетіне 
де қатысты. Сондықтан Абай таза киініп, дұрыс жүруді 
қүп ала отырып кербездікті де сынға алған. Ол 
кербез-
діктіц екі түрі болады дейді. Біреуі адамныц бет-пішіні- 
не катысты, яғни сақал-мұртын, жүріс-түрысын, қас-қа- 
бағын сәндеумен әуреленушілік. Екіншісі киімге, атына 
әуреленіп: «... әттец дүние-ай, осылардыц атындай ат 
мініп, киіміндей киім кигенніц не арманы бар екен?!» 
дейтұғын болмаққа ойланбақ».
Мұндай істерді Абай масқаралық, ақы м ақты қ ретін- 
де бағалаған. Сондықтан, ол: «Кербез дегенді осындай 
кер, кердец немеден безіндер деген сөзге ұқсатамын. 
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, 
мінез деген нәрселермен озбақ» дейді. Ойды ой қозғай- 
ды Абай бұл сөзде кербездіц тұрмыстағы мәніне талдау 
жасаған. Ал, осы кербез деген сез туралы ойласац, тіп- 
тен бұл өзі ж ам ан түсінік те емес. Оныц жатымсыз бо- 
латыны кейбіреудіц кербез атануға тырысушылығынан. 
Не ақылы, не ғылымы, білімі ж оқ тек әншейін кербез 
атану боскеуделік. Өмірде өзі де кербез, ойы да кербез 
ерекше жандар болады. Ой кербездігі білімділіктен туса 
керек. Былапыт сөйлемейтін, алыстағыны ацдап, аузы- 
нан шыққан сөзі алтынға айналған қазақты ц атақты 
билеріндегі қасиет осы ой кербездігі емес пе? Абай 
«Өлец сөздіц патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар 
ер данасы» — деуі де ой кербездігіне бастайды. Сірә, 
нағыз кербез Абайдыц дәл өзі. Мен мұндай қорытын- 
дыға мұрасын зерттеу үстінде келдім, оныц себебі, ол 
кербездіктіц барлық болмысын жазып қалдырған. Олай 
болса Абай ойшылдардыц ішіндегі кербезі.
148


Кербез дегеп ұлағатты сөз. Оныц құнын әлдекімдер 
түсіргісі келгенімен, іс бітпейді, кербездік — сүбелі 
эстетикалық категория. Кербездік сұлулыққа ұмтылу, 
ізденуді талан етеді, ойы топас, көкірегі қараңғы жан- 
дар кербездіктің не екенінен хабары жоқ тек еліктеуші- 
лер. Абай осылар туралы айтқан. Кеудесі кең сарай 
ғұламалар — нағыз кербездер. Себебі, кербез деген 
адамның адамнан артықшылығын білдіретін үғым, ғү- 
ламалар болса ерекше жандар, олар өзгелерден ақылы- 
мен, ғылымымен озғандар. Солардың бірі осы сөзді 
жазушы, кербез туралы ой айтушы хакім Абай.
ЕСТІЛІК
(Он тоғызыншы сөз) 
'
Қазақта бір мақал бар: «Кәре-көре көсем боласың, 
сөйлей-сөйлей шешен боласың». Естілік дегеніміз ма- 
қалда айтылғандай адамның туа біткен қасиеті емес, 
дүниені тану нәтижесінде болатын нәрсе. Есті болу 
үшін естілердің сөзін ескеріп жүру керек дейді ақын. 
Жалпы естіліктің жеке езі іске жарамайды. Естілерден 
естіп білген жақсы нәрселерді ескере, жаманнан сақ- 
танса сонда іске жарайды. Абай естілердің сөздерін 
ескеретін адамдардың тапшылығына қынжылады. Сөз 
танымайтын жұртқа сөз айтқанша, ©зіңді танитын шош- 
қаны баққан жақсы деген екен бір хакім дейді Абай.
Сезді ұғып, сөз тыңдайтын адамдар Абай. заманында 
аз болған, қазір де солай. Білімге бой ұрғандардың, 
естідердің сөзінде жұмысы жоқ, сондықтан естілік де- 
геннің өзі қоғамдық сана, пікір деңгейін білдіретін өл- 
шемнің бірі.
ЖАЛЫҒУ 
(Жиырмасыншы сөз)
Абай 
тақуалықты 
(сопылық) 
мойындамаған, ол 
адамның еңбегін, тұрмыс үшін жасайтын қарекеттерін 
хош көрген. Себебі, тақуалық адамды өмір қызығынан 
бездіреді. Тақуалық жалған әмірге түңілудің, оны тәркі 
етудің бір түрі. Абай мүндай дүниетанымды қабыл ал- 
ғанмен осы сөзінде «жалығу» туралы пікірлер өрбіткен.
Өмірдің мың сан көрінісінен, қисапсыз әрекеттерден 
жалығу тақуалыққа бастайтын соқпақтың бірі. Мүны
149


Абай деп басқан. Ол «Жалығу деген әр нені көрем де- 
ген, көп көрген, дәмін, бағасын — бәрінің де баянсызын 
біліп жеткен, ойлы адамнан шығады»— дейді. Ойлы 
адам әр нәрсенің түпкі мәніне зер салса, ойсыз жанның 
өмірі сауық-сайранға толы. Соған қарап, ақын ақымақ- 
тық, қайғысыздық та бір ғанибет пе деп ойлаймын 
дейді.
Абайдың бүл көтеріп отырған мәселесі әлімсақтан 
шешуін таппай келеді. Анығында дүрыс өмір сүру де- 
ген не? Ананы-мынаны ойлап, баршама жайдың жай- 
жапсарын, 
себеп-салдарын зерттеумен күн өткізу ме, 
әлде ойын-күлкімен, сауықпен күн кешу ме? Қайсысы 
дұрыс, қайсы бұрыс. Ақын бұл сүраққа жауапты өлең- 
дерінде берген. 
Ол наданньің сүйгені 
көппен дүрмек 
деген. 
Бірақ, шолақ ғұмыр адамға бірақ рет беріледі 
екен, оның езі жаныңды жеп, қайғымен өтсе не болға- 
ны. Сондықтан 
өмір қызығынан жалыққандар, оның 
шолақтығын білгендер тіршіліктен де жалығады. Он- 
дайлардың атқарар әрекеті негізінен — тақуалық, яғни 
құдай жолына түсу. Одан бергі де ойлы адамның жа- 
лықпайтын бір ісі бар. Оның ақын не екенін айтпаған. 
Адам (ойлы адам) білімнен, ғылымнан жалықпайды, 
суреткер емір көріністерін бейиелеуден жалықпайды, 
қысқасы шебер өз ісінен танбайды.
Жалығу дегенде Абайдың айтып отырғаны тек өмір 
қызығы емес, тереңірек мәселе. Ол «дүние бір қалыпта 
тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпта тұрмай- 
ды» — дейді. Әрине, қуаттың азаюы, ғұмырдың қысқа- 
руы адамның ісіне, мінезіне езгерістер әкелмей тұрмай- 
ды. Бірақ, мен ойлаймын білмекке кұмарлыққа, сірә 
ойлы адам жалықпаса керек.
Ү Л К Е Н Д І К Ж Ә Н Е М А Қ Т А Н Ш А Қ Т Ы Қ
(Жнырма бірінші сөз)
Мақтан дсген өте күрделі норсе. Мақтан іздемеген 
адамды мен көрмедім. Мемлекеттік лауазымдар, атақ- 
тар, дәрежелер, берілетін сыйлықтар бәрі-бәрі мақганға 
қатысты. Осы мәселені Абай былайша талдап бергси. 
Ол мақтанның екі түрлісін байқадым дейді: біріншісінің 
аты үлкендік, екіншісі — мақтаншақтық.
Абай үлкендік дегенге 
мынандай түсінік бергеи: 
«Үлкендік — адам ішінен езін өзі бағалы есеп қылмақ. 
Яғни надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтан-
150


шақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, 
сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді — осындай 
жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойы- 
на қорлық біліп, езін ондайлардан зор есептемек. Бұл 
мінез — ақылдылардық, арлылардың, артықтардың мі- 
незі». Мұндай адамдарды мақтаншақ не мақтан сүйгіш 
жандар деуге болмайды. Кімнің кім екенін анықтап, дәл 
басып, ашып айтып, соған орай құрмет ету, талап ету 
мақтаншақтық емес ақылдылықтың, артықтықтың бел- 
гісі олай болмағанда ақын айтқан «единиңалар» кеппен 
бірге араласып кетіп, ел басшысыз, кемеңгерсіз, батыр- 
сыз қалмақ.
Абай айтқан «үлкендік» деген ұғым ар бөлімінде 
(этикада) әлі өз орныи таппай жүр. Қазақ тұрмысында 
үлкендердің орны ерекше болатын. Үлкенді силау деген 
жасы үлкенді сыйлау дегенмен анықталмайды. «Үлкен- 
дік» деген адамгершілік, кісілік, арлылық деген ұғым- 
дардан тұрады. Осы ұғым халық тәрбиесінде ерекше 
қызмет атқарған. Үлкендер айтты деген сез қазақтар 
үшін заң ретінде қабылданған. Адам үлкендікке тым 
ерте жетуі әбден мүмкін. Мысалы, Қазыбек би бозбала 
кезінден-ақ Қаз дауысты Қазыбек атанды. Демек, оған 
«үлкендік» тым ерте келген. Абай үлкендік дегенде 
осындай жайларды ескерген.
Үлкенге сый да, кұрмет те ерекше. Оны мақтау адам 
бойындағы асыл қасиеттерді тану, бағалау. Абай мақ- 
танның екінші түрін мақтаншақтық дей келе оның үш 
түрлі болатынын айтқан: «Біреуі жатқа мақтанарлық 
мақтанды іздейді. Ол — надан, ләкин надан болса да 
адам». Жатқа мақталсам дегенде елім мақтаса екен деп 
ойлайды. Елі не үшін мақтауы керек екенімен оның жұ- 
мысы жоқ. Ел мақтауы үшін үлкен болуы керек, халық- 
қа адал қызмет ету қажет. Ондай ойсыз әншейін мені 
басқа ел мақтаса екен деушілік, әрине надандық, бірақ 
ондайларды Абай адам санатынан шығармайды. Себе- 
бі, бұл сөз ел басқарған адамдарға қатысты болса ке- 
рек. Қанша дегенмен ел басқаруға да көп нәрсе, қасиет 
керек. Ел басшысы надан болғанмен — адам.
Мақтаншақтың екінші түрі «өз елінің ішінде мақта- 
нарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, 
адамдығы әбден толық емес». Мұндай мақтаншақтық- 
тың ойы ағайыным мақтаса екенге саяды. Ағайыны мұны 
не үшін мақтамақ. Ағайыннан мақтау іздегенді Абай 
надандығы толық адам деп бағалаған. Мұндай жанның 
адамдығы да толық емес, қуыс кеуде.
151



жүктеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау