Да п а л ы қ дүниетаны мы Әрбір ғалы м


ларсың жылма жыл. — Тез үйреніп, тез жойма, жас


бет50/94
Дата13.09.2023
өлшемі
#43348
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94
b892

ларсың жылма жыл. — Тез үйреніп, тез жойма, жас
уақытта кеңіл — гүл».
« Қ І М Д І С Ү Й Д І Ң , К І М Н І Н Т І Л Е У І Н Т І Л Е Д І Ң »
(Жиырма екінші сөз)
Байды 
даттап, 
кедейді 
мадақтап өскен біздерге
Абайдың бүл сезіндегі түпкі ойы ерсі көрінуі ғажап
емес. 
Бүл сез кезінде «Абайды баншыл» ақын деуге
сылтау болған. Ал мәселе байыбына терсңірек барғап
адам сол замандағы халықтың әлеуметтік болмысына
жасалған талдауға тап болады. Абай халық тұрмысын-
дағы әркімнің орнын анықтап, соған сай кімді жақтап,
кімді қадірлемекпін деген ойға қалады. Байды қа-
152


дірлейін десе, оның не өз басына, не малына еркі 
жоқ, елде кеселді қулар көбейіп, соларға жем болып 
жүр. Мырзаларды қадірлейін десе ондай мырза елде 
жоқ, олар қара басының пайдасы үшін мырзасынып 
жүр. Болыс пен биге келсек бүл қүдайдың қалауымен 
емес малға сатып алған шендер болғандықтан қардың 
суы сияқты түрақсыз. Мықтыны силайық десек жақсы 
іспен, мәртікпен ел аузына іліккен жоқ, жаман іске бәрі 
мықты. Естіні қадір тұтайық десек, есті кісі елде жок, 
арамдыққа, қулық-сұмдыққа келгенде бәрі есті. Ғаріп- 
қасар бейшараны сыйлайын десең түйеге мінерлік 
қауқары жоқ, енді қалғаны қу мен сұм, олар елді шулат- 
пай өздері де тыныштық таппайды. Сонда кімнің тілеуін 
тілеймін дейді Абай. «Ырыс баққан, дау бақпас» деген 
мақалға тоқтап Абай өз байлығына өзі ие бола алмай, 
қу, сұмға, ұры-қарыға, болыс, биге, орыс әкіміне жем 
болып жүрген қазақтың момын байларын аяп, соның 
тілеуін тілегенді жөн көрген. Бұл біздің «қазақ байла- 
ры» кімдер еді деген сұраққа жауап. Қазақ байлары 
неге осылай ауыр халде өмір кешкен, себебі жалпы 
қазақ тұрмысының жұтандығыида, саяси бас еркінің 
жоқтығында, заң жүйесінің отаршылдар мүддесіне орай 
ғана қызмет етуінде. Сондықтан да қазақ байы бір жұт- 
тық. Қолдағы дәулетті заңды түрде сақтау, қорғау ме- 
ханизмі жоқ. Бұл бірінші қорытынды, екінші Абай осы 
сөзінде қазақ түрмысының әлеуметтік құрылымын ашып 
берген, кімнің кім екенін айтқан. Олар: байлар, мырза- 
лар, болыс пен билер, мықты, есті кісілер, ғаріп-қасар 
бишаралар 
(люмпендер), қу мен сүмдар. Осылардың 
әрқайсысының қазақ елінде өз орындары болған, соны 
Абай рет-ретімен ашып берген.
Абай ұғымында халықтың құты қазақ байлары, 
олардың іс-әрекетіне қарап, жиған-терген мүлігіне ка- 
рап елдің болмысын анықтауға болады. Қөшпелі халық 
тұрмысында байдың орны ерекше. Оларсыз ауылда әре- 
кет жоқ. Әр ауылдың өз байы бар, соған қарап адамдар 
бір жүйеге тартылған. Сондықтан Абай қазақ байла- 
рына жанашырлық білдірген.
ОКАМАНҒА САЛЫСЫП ЖАҚСЫ БОЛА МА?»
(Жиырма үшінші сөз)
Қазақ көнбіс халық. Ол өз көнбістігіне дәлелдер 
ойлап тапқан. Қуанбайтын нәрсеге қуанады, жұбанбай-
153


тын іске жұбанады, сөйтіп өзіне-өзі разы болып, тұр- 
мысын тоқ санап ж ай б ар ақатты қ қа салынады. Ж айба- 
рақаттық ж ал қаул ы ққа, талапсыздыққа, жігерсіздікке 
бастайды. Абай мұндай кеселді қылықтардың басқа ха- 
лықтарда бар жоғы туралы айтпаған, ол қазақты оңдыр- 
май жұрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар дейді.
Абай қазақты ң қуаныш деп жүрген қылығына тал- 
дау жасаған: «Оның 
(қазақтың) 
қуанышы: елде бір 
ж ам анды тауып, я бір адамның бұл өзі қы лм аған жа- 
маншылығы шықса куанады. Айтады: құдай пәленшеден 
сақтасын, ол да адаммын деп жүр ғой, оның қасында 
біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қа ра ға н да мен 
таза кісі емеспін бе?— деп. Оған күдай тағал а айтып 
па пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Я білгендер 
айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жа- 
маншылығы артылған кісі табылса, сен ж ам анға қосыл- 
майсың деп? Ж а м ан ға салысып жақсы бола ма?» Ж аман- 
ды тауып одан жақсымын деу, қуану әрине надандық- 
тың белгісі. Н адандық қуанатын іс емес, керісінше одан 
арылу керек. Дүннеде жаманмен жарыспай, езіңді жақ- 
сылармен теңдестір, сонда қуанышың баянды болмақ. 
Мен мынадан ілгерімін, мынадан ж ақсы түрмысым бар 
деп, адамның езін-өзі шектеуі ешқандай қуаныш болма- 
са керек. Қуаныш дегенімізді тудыратын нар тәуекел іс. 
Қуаныш деген іскерлікті талап етеді. Ж о қ нәрсеге, сәтті 
іске қанағатшылдық ж алған қуаныш әкелмек. Бұл тұста 
тағы бір ескеретін нәрсе, қуаныш ұзақ өмір сүретін се- 
зім емес. Ол қысқа мерзімде өмір сүреді. Үзаққа созыл- 
ған қуаныш іс-әрекетке тұсау болып, адамды токмейіл- 
дікке салып, бойкүйез, ж а л қ а у етеді. Қуаныш қуануды 
талап етеді, ол адамды ілгері жетелеуші — сезім. Қуа- 
ныш жеңістің куәсі, бірақ әрі қарай ербімеген қуаныш 
ез мәнінен арылып мұңға айналады. Сондықтан біреу- 
ден ілгерімін сол жеткілікті деген тоғышарлықтан туған 
қуаныш нағыз қуаныш емес, надандық. Абайдың осын- 
дай қуаныш қазақты оңдырмай жүр дегені әбден орын- 
ды. Осы бір қарапайым түрмыста жиі кездесетін тоғы- 
шарлар психологиясы қай заманда болмасын қазақты ң 
кеселді қылықтарының бірі. Ол Абай заманында да 
орын алған, бүгінгі күнде де кездесіп отыр. Осы қылық- 
тан қалай арылу керек. Ол үшін Абай қазақты ң қуаныш 
деп жүрген надандығына талдау жасаған. Қуаныш қа- 
нағат емес, армандаудан, оның іске асуынан туатын 
адам баласының өткінші сезімі. Қуаныш тез тотығады,
154


сондықтан қуана білген адам әманда жақсылыққа бас- 
тайтын іске әзір болуы керек.
Қазақтың жұбанышы да, қуанышы сияқты тоғышар- 
лықтан туған. Ол туралы Абай былай дейді: «... жалғыз 
біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген 
ұлы той, көппен бірге болсақ, болады — дағы деген сөзді 
жұбаныш қылады. Оған кұдай тағала айтып па, көптен 
қалмасаң болады деп, көпке қаһарым жүрмейді деп пе? 
Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғылым кепке келіп 
пе?». «Қөппен көрген ұлы той» — деген халық санасын- 
да кеңінен тараған түсініктің халықтық сипатқа айна- 
луының өзіндік себептері де бар шығар. Қауымдасып 
емір сүрген қазақ үшін көппен бір болу өмірдің шарты, 
бірақ ол адамның жеке басының қасиет-ерекшеліктерін 
жоққа шығарады. Көп деген ұғым халық деген емес, 
тобыр дегенге сай келеді. Ғылым көпке келмейді, дана 
адам әманда жалғыз, көптен тыс. Себебі, хикметті (да- 
налықты) көп сезбейді, жеке адам меңгереді. Көп сол 
дананың соңынан ереді. Бірақ, мәселенің ауыры сонда, 
көп дана сөзін ұға бермейді. Көбіне, көп данышпанға 
қарсы топырақ шашуға дайын тұрады. Абай сөзінің со- 
ңында біреудің қалыңдығына барғанда аузының сасық- 
тығын жасыру үшін, тұқымымызбен аузымыз сасық 
болушы еді дегеніндей, көптен ұзап кеткің келмесе «сен 
де аузыңды сасыта бер деп» бітіреді.
Ақын жұбаныш туралы айтқанда өз ойын сұрақтар 
арқылы білдірген. Бұл оқырман санасына салмақ салу, 
мәселенің шешімі әр адамның өзінде болсын дегені. Осы 
тұста Абайдың дәстүрлі қазақы тұрмыспен жаңа заман 
тірлігі, қарекеті арасындағы қайшылықты көре білгені 
анық. Жаңа заман, яғни XX ғасыр жеке адамның әреке- 
тін талап етті. Қауымдьіқ қатынастар орнына бірте- 
бірте жеке адамдар арасындағы қатынастар орнығып, 
индивидуализаңия дәуірі басталғанын Абайдың сезін- 
беуі әрине мүмкін емес-ті. Осы сезінудің бір көрінісі 
ретінде ақын қазақты оңдырмай жүрген бір куанышы, 
бір жұбанышы туралы пікір айтқан.
155


Қ А З А Қ Ш Ы Л Д Ы Қ

жүктеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау