Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет80/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92

174
аймақта сияқты экзистенциалды, когнитивті нақтылықты шығаруға болады.
Экзистенциалды  нақтылық  адамдардың  рухани-өмірлік  құңдылықтарын
қамтиды (ізгілік  идеалын, ақиқатты, əсемділікті, махаббат  сезімін, достықты
т.б.). Адамдар осы мəселелер бойынша өздерін жəне басқаларын бағалайды, сол
тұрғыдан экзистенциалдық ақиқат деген түрін қабылдауға болады.
Когнитивтік нақтылықты  зерттегенде  индивидтердің  сенімдеріне  сəйкес,
діни  догматтардың  кешеніне  немесе  бір  адамның  ғылыми  тұжырымдамалар
мен теорияларды дұрыс түсінуіндегі қойылатын сұрақтары пайда болады. Осы
жағдайларда  концептуалды  ақиқат  ұғымын  қабылдауға  болады. Жəне
операционалды ақиқат - субъектің таным туралы əдістері мен тəсілдері туралы
дұрыс түсініктері.
Танымдық  іс-əрекет  бойынша, ақиқаттың  ғылыми, қарапайым,
адамгершілік, өнер, діндік, авторитарлық т.б. түрлерін шығаруға болады.
Құбылыстың  түбіне  жету  тұрғыдан  ғылыми  жəне  қарапайым  ақиқат
туралы айтуға болады.
Қарапайым  ақиқат - заттардың  көрінісімен  байланысты, қарапайым
эмпириялық танымның нəтижесі. Бұндай таным мəнге жетпейді. Бұл білім тек
құбылыстардың  қатынасын  білдіреді. Сол  констатацияны  ақиқат  дейміз.
Мысалы, «қар - аппақ». Осындай  ақиқаттар  теория  деңгейіне  жетпейді  жəне
болмыстың  заңдылығын  ашпайды  т.б. Ал, олар  арқылы  табиғат, қоғам  т.б.
орталардың  қайшылықтарын  түсіндіруге  ықпал  жасасан, ештеңе  шықпайды.
Олар  интуитивті  дəлелденбейтін  жолмен  ашылады. Ғылыми  ақиқат  əдістеме
арқылы  тексерілген  дүниенің  заңдылыққа  бағынуын, тұрақты, əмбебап
жақтарын  шығарады. Оның  салдары - жүйелі, теория  мен  практикамен
тексерілген, əр түрлі зерттеу əдістері мен тəсілдері арқылы жетілген білім.
Сөйтіп, ғылыми  білім  қарапайым  білімге  қарағанда  абсолютті  ақиқатқа
жақын. Жоғары  абстракцияға  көтеріліп, адам  ғылымда  батылдық  аймағына
жетеді. Өнер, діни-рухани  практика - нақтылықты  игеру, ақиқатты  тану
түрлеріне жатады.
Мысалы, өнерде «өнер  шындығы» деген  ұғым  бар. Сол  ақиқат  кейбір
шығармаларда құпия болып сақталады.
Адамзаттың  өкілдері  діни  ақиқатқа  сенеді. Ол  объективтіліктің
констатациясы. Енді  авторитарлық  ақиқатқа  келсек, ол  идея, пікір  немесе
ережелер түрінде  болса  да, келесі  қағида  бойынша  қабылданылады - «Осылай
ұстаз  айтты». Тағы  басқа  пікір - бір  кісіге  сенуден  пайда  болады; немесе
біреудің танымы арқылы (келіседі, бірақ өз еркісін басады).
Фихте жəне Декарт ғылыми білім мен ақиқатты басқа салаларда қолдану
туралы  көп  ойларды  ұсынған  жəне  ғалымға  деген  сенім, ғалымның
жауапкершілігі немесе күмəніне назар аударған.
Философиялық  ақиқатқа  келсек (танымдық  тұрғыдан) ол  өзінің
жүйелілігімен, құралдар  мен  бағыттарымен ғылыми түріне  жақын; философия
эксперименталды  ғылым  емес, ол  жалпылыққа, əмбебаптыққа  жақын:
«... философия  бізді  өмірде  білімсіздік  тұңғиықтың  бетінен  өткізетін  заттар
туралы  дүние». Философиялық  тұжырымдар  нақты  ғылыми  сұрақтарды
шешуге  емес, парадигма  деңгейінде, ғылыми  танымның  жалпы  методология


175
шеңберінде таным процесінің құңдылықтарын дəлелдеуге арналған.
Философиялық  таным, сонымен  қатар, антропоцентрлік  бағытымен
айқын. Философиялық білім адамнан өткен соң субъективті, ол үшін ғылымның
қаруларын  адам  өзіне, универсумға  зиян  келтірмеу  түрінде  қана  қабылдайды.
Философия  позициясы «адамнан», «адам  арқылы» болған  соң  философиялық
білімнің  келешегі  бар: «...адам  ойы  миллион  жолмен  жүруі  мүмкін  жəне
қойылатын мыңдаған сұрақтарға жауап жоқ».
Объектті  толық  меңгерудің  деңгейлері  бойынша: Таным  теориясында
классикалық тұрғыдан салыстырмалы жəне абсолютті ақиқаттар бөлінеді.
Осы мəселеге философтар мен ғалымдарды қиын құралған объектілердің
танымдық  сарқылмасы  əкелген. Əр  теориялардың  сол  объектілерді  толық
(абсолютті) түрде  тануға  болады  деген  ауқатсыз  болған. Қазіргі  уақытта
абсолютті  ақиқатты  өзінің  пəніне  тең, танымның  келесі  дамуында  жоққа
шығарылмайды. Осындай  ақиқат: а) зерттелетін  объектілердің  нақты
жақтарының  тану  нəтижесі (фактілердің  костатациясы, фактілердің  толық
біліміне  сəйкессіз); b) нақтылықтың  нақты  аспектілері  туралы  соңғы  білім; c)
келесі  танымда  сақталатын  салыстырмалы  ақиқаттың  мазмұны; d) толық,
ешқашан көкейтесті түрде жетілмейтін дүниемен қиын жүйелер туралы білім».
Соңғы 
пункт 
бойынша, дүниенің 
шексіздігі, өзгерістің
тоқталмайтындығы айқын. Ал, 1, 2, 3 пункттер бойынша, объект туралы толық,
жетілген  білім  мүмкін  басқа  уақытта  жаңа  түсінікке  ие  болар; біз  білмейміз
білімнің  қайсы  жақтары  келешекте  жоққа  шығарылады, оны  біз  болжай
алмаймыз; осы пукнттер абсолютті ақиқатты шарттық тұрғыдан ашады.
Қорыта  айтқанда, ақиқат, ақиқаттылық - ол  адамның  объективті  дүние
туралы  ғылыми  əдістер  арқылы  зерттеуде  жəне  өмірдің  басқа  аймағының
шеңберінде, нақтылықтың  рухани  меңгеру  түрінде, танымдық  жəне
практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде пайда болған айқын белгі, яғни:
- дүниеде өзінің болмысын жəне қоршаған ортаны экзистенциалды түрде
пайымдау;
- өзінің  адамгершілік  бейнесін  дамыту, өмірдің  əр  жағдайында
адамгершілікті таңдау;
- трансцендентік туралы - сенімде немесе атеизмде - өзіне жол ашу;
- эстетикалық құңдылықтар мен идеалдарды құрастыру процесінде;
- өмірдің мəні мен адам өмірінде өзінің арнауын анықтауда.
Өзінің  кең  мағыналы  ойлау  əдісіне  қарай  тек  философиялық  ойлау
адамзатты 
комплексті 
ақиқатқа 
жеткізеді. Кешенді 
ақиқат 
келесі
компоненттерден тұрады:
- зерттеу  тексерістен  өткен, философиялық  тұрғыдан  негізделген
жүйеленген табиғаттану білімдері;
- экзистенциалдық  тұрғыдан  қабылданған, адам  өмірінің  мəні  мен
мағынасын  түсінген, Адам, Адамзат  жəне  Дүниенің  бірлестігін  қамтитын
құндылық жүйесі;
- тарихи  тұрғыдан  адамгершілік  заңдылығын  ешқандай  болашақсыз
қабылдаудың максималды мүмкіндігі;
- кемістіктен, мағынасыз  өмірден  жəне  бір-бірін  құрту  бағыттардан


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау