Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет78/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92

170
3. Абсолютті  ақиқат  ескі  жəне  алғашқы  теорияны  жоққа  шығармайды,
қайта дербес  жағдай  ретінде  оны өз  ішіне қоса қамтып, қолдану шекараларын
анықтап береді.
Қорыта  келгенде, ақиқат  ол  тұрып  қалған  жүйе  емес, ол  зат  пен  ойлау
сəйкестігінің үлкенге үлкені.
Қазіргі философиядағы ақиқат туралы негізгі тұжырымдамалар.
Ақиқат ұғымы туралы үш негізгі концепциялар.
Ақиқат  мəселесі  алғашқы  түрде  ежелгі  Грекияда  ұсынылған, ол
анықталған, дұрыс, барабар білімнің мəселесі (лат. теңестірілген).
Ақиқат туралы əр түрлі түсініктер бар, қазіргі философияда оның ішінде
негізгі үш тұжырымдама айқын:
- сəйкестік концепциясы - «Ақиқат - ол білімнің нақтылыққа сəйкестігі»;
- когеренция  концепциясы - «Ақиқат - ол  білімнің  өз-өзімен  сəйкес
келісімі»;
- прагматикалық  концепциясы, екі  мағыналы  түсініледі - «Ақиқат - ол
білімнің пайдалылығы, тиімділігі»; «Ақиқат - ол тəжірибемен дəлелденген».
Ал  конвенционализм  тұжырымдамасын (А. Пуанкаре, Р. Карнап  жəне
т.б.) «ақиқат» ұғымы  анықтамасының  мазмұны  шарттық-келісім  қасиетке  ие
болған соң ешқайсысымен келіспейді.
Тарихи 
тұрғыдан 
бірінші
классикалық
корреспонденция
тұжырымдамасын  да  ақиқатты  психика  түрлерімен (бейне, елес, анықтама)
нақты  объективтік  мазмұнның (объективтік  нақтылықтың  қасиеті  мен
мазмұны) сəйкестігі.
Осы  тұжырымдамасының  шеңберінде  ақиқатқа  əртүрлі  анықтамалар
берілген. Қарапайым  түрінде, «ақиқат» «дұрыс, объекттің  өзіне  сəйкес  біздің
біліміміздің  дəлелденген (ақиқат, оның  барлық  қасиеттері  туралы  елес)
шындық (ақиқат) білім.
Осы мəселенің салдары  ретінде  тағы да мəселелер  туындайды. Мысалы,
«мен Абайдың мүсінін білем дегенде». Бұл жерде, объект - ол біздің миымызда
болып  жатқан, барлық  биотоктармен  нейрондардың  байланысына  ұқсамайтын
мүсін. Хосе  Ортега-и-Гассет  айтқандай, «Гималай  туралы  ойлағанды, не  мен
емес - Гималай туралы ойлаушы, не менің Гималай туралы ойым сол Гималайға
ұқсас  емес. Гималай - ол  үлкен  кеңістікті  алатын  таулар, менің  ойым  тауға
ұқсас емес жəне ешқандай кеңістіктің иесі емес». Сөйтіп, объект пен ол туралы
білім сəйкес болу керек. Яғни, қажетті түрде ақиқатты тек өзі туралы білімнің
білімі. Білім  мен  объект  арасында «ашықтық» болса, яғни, білімнің  бұзылуы.
Сөйтіп, білімнің қажетті ақиқаты да мүмкін емес.
Екіншіден, «ақиқат» тек  танымның  объектісіне  емес, субъекттің
психикалық  түрлерінде  жатқан  білімге  де  қатысты. «Заттар  мен  жағдайлар
жақсы не жаман болса, бірақ, ақиқатты не жалған болмайды. Ақиқатты немесе
жалған деп сол заттар мен жағдайлар туралы пікірді айтамыз...».
Қорыта  айтқанда, мəселе  психиканың  ақиқат  түрлері  туралы. Субъект-
объекттік  қатынаста  субъективтілікке  сəйкес  құбылыс  қасиеттері  туралы


171
мəселе. Ақиқаттың  объективтілігі - гносеологиялық  объективтілік. Раушан
гүлдің бейнесіне иіс пен түс т.б. тəрізді емес, бейне пəн бола алмайды.
«Адекваттық» («дұрыс») терминнің  қатал  түсінігін  шығару  үшін
«изоморфизм» жəне «гомоморфизм» атты 
логикалық-математикалық
ұғымдарды  қолданады. Изоморфты, деп  екі  жүйені  айтады, оның  бірінің
элементтері (А  жүйесі), қасиеттері  мен  қызметтері  екіншінің  элементтеріне,
қасиеттеріне, қызметтеріне (А1 жүйесіне) сəйкес  жəне  керісінше  болса.
Гомоморфалық  жүйелер  изоморфолықтарға  қарағанда  біржақты  сəйкеске  ие.
Яғни, алғашқы  ережеден «керісінше» деген  сөзді  алып  тастасақ, яғни, А1
жүйеде  А-ның  бейнеленбеген  элементтері, қасиеттері  мен  қызметтері  бар. Əр
дұрыс бейне (ойлау бейнесін қоса) бейнеленетін затпен анық қатынаста болса,
яғни, оны ақиқатты деп санауға болады.
Сөйтіп, сəйкестік  концепция  бойынша, ақиқат  дегеніміз  субъекттің
психикасымен объекттің сəйкестік түрі. Бейне немесе қарапайым ұғым түрінде
оны  суреттегі (фотосурет) бейнелеудің  бейнелейтінге  сəйкестік. Бірақ,
сəйкестіктің  мөлшері  қандай? Бұл  жерде  психиканың  түрлерімен  объекттің
сəйкестігі  болған  соң, осы  ереже  білімнің  ақиқат  екендігін  дəлелдеуге  лайық.
Яғни, сəйкестік  тұжырымдамасы  объективтік  дүниенің - нақты  заттардың,
құбылыстардың, оның нақты қасиеттерін сипаттауға - бейнесін қалыптастыруға
негіз береді.
Бірақ, философиямен  ғылымда  біз  қиын  теориялық  пікірлермен
шұғылданған 
соң, жəй 
затпен, оның 
бейнесінің 
сəйкестігімен
қанағаттанбаймыз. Бұл  жағдайда  ақиқаттың  когерентік  тұжырымдамасына
келеміз. Когеренттік (лат. байланыс, жалғасу) пікірлердің бір-біріне сəйкестігі,
бірізділіктігі, байланысы, пікірдің  жəне  теорияның  жүйелілігі  деп  түсінеміз.
Бұл тұжырымдаманы толық дамытқан философтар: Лейбниц, Спиноза, Гегель,
Нейрат, Гемпель. Ақиқаттың  когеренттік  тұжырымдамасының  ұстанушылары
математикалық  дəлелдемелердің  тəжірибесіне  арқа  сүйеп, пікірді  ақиқат  деп
санайды, оған алғашқы ақиқат пікірлерден логикалық ережелері арқылы жетеді.
Математикалық  аксиомалар  мен  теоремаларға  бұл  жол  айқын. Бірақ «ақиқат»
жəне «жалған» деген  ұғымдар  əртүрлі  аймақтарда  əртүрлі  мағынаға  ие.
Ортодоксалды  когеренттік  теория  танымның  тек  бір  жағын, жалпы  ортақ
үрдістен суырып алып, толық үрдіске айналдырады. Теориялар мен пікірлердің
когерентік 
бағасы 
сəйкестік 
мəселені 
жоймайды (яғни, сəйкестік
тұжырымдаманы да).
Пікірлермен, теориялардың, ой  қорытулардың  когеренттілігі  олардың
ақиқат екендігінің өзіндік дəлелдеме негізі емес. Себебі, əр логикалық тізіммен
жасалған  пікірлер  алғашқы  пікірлері  априори  дұрыс  болса  ғана  ақиқат. Ал
алғашқы  түрде  жалған  болса, пікірдің, білімнің  нəтижесі  де  жалған  болып
шығады. Осыған  қоса  теорияның  когеренттілігі  оның  жалғандығын  жасырып
біздің  жалпы  дұрыс  бағалауымызды  да  бұзады. Сонда  алғашқы  ұғымдарды
дəлелдеуге назар аудару қажет, себебі, шексіз дəлелдеу процесінде соңында біз
осыған келеміз (ІІІ ғ. Секст Эмпирик осыған бет бұрған).
Үшінші  жол  бойынша, ақиқаттың  мөлшері  практика  болып  табылады,
оны  прагматикалық (грек. іс, іс-əрекет). Оның  бастамасы  ежелгі  Қытай  мен


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау