Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет76/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92

166
юриспруденция 
тарапынан 
қарастырылатын 
құқық 
философиясы
қағидаларында, олардың  өзіндік  айырмашылықтарына  қарамай, əлбетте,
құқықтық сарын, бағыт пен əдістемелік зерттеулер басым болып келеді. Оның
философиялық  бағытын, бітімін  философия  айқындамай, керісінше, ол
философиялық  зерделенген  құқық  сұранысының  өзіндік  қажеттілігінен
туындайды. Сондықтан, мұнда мына мəселелер қызығушылық танытады: құқық
пен  құқықтық  ойдың  философиялық  дүниеге  көзқарастағы  орны, мəні  жəне
маңызы: философиялық  ілімдер  жүйесіндегі  дүние, адам, əлеуметтік  өмірдің
формалары  мен  нормалары  туралы, таным  жолдары  мен  əдістері  туралы,
құндылықтар жүйесі туралы жəне сонымен бірге осы жəдігерліктердің құқыққа
қатынасы жəне т.б.
Біздің 
қарастыруымыздағы 
философиялық-құқықтық 
сипаттағы
проблематика  көбінесе  тарихи-философиялық  тұрғыда  зерттеледі. Ал
юридикалық ғылымдарда философиялық-құқықтық проблематикаға жеткіліксіз
көңіл бөлінсе де, дəстүр бойынша құқық философиясы пəн ретінде оқытылады.
Алғашқыда  құқық  философиясы  жалпы  құқық  теориясы  шеңберінде
қарастырылып, оның құрамдас бөлігі болды, кейін ол жалпы ғылыми дəрежеге
дейін  көтеріліп  өз  алдына  юридикалық  пəн  болып  қалыптасты (құқық  жəне
мемлекет теориясы, құқық социологиясы, құқықтық жəне саяси ілімдер тарихы,
отандық  жəне  шетелдік  құқық  пен  мемлекет  тарихымен  бірге). Осы  тұрғыдан
алғанда құқық философиясы юриспруденция мен философияның жəне басқа да
гуманитарлық  ғылымдардың  пəнаралық  байланысын  нығайта  отырып
методологиялық, гносеологиялық жəне аксиологиялық қызмет атқарады.
Құқық философиясының əдістері
Ғылым  методологиясы - зерттелетін  пəнге  əкелетін  бастапқы  ғылыми
тəсілдер  жиынтығы. Егер  ғылым  пəні  нені  зерттеуді  айқындаса, ал  əдіс  қалай
жəне қандай ғылыми əдіс арқылы зерттеуді көрсетеді.
Əрбір  бірен-сараң  дамыған  бұрынғы  жəне  қазіргі  заман  философиясы -
философиялық-құқықтық  ілім  пəні  мен  əдісінің  бірлігі  жəне  өзара  байланысы
болып  табылатын  құқық (мəн  жəне  құбылыс  тұрғысында) туралы  теориялық
білімдердің анықталған біртұтастығының жиынтығы.
Осы əрбір философиялық-құқықтық қағиданың (теорияның) пəнін де, əрі
əдісін  де  сипаттау  үшін  оның  бітімінде  жатқан  құқық  ұғымын  айқындау, оны
негіздеу - өзекті маңызға ие.
Пəн  мен  əдіс - құқық  философиясының  айқындалған  қағидасында
сарапталған бірыңғай теорияның, бірден-бір теориялық құрылымының, бірден-
бір  білімдер  жүйесінің  сипатын  көрсетудің  əртүрлі (теориялық  абстракцияда,
ойда ажыратылған) формалары. Жалпы алғанда, кез келген өзге теориялардағы
сияқты  философиялық-құқықтық  теория  пəні  мен  əдісінің  өзара  əрекеті  мен
бірлігіндегі  əдіс  дегеніміз – өз  əрекетіндегі, болмысындағы  пəн (өзінің
қалыптасуындағы, құрылымындағы  жəне  танымдық  əсеріндегі), ал  пəн
дегеніміз – əдістің танымдық мағынасы мен маңызының жүйелі - құрылымдық


167
көрінісі.
Философиялық-құқықтық  зерттеудің  танымдық  құралы  мен  əдістерінің
жиынтығы түріндегі, таным жиегі, амалы ретіндегі объекттен ізденістегі пəнге
жетелейтін, əкелетін  құқық  философиясының  əдісі - бұл  да  теориялық  форма,
өзіндік  танымдағы, дамуындағы, жаңғыруындағы  жəне  бітіміндегі  теорияның
дəл  өзі. Бірыңғай  философиялық-құқықтық  теориядағы  оның  пəні  мен  əдісін
бөліп  қарастыру, берілген  теорияның  танымдық  қасиеттерін, сипатын,
мағынасы  мен  маңызын  неғұрлым  терең  жəне  жіті  ұғыну  үшін  қажеттігі  тек
ойлау абстракциясы ғана болып табылады.
Кез  келген  бірізділікті  философиялық-құқықтық  теорияда  оның  пəні
(объект жөніндегі анықталған білім) методикалық зерделенген, ал əдісі (объекті
түсіндірудің, ұғынудың  əдісі, таным  формасы) - пəндік  айқындалған.
Сондықтан, осындай теория əдістемелік маңызға ие, таным əдісі функциясына
ие  жəне  осы  рөлді  тікелей  немесе  жанамалай  орындайды (кейінгі
философиялық-құқықтық теорияның құрамдас моменті ретінде).
Өзінің  іргелік  танымдық  құндылығы  мен  орасан  зор  эвристикалық
мүмкіндігінің  пəрменіне  қарай  кейбір  терең, əрі  ілкімді  философиялық-
құқықтық  теориялардың  əдістері  дами  келе, келешекте  өзіндік  жалпылық
(жалпы философиялық, жалпы ғылымдық, жалпы теориялық) методологиялық
маңызы бар теорияға айналады. Мысал ретінде, осындай жалпы философиялық,
жалпы  ғылымдық  əдістер  қатарына  логикалық, диалектикалық, онтологиялық,
феноменологиялық, экзистенциялық, жүйелік, салыстырмалы  жəне  т.б.
зерттеулерді алуға болады.
Əрбір  жаңа  философиялық-құқықтық  ілім  дегеніміз  өзінің  танымдық
жаналығының  өлшеміне  қарай  алынған  өзінің  жаңа  пəні  мен  жаңа  əдісі  бар
жаңа  теория. Сондықтан  ескі, бұрынғы  теориялар  танымдық  жағынан,
шығармашылық жағынан осы жаңа теорияның əдісі мен пəндік құрылымының
моменті, көрінісі болып  табылады. Өзге (бұрынғы  жəне  қазіргі) теориялардың
танымдық  құндылығын  сақтау  деген - оны  қайталау  емес, керісінше  оны
жаңғырту жəне жаңа  танымдық əлеуетте  жаңа теорияның мəндік, пəндік жəне
методтық бітімін дамыту.
Либертарлық (немесе либертарлық-юридикалық, формалды-юридикалық)
əдіс  дегеніміз 
зерттелетін 
шындықты 
құқықтық 
шындық  түрінде
философиялық-құқықтық  танудың  ұғымдық-құқықтық  əдісі, формалды  теңдік
принципі  жəне  оның  көрінісінің  сыртқы  формалары  тұрғысындағы  құқық
жөніндегі білімді жасау мен үйлестіру.
Либертарлық  əдістің  негізінде  формалды  теңдік  принципі  жатады.
Методикалық  тұрғыда  алғанда  формалды  теңдік  принципі - құқықты,
формалды-құқықты  формалды-логикалық  түсіну  жəне  оған  сəйкес  құқықты
реттеу  мен  құқық  əрекетінің  пəндік  ауқымын  юридикалық  формализациялау
əдісі. Либертарлық  метод - танымдағы, танылымдағы  шындықты  құқықтық
сараптаудьң  əмбебаптық  əдісі, сонымен  бірге  формалды  теңдік  принципі
негізінде  берілген  құқық  ұғымы  шекарасы  мен  тарапы  жағынан  шындықты
зерделеу  тəсілі, зерттеудегі  шындықты  құқықтық (формалды - теңдік) түсіну,
көрсету, өлшеу, сараптау  жəне  бағалау  əдісі. Бұл  əдіске  дүниеге  құқықтық


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау