Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет38/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92

83
элементтері  ретінде  түсіну. Ретсіздік  туралы  ғылым - ол  болмыс  емес,
процестер мен қалыптасу туралы ғылым.
Постнеоклассикалық  методологиямен  байланысты  екі  ұштастық
мəселелерді  шешуге  қажеттілік  туылады. Біріншіден, «бағытталған  ретсіздік
теориясында» құрылымдық  білімнің  көбеюі  құрылым  мен  хаотазацияның
өзгешелігін білу жəне түсіну болып табылады. Мысалы, олар циклдік схемамен
емес, қосымша  бинарлық  жəне  қосынды  қатынастармен  көрінеді. Реттілік  пен
хаостың байланысы, оны бинарлық қайшылықтың көрінуі, екі стихияның өмір
сүруінде  жəне  күресінде  айқын. Циклдық  дегеніміз  жағдайлардың  өзгеруі,
ауысуы, яғни, бинарлық  оппозиция  көп  нəтижелі  эффекттермен  келіседі:
керісінше сияқты бір-бірін негіздеу, алғашқы негізді сақтап трансформациялау
(реттілік  пен  ретсіздіктің  көбеюі), сол  қайшылықтың  жаңа  негіздерін  ашу
(мысалы, басқа  уақыт, реттілік  пен  кемістік). Қосымша  қатынас  меңгерілген
толықтыққа  құрылымсыз  күштердің  басып  кіруін  негіздейді. Бұл  жағдайда
толықтыққа  оған  бөтен  элементтердің  қатыстыруы, тұрақталған  компоненттер
жүйесіне, оның  инновациялық  пен  қиын  деңгейлерін  өсірмей  жəне  өзгертпей,
қиын қосалқы құрылымдарға дақтар тигізеді.
Осымен  қатар, дүниенің  ғылыми  бейнесін  құрастыруында  қазіргі
ғылымдардың  жетістіктеріне  қарамай, скептиктердің  де  үндері  басылмайды,
олардың  пікірінше, үшінші  мыңжылдықта  ғылым  гравитацияны, өмірдің
шығуын, сананың  қалыптасуын, парапсихологиялық  пен  биоэнергиялық-
бағдарламалық байланыстарды түсіндірген жоқ. Жағдайлар мен элементтердің
кездейсоқтық  байланысымен  өмір  мен  ақылдың  пайда  болуын  мүмкін  емес
жəне де бұл гипотезаға ықтимал теорияда тиым салады. Сол жағдайда Жердің
өмір сүру кезеңдері мен іріктеу нұсқаулары да жеткіліксіз.
Ғарыштың  релятивистік  концепциясы  əуелі  жағдайда  ойға  сиятын
материалдық  Ғарыш  деп  түсінген, оның «бастама» идеясы  түбінде  шексіздік
идеясын  жоққа  шығарып, толық  төңкеріске  əкелді. Космолог-релятивистердің
біздің кеңейтілетін Ғарыш - Метагалактика - жалғыз жəне бəрін қамтушы деген
пікірі алғашқы жарияланған Жер туралы пікірді қайталайды, яғни, жалғыз Күн
жүйесінде  немесе  Галактикада  Жер  жəне  оны  қоршаған  басқа  жұлдыздар
жалғыз. Шындығында  Ғарыштың  космологиялық  моделі  дүниенің  тек  бір
фрагметін, яғни  универсумның  тек  бір  локалды  аймағын  түсіндіреді. Кеңістік
пен  уақыттың  шекті-шексіз  космологиялық  бейнелері  сол  локалды  аймаққа
қатысты  болған  соң, жалпы  шексіздік  идеясын  жоққа  шығармайды.
Космологияның  қазіргі даму кезеңіне релятивистік космологияның үстемділігі
тəрізді, яғни, ол  дүниеге  толық  жəне  соңғы  сипаттау  бермейді, бірақ  біздің
Ғарышты  физикалық-кеңістік  тұрғыдан  түсіндіру  үшін  шексіздік  пен  шектіні
зерттейді. Релятивистік  космологияның  негізін  салушылар  А. Эйнштейн  мен
А. Фридман.
Жалпы ықтималды теорияны шығарған соң (ЖЫТ, 1916 ж.) А. Эйнштейн
ғарыштың бірінші релятивистік моделін құрды жəне келесі ережелерін ұсынды:
1. Зат  пен  сəуле  шығару  Ғарышта  бірқалыпты  жайылады. Осыдан
шығады, Ғарыштың  кеңістігі  біртекті  жəне  изотропты. Бірақ  көлемі  үлкен
объектілердің  кеңістік-уақыт  геометриясы  өзгереді, сол  өзгеріс - Ғарыштың


84
біртекті  изотропиялық  кеңістігінде  тұрақты  қисықтығы  бар  кішкентай  ауытқу
кездеседі.
2. Ғарыш  стационарлы, уақыт  тұрғысында  өзгермейді. Сонымен,
кеңістіктің  геометриясының  эволюциясы  мүмкін  емес. Эйнштейннің  əлемін
«жұмыр» дейді, себебі, оны  шексіз  жайылған  төрт  өлшемді  цилиндр  түрінде
бейнелеуге  болады. Сол  цилиндрдің  бойында  алғашқы  мен  болашаққа
бағытталған  уақыт  осі  пайда  болады. Цилиндрдің  қиылысы  кеңістікті
шығарады. Бұл  модельде  ол  тұрақты  жағымды  қисықтығы  бар  үш  өлшемді
аумақтық кеңістік. Оған шекті көлем тəрізді. Бірақ оны біз артында ештеңе жоқ
«дүние шегі» деп түсінбейміз. Кеңістік «өз-өзіне тұйықталады», сол арқылы біз
бөгетке ұшырамай шексіз айналамыз.
Бірақ, Эйнштейннің «жұмыр  əлемі» алғашқыда  қалды. Оның  Ғарыштың
стационарлық  моделін  құрастыру  талпынысы  Ғарыштың  мəңгілікте  өзгермей
бар  екен  деген  дəстүрлі  бейнелеудің  көрінісі. Эйнштейн  дүниенің
стационарлық моделін өзгеше шарттар негізі арқылы алды.
Осы  космологиялық  мəселенің  қазіргі  шешімін  Кеңес  математигі
А. Фридман шығарды, ал дамытқан бельгиялық космолог М. Леметр. Фридман
дүниенің стационарлығынан бет бұрып, оның біртектілігі мен изотроптылығын
сақтады. Осы арқылы үш шешімнің мүмкіндігі пайда болды:
1. Егер  ғарышта  заттардың  тығыздығы  мен  сəуле  шығару  бір  шекті
(дағдарыс) өлшемге тең болса, онда кеңістік Евклидті, яғни, нөлдік қисындысы
бар, əлем шексіз.
2. Егер  тығыздық  дағдарыс  нүктеден  кем  болса, ғарыш  кеңістігі
Лобачевскийдің  геометриясымен  сипатталады, оған  керісінше  қисын  мен
шексіз көлем тəрізді, ол ашық жəне ертоқымға ұқсас.
3. Егер  заттың  тығыздығы  дағдарыс  нүктесінен  көп  болса, ол  шексіз,
бірақ  көлемі  шекті. Əлем  жабық  жəне  шекті. Ол  Риман  геометриясымен
сипатталады.
Сөйтіп, ғалымдардың  пікірлері  əр  түрлі, өзгеше. Біреулері  шексіз
жайылатын  ғарыш  туралы  болжауды  қабылдаған, «Үлкен  жарылыс» атты
концепция  бойынша 17-20 млрд. жыл  бұрын  ғарыш  ең  кішкентай  көлемде  ең
тығыз сингулярлық жағдайда шоғырланған. Осы «Үлкен жарылыс» ғарыштың
жайылуына  бастама  берді, сол  жағдайда  заттардың  тығыздығы  өзгеріп,
кеңістіктің қисындысы жөнделеді. Басқалардың пікірінше, созылуға тағы қысу
пайда  болады, сол  процесс  қайталанады. Осының  негізімен «тамыр  соғысы»
сияқты  ғарыш  туралы  гипотеза  ұсынылады, ол  бойынша  əр 100 млрд. жыл
сайын бəрі «Үлкен жарылыстан» басталған.
Ғарыш  созылады  ма  əлде  тағы  қысу  басталады  ма  деген  ашық  сұрақ.
Бірақ «қызыл  ығысу» атты  құбылыс  бəріне  айқын  факт, ол  сəуле  шығу
бастамадан  алшақтау  белгісі, яғни, галактикалар  өздеріне  дейін  аралыққа
пропорционалды  жылдамдықпен «ұшады». Осы «қызыл  ығысу» атты, яғни,
галактикадан  тыс  тұмандардың  сəуле  шығару  спектралды  сызықтардың
«қызыл» соңына  ығысуын 1912 ж. В.М. Слайфер  ашқан. Аз  уақыттан  кейін
(1929 ж.) Эдвин  Хаббл  жаңа  заң  ашады, ол  бойынша  қанша  бақылаушыдан
тұман  алшақ  болса, сонша «қызыл  ығысу» өлшемі  көбейеді, сонша  одан


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау