Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет41/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92

89
келесі кезеңдерге бөлінеді:
- кірген  бағдарлама  ағымында  дискреттік  объектілерді  шығару
(селективтік іріктеу);
- олардың арасында байланыс табу;
- сол  қойылған  мақсатпен  байланысты  шығарылған  объектілердің
байланысын актуалдандыру;
- перифериялық байланыс пен объектілерден абстракцияландыру;
- жалпылау объектілерді құрастыру;
- жалпы объектілердің арасында байланыс іздеу;
- жалпыланған лабиринт бойынша ізденіс жасау.
Эвристика логиканың ішінде де орын алды, оны логикалық талдаудың бір
түрі  деп  түсінеді, ол  дəлелдеудің  қатал  əдістерімен  қолданады. Осы
өзгешелігімен  ол  интуитивті  жəне  этимологиялық  сипаттауға  қайшы  шықты,
яғни, формалды  емес, қатал  емес, спонтанды  шығармашылық  үрдіске  қатал,
формалды, қажетті логикалық пікірді ұғыну.
Эвристиканың  келесі  метаморфозасы  синергетикамен  байланыстырады,
ол  теорияның  өз  шегінен  шығуына  назар  аударады. Эвристикалық
постулаттарына келесі жатады:
1. Шығармашылықпен 
негізделген
құрастыру 
методологиясы
эвристикалы болып табылады.
2. Құрастыру мақсаттарының классы шексіз болса, құрастыру əдістерінің
тобы  шекті. Мақсаттың  шешу  ізденіс  жолының (əдісі) субъективті  жағы  бар,
жəне оның эффективтілігі құрастырушының шеберлігімен байланысты.
3. Мақсаттардың шешу жаңа əдістері сирек жағымды нəтижеге жеткізеді,
бірақ солар арқылы шешімдердің оригиналды деңгейі жоғары.
4. Əрқашанда  табылған  шешу  жолға  альтернатива  ретінде  қарсы  əдіс
табылады.
5. Ешқандай  құрастыру  мақсат  түсінілген  немесе  түсініктен  өтпеген
əдіссіз, пікір стрегиясымен тактикасыз шешілмеген.
Мысалы, геометрияның  қатал  жəне  тығыз  постулаттарына  қарамай
эвристика  постулаттарына  мүмкіндіктің  кең  жолдары  тəрізді. Эвристикалық
постулат бойынша, мақсаттардың ішінде нақтылыққа қарсы шықпағаны жоқ, ал
ізденіс  жолын  қарапайым  қадамнан  бастау  керек. Интуитивті  ізденіс  мидің
саналығын  қосқанда  басталады. Жəне  құрастыру  мақсаттың  шешуінде  ескі
жəне  жаңа  жолдардың  аралығын  өлшеу  процесі  қызық  жағдайға  əкеледі.
Эвристикалық  постулаттар  эвристикалықтың  атрибутивтігін  байқайды  жəне
шығармашылық  мүмкіндіктің  дамуына, культивациясына  назар  аударады.
Шығармашылық, эвристикалық  процесс мақсаттың анықтамасынан басталады,
бұл білм мен білімсіздік, анық жəне анықсыз, бар жəне жоқ аралығын айырады,
көрсетеді.
Эвристика  əдістері  де  үстемді  рөл  атқарады. Оның  арасында  аналогия
(əртүрлі  құрылымдарға  еліктеу); прецендент  əдісі (ғылыми  тəжірибеде  бар
əдістерге  назар  аудару); реинтеграция  əдісі (қарапайым  əдістерден  қиын
түрлерін  құрастыру, «Ариадна  жібі»); ағзалық  имитация  əдісі (ағзаға  ұқсас
болу) (мысалы, А. Тойнби  локалды  өркениеттер  теориясын  құрастыруда


90
қолданған); псевдоморфизация  əдісі (өз  түрін  қолданбау, мысалы, жаңбыр
шатыры, қол таяқ).
Қызықты түрлеріне жағымсыз күштерді жағымды күшке айналдыру əдісі
(инверсия əдісі); оны И. Лакатос аномалияны дəлелденген теорияның алаңына
айналдыруда  қолданған. Антитезис  əдісі, Гегель  диалектикасында  айқын
болған, дəстүрлі  əдістер, бағыттар  мен  тəсілдерге  қарсы. Стильдік  трафарет
əдісі, гирлянда  немесе  ілініс (жалғасу) əдісі, көп  қабатты  құрылыс  жəне
секцияға бөлу əдістері т.б. Адамның мүмкіндігіне жүгініп жаңа құрылыстырды
шығару антропотехника əдісі деп аталады.
«Миға  шабылу» атты  əдіс  жəне  синектика  өзгеше  орын  алады. «Миға
шабылу» сынаудың  конструктивті  рөліне  қарсы  шығу, нақты  айтсақ, сынау
жаңаның  шығуына  бөгет  жасайды. Шабылу  мəселені  шешуде  көп  санды
болжауларды  ұсынады. Бұл  кезеңде  əртүрлі  сынауға  тиым  қойылады, ашық
қарсылықтан  бастап  күлкі, мимикалық  өзгерістерге  дейін. Болжаулардың
құңдылығы эксперттер деңгейінде қарастырылады.
Ойлаудың  психологиялық  белсенділік  əдістерінің  жүйесі  ретінде
синектика қарастырылады. Ол арнайы топтың қалыптасуын міндет етеді, ол өз
тəжірибесін жинақтап əртүрлі тəсілдер арқылы сараптама бағасын береді.
Ең  күдік  келтіретін  эвристикалық  тип - соқыр  ізденіс  моделі - онда
интуиция  мен  сəттілік  маңызды. Бірақ  оны  жиі  қолданады  жəне  нəтижелеріде
эффективті болады.
Қазіргі  эвристика  келесі  модельдерді  ұсынады, оны  біз  жіктеу  кестесі
түрінде шығарамыз:
«Трансформатор» моделі - бар  мəселе  қатысы  жоқ, бірақ  көп  түрлі
трансформация жəне шарттары мен  талаптарын анықтау, мақсаттарды  өзгерту
арқылы шешімді іздейді, ұсынады.
«Шлюз» моделі - адамның  шығармашылық  белсенділігінің «шлюзың
ашу» қажеттілігінен  талпыныс  алады, моральдық  пен  материалдық
ынталандыруға сұраныс жасайды.
«Құмыра» моделі - əр  адам  бағдарламаның  жинақтаушысы  жəне  көп
мүмкіндіктің  сандығы. Оның  жиналған  білімі  динамикалық  қасиетке  ие, іс-
əрекетті өзгертуге бағытталады.
«Тұқым (дəн)» моделі - ағзалық  ұқсастыққа  толы. Оның  пікірінше,
шығармашылық іс-əрекет билогиялық жəне əлеуметтік себептермен негізделеді.
Əр  адамда  креативтік  бастамасы  болған  соң, ол  келесі  культивацияны  қажет
етеді.
«Ракета» моделі - ішкі импульс пен  энергияның маңыздылығына акцент
жасайды, ол адам үшін маңызды мəселені шешкенде белсендіге айналады.
«Трамплин-бөгет» моделі - субъектің  шығармашылық  процесінде
бағдарламаның  жетсіздігімен  байланысты  психологиялық  қиындықты  жойып
шығуға  талдау  жасайды. Кейбір  кезде  əуеске  айналған  ойлау  тəсілі
гносеологиялық  жəне  бағдарлама  бөгетіне  айналады. Оны  трамплин  моделі
(эвристикалық ережелер мен ұсыныстар) арқылы жеңіп шығуға болады.
«Призма» моделі - ол  пікір  бұрышын  немесе  қойылған  мақсаттарды
жалғастыру  қажеттілігіне  жəне  оның  əртүрлі  қырларын  қарастыруға


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау