Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет46/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92

100
опровержения» жарық  көрді. Жоғарғы  ұрпақ философтары бұл  кітаптан  алған
əсерлері «таза бір самал жел» сияқты деп атап өтті. Бұл кітап өз оқырмандарын
тез  тапты, сол  еңбектен  цитаталар  келтірілді, көптеген  докторлық
диссертациялардың  қолданылған  əдебиеттер  тізімінен  көруге  болатын. Өз
еңбегінде  əдеби  жанрмен  дəстүрлі  Платондық  сұхбаттарды  еске  түсірді.
Лакатос математикалық білімнің дамуы жиналып қалған мəңгілік жəне күдікті
шындықтар  болып  табылмайды, ол  драматикалық  үрдістер  мен  тұспалдан
тұрады, математика  басқа  ғылым  салаларындағы  ғалымдардай «жаңалықтар
ашады» деген. Лакатос  шамалы, бірақ  мағынасы  жағынан  көлемді  жұмыстар
жазды. Тағы  бір  атап  өтетін  еңбегі «Ғылыми - зерттеу  бағдарламаның
методологиясы» концепциясы.
Фальсификацияның үш типі.
Лакатостың ойынша ғылым мен зерттеулер бағдарламаларының сайысы,
яғни  өзара  бəсекелесі  болуы  тиіс. Дəл  осы  идеясы  нəзік  методологиялық
фальсификационизіммен  сипатталады, бұл  Поппер  концепциясының  негізі
ағымымен  дамыған. Лакатос  Поппердің  ғылым  философиясының  өткір
бұрыштарын жұмсартуға тырысты. Ол Поппер көзқарасын үш кезеңге бөлді:
1) догматикалық (натуралистік) фальсификационизм;
2) қияли фальсификационизм;
3) методологиялық фальсификационизм.
Соңғы  кезең 50 жылдардан  басталады  жəне  нормативті  концепцияның
өсу  зерттемесімен  жəне  білімнің  дамуын  жан-жақты  сыншыл  негізімен
байланысты. Ғылымның  бірінші  түрі  процесс  сияқты, құрылымдармен
белгіленген.
Догматикалық фальсификационизмге тоқталсақ, бұл концепция бойынша
барлық  ғылыми  теорияларды  жоққа  шығару, бірақ  сонымен  бірге  жоққа
шығаруға  болмайтын  эмприялық  базис  бар. Бұл - қатал  эмпризизм, бірақ
индуктивизмсіз, эмприялық  базисті  жоққа  шығару  теорияға  ауыспайды. Одан
догматикалық  фальсификационизмді  əлсіз  деп  атауға  болады. Догматикалық
фальсификационистер үшін барлық теориялар болжау түрінде бола бермейді.
Догматикалық фалсификационизм қисыны бойынша ғылымның өсуі - бұл
берік  қойылған  фактілерге  соқтығысқан  теориялардың  қайталануы  дейді.
Мысалы, Декарттың тартылу теориясы жоққа шығарылды, планета эллипстікті
орбитамен қозғалады деген фактімен соқтығысты.
Методологиялық  фальсификационизм  догматиктердің  қателіктерін
түзейді, ғылымның эмприялық базасын жəне ұсынылған болжауларды бақылау
көрсетеді. Олар  өз  шешімдерінің  қателіктерін  түсініп, мойындайды.
Методологиялық  фальсификационизм  сыншылдық  алдынан  жаңа  белдеулер
ашты; көптеген «ғылыми» теориялар  болып  жіктелінеді. Поппердің «Логика
научного  открытия» ғылыми  білімнің  суреттемесі, теориялар  мен  фактілер
арасындағы  дуэль  сияқты. Теория  мен  фактілер  арасындағы  күресте  үш
қатысушы  бар: фактілер  жəне  екі  бəсекелес  теориялар. Осыдан  теория  өзіне
қарама-қарсы факті пайда болғанда өлмейді, ол өзін теория алдыңғыдан жақсы
екенін  мəлімдегенін  түсінуге  болады,. Сонымен, Ньютонның  механикасы
Эйнштейн теориясы пайда болғаннан соң өткеннің фактісі болып қалды.


101
Методологиялық  фальсификационизмді  жұмсарту  үшін  И. Лакатос
зерттеу бағдарлама концепциясын ұсынды. И. Лакатос назарын теорияға емес,
зерттеу бағдарламаларға көңіл бөлді. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы ғылымның
құрылымды-динамикалық  моделінің  бірлігі  болып  табылады. Ғылыми
бағдарламаны  іздеуді  қалай  екенін  түсіну  үшін, Декарт  пен  Ньютонның
механикасын, Дарвиннің эволюция теориясын еске түсіру қажет. Теориялардың
кезектесуі 
бір 
өзектен 
шығады, бағдарлама 
шеңберінде 
үздіксіз
методологиямен  өтеді, өз  маңыздылығын, жемістілігін  жəне  басқа
бағдарламаларға қарағанда прогрессивтілігін көрсетеді. Өзінің дамуына теория,
қалыптасу мен уақыт мезетінде орнықтылықты қажет етеді.
Сонымен, Лакатостың  ойынша, ғылыми-зерттеу  бағдарламаларының
бəсекелесуі сияқты болады. Мұндай көзқарасты эпистемология мен ғылымның
тарихнама  арасындағы  байланысты  жəне  ғылыми  эволюциялық  ізденістерде
бірінші орынға койылады.
«Кейбір  философтар, өздерінің  эпистемологиялық  жəне  логикалық
мəселелердің шешімін  іздегенде  қатты қамығады, өйткені  айқындылық  ғылым
тарихы өздерін қызықтырған деңгейде  бола алмайды. Егер шынымен  тарих өз
стандартына  сəйкес  келмесе, онда  олар  ғылым  туралы  барлық  жұмыстарын
тайсалмай қайта бастаулары тиіс», - деп жазады Лакатос.
И. Лакатостың  ойынша, барлық  методологиялық  тұжырымдама
тарихнамалық  тұрғыдан  функциялануы  тиіс. Оның  ең  терең  бағасы  ғылым
тарихының  рационалды  реконструкциясы  арқылы  беріледі. Бұл  позициясы
Лакатостың  Кун  мен  Поппердің  теорияларынан  ерекшеленеді. Лакатос
Попперді тарихшыл емес деп сөгеді, оның фальсификациялану қағидасында ол
тарихты  қателестіретін (жоққа  шығаратын) логикалық  екі  мағыналылықты
көрсетеді.
«Фальсификация 
жəне
ғылыми-зерттеу 
бағдарламасының
методологиясы» (1970) атты  жұмысында  Лакатос  Кунның  теориясына  келісе
отырып, ғылыми  революция  иррационалды, онда  материал  тек  топтың
психологиясына  икемді. Лакатостың  ҒЗП  концепциясы  рационалды  негізімен
теориялық  жəне  логикалық  байланысқан, олар  маңызды  идеялар  мен  теория,
болжаулар жиынтығы деген.
И. Лакатос  Кундік  көзқарасқа  жақын, бірақ  өзінің  ғылыми  танудың
методологиялық  концепциясын, яғни  ғылыми-зерттеу  методологиясының
бағдарламасы  деп  аталатын  көзқарасын  ұсынды. Ол  ғылымның  дамуындағы
ерекшеліктерінің  түсіндіруінде  ғана  емес, бірақ ғылыми зерттеулердің  əртүрлі
логикалық бəсекелесуін бағалауда да қолданады.
Лакатостың  айтуынша, бір  зерттеу  бағдарлама  екіншісін  ығыстырғанда,
ғылымның  дамуы  ғылыми-зерттеу  бағдарламалардың  бəсекесі  болып
табылады.
Ғылыми  революцияның  мазмұны, мəні, бұл  эмпириямен  бір  ғана
жекеленген  теорияны  ғана  емес, бірақ  бір-бірімен  негізін  салатын  бірдей
қағидаларымен байланысқан теорияларды ауысатындармен салыстыру.
Сондықтан, дамыған  ғылым  процестердің  фундаменталды  бағалаудың
жиынтығы теория емес, зерттеу бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау