Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет75/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   92

164
Оған  қоса «парасаттың  талабын  қанағаттандыратын  жəне  философиялық
ғылыммен бұл пайымдылық ғылымның ешқандай ортақтастығы жоқ», - дейді.
Сонымен бірге, ресми орнатылған беделден туындайтын дедукциядан тұратын
юриспруденцияның  пайымдық  ұғымдары мен  анықтамаларына философияның
қоятын «барлық  дəлелдемелеріне  қарай  құқықтың  берілген  аңықтамасы
парасатқа сəйкесе ме?» деген сұрағына таңданбау керек.
Гегельдің  пікірінше, құқық  туралы  нағыз  ғылым  құқық  философиясы
болып табылады.
«Құқық туралы ғылым, - дейді ол, - философияның бөлігі. Сондықтан сол
пəннің  парасаты  болып  табылатын  ұғымнан  идеяны  дамыту  керек  немесе  дəл
сол сияқты пəннің өзінің өзіндік имманенттік дамуын байқауы керек». Осыған
сəйкес  құқық  философиясының  пəнін  Гегель  былай  тұжырымдайды: «Құқық
туралы философиялық ғылым өзінің пəні ретінде құқық идеясын - құқық ұғымы
жəне оның жүзеге асыуын қарастырады» деп біледі.
Құқық  философиясының  міндеті - құқықтың  негізінде  жатқан  ойды
ұғыну. Оған дұрыс ойлау көмегімен құқықты философиялық тану арқылы жету
мүмкін. «Құқықта, - дейді Гегель, - адам  өзінің  парасатын  табуы керек, демек
құқықтың парасаттылығын, ақылға  қонымдылығын қарастыруы керек, осымен
біздің 
ғылымымыз 
шұғылданады, ол 
бұған 
керісінше 
позитивтік
юриспруденция қарама-қайшылықтарымен жиі кездеседі».
Гегельдің  құқық  философиясы  пəнін  анықтауы, оның  ойлау  мен
болмыстың, парасат  пен  шындықтың  барабарлығы  жөніндегі  философиялық
идеяларымен  тығыз  байланысты. Осыдан  оның  философия  міндеттерін,
сонымен  бірге  құқық  философиясының  міндеттерін  анықтауы «бар  нəрсені
ұғыну, өйткені бар нəрсе дегеніміз парасат» шығады.
Құқық  философиясы  пəні  мен  міндеттерін  Гегельдік  түсіну - құқық  пен
заңды  бұрынғы  табиғи  құқықтық  ұғыну  қағидаларына, табиғи  құқықты
антирационалдық  сынаушыларға (Гуго  жəне  құқықтың  тарихи  мектебінің
өкілдері, құқыққа тиесілік тұрғысынан  рационалдық түрде қарастырушыларға,
тиесілі  құқықты - нағыз  құқыққа (Кант, кантшыл  Я.Ф. Фриз  жəне  басқалар)
қарсы қойылған өткір сын болды.
Шынында, Гегельдік құқық идеясының өзі, оның құқық философиясының
пəнін білдіре отырып, шын мəнінде тиесілі құқықтың нағыз құқыққа қатынасы
ретіндегі  буржуазиялық (сол  кездегі  Пруссиядағы  жартылай  феодалдық  жəне
мемлекеттік-құқықтық  тəртіпке сай) сипатта  болды. Сондықтан, нақты  тарихи
тұрғыдан қарастырғанда гегельдік құқық идеясы шын мəнінде «не бар екенін»
емес, не болу керегін білдірді.
Юридикалық 
немесе 
философиялық 
ғылым 
түріндегі 
құқық
философиясының  пəндік  сипатын  анықтау  мəселесіндегі  Гуго  мен  Гегельге
келіп тірелетін екі көзқарас ХІХ-ХХ ғғ. философиялық-құқықтық зерттеулерде
өзінің жалғасын тапты.
Философиялық  ілімдердің  тікелей  өздері  де  жəне  оған  сəйкес  құқықты
философиялық  түсіну, юридикалық  ғылымдардың  бəріне  жəне  оның
философиялық-құқықтық  шеңберіндегі  қағидалары  мен  əдістеріне  зор  ықпал
етуде. Сол  сияқты  юриспруденция, құқық  туралы  юридикалық-теориялық


165
қағидалар, олардың  қалыптасуы, жетілуі  жəне  дамуы  мəселелері  құқықтық
тақырыптың философиялық зерттеулеріне де əсер етеді.
Философия  мен  юриспруденцияның  осындай  өзара  ықпалы, өзара  əсері,
өзара  қатынасы  құқыққа  философиялық  тұрғыда  қараудың  бəріне  тəн. XIX
ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  жəне XX ғасырда  құқық  философиясы
көбінесе  юридикалық  пəн  болып  юридикалық  факультеттерде  сабақ  түрінде
оқытылса да, оның дамуы əрқашан да философиялық оймен тығыз байланыста
болып келеді.
Құқық  философиясының  ғылыми  жағы  жəне  пəндік  бітімі  туралы
мəселенің бірнеше аспектілері бар.
Егер  сөз  құқық  философиясының  өзі  туралы  болса, онда  мəселе  ең  кем
дегенде екі пəн - юридикалық ғылым мен философияны біріктіретін пəнаралық
ғылым туралы болады. Сонда осы пəнаралық компонент, ол жеке юридикалық
немесе  философиялық  ғылым  ретінде  қарастырыла  ма, не  қарастырылмай  ма
оған  тəуелсіз  бола  тұрып, барлық  құқық  философиясының  сипаттарына  ортақ
болады.
Құқық философиясының юриспруденцияға немесе философияға қатысты
пəндік  бітімін  концептуалды  ажыратып  екшелегенде, зерделегенде: «кұқық
дегеніміз не?» деген мəселе туындайды.
Бұл  концептуалды  айырмашылық  юриспруденция  мен  философияның
пəндік ерекшеліктеріне байланысты. Қысқаша айтқанда, философиялық таным,
философия  дегеніміз  жалпылық, əмбебаптық  шеңберінде, құқық  жəне
құқықтану - ерекшелік  шеңберінде, ал  құқық  философиясының  ізденісіндегі
құқық  туралы  ақиқаты, барлық  ақиқат  сияқты  нақтылы  ақиқат. Осыдан
философия  мен  юриспруденцияның  құқық  философиясына  қатысты
концептуалды  өзгешілігі  шығады: философиядан  құқық  философиясына  өту
жалпылықтан  ерекше  арқылы  нақтылыққа (құқық  туралы  ақиқатты  табу) өту
болып табылады, ал юриспруденциядан құқық философиясына өту - ерекшеден
жалпылық арқылы нақтылыққа қозғалу, өту.
Философияның  құқыққа  көңіл  аударуы  жəне  философиялық  ғылымдар
жүйесіндегі  құқық  философиясының  ерекше  философиялық  ғылым  түрінде
болуы  философияның  өзінің  ішкі  қажеттілігінен  туындайды, өйткені
философия  өзінің  жалпылығының (пəндік, болмыстық, танымдық  жəне  т.б.)
шын  мəнінде  жалпылық  екеніне  құқық  философиясында  сезінеді, оған  көзі
жетеді.
Сол  сияқты  юриспруденцияның  да (оның  құқық  философиясына  өту
қозғалысы) өзінің  ерекшелігін  шын  мəнінде  жалпылықтың  ерекшелігі, яғни
оның  қажетті  бөлік  ретінде  сезінуі  өзінің  кездейсоқ  еместігін, өзіндік  ішкі
қажеттіліктен туындайтынына көзі жетеді.
Ерекше  философиялық  пəн  тұрғысындағы  құқық  философиясында
(табиғат  философиясы, дін  философиясы, мораль  философиясы  жəне  сол
сияқты  ерекше  философиялық  пəндермен  бірге) танымдық  қызығушылық  пен
зерттеудің  нысаны, мақсаты  негізінен  мəселенің  философиялық  жағына,
құқықтың  ерекше  саласында  анықталған  философиялық  қағиданың  танымдық
мүмкіндігі  мен  эвристикалық  потенциалын  көрсетуге  бағытталған. Ал


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау