135
аксиологиялық, іс-əрекеттік. Технологиялық жағынан мəдениет қоғамның
технико-экономикалық көрсеткіштері, энергоқаруының деңгейіне тəуелді
қоғамдық өмірдің өндірісін көрсетеді. Мəдениеттанушылардың пікірі бойынша,
қоғамдық өмірдің барлық жақтары – саяси жəне құқықтық институттар, жанұя
жəне тұрмыс, бос уақыт түрлері мен ізгілік нормалары, өнердің басты
формалары осы технологиялық бағытқа тəуелді.
Аксиологиялық бағытта мəдениет рухани мəдениетпен теңестіріледі. Осы
көзқарастан адамзат эволюциясы діни, моралдық, құқықтық, қоғамның
философиялық жəне саяси көзқарасымен айқындалады.
Мəдениеттің іс-əрекеттік бағыты адамдардың өмірлік іс-əрекетінің белгілі
түрлері мен формаларын қарастырады. Бұл қағида мəдениетті адам
жетістіктерінің нəтижесі ретінде жəне адамның іс-əрекеттер процесі ретінде
қарастыруға мүмкіндік туғызады.
Мəдениетке таптық сипат тəн. Əрине, таптық жалпыадамзаттық
мазмұнды теріске шығармайды. Бірақ кейде мəдениеттегі таптықты бекерге
шығару кездесіп отырады.
Мəдениет адамсыз жасалмайды. Ал адам дамуы мəдениетке байланысты.
Тек осы өзара тəуелдікті анықтай алғанда ғана мəдениеттің адамзат тарихында,
адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады.
Мəдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи
процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге, мəдениеттің
бір ерекшелігі оның бойында сабақтастықты терең сақтай білуінде.
Мəдениетті түсіну үшін тарихи дəуірді білу, оның өндірістік қатынастары
қандай болғанын анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен
анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса, мəдениетті адам əрекетінен,
оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес.
Өткен уақыт мəдениеті – халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен
жолы, болашағының сатысы. Сондықтан, бұрынғы мəдениет туындыларын
қазіргі сана дəрежесінен, қоғамның осы заман тұрғысынан бағалау
диалектикалық ойлауды қажет етеді. Жасыратыны жоқ, шынайы тарихтың дені
дін ықпалында өтті. Ол дəуірлердегі мəдениет ескерткіштерінің барлығы дерлік
діни тағылымдарды басшылыққа алған. Орта ғасырда, қайта өрлеу заманында
жазылған шығармаларда таураттың мазмұны, аңыздары көп. Солай екен деп
олардан ат-тонын ала қашушылар – олардың адамдық, гуманистік мəнін
түсінбей, мəдени мұраны мирасқор ретінде қабылдай алмаушылар. Бұл
шығармаларды діни ұғымдар біздікі дегенмен, оларды діни-рухани ескерткіш
деп қарауға болмайды. Олар - халықтық шығармалар, болашаққа, адамға деген
сеніммен жазылған, адамзаттың рухани мəдениетінің мақтанышы. Қазақ
халқының ескіден келе жатқан рəсімдерінің бəрін діни рəсім деп айту – қиянат.
Діни сарыны бар екен
деп Бұқар жырау толғауларынан, атеистік дүниетанымды
Ыбырайдан, шығармаларында құдайға сенгендік желісі байқалады деп
Шəкəрімнен бас тартсақ, біз өз мəдениетімізді кедейлеткен болмаймыз ба?
Əрине, соқыр сенім емес, ескінің етектен алатын көріністеріне құлшылық ету
емес, дараланған рухани белсенділік адам мəнін түсінуге көмектеседі. Бүкіл
тарих бойы адам баласы соған ұмтылған, еркін болуды көксеген, өзіне-өзі