Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет61/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92

132
Философия  мен  ғылымның  практикалық  қажеттілігі. Кең  түрде
жарияланған  пікір: философия  ғылым  сияқты  практикалық  өмірде  қажет  емес
деген  пікірді  терістеуге  болады; ғылым  физикалық, химиялық  құбылыстарды
шығаратын  əдістерді  ұсынса, философия  адамдардың  мінез-құлқын  дұрыс
жолға  бағыттайтын  əдістерді  ұсынады. Сөйтіп, ол  өзінің  жолына  тез  түсіп,
мақсатына  тез  жетеді. Философия  ғылыммен  салыстырғанда  өзінің
трансценденттік табиғатына қарамай қарапайым түсінікке жақын болады.
Демаркация (ғылым  мен  философияны  ажырату); верификация
(тəжірибелік тексеріс); фальсификация (теорияның принципиалды түрде жоқка
шығару) - ғылым  философиясында  олардың  айырмашылығын  көрсетуге
арналған  принциптер. ХХ  ғ. пайда  болған  жаңа  бағыт  ғылым  философиясы
өзінің  үлесін  қосты; ғылым - «сау  философия», ол  универсалды  жағымды
əдістің  иесі, жағымдылықтың 5 түрі  бар (нақты  химералыққа  қарсы, пайдалы
пайдасызға қарсы, жағымды жағымсызға қарсы).
Позитивизм  ілімі, оның  негізін  салушысы  Огюст  Конт  ғылыммен
философияның  аралығындағы  алшақты  азайтуға  тырысқан  ойшыл, өзінің
«Жағымды  философия  курсы» (1830-1846) 6-томдық  шығармасында  табиғат
пен  қоғам  көріністеріне  ғылымдылық  тұрғыдан  қарауды  қажет  етті. Конттың
классификациясында  əлеуметтану  бəрін  қамтиды, қоғам  туралы  ғылым
əлеуметтік статика мен əлеуметтік динамиканы қамтиды.
Ғылым  мен  философияның  қатынасының  болашағы. ХХ  ғ. ғалымдары
үшін  бұл  мəселе  өзекті  болып  табылады. Р. Рортидің  пікірінше, осыған  себеп
болған  ереже «таным  теориясы  философияның «жүрегі»» (авторы  И. Кант);
философия  бəрінің  негізінде  болған  соң, Канттың  қойылған  сұрағы «таным
қалай  мүмкін?» деген - келесі  рационализмнің  бағдарламасы  болған; сол
себептен, іске кəсіпкерлер кірісуі қажет, ал, метафизиктер алшақтау тəрізді.
Философия мен ғылымның қатынасының ретроспективасы:
- ғылым философиядан бөлінді;
- философия  таза  ақылдың  еншісі  атауды  сақтап  қалу  үшін, теориялық-
танымдық мəселені бірінші орынға қойды;
- қазіргі философия эпистемологиядан шықты деп тұжырымдалынады.
Қазіргі  кезде  ғылым  философия  үшін  өзекті  мəселелер: ғылым  жалпы,
біртұтас, антропологиялық  мөлшермен  өлшенеді, жауапкершілік  мөлшерінен
өтпеген  ғылым  қазір  қажетті  емес  деген; ғылымның  нəтижелерін  қадағалау
қажет  деген; мемлекет  институты, құқық, идеология, қоғамдық  пікірлер
жағынан ғылымға дұрыс көмек қажет деген; философияның жағымды мақсаты
- арбитр  функциясын  атқару, ал, ғылыми  зерттеудің  нəтижелерін  гуманистік
болашақта  байқау  деген; мəселелер  шешімінде  этикалық-көзқарастық  жағын
соңғы нүктеге айналдыру деген.
Философия  ғылымның  дамуы  бойынша  рефлексияландырылады, жəне
өзіндік  рефлексия  атқарады. Философиялық  зерттеулер  ғылымның  өзіндік
санасын қалыптастырады, өзінің мүмкіндігі мен болашағын  түсіндіреді, келесі
даму жолда ұстану бағыттарға сілтеме жасайды.


133
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Философия  мен  ғылымның  қатынасы  туралы  трансценденталдық
концепцияның мағынасы.
2. Философия  мен  ғылымның  қатынасы  туралы  позитивистік
концепцияның мағынасы.
3. Философия  мен  ғылымның  қатынасы  туралы  диалектикалық
концепцияның мағынасы.
4. Антиинтеракционизм концепциясының мағынасы.
5. Ғылымның философиялық негіздері қандай?
6. Білім мен сенімнің қатынасы туралы қандай пікірлер қалыптасты?
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Шестов Л. Апофеоз беспочвенности. - Л., 1991.
2. Дынич  В.И., Емельяшевич  М.А., Толкачев  Е.А., Томильчик  Л.М.
Вненаучное знание и современный кризис научного мировоззрения // Вопросы
философии. - 1994. - № 9.
3. ХолтонДж. Что такое антинаука // Вопросы философии. - 1992. - № 2.
4. Полани М. Личностное знание. - М., 1985.
5. Лосский Н.О. История русской философии. - М., 1994.
6. Рассел Б. История западной философии: В 2-х т. - Новосибирск, 1994. -
Т.1.
7. Диалектический материализм. - М., 1947.
8. Маркс К,, Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. Т. 20.
9. Франк Ф. Философия науки. - М., 1960.
10. Лешкевич Г.Г. Философия. Вводный курс. - М., 1998.
11. Рорти Р. Философия и зеркало природы. - Новосибирск, 1991.


134
9 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМ, МƏДЕНИЕТ, ТАРИХ, АДАМ  ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дəрістің  мақсаты: Мəдениет, тарих, қоғам  ұғымдарын  ашып  көрсету.
Мəдениет  пен  қоғамның  байланысын  анықтау. Ғылым  жəне  адамгершілік
қандай  қатынасты  көрсету. Қоғамдағы  мəдениеттің  аксиологиялық  мəртебесін
анықтау. Мəдениеттің  нақтылы-тарихи  түр  алуы  оның  мазмұнының
күрделілігін жəне ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын анықтау.
Мəдениет ұғымы
Мəдениет – философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық,
мəнді  ұғымдардың  бірі. Мəдениет  ұғымы  қоғам  өмірінің  түрлі  салаларына
байланысты  жиі  пайдаланылады. Сонымен  қатар, адамзат  тарихын
зерттеушілер де мəдениет мəселесін қамтымайынша дұрыс пайымдаулар жасай
алмайтынын  ескере  кету  керек. Қысқасы, бұл  ұғым  саналы  іс-əрекет  жемісін
даму  процесінде  көрсетуге  бағытталған. Əрбір  тарихи  дəуірдің  өзіндік
мəдениеті  бар. Сол  сияқты  əрбір  халықтың  өзіне  ғана  тəн  мəдени  дəстүрлері
болады. Бұдан  мəдениеттің  көп  түрлілігі, ондағы  жалпылықты, əмбебаптығын
теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мəдениеттің нақтылы
тарихи  түр  алуы  оның  мазмұнының  күрделілігін  жəне  ондағы  жалпы
ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке  арналған  əдебиетте  мəдениет  мəселесін  рухани, көркемдік
салаларымен  байланыстыра  қарау  басым. Шынына  келгенде, мəдениет – адам
əрекетінің, саналы  қызметінің  көрінісі. Олай  болса, сол  əрекет-қызмет
нəтижелері  де  мəдениет  дəрежесін  паш  етеді. Басқаша  айтқанда, адам  болу
үшін  еңбек  құралдарын  жасау  қажет. Міне, сол  алғашқы  еңбек  құралдары
ежелгі мəдениет ескерткіштері болып табылады.
ХХ  ғасырдың 60-жылдарында  Америка  мəдениеттанушылары  А. Кребер
жəне  Х. Клакхон  мəдениет  ұғымының 237 анықтамасын  тапқан. Мұндай
анықтамалардың  көптігі  мəдениеттің  атқаратын  қызметтерін  көрсетеді  десек,
артық айтқан болмаспыз.
Мəдениет дегеннің өзі – латын сөзі. Ежелгі Римде бұл ұғым өңдеу деген
сөзді  білдірген, əрине, ол  кезде  интеграциялық  мағынада  болмаған. Кейіннен,
ол адамның жан дүниесін өңдеу дегенді білдіретін болды.
Діни  ұғымда  мəдениет  дəстүрге, Құдайға  табынуды  білдіреді.
Этнографиялық тұрғыдан мəдениетті түсіну нақтылы бір қоғамның мəдениетін
зерттеуді  білдіреді. Мəдениетті  шығармашылық  ретінде  де  анықтайды, бұл
жерде  ол  талпыныс, жоқ  нəрсені  шығару, құрау  болады  екен. Философиялық
сараптау  тұрғысынан  мəдениет  дегеніміз – пəнді  зерделеу  барысында  ұғым
ретінде  түсіндіретін  ойлау  процедурасы, ол  ұғымдар  категория  ретінде
ұсынылады. Оның мақсаты - құбылыстың мəнін ашып көрсету.
Осы  күнде мəдениетке анықтама  беретін үш  деңгей бар: технологиялық,


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау