124
тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми
жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар
өндірісте қолданылды. Тарих дəлелдегендей ғылым мен дін əртүрлі
жағдайларда пайда болып, əртүрлі міндеттер орындағанымен, ғылым
адамдардың шындықтағы табиғи қажеттіктерін қанағаттандырса, дін - əлеммен
сезімдік-эмоцияналды үйлесімділік қажеттілігін, бірде ынтымақтастың, бірде
қарама-қарсы күрес формасында тіршіліктерін ары қарай жалғастыруда. Орта
ғасырда дін өзіне ғылымды бағындырды. Ғылыми шындықтар «шынайы
сезімдерге» қарағанда (дін шындықтары) өте төмен қоғамдық жəне
гносеологиялық мəртебеге ие болған.
Жаңа заман дəуірінен бастап, ғылым мен дін, табиғи жəне əлеуметтік
құбылыстарды əрқалай түсіндіріп, өз бетінше тіршілік етуде. Дін оның ішінде
католицизм ғылыми жетістіктерге жетуде құдайдың құдіреттілігінің əсерінен
екендігін дəлелдеуде. Бұлар екі жақты сипатта мистикалық, яғни құдайлар
бейнесін бейнелеуге арналған жəне рационалды (нақты тарихи жағдайларды,
адамдарды, табиғатты көрсету).
Атақты тарих ғалымы Дж. Холтон ғылым мен антиғылымның (яғни,
дінің) арасындағы қарама-қарсылық қазіргі уақытта өткірлене түскендігін
ескерткен. Діни сенімдер зиянды, қиратушы күштерге ие.
Оның айтуынша, Америкалық ғылым жəне өнер академиясында
Дж. Мурдың «Протестандық ментализмнің креационистік космосы» атты
жұмысы шығарылған, онда АҚШ-тың антиэволюциялық қозғалысының
сипаттамасы берілген. Ғылымның белгілері: ғылымның əртүрлі сипатын
мəдениет аспектісінде қарастыруда; ғылымды философиямен, өнермен, дінмен
салыстыра отырып, қоғам өмірінің рухани бөлігі ретінде ғылымның нақты
белгілерін жасауға мүмкіндік беру.
Ғылымның негізгі белгілерінің ішінен келесіні байқауға болады:
- шынайы білімнің үнемі өсуі, ғылымдағы жаңалықтардың құндылығы;
- объективтілігі (интеробъективтілік);
- қарапайымдылық (ойлаудың үнемділігі);
- білім құрудың қисындығы;
- сенімділік, нанымдылық;
- білім өнімділігі;
- ғылыми зерттеу құралы арқылы білім алудың ерекше тəсілі;
- ғылыми білімнің аяқталмауы;
- таным əдістерін қолданудың əмбебаптығы, олардың кез келген таным
объектісі үшін қолданылу мүмкіндігі;
- объектілермен жұмыс істеу мүмкіндігі;
- құралдардың ерекше жүйесінің болуы;
- ғылымның көптүрлі түсініктері мен категорияларының нақты
жүйелерінің көрінісі;
- «фактілер, теориялар, заңдардың диктатурасы», жəне бұдан шындыққа
сəйкес келмеуі.
Сонымен, ғылым күрделі, жүйелілік, қоғамдық білімге ие жəне өзіндік
дамуының өзгеше заңдылықтармен ерекшеленеді. Ғылымның таным процесі
125
дегеніміз - əртүрлі ғылыми теория типтерінің өзара үздіксіз сыни
пікірталастары. Білімнің өзі субъективті сипатта болғандықтан, ақиқаттың өзі
де көп түрлі болады.
Эпистемология білімін эмпириялық бақылаудан алынған білім деп
қарастырады. Эпистемология ғылымының басты мəселесі таным процестерін
тұтастықта қарастырып шындық пен ақиқатты анықтау. Эпистемология
ғылымының зерттеу ғылыми өзегі - тек қана шындық ешбір жалғансыз жəне
нақты репрезентативті (таныстыру). Эпистемология білімінің қалаушылары
Г. Башляр, М. Полани, И. Кант, Э. Агации, Ст. Тулмин, Д. Сэмпбелл,
К. Поппер.
ХХ ғ. 70 ж. философия ғылымының оңаша бір кезеңі қарастырылады.
Осы кезеңнің ең басты мəселесі барша парадоксалды ой-көзқарасты
қалыптастырып, оның философия ғылымындағы алғашқы міндеттермен сəйкес
келмеуі. Осы кезеңнің ең басты идеясы таным іс-əрекетінің релятивті нормасы,
сыншыл рационализм тұжырымдамасы одан ары жалғасуда. Бұл кезеңнің
негізгі өкілдері М. Полани, Ст. Тулмин, Т. Кун, И. Лакатос, Д. Агасси,
П. Фейерабенд, Дж. Холтон.
Өзінің нормативті-рационалды мəселесімен ерекшеленетін анықталмаған
М. Поланидің «Тұлғалық білім» концепциясы. М. Полани (1891-1976 жж.)
британдық ғалым, Венгриядан шыққан. Берлин институтында физика,
химиядан жұмыс істеген, 1933 ж. Германияға ұлтшыл биліктің келуіне
байланысты, Ұлыбританияға
ауып (эмиграцияға) кетеді. Осында
Ұлыбританияның Манчестер университетінде əлеуметтік ғылым, физика жəне
химиядан профессор қызметін атқарады.
Полани əлеуметтік ғылымға қадам басты. Оның ең əйгілі еңбегін
«Тұлғалық білім. Посткритикалық философия жолында» жаңа тың көзқараспен
қарастырады. М. Поланидің бұл еңбегіне К. Поппер иррационализміне қарсы
шығып, айыптайды. К. Поппердің мұндай көзқарасын Рорти жəне Куайн да
құптады. М. Поланидің
концепциясының
негізгі
пафосы -
деперсонифицирияланған ғылыми білімдегі жалған идеалды жеңіп алу.
«Тереңде жатқан тұлғалық мінез əрекеттерін ескере отырып, жақсыз идеал,
бейтарап шындықты қайта қарастыру, ақиқатқа алып келеді», - деді ойшыл.
«Мен ғылыми идеал бейтараптықтан бас тартамын, мен басқа идеал бейнесін
ұсынғым келеді, - деп жазды. Өзінің тұлғалық білім концепциясын талқылай
отырып: «Мүмкін екі сөз бір-біріне қарама-қайшылық туғызар; бірақ шынайы
білім жақсыз, жалпы объективті. Мен үшін білім - бұл белсенді таным іс-
əрекетті қажет ететін ерекше өнер».
М. Полани эпистемологиядағы антропология бағытын күшейтеді. Оның
негізгі тезисі қорытынды болып табылады:
- ғылымды шеберлікке ие болатын адамдар жасайды;
- танымдық іс-əрекет өнерін оқулықтан үйрену мүмкін емес. Ол
шебермен тікелей қарым-қатынаста беріледі (салт-дəстүр ұстанымы «мен
сияқты істе» жаңа күш жəне жаңа парадигма мəнін көрсетеді);
- ғылымды жасайтын адамдар басқа нəрсемен немесе оларға берілген
білімнен бөлініп кете алмайды; таным жəне ғылыми іс-əрекетте жеке
Достарыңызбен бөлісу: |