8 9
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
ханымның ойынша, «Теле-радио хабарларын таратуды дамыту жөніндегі комиссияның жұмысы
туралы ережеге БАҚ-тардың бір қолда шоғырландырылуын шектеуге қатысты негізге алынатын
нормалар енгізілуге тиіс».
206
Оның пікірінше, «бүкіл ел бойынша18-20 теле-немесе радиожиілікті
жеке компанияға беріп қою – шектен шыққан ақылсыздық».
207
БАҚ-тардың шоғырландырылуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралардың маңыздылығы
2012 жылғы мамырдың 30-ында «Қазақстанның ұлттық теле-радио хабарларын таратушылар
қауымдастығы» ұйымдастырған «Қазақстандағы теле-радио хабарларын таратуды қоғам мен
медиа саласы үшін реттеу» деп аталатын конференция барысында атап өтілді. Конференцияға
қатысушылардың (медиа-сарапшылар, теле-радио компанияларының қызметкерлері жəне
үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері) 30-дан аса ұсынысының арасында үкіметке
бағытталған «теле-радио хабарларын тарату саласында меншіктердің шектен тыс шоғырлан-
дырылуына тосқауыл болатын жəне плюрализмнің дамуына ықпал ететін нормативтік-құқықтық
акт əзірлеу» туралы үндеу болды.
208
Осы зерттеу жариялауға дайындалып жатқан уақытта үкімет
бұл ұсыныстарға жауап қатпады, заңнамаға монополияға қарсы ережелер енгізілмеді.
6.1.2. Жаңалықтар БАҚ-тары нарығындағы жаңа ойыншылар
Жаңалықтар беру нарығында соңғы бес жылда ең танымал жаңа ойыншылар «Елорда тынысы»
ЖШС-і (ары қарай – Елорда тынысы») жəне «Алаш медиа тобы» ЖШС-і (ары қарай – «Алаш медиа
тобы») болып шықты. Бұл компаниялар өздерінің жеке меншіктерінде бар хабар тарататын жəне
баспа БАҚ-тардан өзге, бірнеше жаңа интернет-жобаны іске қосты. Сарапшылардың ойынша, ол
жобалар бұрынғы премьер-министр Кəрім Мəсімовпен (2012 жылдың қыркүйегінен бері қарай –
Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің басшысы) біріккен тұлғалар тобына тиесілі.
Бұл жайында БАҚ-тарда жазылғанмен,
209
соған қатысты тікелей дəлелдер жоқ.
2008 жылы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру жəне байланыс агенттігі теле-радио
жиіліктерін бөлу бойынша тендер
210
өткізді (7.2.3-тармақты қарауыңызға болады). Соның
қарсаңында «Алаш медиа тобы» жеке меншіктегі «Эра ТВ» телеарнасын – бұрын саяси топтарға
бірікпеген телеарнаны сатып алған-ды. Астаналық «Эра ТВ» арнасы нақ осы жаңалықтар
хабарларын таратуға ерекше көңіл бөлген-ді. «Алаш медиа тобы» екі – Астана үшін жергілікті
бір жəне «Эра ТВ» негізінде құрылған «Жетінші арна» үшін жалпыұлттық екінші жиілік алуға
қол жеткізді.
206 Комиссияның мəртебесі мен мандаты «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заңда атап өтілді, бірақ оның қызметінің реттелуі
үкіметтің қаулыларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің шешімдерінде егжей-
тегжейлі қаралған.
207 Zakon.kz, «Тұншықтыру құралы ретіндегі заң», http://www.zakon.kz/4468835-zakon-kak-sredstvo-udushenija.html (қолжетімді
күн: 2012 жылғы маусымның 21-і).
208 Internews, Kazakhstan «Қазақстандағы теле-радио хабарларын таратуды қоғам мен медиа саласы үшін реттеу», http//www.in-
ternews.kz/newsitem/13-06-2012/18863 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 10-ы).
209 I-News.kz,
«Тегіне тартпай тұра ма...», http://i-news.kz/news/2011/02/15/4073438.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 10-ы).
210 Кəрім Мəсімовтің «Жаңа дəуірі», «Свобода слова», 2008 жылғы тамыздың 21-і. http://izdatel.kz/news/digest/1176120677-svoboda-
slova-novaja-jera-karima.html (қолжетімді күн: 2011 жылғы тамыздың 29-ы).
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
9 0
Көп кешікпей, БАҚ нарығында жаңа ойыншылар – күн сайын шығатын «Фокус» газеті,
жалпыұлттық «Жетінші арна» телеарнасы, жаңалықтар беретін Vesti.kz интернет-сайты,
жалпыұлттық «Tengri FM», қазақ тілінде күн сайын шығатын «Алаш айнасы» жəне басқалары
пайда болды. Барлық осы компаниялар бір ғимаратқа орналасқан жəне «Елорда тынысына»
немесе «Алаш медиа тобына» жатады.
Қазақстандық сегментте жұмыс істейтін жалғыз шетелдік медиа-компания болып, сірə, 2007
жылы жеке меншіктегі телекомпания – «31-арнаның» 60 проценттік үлесін сатып алған, 1993
жылдан бастап хабарлар таратып келе жатқан ресейлік «СТС Медиа» саналады. 2011 жылдан
бері қарай арна барлық облыс орталықтарында хабар таратады. Қазақстан заңдары бойынша,
шетелдік заңды тұлға қандай да бір қазақстандық медиа-компанияның 20 ироценттен артық үлесін
иемдене алмайды. Акциялардың 50 проценттен астам бөлігін бақылау үшін, «СТС Медиа» өзінің
бақылау пакеттері бар біріккен компаниялар арқылы əрекет етеді.
211
Бұл мəміленің жай-жапсарын
нақтылау жүргізілмеді, соның өзі-ақ заңнамада кемшіліктер бар екенін дəлелдейді. Ойын-сауық
контентіне бағытталған «СТС Медиамен» серіктес болуының нəтижесінде, «31-арна» бірқатар
талдамалық бағдарламаларынан, атап айтқанда, «Состояние. Kz» жəне «В центре внимания» ток-
шоу элементі бар апталық талдау бағдарламасынан айырылды. Олардың орнына көбінесе «СТС
Медиа» өндіретін көңіл көтеретін шоулар мен «көпіршік опералар» эфирден түспейтін болды.
Алайда 2012 жылдың қыркүйегінде «31-арна» саяси оқиғалар мен журналистік зерттеулерге
арналған «Час Бендицкого» атты апталық жаңалықтар бағдарламасын іске қосты.
6.1.3. БАҚ меншіктерінің шоғырландырылуы
Қазақстандық медиа-нарықта активтердің шоғырландырылуы ақпарат плюрализміне залал
келтірді. Саясат жаңалықтары мен сараптама елеулі дəрежеде телеэкрандардан, радиодан жəне
газеттер беттерінен еркіндіктің үлкен дəрежесіне ие интернетке көшіп қонды. Бірақ тіпті интернет-
басылымдар да əділетті кəсіби журналистика үлгісін сирек көрсетеді.
Нарықтың дамуындағы көбірек байқалатын үрдіс – ол БАҚ активтерінің мемлекет қолында
шоғырландырылуы. «Нұр-Медиа» холдингін құрып, мемлекет елдің ақпарат кеңістігінде
өзінің шептерін нығайтты. 2008 жылы «Нұр Отан» партиясы құрған бұл холдингке партиялық,
мемлекеттік баспа жəне электрондық БАҚ-тардың бірқатары енген. Олардың кейбіреулері бұрын
«Рауан медиа топтары» тобына – «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясы иелік ететін медиа-
холдингіне тиесілі болған.
212
«Нұр Отан» «Нұр-Медианың» 49 процентін бақылауға алса, 51
проценті «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қорына
213
(толығымен мемлекетке жататын жəне
елдегі ірі компанияларда мемлекеттің үлестерін басқаратын акционерлік қоғам) тиесілі. Оған
кірген БАҚ-тардың көпшілігі бұрындары үкіметке жылы қабақ танытатын қаржы-өнеркəсіп
211 «СТС Медиа» қазақстандық «31-арнаның» 60 проценттік үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды, 2008 жылғы ақпанның
4-і, http://www.zonakz.net/articles/?artid=20874 (қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 29-ы).
212 Т.Трубачева, «Жеті газет, екі радиостанция жəне арна», 2009 жылғы ақпанның 2-сі, http://nomad.su/?a=10-200902020028
(қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 29-ы).
213 Толықтай мемлекеттің бақылауындағы жəне елдің ірі компанияларында мемлекеттің үлесін басқаратын акционерлік қоғам.
Достарыңызбен бөлісу: |